126
6. Cantin, R. H., Gnaedinger, E. K., Gallaway, K. C., Hesson-McInnis, M. S., Hund, A. M. Executive functioning
predicts reading, mathematics, and theory of mind during the elementary years // Journal of Experimental Child
Psychology. – 2016, V.146, P. 66-78.
7. Fuhs, M. W., Nesbitt, K. T., Farran, D. C., Dong, N. Longitudinal associations between executive functioning
and academic skills across content areas // Developmental Psychology. – 2014, V. 50, P. 1698–1709.
http://dx.doi.org/10.1037/a0036633
8. Welsch, J. A., Nix, R. L., Blair, C., Bierman, K. L., Nelson, K. E. The development of cognitive skills and
gains in academic school readiness for children from low-income families // Journal of Educational
Psychology. – 2010, V. 102, P. 43-53.
9. Willoughby M.T., Kupersmidt J.B, Voegler–Lee M.E. Is preschool executive function causally related to
academic achievement? // Child Neuropsychology: A Journal on Normal and Abnormal Development in
Childhood and Adolescence. – 2012, V. 18(1), P. 79–91.
10. Yeniad, N., Malda, M., Mesman, J., van IJzendoorn, M. H., Pieper, S. Shifting ability predicts math and
reading performance in children: A meta-analytical study // Learning and Individual Differences. – 2013, V.
23, P. 1-9.
11. Miyake A., Friedman N.P., Emerson M.J., Witzki A.H., Howerter A., Wager T. The unity and diversity of
executive functions and their contributions to complex "frontal lobe" tasks: A latent variable analysis //
Cognitive Psychology. – 2000, V. 41, P. 49–100.
12. Алмазова О. В., Бухаленкова Д. А., Веракса А. Н. Произвольность в дошкольном возрасте:
сравнительный анализ различных подходов и диагностического инструментария // Национальный
психологический журнал. – 2016, 4(24), С.14–22.
13. Korkman M., Kirk, U., Kemp S.L. NEPSY II. Administrative manual. San Antonio, TX: Psychological
Corporation. 2007.
14. Zelazo P.D. The Dimensional Change Card Sort (DCCS): a method of assessing executive function in children
// Nature Protocols. – 2006, Vol.1, P. 297–301.
15. Pons F., Harris P.L. Test of Emotion Comprehension. Oxford: Oxford University Press. 2000.
16. Вьюнова Н. И., Гайдар К. М., Темнова Л. В. Психологическая готовность ребенка к обучению в школе.
Психолого-педагогическиеосновы. – М.: АкадемическийПроект. – 2005, 256 с.
17. Bartelet, D., Vaessen, A., Blomert, L., Ansari, D. What basic number processing measures in kindergarten
explain unique variability in first-grade arithmetic proficiency? // Journal of Experimental Child Psychology. –
2014, V. 117, P. 12–28.
18. M. W. Fuhs, C.B. Hornburg and N. M. McNeil Specific Early Number Skills Mediate the Association Between
Executive Functioning Skills and Mathematics Achievement // Developmental Psychology. – 2015, Vol. 52. (8,
P. 1217-1235.
Ақжолова Г.
(ҚМҚПУ, 6M012000 – Кəсіптік білім мамандығы 1 курс магистрі)
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақ халқының сан ғасырдан бері тəрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы,
мəдениеті, өнері, өмір тəжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда
болмасын ұрпақ тəрбиесі адамзаттың парызы болды. Əрбір халық өзінің тарихы мен тəжірибесін
жалғастыратын жас ұрпақты ғасырлар бойы тəрбие əдістері мен тəсілдерін қолданып, өмір тəжірибесі
сынынан өткен əдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек
сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті.
Осылардың бəрі адамзат тəрбиесінде, оның ішінде жас ұрпақтың бойында ұлттық сана
қалыптастыруда оқыту үрдісі қандай роль атқаратындығын көрсетеді.
Əрине, жастар бойында ұлттық сана қалыптастыруда тек оқыту үрдісімен шектелуге болмайды.
Сондықтан тəрбие ісі тиімді жəне нəтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған абзал.
Ұлттық сана қалыптастыруда маңызды роль атқаратын халық педагогикасының құрамды
бөліктері қазақтың салт-дəстүрі, ұлттық ойындар, мақал-мəтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б. ерте
заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін, ұлттық құндылықтарын дамыту жəне
тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тəрбие құралы ретінде қолданылып келді.
Ұлттық сананы қалыптастырудың үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дəстүрін оқу-тəрбие
үрдісінде пайдалану болып табылады. Халықтың игі əдеттері дағдылана келе əдет-ғұрыпқа, əсерлі
əдет-ғұрыптар салт-дəстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дəстүрлер салт-сана болып
қалыптасқан. Халықтың салт-дəстүрлері рəсімдер мен жөн-жоралғылар, рəміздер, ырымдар мен
тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бəрі дамып, толысып,
жаңарып отырады[1].
Халықтың игі мəдени дəстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық,
имандылық, иманжүзділік – барлық мəдени үлгі-өнегелі іс-əрекеттердің көрінісі – əдеп деп аталады.
127
Қазақ халқының осы игі дəстүрлерін айқындап, дəлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан
алып, қазақ халқын əдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға əбден болады. Бұл – ұлт
мəдениетінің ең озық көріністері. Халықтық əдеп – ұлттық сананы қалыптастырудың өзекті арқауы
десе де болғандай [2].
Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мəдени адамгершілік, рухани құндылықтарымыз жаңа заман
тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Сонымен қатар төл мəдениетіміз, салтымыз, дəстүріміз, тіліміз,
ұлттық намысымыз, табиғи ортамыз, ұлттық мəдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған
кезінде «əр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін зерттеп біліп, тауып, шешіп қамту керек»
деген талапты жүзеге асру əбден қажет.
Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дəстүрлері бұл күнде
отбасы, мектеп тəжірибесінен лайықты орын ала бастады. Халықтық педагогика, этнопедагогика
мəселелерін этнография, этнопсихология, педагогика ілімдерімен қатар этнология, шығыстану,
этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Сол себепті халық педагогикасының бұлақ
бастауы – көне наным-сенімдердің тəрбиелік сипаты басты назарға алынады. Оның асыл арналарын
қоғамдық сананың түрлері мен категориялары арқылы жүйелеудің маңызы зор. Қоғамдық дамудың
алғашқы сатыларында тəрбиелік ой – сана көне наным-сенімдермен аралас көрінеді. Оны ғылым
тілінде халық педагогикасының синкреттік (толық дамыған жағдайы) белгісі деп атаймыз.
Мұның алғашқысы тəрбиелік ой-сананың мифтік ұғымдардан ажырамай, рулық – тайпалық
деңгейдегі көрінісін білдірсе, келесі түрі оның көне ұғымдардан бөлініп, əдет-ғұрып, салт-дəстүр,
ырым, кəде, жол-жоралғы т.б. жанрлық салаларға жіктеле бастағанын байқатады.
Халық педагогикасы арқылы ұлттық сана қалыптастыруда маңызды орын алатын, əрине,
имандылық тəрбиесі.
Имандылық тəрбиесі – бұл халық педагогикасында дəстүрге, əдет-ғұрыпқа, байсалды мінез-
құлыққа айналып, адам баасының өмір заңдылығы, жарғысы болып қалыптасқан. Имандылық
тəрбиесі адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің жиынтығы. Имандылық тəрбиесі жеке адам
бойындағы қасиеттердің жиынтығы деп атап кеттік. Əрине, жағымды қасиеттердің адамның рухани,
психикалық дамуына болымды əсер ететіні белгілі. Солардың ішінде өз Отанын сүюшілік, оны жан-
тəнімен қорғау, халқына берілгендік – адамның өмірінде өшпейтін, имандылық қасиеттердің бірі.
Игі əдеттердің өмір қолданысына айналуы – əдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына
айналуы – салт-дəстүр деп аталады. Яғни дəстүр – қолданылмалы іс-əрекет. Ол қалыптасқан іс-əрекет
ешкімнің «нұсқауынсыз» еркін мəжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дəстүрлердің
толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы, қыз ұзату, үйлену тойлары толысып
жаңарды да, ал «əмеңгерлік», «атастыру» салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт-дəстүрлердің ұлттық санаған сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана
деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дəстүрлер сол ұлттың ой-санасының
дəрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке
тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дəрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан
əрбір əдет-ғұрыптың, салт-дəстүрдің салт-санаға əсер ететін тəрбиелік мəні зор [3].
Қ.Жарықбаев «халық педагогикасы» ұғымының синонимдеріне «халықтық тəрбие», «халық
тəлімі», «қазақ тағылымы», «ұлттық тəлім-тəрбие» т.б. осы тəріздес ұғымдарды салыстырып
пайдалануға қарсы. Оның пікірінше «халық педагогикасын» жоғарыда келтірген ұғымдардың
баламасы деу қате. Бұларда өзіндік мағынасы бар. «Тəрбие» ұғымының қолданылу аясы «тəлім»,
«тағылым» ұғымдарынан əлдеқайда ауқымды, яғни логика ғылымының тілімен айтсақ тəрбие кең
мағыналы текті ұғым да, ал қалғандары одан мəн–мағынасы бар түрлі сипаттағы ұғымдар.
Қазақ халқының педагогикасының тереңінен тамыр тартқан арналарын зерттеген Қ.Жарықбаев
«этнопедагогиканы» ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған тəлімгерлік
тəжірибесін зерттейтін ғылым ретінде таныса, С.Қалиев «халық педагогикасы» деп сол халықтардың
ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тəрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тəжірибелердің жиынтығын
айтады.
К.Қожахметова «этникалық» деген ұғымды тəрбиелеу жəне оқыту саласында дəстүр, тіл
этникалық сана-сезім ерекшелігінде материалданған, этноерекшеліктерге, белгілерге зейін қою деп
есептейді [3].
Қазақ «этникалық педагогикасы» дегенде қазақ этносының нақты этноерекшелік жағдайының
өмір сүруіне тарихи қалыптасқан, қазақ этникалық тəрбиесінің ерекшелігін зерттейтін саланы
түсінеді. Келесі тарауда қазақ этнопедагогикасының мəселесі қарастырылады.
- Педагогикалық əдебиетте халық педагогикасының ерекшеліктері айқындалған;
- Халық педагогикасы ғылыми педагогикадан бұрын ежелгі дəстүрде қалыптасып халықпен бірге
жанасып келеді;