Аудан әкімі Н. Мұсабаевтың «Арал ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасының желісі



жүктеу 494,9 Kb.
бет2/3
Дата20.05.2018
өлшемі494,9 Kb.
#14398
1   2   3

Ағайындар!
Халықтың әл-ауқатының жақсаруы, әсіресе әлеуметтік саланың, жалпы әлжуаз топқа жататындардың қалыпты өмір сүруі – аудан бюджетінің орындалуына, оның көлеміне тікелей байланысты. Соңғы жылдары жалпы республикалық, жергілікті оның ішінде аудан бюджеттерінің болжамдары артығымен орындалып, қосымша кірістер алынып, нәтижесінде бірқатар шараларды орындауға мүмкіншілік туындап отыр. Аудан бюджетінің жылдық болжамы 6251952 мың теңге, оның ішінде жергілікті кіріс көлемі 1000692 мың теңге, трансферттер көлемі 1166845 (субвенция 4084415 мың теңге) мың теңге.

2011 жылдың аудан бюджетінің жалпы кірістері 6279713 мың теңге немесе 100,4 пайызға орындалды, оның ішінде жергілікті түсім көздерінің кіріс 1028453 мың теңгені құрап 102,7 пайызға, жалпы салық және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің болжамы артығымен орындалып отыр. Түсім көлемінің артуы, аудан бюджеті есебінен күрделі жөндеулермен қатар мемлекеттік мекемелердің материалдық техникалық жағдайын жақсартып, жаңа объектілерді пайдалануға беруге қол жеткізуге мүмкіндіктер беріп отыр. Соның арқасында аудандық бөлімдер мен аппаратқа, ауылдық округ әкімдеріне 10 жаңа УАЗ автокөлігі алынды, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Арал қаласын абаттандыруға бағытталған түрлі шараларға, солардың қатарында 7 жобаға қаржы бөлініп, құрылыстары аяқталды.

Аудан бюджетінің жалпы шығыстары бойынша 2011 жылы 6269357,9 мың теңгесі (болжам 6508709,0 мың теңгеге) игеріліп, 96,3 пайызға орындалып, бюджеттің нақты бақылау шотында 239351,1 мың теңге қалдық қаржы қалды.

Қаржының тиімді, уақытылы және мақсатты жұмсалуы мен қатар, оған есептілікті жүргізуге байланысты мәселелер аппарат мәжілістерінде қаралып, талқыланып келеді. Дегенмен, қаржыны мақсатты және уақытылы пайдалану мен қатар қаржыға сұраныс жасау ережелері мен тәртіптілікті сақтау түбегейлі жолға қойылуы керек. Бюджет Кодексіне және басқа да нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес әр нәрсенің қажеттілікке қарай сұраныс пен бөліністің де өз жолы бар.

Жоғарыда атап өткендей бюджеттен бөлінген қомақты қаржылар мен қатар соңғы жылдары қабылданған бірқатар шаралардың нәтижесінде аудан инфрақұрылымдарында, әлеуметтік салада бірқатар оң өзгерістер бар.

Жол қатынастары, байланыс, су және электр қуатымен қамтамасыз ететін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар бірқалыпты жұмыс атқарып келеді, өз мүмкіншіліктеріне қарай, талапқа сәйкес жаңа бетбұрыстар жасалуда. Аудандағы 57 елді мекендердің 32-сі автокөлік қызметімен, 19 теміржол қатынасымен қамтылған. Қала бойынша 3 маршрутта 28 «Газель» микроавтобустары, елді мекендердің 19 бағытында 45 жолаушылар автобусы, сонымен қатар салық басқармасынан тіркеуден өтіп, патентпен немесе бір жолғы талон алу арқылы жеңіл автокөліктер қызмет жасайды. Жолаушылар тасымалдау мен қызмет көрсетуді жаңарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Төретам, Қазалы қалаларына жолаушылар тасымалдау, оларға қызмет көрсету мәселесі жолға қойылды. Алдын ала билет сату, тапсырыс қабылдау, тапсырыс бойынша таксимен тұрғындарды тасымалдау жұмыстары бір жүйеге келе бастады. Елді мекендерге барып-қайту шығындары тұрақты, бірқалыпты деңгейде.

Ауданда 7 вулканизация, 14 май құю бекеті, 9 қоғамдық тамақтандыру орындары жолаушылар мен тасымалдаушыларға қызмет жасайды. Соғыс ардагерлері, І-топтағы көз мүгедектері және мектеп жасына дейінгі балалар тегін тасымалданады.

Жүк тасымалдау 8995,3 мың тн, жүк айналымы 1272,9 млн тн шақырымды, жолаушы тасымалдау 5623,1 мың адамды, жолаушылар айналымы 192,4 млн жолаушы шақырымды құрап, салыстырмалы уақытта тиесінше 143,0 пайыз, 144,1 пайыз, 135,2 пайыз, 116,1 пайыз болып отыр.

Бүгінгі таңда жол қатынасы аудан экономикасының әсіресе ауылдық аймақтардың дамуына тікелей әсер ететін негізгі себептердің бірі болып отыр. Осыған байланысты жергілікті автомобиль жолдары жөндеу, жаңарту жұмыстарына соңғы кезде үлкен мән беріліп, республикалық және жергілікті бюджеттерден қомақты қаржылар бөлініп, іске асырылып келеді. 728 шақырым ауданның ішкі автомобиль жолдарының 437 шақырымы қара жол, қалған бөлігі негізінен қиыршық шағыл тасты болса, 99 шақырымы қара қиыршық тасты асфальт жол. Аудан территориясынан республикалық дәрежедегі 211 шақырым автокөлік жолы өтеді, 107 шақырым қаланың ішкі жолдарының 25 шақырымы асфльтталған, 15 шақырымы қиыршық тасты болса, қалған бөлігі қара жол.

2011 жылға жергілікті маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент-Сексеуіл» автомобиль жолын жаңартуды жалғастыруға, яғни 10,5-22,8 шақырым аралығын (12,3 шақырым) учаскесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 165458,0 мың теңге қаржы бөлініп, тендер жеңімпазы «Арал жолдары» ЖШС-і болып танылып, жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ Арал қаласының 8,7 шақырым және Сексеуіл кентінің 5,1 шақырым көше жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 145,0 млн теңге бөлініп тендер жеңімпаздары болып табылған мердігерлермен тиісті жұмыстар жүргізілді.



Ауданның жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және Арал қаласы көшелерін ағымдағы жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) құру жұмыстарына аудандық бюджеттен 69335,0 мың теңге бөлінді. Телефон, байланыс қызметтері күн санап жақсарып, дамып келеді.Аудандық пошта торабының 19 байланыс бөлімшесі 1 жылжымалы байланыс бөлімшесі, 2 байланыс пункті аудандағы 57 елді мекендегі халыққа 72,4 млн тенгенің қызмет түрлерін көрсетсе, аудандық телекоммуникация торабы қызмет түрлерін кеңейте түсуде. Телефон байланысын пайдаланып отырған 10919 абоненттің 5360 (49 пайыз) қала абоненттері, ал қалған 5559 (51 пайыз) ауылдық жерлерде тұратын абоненттер. 2011 жылдың жоспары бойынша қала тұрғындарына жаңадан пайдалануға берілетін 414 телефон нөмерлерінен 245, сонымен қатар ауылдық жердің тұрғындарына жаңадан 439 телефон нүктесі орнатылды.

Су-тіршілік көзі. Осы бір қарапайым қағиданы адам өмірінде алатын маңызы зор. Өйткені, бүгінде әрбір елді мекенді сапалы ауыз сумен барынша қамтамасыз ету сонда тұратын тұрғындардың өмір сүру сапасын және денсаулығын жақсартудың басты кепілінің бірінен саналады. Сондықтан да болар Елбасы өзінің 2011 жылғы Жолдауында оған айрықша басымдылық берді. 2010 жылға дейін іске асырылған «Ауыз су» бағдарламасы аясында ауданда көптеген шаралар іске асырылды. 2011 жылы ел Үкіметі 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» салалық бағдарламасын ұсынып, тұсауын кесті. Халықты сумен қамтамасыз етуге арналған «Ақбұлақ» бағдарламасы еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген. Бағдарламаның негізгі мақсаты-халықты қажетті мөлшердегі және сапасына кепілдік беретін ауыз сумен қамтамасыз ету. Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі ауыз су тартылатын, жаңартылатын елді мекендердегі әрбір үйге желі тартылып, су есептегіштер орнатылады. Осыған орай облыстық бюджет қаржысына су желісі тартылып, жаңартылатын 10 елді мекеннің ішкі су желілеріне түгендеу жүргізіліп, жоба сметалық құжаттары дайындалды. Екі ауданды ауыз сумен қамтамасыз етіп келе жатқан «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кең көлемді жұмыстар жүргізуде. Бұл бағдарламаны іске асыруға «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры айтарлықтай ат салысуы қажет. Өйткені кезең-кезеңмен атқарылып келген бұл су құрылысының негізгі шешуші 5-ші кезеңі аяқталмақшы. Осыған орай 5-ші кезеңде жобаға кірген елді мекендерге су желісін тарту іске асырылуы тиіс. Осындай жұмыс Райым, Ескіұра, Құмбазар, Қызылжар, Шөмішкөл, Бекбауыл, Үкілісай және Ақшатау елді мекендерінде де жүргізуді бастау жобаланып отыр. Бұл ауылдарда 71,8 шақырым су құбыры жүргізіліп, 35,6 шақырым ауылішілік және жеке үйлерге кіргізілетін 18,6 шақырым су желісі салынбақшы. Сонымен қатар осыдан отыз жылдай бұрын салынған топтық су құбырын жөндеу және өндірістік база құрылысын жобалауға 100,4 млн теңге теңге бөлініп, жұмыстар жүзеге асырылды. Облыстық бюджеттен Ақбасты елді мекеніндегі барлау пайдалану ұңғымасын тазалау, су тұщытқыш қондырғы орнату және су айдау стансасын салу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға бөлінген 13,2 млн теңгеге, тендер жеңімпазы «Сұңқар ССК» ЖШС-мен келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізіліп тиісті жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, Тоқабай елді мекеніндегі ауыз су құдығын жөндеуге аудандық бюджеттен 659,0 мың теңге, Алтықұдық (РЗД №87) елді мекеніне 526,0 мың теңге бөлініп, ішкі су желісі 500 метрге ұзартылып, екі елді мекендегі жобаланған жұмыстар толық аяқталды. Өткен жылы мамыр айында өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің негізгі бағыттары мен алдағы міндеттері айқындалғанды. Мұнда, аймақ басшысы энергетика саласына айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап көрсеткен болатын. Міне, 2011 жылдан бастап соңғы 30 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе – аудан орталықтарындағы электр жүйесін дамыту жобасы бастау алды. Бұл жоба екі жылға жоспарланып, оның жалпы құны 198,4 млн теңгені құрап отыр. Энергетиканың жаңа белесі – ауданның ( ауылдық) даму сызбаларын ескеріп жасалған. Жоба бойынша 3 кешенді трансформаторлық қосалқы станса, бір 10 кв тарату стансасы және 8,6 шақырымдық 10 кв әуе желісі мен 15,4 шақырымдық 0,4 кв электр желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Осындай жұмыстар Сексеуіл, Жақсықылыш елді мекендерінде де бастау алды.

Республикалық бюджеттен инфрақұрылымдарды дамытуға 57,0 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жер учаскелерін бөлу өте маңызды мәселелердің бірі болып отыр. 937 азаматтан тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін жеке меншікке табыстауды сұраған, оның ішінде Арал қаласы бойынша 170 азаматқа жер учаскелері табысталды, қалғандары арнайы есепке алынды, ауылдық округтер бойынша 5 азаматқа қосалқы шаруашылық жүргізу үшін және 3 азаматқа тұрғын үй құрылысы үшін жаңа жер учаскелері табысталды. Арал қаласының 4-ші мөлтек ауданынан ашылған Бегім ана, Қалдыбайұлы Әл-Мұхаммед Қара молда, Төлеш Танатов көшелерінен арнаулы есепте тұрған азаматтардың 108-не жаңа жер учаскелері табыс етілді. Арал қаласы әкімінің жер учаскесін жеке меншікке табыстау туралы №220 шешім жобасы дайындалды. Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жер учаскесіне жеке меншікке -374, тұрақты -30, уақытша өтеулі -35 жер пайдалану құқығын беретін актіге тапсырыс берген өтініштер толық қанағаттандырылды.

Ауылшаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу үшін жеке кәсіпкерлік мақсатта сауда-саттыққа (аукцион) шығарылған жер учаскелерінен 7 млн 415 мың теңге бюджетке түсті. Нормадан артық пайдаланып отырған жер учаскелері 1051405 теңгеге сатылды, 1006978 мың теңгеге жеке меншікке сатылды. Осы жұмыстар жалғасуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта игерілмеген жер мемлекет меншігіне қайтарылатын болады. Бұл жөнінде жақында аудан әкімдігінде Өңіраралық жер инспекциясы мен облыстық жер қатынастары басқармасының қатысуымен өткен мәжілісте талқылау өтті. Арнайы комиссия жұмыс істейтін болады.

Аудан бюджетінің 70 пайызынан артық көлемінде қаржыландырылып отырған білім саласында бірқатар оң жұмыстар, нақты нәтижелер бар деп айта аламыз. Ауданда 78 білім мекемелері, оның ішінде 37 орта, 8 негізгі, 7 бастауыш, 22 мектепке дейінгі, кешкі мектеп және 3 мектептен тыс мекемелер. Мектептерде 14914 оқушы, балабақшалар мен шағын орталықтарда 3496 бала, мектептен тыс мекемелерде 1264 оқушы қамтылған. 1981 мұғалімнің 1752-і жоғарғы білімді, 269-ы арнаулы орта білімді, 11 жоғары санатты, 546-і І-санатты, 738-і ІІ санатты педагогтар. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуға тиісті 3-6 жастағы балалардың 55,9 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 3496 баланы құрап отыр. 1167 бала кезекте тұр. «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында 2012 жылы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу деңгейін 70 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Осыған орай 2011 жылы жаңадан салынған және салынып жатырған мектептердің жаңа ғимараттарынан 10 шағын орталық және көне жарамды ғимараттарды пайдалану есебінен 3 балабақша ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Шөміш елді мекеніндегі №263 негізгі мектеп жанындағы шағын орталық пен қаладағы «Аялан», Сексеуіл елді мекеніндегі «Жания» балабақшаларын ұстауға 13294,0 мың теңге қаржы бөлінді. Түрлі шаралар өткізіліп сайыстарға қатысып аудан педагогтері мен оқушалыры жүлделі орындарды иеленді. Түрлі марапаттарға ие болды, атақтар алды. Наурыз-сәуір айларында педагог қызметкерлерді аттестациялау ережесіне сәйкес ауданның 3 мұғалімі облыстық білім басқармасына жоғарғы біліктілік санатына ұсынылып, 38 мұғалім І-санатқа, 49 мұғалім және 2 тәрбиеші ІІ-санатқа өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 19 ақпанындағы №173 санды «Білім алушыларды оқулықпен қамтамасыз ету туралы» қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес 5908 оқушы тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарының оқулықтарын қамтамасыз етуге 2011 жылы 20586 млн теңге бөлінді. Жылдан-жылға аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығаюда. Қазіргі уақытта ауданның 27 мектебі мультимедиялық кабинетпен (52 пайыз) қамтылса, 20 пән кабинеттері (7 физика, 4 химия, 9 биология), сонымен қатар қаладағы 9 мектеп және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактив, пән кабинеттерімен (интерактивті физика, интерактивті химия, интерактивті биология) жабдықталып отыр.

2011 жылы 16623 мың теңге мультимедия, 20485 мың теңге биология кабинетін жабдықтауға бөлінсе, қаладағы №262 мектеп-гимназияға балаларды тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған автокөлік алуға 5400 мың теңге қаралды.

Аудан мектептерінде 986 компьютер болса, 2011 жылы 63 компьютер техникасы жаңартылып, 15 оқушыға 1 комьютерден келіп отыр. Интернет желісіне қосылған 48 мектептің (93 пайызы) 16-сы кең жолақты adsi технологиясы бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Биылғы жылы даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтан оқыту технологияларын пайдалану жобасы жүзеге асырылмақ.

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 94, оның ішінде 31 бала патронат тәрбиесінде, 62 бала қорғаншылықта және қамқоршылықта.

Аудандық білім бөлімі жанынан қамқоршы және қорғаншы орган құрылып жұмыс жасауда. Жалпы білім беретін мектептерге аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдау мақсатында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорына 2010 жылы 75120 мың теңге, оның 81 пайызы ыстық тамаққа қаралса, 2011 жылы 85761,0 мың теңге бөлініп, оның 72195 мың теңгесі (84 пайызы) ыстық тамаққа қаралды.

Ауданда жазғы сауықтыру лагерлері үш түрлі: күндізгі (ыстық тамақпен, ыстық тамақсыз), қала сыртындағы және шатырлы лагерь формасында ұйымдастырылған. 2011 жылы күндізгі лагерь 43 мектепте ұйымдастырылып, оған 8790 бала қамтылды. Оның ішінде ыстық тамақпен 2820 бала қамтамасыз етілген. Қала сыртындағы «Ұландар» лагерінде (Қамбаш көлі жағасындағы) 600 бала тынығатын болса, оның 500-і жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен тартылды. Шатырлы лагерде ауданның 19 мектебі мен оқушылар үйінің ұйымдастыруымен 730 бала қамтылды.

Сонымен бірге жазғы маусымда ауданнан тыс жерлерге 200-дей оқушы (31 пайыз) демалатын болса, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ыстық тамақсыз жүргізілетін аула клубтарының, мектептен тыс үйірмелердің жұмыстарына, саяхаттарға (69 пайыз) барлығы 14010 (100 пайыз) бала қамтылды. Жоғарыда атап өткендей, білім саласына бөлінген қаржы жылма-жыл арта түсуде. 2010 жылы білім саласына қаралған 3333013,0 мың теңгенің 160893,0 мың теңгесі күрделі, 21055,0 мың теңгесі жәй жөндеуге бөлінсе, 2011 жылға қаралған 3884066,0 мың теңгенің 59900 мың теңгесі күрделі жөндеуге, 26790 мың теңгесі жәй жөндеуге бөлініп отыр. Осы қаржы есебінен №62, №220, №260, №19 орта мектептерімен қатар «Ақшатау» бастауыш мектебі мен «Ақбұлақ» балабақшасы және «Ұландар» лагеріне жөндеу жұмыстары атқарылды.

2010 жылы қатты және сұйық отындар алуға 115015,0 мың теңге бөлінсе, 2011 жылы 27168 мың теңге қатты және сұйық отын алуға 122740 мың теңге қаралды.

2011 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуді өткізу орталығының аудандағы №117 филиалы №83 орта мектеп ғимаратынан №262 мектеп-гимназия базасына көшіріліп, талапқа сай жабдықталған кабинеттерде 2 лек бойынша өткізілді. ҰБТ-ны өткізуге 1728 мың теңге қаралып, тасымалдау, орналастыру, тамақпен қамтамасыз етуге бағытталды.

Ауданның 34 орта мектебінен (қаладағы №71 орта мектеп пен Құланды елді мекеніндегі №77 орта мектепте 11 сынып жоқ) 1000 бала бітірсе, оның ҰБТ-ге 636 мектеп бітіруші түлектері қатысты. Мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға байланысты түрлі кездесулер өткізіліп, педагогтер тарапынан бағыт-бағдарлар берілді. Білім саласының нәтижесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – орташа балдық көрсеткіш, 2008 жылы 59,01; 2009 жылы – 72,6; 2010 жылы – 93,78 болса, 2011 жылы 93,87 балмен орташа көрсеткіш бойынша облыста екінші орында тұр. Аудан бойынша «Алтын белгіге» ұсынған мектеп бітірушілерінің дәлелдеу пайызы жыл санап артып келеді. 2008 жылы 5 (дәлелдеу пайызы 35)мектеп бітіруші иеленсе, 2009 жылы 13 үміткердің 10 қорғады (дәлелдеу пайызы 76,9), 2010 жылы 23 үміткердің 17-сі дәлелдеді.

2011 жылы 35 «Алтын белгіге» үміткерлердің 27-сі (77,14 пайыз) қорғаса, 8 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. 247 оқушы 100 және 100-ден жоғары бал жинады.

2011 жыл көлемінде облыстық бюджет қаржысына салған Қызылжар, Ақбай елді мекендеріндегі мектеп құрылыстары пайдалануға беріліп, Аралқұм, Қаратерең мектептерінің құрылысы аяқталуға жақын. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Аманөткел елді мекеніндегі, Сексеуіл кентіндегі №231 және төтенше жағдайлар қаржысы есебінен Ақбасты елді мекеніндегі орта мектептер құрылыстары салынып, пайдалануға беру, Арал қаласындағы №64 орта мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар республикалық бюджет қаржысына Абай елді мекеніндегі орта мектеп пен Арал қаласындағы 280 орындық бала бақша құрылысы салынып, келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Осындай жұмыстар 2012 жылы да жалғасады, тізбесі нақтылануда.

Міне, қысқаша білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың топтамасы осындай.

Енді, халыққа медициналық қызмет көрсетуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, бұл салада да аудандағы емдеу, алдын алу мекемелерінде бірқатар игі істер жоқ емес.

Саланың алдында тұрған ауқымды міндеттерді, соның ішінде: біріншіден денсаулық саласындағы реформаға бейімделіп, стандартқа сәйкес жұмыс істеу болса, екіншісі саланың материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар маман дәрігерлермен қамтамасыз ету. Соңғы жылдары елді мекендердегі емдеу объектілері жаңартылып, қайта салынып жөндеуден өткізіліп келеді. 2011 жылы да елді мекендерде емдеу орындары, жаңартылады. Жергілікті бюджет қаржысынан жыл көлемінде 3 санитарлық автокөлік Аралға (жедел жәрдем бөліміне) Сексеуілге, Қарақұмға алынды, сондай-ақ облыстық бюджеттен 86,0 млн теңгеге жылжымалы медициналық бекет, 7 млн теңгеге 1 реанемобиль алынады деп күтілуде. Республикалық бюджеттен медициналық құрал-жабдықтар алуға 12837 мың теңге қаралған. Аудандық ауруханаға бұлардан басқа жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2785 мың теңге тұратын санитарлық автокөлік алынды және республикалық бюджет қаржысынан құрал-жабдықтар алуға 6510 мың теңге қаралған.

Жалпы денсаулық саласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сәйкес іс-шаралар өз шешімін табуда. 2012-2015 жылдары аумақтық даму жоспарына сәйкес жаңадан салынуға, жаңартуды талап ететін объектілер тізбесі облысқа жолданып, нақтылау жасалып жатыр.

Денсаулық саласының негізгі көрсеткіштері бойынша салыстырмалы уақытта оң өзгерістер бар. Бала туу көрсеткіші артқан, балалар өлімінің көрсеткіші төмендеген және басқа аурудың түрлері бойынша көрсеткіштерде төмендеген. Бұл салаға алдағы уақытта да көңіл бөлінетін және тиісті сұраныс болады. Бүгінгі күнге аудан тұрғындарына амбулаториялық көмекті қалада 1 аудандық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 3 ауылдық емхана, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 38 медициналық пункт қызмет көрсетуде. Аталған емдеу мекемелерінде 79 дәрігер жұмыс жасайды және олар медициналық қызметтің 20 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді. 10000 адамға шаққанда дәрігермен қамтылу 10,6, 2010 жылы осы уақыттағы көрсеткіш 10,1 болатын. Амбулаториялық көмектен басқа аудандағы орталық, ауылдық ауруханаларда тиісті жұмыстарын атқаруда. Көрсеткіштері салыстырмалы уақытта жақсарған.

Аудан көлемінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 71 мемлекеттік мекемелері: 39 кітапханалар, 28 клубтық мекемелер, 2 жылжымалы кешен, 1 аудандық мұражай, 1 мұрағат халыққа қызмет көрсетуде. Осы мекемелер арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай көпшілік мәдени және басқа да іс-шаралар өткізілді.

Олардың негізгілеріне тоқталатын болсақ «Бейбітшілік пен жасампаздықтың – 20 жылы» атты ән байқауы, «Аралымның сегіз қырлы, бір сырлы жігіттері» атты сайыс және «Тәуелсіз елім тірегім, самғауыңды тіледім» атты жазба ақындар мүшайрасы ұйымдастырылып, өткізілді.

«Ән думан» және «Бақытымсың сен» атты концерттік бағдарламалар қойылды. Облыстық, аудандық жыр байқауының жүлдегері А.Тұяқованың шығармашылық есепті концерті болды. С.Азимовтың «Жоқтау...20 жыл өткен соң» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі болып өтті. «Көнілашар» мәдени үгіт бригадасымен жылжымалы мәдени демалыс кешен ұжымы Елбасының биылғы халыққа Жолдауын насихаттау бағытында концерттік бағдарламасымен Шижаға, Мергенсай, Қарақұм, Тоқабай, Ақбай елді мекендерінде болды.

«Әлемді әлдилеген – Ана» мерекелік концерті, «Ай дидарлы арулар» байқауы және орталық алаңда «Ана өмірдің шуағы» қала жастарына арналған би кеші ұйымдастырылды.

Мәуліт күніне орай орталық мешіттің ұйымдастыруымен имандылық кеші өтті.

«Наурыз – ырыс, береке мейрамы» атты театрландырылған қойылым, мерекелік концерт берілді. «Арал АС» командасы жастар арасында Туәелсіздіктің 20 жылдығына орай қаладағы командалар арасында «Көңілді тапқырлар клубының» сайысын өткізіп келеді.

«ХІІІ Бозторғай» шығармашылық байқауының іріктеу туры болды. «Айгөлек» атты балғын өнерпаздар арасында іріктеу турлары өткізілді. Бұлардан басқа түрлі байқаулар да өткізілді.

Нұрболат Сейтмұратов, Ислам Хамзаевтың концерттері өтті.

1 мамыр Қазақстан халықаралық ынтымақ күніне арналған «Қазақстан - достықтың, шаттықтың мекені» атты мәдени-көпшілік серуені болды. «Мың бала» жылына орай мың бала орталық алаңда «Қара жорға» биін биледі. Женіс күніне орай іс-шаралар және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған, сондай-ақ 1 маусым балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар өткізілді.

Аудандық мәдениет үйінде жергілікті «Аралға – араша» қоғамдық төрағасы, «Аралым арым – болашағым бағым» атты кітабының авторы, эколог, жазушы Хамза Суханберлиннің шығармашылық кеші болып өтті.

Сол секілді аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде де Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жыл басынан бері түрлі шаралар атқарылды.

Ауданда «2011 жыл – мың бала жылы» деп жариялануына байланысты тақырыптық кештер өткізілді. Кең көлемдегі тұлғалар туралы кітап көрмелері ұйымдастырылып келеді. Тарихи тұлғалар туралы көптеген материалдар жинақталып, насихат жұмыстары жүріп келеді. Есепті кезеңде 298 мәдени шаралар өткізілген.

Мемлекеттік тіл саясатына арналған 3 аудандық байқау өткізілді. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі қалыпты жұмыс жасауда. Аудан бойынша 1 қала, 2 кент, 23 ауылдық округтегі 57 елді мекендердің деректер мен Арал қаласы бойынша 199 көше, Сексеуіл кент бойынша 72 көше, Жақсықылыш кенті бойынша 32 көше, Қызылжар ауылы бойынша 3 көше атаулары толық енгізілді. Көрнекті ақпарат жұмыстарына байланысты жыл көлемінде 11 нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Арал қаласындағы 300 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ендігі кезекте Сексеуіл кентінде клуб салу мәселесі.

Сондай-ақ, Арал қаласында облыстан бөлінген 32,3 млн теңге қаржыға өлкетану мұражайы салынып жатыр.

Бұдан басқа сала нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында облыс, аудан бюджетінен қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды.

Облыстық бюджеттен ұлттық және концерттік киімдер алуға 3200 мың теңге, автокөліктер алуға 6937 мың теңге бөлінсе, аудан бюджетінен мәдениет үйіне сахналық киімдер алуға 1000 мың теңге, музыкалық аппаратуралар алуға 4000 мың теңге, қалалық мәдениет үйіне орындықтар алуға, жабдықтауға 6000 мың теңге сахнаны безендіруге 700 мың теңге, ғимараттың күрделі жөндеуіне 26800 мың теңге, Аманөткел елді мекеніндегі мәдениет үйін жөндеуге 7163 мың теңге, Жіңішкеқұм кітапханасын жөндеуге 150 мың теңге, Қосаман клубын ұстап тұруға қосымша 2510 мың теңге бөлініп, өз бағытында игерілді.

Ауданда 62 денешынықтыру ұйымдары жұмыс жүргізеді, оның ішінде: 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 52 жалпы білім беретін мектептер, 2 кәсіптік лицей, 1 арнаулы оқу орны, 1 спорт клубы, 2 кәсіпорын («Аралтұз» АҚ мен КРЭК филиалы), аудандық орталық аурухана және аудандағы клиникалық-диагностикалық диспансері бар. Оларда 14680 адам (барлық аудан халқының 45,0 пайызы ) дене шынықтыру және спортпен шұғылданады.Оның 5458-і мектеп оқушылары (аудан бойынша барлық мектеп жасындағы балалардың 36,0 пайызы).

Ауданда 232 спорт объектісі есепке алынған. Оның: 34 спорт залы, 6 спорттық ату тирі, 38 ыңғайластырылған, спорт бөлімдері, 153 стандартты емес ашық спорт алаңдары, оның ішінде 11 жасанды төсенішті, 1- спорт ядросы және 1 стадион.

Сексеуіл кентінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және филиалдары Жақсықылыш кенті мен Шижаға ауылында жұмыс жасауда. Қазір оларда жұмыс жасайтын 6 бөлімде (валейбол, бокс, еркін күрес,қазақ күресі, греко-рим күресі, және тоғызқұмалақ) 15 білікті жаттықтырушылардың қарамағында 652 бала үлкен спорттың қыр-сырын меңгеруде.

Ауданға белгілі азамат, бапкер, ҚР-сына еңбегі сінген мәдениет қызметкері Нұрпейісов және Аманғос Есмұрзаев атындағы Республикалық бокс турнирлері,қазақ жастары арасынан шыққан акробатикадан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Құттымұратов атындағы еркін күрестен облыстық турнир, белгілі бапкерлер Алмас Жанназаров, Мұхамеджан Қалмағанбетов, Бауыржан Ерімбетов атындағы баскетболдан, Асхат Аханов атындағы волейболдан облыстық, футболдан Ерболат Түменов атындағы қалааралық т.б.турнирлер жыл сайын өткізіліп тұрады.

Бұқаралық спорт түрлерімен жүйелі айналысу-үлкен спортқа алғашқы баспалдақ және салауатты өмір салтын қалыптастыру, ішімдік ішу, темекі тарту,нашақорлық сияқты әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болып,қоғамдық тәртіпті бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың негізгі тиімді құралының бірі.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін, облыс әкімінің қолдауымен 2011 жылы облыста бұқаралық спортпен жүйелі шұғылданушылар санын республикалық орта көрсеткішке жеткізу, осы арқылы облыс тұрғындары арасында салауатты өмір салты қағидаттарын орнықтырып,олардың денсаулығын нығайту, жұмыссыздық денгейін төмендету және облыстағы жалпы білім беретін орта мектептердің, сонымен қатар қала, аудан орталықтарындағы,ауылдардағы спорт залдары мен алаңдарын тиімді пайдалану үшін жұмыс жасайтын әлеуметтік қызмет көрсету мақсатындағы мемлекетік әлеуметтік тапсырысқа облыстық бюджеттен ауданымызға 2010 жылғы 18 спорт әдіскер-нұсқаушы штат бірлігі беріліп бұған 25 адам жұмыспен қамтылды. Оның 9-ы ауылдық жерлерде жұмыс жасауда. Аудан бойынша спорт әдіскер-нұсқаушылары спорттың 12 түрінен (баскетбол, валейбол, гандбол, ж/атлетика,үстел тенисі,шахмат,дойбы,т/құмалақ,қазақ күресі,батпан көтеру және қол күресі) жүйелі түрде жаттығатын адам саны 3240 құраса, биылғы жылдың ақпан айынан бастап ауданда 19 штат бірлігінде жұмыс бастаған 28 спорт әдіскер-нұсқаушылар қарамағында 3420 адам спортпен жүйелі түрде шұғылдануда.

2011 жылы облыстық бюджет есебінен 45,0 млн теңгеге (Арал қаласы орталығынан 4, Сексеуіл кенті, Жақсықылыш кенті, Қамбаш ауылы, Бөген ауылы, Шижаға елді мекендерін) заман талабына сай көп салалы ашық спорт алаңы жаңадан салынып шілде айында пайдалануға беріледі деп межеленуде.

Сондай-ақ, Спорт комплексін (стадион Арал қаласындағы) қоршауға облыстық бюджеттен 13693 мың теңге бөлінді.

Ауданның жас спортшылары жыл басынан бастап біршама жетістіктерге қол жеткізді.Атап айтатын болсақ жыл басында Көкшетау қаласында өткен қыздар арасында бокстан Гүлбану Саматова Қазақстан Республикасының Чемпионатында жүлделі ІІІ орынды иемденіп, спорт шеберлігіне үміткер нормативн орындады,сондай-ақ үстіміздегі жылдың наурыз айында бокстан жерлесіміз Жеңісбеков Асхат Қазақстан Республикасының универсиядасында 3 рет қатарынан чемпион атанып,қазіргі таңда Куба елінде өтетін ірі халықаралық турнирге қатысуда.

Маусым айында бокстан кадеттер арасында өткізілген ҚазақстанРеспубликасының чемпионатында Әбілов Сабыржан жеңімпаз атанып, спорт шеберлігіне үміткер атанды. Сондай-ақ жас футболшыларымыз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Былғары доп – Соса Соlа-2011» жүлдесі үшін футболдан облыстық жарыста 2000-2001 жылы туған жасөспірімдеріміз Қызылорда қаласында өткен футбол жарысында жүлделі ІІ орынға ие болды.

Ауданда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мемлекеттік мекемелер арасындағы аудандық спортакиадасы болып өтті.

2011 жылы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 124 спорттық іс-шара өткізілген, оның 7 қалааралық, 8 облыстық, 86 аудандық, 23 кент, ауылішілік, 22 спорттық іс-шара ауылдық жерлерде өткізілді.

Спорттық іс-сапарларға бару мен спорттық жарыстар өткізуге аудан бюджетінен 5465,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар 1266,0 мың теңгеге аудан құрама командаларына спорттық киімдер мен спорттық құрал-жабдықтар алуға қаржы бөлініп,игерілді.

Сонымен қатар Абай елді мекенінде спорт мектебіне ғимарат сатып алуға 4 млн теңге бөлінді. «Спорт клубы» кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуіне көңіл бөлініп отыр, қосымша қызмет түрлері көрсетілуде.

2011 жыл спорт клубы кәсіпорнына 12842 мың теңге қаржы қаралған болса, жақында қосымша жаңарту жұмыстарына 2013 теңге аудан бюджетінен қаржы бөлінді.

Жыл көлемінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді оңалту, ардагерлермен жұмыс, әлеуметтік төлемдер бағыттары бойынша жұмыстар атқарып келеді.

Жұмыс сұрап хабарласқан 3145 адамның 1344 жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздар ретінде бөлімде жылдың соңында 212 адам ресми тіркелген, яғни, ресми жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайыз.

Жалпы жұмысссыздар саны, Халықаралық Еңбек ұжымдастығының әдіснамасы бойынша бүгінгі күнге жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрап, салыстырмалы уақытта 0,3 пайызға төмендеген.

Жұмыссыздарды уақытша жұмысқа тартудың тиімді көздерінің бірі қоғамдық жұмысқа жыл көлемінде 695 адам тартылды. Қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар тарапынан, кәсіпорын, мекемелерден сұраныс арта түсуде.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 23 адам тартылды. 2011 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының енгізілуіне байланысты жұмыссыз азаматтарды тіркеу, қол қойдыру белсенділігі артып, өз нәтижесін береді деп күтілуде. Осы бағдарлама шеңберінде іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджеттен 33635 мың теңге (жалақыны субсидиялауға -20020 мың теңге; қоныс аударуға 2127 мың теңге; жұмыспен қамту орталығын құруға 11498 мың теңге ) бөлініп, игерілуде.

2011 жылғы аудан бюджетіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне жергілікті бюджеттен 21949,0 мың тенге қаралған. Есепті мерзімде 280 отбасының құжаттары қабылданып, олардың 1466 отбасы мүшелеріне 21930,2 мың теңге көмек тағайындалып төлем жасалды.



18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға 2011 жылдың бюджетінде қаралған 144782,0 мың теңгеден есепті мерзімде 3183 отбасынан құжаттар қабылданып, олардың 9694 балаларына 137490,4 мың теңге тағайындалып төлем жасалды.

Бюджетте қаралған 32549 мың теңге тұрғын үй көмегінің есепті мерзімде 1530 отбасынан қабылданған құжаттары негізінде олардың 8261 отбасы мүшелеріне 29412 мың теңгесі тағайындалып төленді. Әлеуметтік бағдарлама бойынша қаралған шаралар толығымен шешімін тауып келеді. Қаржы жеткілікті қаралған. Сонымен қатар мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша және ардагерлермен тиісті жұмыстар атқарылып келеді. «Қызылорда облысында барлығы үшін тең мүмкүндік» іс- шаралар жоспарында белгіленген шаралар өз кезегімен іске асырылуда. Арнайы құрылған комиссия әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі пандустардың сапасын анықтап, белгіленген стандартқа сәйкес мекемелермен кәсіпорындарда жаңартылуда, жаңадан салынуда. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесі жұмыс істеп келеді. 80 жалғыз басты қарттар мен 104 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйлерінде бекітілген стандарттқа сәйкес арнайы қызмет көрсетілуде. Осы мақсатқа 2011 жылға жергілікті бюджеттен 25716 мың теңге, ал республикалық бюджеттен 3962 мың теңге бөлінген. Гигиеналық құралдар алу, жеке көмекшілер және ымдау тілі мамандарының қызметтеріне қаралған 16364 мың теңге қаржы игерілді. 137 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне 137 жеке көмекшілер, 30 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге 3 ымдау тілі мамандары қызмет жасауда. Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедек жандарға 29 ортопедиялық таяқ, 25 соқырлар таяғы, 17 балдақ, 9 ұялы телефон, 38 тифломагнитола, 19 плеер, 16 сағат, 5 жетек арба, 31 таяқ, 33 кресло қорап, 12 есту аппараты берілді. Бұлардан басқа 160 мүгедек жандарға міндетті гигиеналық құралдар берілді. Үйде тәрбиеленіп оқитын 56 бала мүгедегіне 2011 жылға бюджетте қаралған 2442,0 мың теңге қаржы төленді. Жыл сайын Ұлы Отан Соғысындағы жеңіс күні ерекше аталып өткізілуде. 2011 жылы да үлкен мерекелік шаралар ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті деп айтуға толық негіз бар, оған өздеріңіз куәсіздер. Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жауынгер жесірлеріне, мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға аудандық бюджеттен 63 адамға монша, шаштараздар қызметі үшін 1163,0 мың теңге қаржы игерілді. Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылда кемінде 6 айдан кем емес еңбек еткен 1305 адамдарға біржолғы материалдық көмекке қаралған 38631,5 мың теңге толығымен игерілді. Қазақстан Республикасының «Құрмет» атағымен және Отан, Даңқ ордендерімен марапатталған 9 адамға 310 мың теңге бөлінді. Ұлы Отан Соғысының 66 жылдығына орай облыстық бюджеттен 3488,0 мың теңге көлемінде қаржы қаралып, 32 – ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, 6- ҰОС қатысушыларының қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне және 24 мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орден, медальдарымен марапатталғандарға 3108,0 мың теңге көлемінде қаржы есепшоттарына аударылды. Сонымен қатар аудан бюджетінен 20-ҰОС қатысушыларына, 12- ҰОС мүгедектеріне, 6- ҰОС жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне 5 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендерге, 24 ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орден медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, 34 Ауған соғысы қатысушыларына, 18 Чернобыль апатына қатысушыларға, 12 Семей полигоны ядролық сынақтарына тікелей қатысқан азаматтарға аудандық бюджеттен 6420,0 мың теңге бөлінді. Сондай –ақ бөлімнің материалдық техникалық базасын нығайтуға көңіл бөлініп келеді. Мекеменің ғимаратына күрделі жүндеу жұмыстарына 18960 мың теңгеге тендер өткізіліп тендер жеңімпазы анықталып жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі орталық арқылы 2011 жыл көлемінде республикалық бюджеттен 4072,8 млн теңге, әлеуметтік сақтандыру қорынан 171,5 млн теңге, барлығы 4244,3 млн теңге қаржы аудан халқына төленді.


жүктеу 494,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау