Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет70/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96

212
Түпнұсқада:
Мы  несем  ответственность  в  соответствии  с  законо-
дательными актами Республики Казахстан, за достоверность и 
полноту сведении, приведенных в данном расчете (97 б.).
Іс  жүргізу  және  мұрағат  ісінің  «Қазақша-орысша,  орысша-
қазақша  терминологиялық  сөздігінде»  [88]  аталған  екі  салаға 
қатысты  5000-ға  жуық  термин  қамтылған.  Сөздіктің  басты 
ерекшеліктері:  а)  онда  іс  жүргізуге  (яғни  ресми-іскери  стильге) 
қажетті  терминдердің  толықтай  қамтылуы;  ә)  қазақ  әдеби  тілі 
терминжасам  жүйесінің  толықтай  қамтылуы;  б)  ұсынылған 
аталымдар мен сөз тіркестерінің Қазақстан Республикасы Үкіметі 
жанындағы  мемлекеттік  терминология  комиссиясы  тарапынан 
бекітілуі.
Ресми  іскери  мазмұндағы  мәтіндердің  қазақ  әдеби  тілі 
терминжасам жүйесіне қарқынды араласуын дәлелдей түсу үшін 
көрсетілген сөздіктен бірқатар тілдік фактілер келтіреміз:
-  әдеби  тілден  шеткері  орналасқан  және  экспрессивті-
эмоционалды реңкті лексикалық единицалардың терминделуі:
пәтуа – консенсус; ғибара – транскрипция; тәмсіл – притча; 
мұрағат – архив; жауһар – шедевр; жаһан – вселенная; жебірлік 
–  вздоимство;  имарат  –  сооружение;  көзқамандық  –  нигилизм; 
көрбілте  –  пропан;  бәддұға  –  анафема;  қасаңдық  –  догма; 
қаскөйлік – злодеяние; қысастық – злопыхательство; қысылтаяң 
–  экстремальный;  лебіз  –  отклик;  қисын  –  логика;  марапат  – 
награда; бейін – профиль; тұрпат – тип; мүкәммал – инвентарь; 
рәуіш  –  нюанс;  алпауыт  –  магнат;  әккілік  –  изощренность; 
зияткер – интеллектуал; үлдір – пленка; ламинация; құсни жазу 
–  каллиграфический  почерк;  қыдырымпаздық  –  прогул;  ғақлия  – 
назидание; жебеуші – меценат; жосық – наметка; өтіл – стаж, 
ізерлеу – досконально.
- қимыл есім тұлғаларының терминденуі:
абаттандыру  –  благоустройство;  ақтау  –  оправдание; 
дабыралау  –  разглашение;  кенттену  –  урбанизация;  қайта 
бағдарлау  –  переориентировка;  қорлану  –  накопление; 
құлақтандыру  –  оповещение;  құпияландыру  –  зашифровка; 
құпиясыздандыру  –  дешифровка;  мақұлдамау  –  неодобрение; 
оңтайландыру  –  оптимизация;  орталықсыздандыру  – 


213
децентрализация;  қатерсіздендіру  –  дезактивизация;  залалсыз-
дандыру – дезинфекция.
- сөз біріктіру арқылы жасалған терминдер:
азатжол  –  абзац;  авторлық  баспатабақ  –  авторский 
лист;  айлықақы  –  оклад;  ақаутапқыш  –  дефектоскоп; 
басиесіздік  –  анархия;  дыбысқұжат  –  фонодокумент; 
әріпсан  –  индекс;  бағакөрсеткі  –  прейскурант;  баяндаухат  – 
докладная  записка;  бейнеүнхат  –  видеофонограмма;  бірмәнді 
–  однозначно;  әралуандық  –  прюрализм;  дереккөз  –  источник; 
екіқұрамды  –  двухсоставный;  екіұдайлылық  –  двойственность; 
заңсыйлаушылық  –  законопослушность;  кәдесый  –  сувенир; 
қалаулеп  –  кондиционер;  қанатбелгі  –  галочка;  қосаймақтық 
–  двухзональный;  ықпалшара  –  санкция;  сәулебелгі  –  водяной 
знак;  жолпарақ  –  путевой  лист;  мөрқалып  –  штемпель; 
мөртабан  –  штамп;  мөртану  –  сфрагистика;  жөнсілтер  – 
путеводитель;  телқұжат  –  дубликат;  түпқұжат  –  подлинник; 
ультрашағынафиша – ультрамикроафиша; үлеспайда – дивиденд.
- сөз тіркестіру арқылы жасалған терминдер:
азаматтық  қуыным  –  гражданский  иск;  айқарма  титул 
бет – разговорный титульный лист; ақпарат жиымы – массив 
информации; аса құнды істер тізімдемесі – опись особо ценных 
дел; атаулы сыйлық – именная премия; біржолғы рұқсатнама – 
разовый пропуск; даяр сөз орамы – речевой штамп; ескертпе белгі 
– ремарка; жанаспа тәсіл – контактный способ; жаңа енгізім – 
нововведение; жиынтық төлқұжат – сводный паспорт; жөнелтпе 
құжат  –  накладная:  құжаттардың  үлгі  тізбесі  –  примерный 
перечень  документов;  қызметтік  хаттар  –  служебные  письма; 
қысқа  жазба  –  заметка;  мақсатты  тақырыптама  –  целевая 
тематика; тете автор – соавтор; тең төраға – сопредседатель.
- сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған терминдер:
сауалдама – опрос; сауалнама – анкета; қуыным – иск; жиым 
– массив; тізімдеме – опись; рұқсаттама – пропуск; аңдатпа – 
аннотация; шығарылым – выпуск; көрсеткі – указатель; әдіскер 
–  методист;  әдіснама  –  методология;  әзірлеме  –  разработка; 
ұсыным  –  рекомендация;  әкелім  –  ввоз;  белгіленім  –  котировка; 
парақша  –  листок;  ымдаспа  –  жестикуляция;  құжаттама 
–  документация;  дәлелдеме  –  довод;  деректеме  –  реквизит; 


214
жарияланым  –  публикация;  тізімдік  –  табель;  сараптама  – 
экспертиза;  тізбе  –  перечень;  тақырыптама  –  тематика; 
тұжырымдама – концепция; жөнелтілім – отправление; ұйғарым 
– вердикт; шегерім – вычет.
- сөз қосарлау амалы арқылы жасалған терминдер: 
анықтама-негіздеме  –  справка-обоснование;  ақпараттық-
іздестіру тілі – информационно поисковый язык; ақыл-парасат – 
разум; алым-салық – дань; әкімшілік-басқару – административно-
управленческий; сән-салтанат – роскошь.
Сонымен,  ресми  мәтіндердегі  қазақ  әдеби  тілі  терминжасам 
жүйесінің  көрінісін  талдау  үшін  көрсетілген  мәліметтер 
мыналарды дәлелдейді:
-  қазіргі  кезеңдегі  қазақ-ресми  іскери  стилі,  әсіресе  оның 
қатарындағы  басты  ішкі  тармақ  (подстиль)  нормативтік-
жарлықшы құжаттар мәтіні – әдеби тілдегі терминдену процесін 
толық  қамтитын  және  терминжасамның  динамикасын  толық 
таныта алатын жанрлық-стильдік күрделі құрылым.
-  интернационалдық  терминдердің  қолданысын  атамағанның 
өзінде  қазіргі  қазақ  ресми-іскери  стилі  қазақ  тілінің  төл  әлеуеті 
арқылы жасалған терминдердің ену мерзімін нақтылауға мүмкіндік 
береді  (мыс.,  санат,  сынып,  мәтін,  төлқұжат,  тек,  рәміз); 
кей  реттерде  жарыса  қолданылған  аталымдардың  нормалық, 
мағыналық тұрғыдан сұрыпталуын таныта алады (мыс., әкімгер – 
әкімші; түпнұсқа – телнұсқа; мөртаңба – мөртабан); сөзжасам 
тұлғаларының сөз тудыруының сөз тудыру процесіндегі дәрежесін 
айқындайды; өзге тілдегі лексикалық қозғалыстарды танып-білуге, 
әрі қарай зерделеуге толық мүмкіндік жасайды. 
3.7 Терминдерді аудару мәселесіне 
Аударма ісіндегі маңызды мәселе – терминдердің аудармасына 
байланысты. Жоғарыдағы аудармасы жиі қолданылатын сөздердің 
қатарына  қоса  келгенде,  термин  деп  қабылдап  жүрген  тілдік 
бірліктердің  өзін  іштей  топтап  алған  да  орынды.  Оны  шамамен 
терминдер, құжат лексикасы, кәсіби сөздер сияқты топтарға бөлуге 
болады.  Осы  орайда,  терминдердің  аудармасына,  оған  қатысты 
қалыптасқан түсінік пен жағдайға жан-жақты тоқталған орынды. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау