204
- дегенмен қазіргі қазақ әдеби тілінің терминдік жүйесін оңтайлы
қалыптастыру және жетілдіру үшін тиімді тәсілдердің бірі – төл
сөздің ішкі мағыналық мүмкіндіктерін игеру процесінде балама
ретінде ұсынылатын тілдік бірліктің референциалды мағынасымен
қатар басқа да күллі қосымша мағыналарын, кей жағдайда тіпті
коннотацияға ие реңктерін ескеріп отыруға тура келеді. Өйткені
типологиялық құрылымы әр басқа тілдердің арасында сөз, тұрақты
тіркес, яки морфема сияқты тілдік бірліктердің референциалды
мағыналары толық сәйкес келетін тілдер кездеспейді. Әрине,
қазақ және орыс тілдерінің арасындағы ғасырлар бойғы, тіпті
бірқатар онжылдықтарда барынша қарқынды болған байланыс,
халықтар арасындағы тығыз тілдік контактіні айқындайтын тілдік
жағдаяттың ықпалынан қазақ тілінде орыс тіліндегі единицаларға
толық сәйкес бола алатын тілдік бірліктер қалыптасты (мыс., сөз
тудырушы қосымшалардың өнімділігінің артуы; сөзбе-cөз аудару
арқылы жасалған күрделі тұлғалар). Дегенмен бірқатар сөздердің
екі тілдегі референциалды мағыналары сөздіктерде дәлме-дәл
келгенімен, тіл қолданысқа түскенде, мазмұн межесімен (план
выражения) салыстырғанда, сөздер семантикалық реңктері,
топтасуы, басқа тілдік бірліктермен тіркесуі арқылы жаңа мағына
тудыруы жағынан алшақтап кетеді. Осы себепті қандай да бір
қазақ сөзін термин ретінде ұсыну ісінде оның семантикалық
анықтамасының барлық қыры толық ескерілуі қажет деп саналады.
- Мемтерминком бекітіп, лексикографиялық басылымдар
арқылы ұсынылған терминдердің – оның ішінде қазіргі тілдік
қауымға бейтаныстау, көнерген сөздер, диалектизмдер, сирек
қолданылатын сөздер, этимологиясы көмескіленген сөздер тобынан
алынған терминдік атаулардың – барлығы да бірдей семантикалық
анықтамасында алшақтықтар болғандықтан, мүлдем қолданысқа
ене алмайды деуге де болмас. Әдеби тілдің активті қорында жоқ
тілдік бірліктердің термин ретінде қалыптасуына ықпал жасайтын
факторлар – олардың тілдік таңба ретінде қолданыс жиілігінің
артуы, жазба тіл арқылы қолданылуы қарқындап, ауызша әдеби
тілде жұмсала бастауы, эстетикалық ұстанымға сәйкестігі, басқа
функционалдық стильдерде (әсіресе баспасөз тілінде) көрініс
табуы, басқаша айтқанда, таралу кеңістігінің ұлғаюы және бұл
ретте мерзім параметрін де атауға болады (яғни термин біршама
мерзім
бойында жұмсала келіп, дағдылы нормаға айнала алады).
205
3.6 Нормативтік-жарлықшы құжаттар терминдерінің
аударылуы
Қазақ әдеби тілінің сөзжасам амал-тәсілдері, олардың белсенді
немесе пассивті нысандарының қай-қайсысы да болмасын,
соңғы жылдары термин қалыптастыру ісінде барынша жандана
түсті. Белгілі ғалым Ө.Айтбайұлы терминжасам амалдарының
төмендегідей түрлерін көрсетеді:
- семантикалық (лексика-семантикалық тәсіл);
- морфологиялық (синтаксистік) тәсіл;
- сөз
қабылдау;
- калька тәсілі [53, 206-207-бб.].
Аталған тәсілдердің термин түзу ісіне араласуына қатысты
зерттеулер жеткілікті және оларда мәселе бүге-шігесіне
дейін талданған деп есептеуге болады. Біз өз тарапымыздан
терминжасамдағы бірқатар амал-тәсілдердің үлес-салмағының
қаншалықты екендігін фактографиялық тұрғыдан дәлелдеу
мақсатында мысалдарды топтап көрсетеміз және қажетті тұстарда
өз пікірімізді тұжырымдаймыз.
Ең бірінші мәселе – тікелей сөз қабылдау (заимствование)
процесіне қатысты.
Ғалымдар ресми ісқағаздарының негізгі құрамын орыс тілінен
енген терминдер құрағанын көрсетеді: «Изменение и пополнение
словарного состава», - деп жазады 20-30-ыншы жылдардағы ресми
ісқағаздарының тілін зерттеген Н.Ерғазиева, – «в области ОДР
произошло в основном за счет заимствований из русского языка»
[93, 11-б.]. Бұндай сипат ұзақ уақытқа дейін жалғасты, қазіргі кезде
де тікелей қабылданған сөздер ресми құжаттардың өз терминдік
жүйесінде де, сондай-ақ әрбір құжаттың тақырыптық-мазмұндық
ерекшеліктеріне қарай да көп қолданылады. Мыс.,
акцент, акция,
акт, библография, бланк, ведомство, голограмма, грамота,
дебет, дебитор, департамент, диаспора, дипломатия, имидж,
идиограмма, импичмент, импорт, ипотека, кандидатура, кадр,
карточка, комиссия, клиент, клиринг, код, паблисити, патент,
пломба, плакат, ранг, рапорт, радиограмма, рейтинг, референдум,
ротация, сертификат, смета, статистика, табуляграмма,
тариф, телетайп, телефакс, файл, факсимиле, формуляр, филиал