197
әдеби тілінің терминдік жүйесін қалыптастыру процесінде тілдің
сөздік қорының күллі мүмкіндіктерін толық игеру ізгі бағыт
дегенді қайталап айта отырып, біз терминдердің толыққанды
айналымға түсуі үшін ұсынылатын терминнің семантикасының
қандайлық екендігін (термин ретінде ұсынбастан бұрын) барынша
ескеру қажет деп есептейміз.
Бұл ретте алдымен лексикографиялық еңбектерде берілетін
семантикалық анықтамаға (семантикалық анықтама – сөздің
лексикалық мағынасын түсіндіру дегенді білдіреді) тоқталу
қажет болады. Сөздің лексикалық мағынасы – тілдік бірліктің
мағыналық құрылымын ашады, оның барлық семантикалық
компоненттерін көрсетеді, тілді пайдаланатын ұлттың, халықтың
ұзақ тарих бойында жинақтаған тәжірибесінен мағлұмат береді,
сөздің мағынасынан терең ақпаратты жеткізеді, сөйтіп, оны дұрыс
қолдануға жол ашады. Қазақ тілтанымындағы лексикографиялық
еңбектерде лексикалық мағынаны түсіндірудің бірнеше функ-
ционалдық типтері қалыптасқан; олар, біздің байқауымызша,
мыналар: сөзді тіркеу (яғни сөзді қолдану мен түсінудің
констатациясы), нормативтік түсіндіру, формалды және мазмұны
жағынан түсіндіру, аударма арқылы түсіндіру.
Ал сөздің семантикалық анықтамасын жеткізудің тәсілдеріне
келсек, онда мыналарды көрсетуге болады: синонимдік қатарлары
арқылы; санамалау арқылы; сипаттау арқылы; түрлік атаулардың
тектік атауларын немесе, керісінше, тектік атаулардың түрлік
топтарын
нақтылау арқылы; антонимдеріне нұсқау арқылы.
Бұл жайттар екітілді нормативтік терминологиялық сөздіктер
жасау барысында аса маңызды болып саналады.
Жоғарыда аталған 31 томдық екітілді терминологиялық
сөздіктер кешенінің арасынан біз «Әскери іс» саласы бойынша
(12-том) сөздіктің материалдарын мұқият қарап шықтық. Құрас-
тырушылардың көрсетуі бойынша 5000-нан астам термин
қамтылған еңбекте төл тілде байырғыдан бар сөздерге терминдік
мағына үстеу жолымен жасалғандардың саны біршама; олар біздің
санамалауымыз бойынша шамамен 1000-нан асады.
Әрине, терминологиялық екітілді сөздіктің міндеті мен
ұстанымдары түсіндірме сөздіктен өзгеше; бұнда егжей-тегжейлі
түсіндіру, стильдік немесе басқадай да бір сипаттама беру мүддесі