230
болыпты. Ақиық ақынның шабытын оятқан Жуковскийдің әйгілі
аудармасы-тұғын. Оны білу үшін екі аударманы қатар қойып
салыстырсаңыз, егіз қозыдай ұқсастықтары көзге ұрып тұрады.
Бұл тұстағы Мағжанда өлеңнің мағына-мазмұнын беру жағынан
не бұрмалау, не өз бетінше көсіліп еркін кеткені байқалмайды.
Жуковский аудармасын негізге алған ақын Гетенің балладасын
қазақ тілінде мейлінше жеріне жеткізіп, ұтымды сырлы сөзбен
сезімтал сұлу суреттер жасап, жарық дүниеге жаңа бір туынды
әкелгендей. Лексикалық жағынан Жуковскийдің аудармасынан
құттай да ауытқу байқалмаса, ал поэтикалық түр жағынан қазақ
ақыны орыс классик әріптесі қолданған амфибрахий өлшем-
ырғағын қазақ қауымының құлағына икемдеп, баршамызға
үйреншікті, етене таныс жеті-сегіз буынды өлең шығарған да
берген. Демек, түпнұсқа мен Жуковский аудармасындағы әрбір
жол Мағжан тәржімасында екі тармақ түрінде туындалады.
Тыңдап көріңіз:
Қараңғы салқын түнде кім
Аяңдамай, желеді?
Жанында жас ұлы бар
Жолаушы жортып келеді.
Әкесіне дірілдеп
Тығылды бір уақ нәресте.
Құшақтап қысып баласын
Жылытады қарт әке.
1989 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан Мағжан Жұмабаев-
тың бір томдық шығармалар жинағында «Орман патшасы»
(Гетеден) дәл осы күйде берілген. Меніңше, бұл онша дұрыс емес.
Жеті-сегіз буынды өлең жүйесіне салған да аударманың жолдары
(сыртқы көрінісі мен саны) түпнұсқадан біраз алшақтайтын
сияқты. Және баллада көлемі екі есе ұлғайып шығады. Оның үстіне
Мағжан аудармасында шумақтардағы бірінші мен үшінші жолдар
ұйқаспайды, тек екінші мен төртінші жолдар шалыс ұйқасқа
құрылған. Меніңше, өлең жолдарын графикалық тұрғыдан дұрыс
орналастыру мен топтастыруда да аз мән жатқан жоқ. Мағжанның
аударуында «Орман патшасына» лайық өлең кестесі мынадай
келбетте көрініс тапқаны дұрыстау секілді:
231
«Неге қорқып тығылдың,
айтшы, көзім қарасы?»
«Көз алдымда жарқ етті,
жан ата, орман патшасы.
Сақалы оның қоп-қою,
қара тәж киген Қарахан!»
«Жоқ, жаным, су үстінде
тұман ғой ол ағарған!»
Әрине, мұндай жағдайда бір есептен пәлендей ештеңе
өзгермейтін де сияқты. Бірақ, өлең жолдарын осылай саралап
тізбектегенде балладаның графикалық келбеті түпнұсқаға біртабан
жақындай түсер ме еді, әлде қайтер еді... Амфибрахий өлшемін жеті-
сегіз буынды өлең түрінде туындатқанда өлең жолдары амалсыздан
көрер көзге көбейе түседі де, демек, аудармашы өз жанынан жаңа,
тың сөздер (я зат есім, я анықтауыш) қосуға мәжбүр болады. Бұл,
бір жағынан, түпнұсқаның көркемдігі мен ерекшелігін аша түсуге,
қанатын жайыңқырап, жан-жақты тәптіштеп түсіндіруге, сөз жоқ,
септігін тигізері де анық; алайда, екінші жағынан, аударма еріксіз
көпсөзділікке ұшырайтыны тағы айқын.
Ойымды бірер нақты мысалмен дәлелдейін.
Жуковксий:
«Дитя, оглянися, младенец, ко мне.
Мағжан:
«Мойныңды бұр, балақай,
Маған, қара, нәресте:
Жуковский:
«Веселого много в моей стороне»
Мағжан:
«Не тілесең менде бар
Сансыз қызық көп нәсте».
Жуковский:
«Цветы бирюзовы, жемчужины струи;
Из золота слиты чертоги мой».