Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет2/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207


 

 





1 СЕКЦИЯ 

Профессор Қ.Б. Жарықбаев жəне оның Қазақстандағы  

ғылыми психологиясының құрылуы мен дамыуындағы рөлі 

Профессор К.Б. Жарикбаев и его роль в становлении и  

развитии казахской научной психологии 

 

 

Əмірова Б.Ə. 

(Қазақстан Республикасы Қарағанды қ., 

 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) 

 

ПСИХОЛОГ-ҒАЛЫМ САЛКЕН БАЛАУБАЕВ ЕСІМІ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 

БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ҮНДЕСЕДІ 

 

Көшбасшымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  халықтан  қызу  қолдау  тапқан 

кешегі  тұғырнамасын  ширек  ғасырды  артқа  тастаған  Тəуелсіз  Қазақстанның  жаһандану  дəуіріндегі 

рухани  кеңістігіміздің  жаңа  бастауы  деп  бағалаймыз.  Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың 

мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты  қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір, 

батыл  шешімдерге  құрылған  маңызды  құжат.  Яғни,  бұл  еңбек  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-

дəстүрлерін,  мемлекеттік  тіліміз  бен  əдебиетімізді,  мəдениетімізді,  ұлттық  рухымызды  жаңғырту 

деген асыл ұғымға əкеледі. Бұл алдымызға қойылған мақсатқа жету – ұлттық рухани-мəдени, ғылыми 

құндылықтарға жүгіну деген сөз.  

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  біртіндеп  қорланып  қалыптасқан  рухани  қазынасы  тоталитарлық 

тəртіп  кезінде  орасан  зор  күйзеліске  түсіп,  тоқырап  қалғаны  қазір  екінің  біріне  мəлім.  Бұл  жағдай 

халқымыздың  өскелең  мəдени-ғылыми  көтерілуіне,  ғұлама  тұлғаларын  анықтауға,  өзінің  табиғи  –

дарындық ерекшеліктерін көрсетуге көптеген нұсқанын тигізді.  

Осыған  орай,  қазіргі  еліміздің  егенмендігін  алып,  өзінің  рухани  байлығын  ғылыми  негіздеуге 

қолы  жеткен  кезде,  өткн  кездердегі  халқымыздың  терең  ойлы  саңлақтарының  ғылыми  еңбектерін 

көрсетіп  ойларын  еліміздің  ғылыми  дамуына  негіздеу  басты  мақсатымыз  болмақ.  Ал,  Елбасының 

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласындағы Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. «Мен жыл 

басындағы  халыққа  Жолдауымда  Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы  басталғанын  жарияладым. 

Осылайша,  біз  қайта  түлеудің  айрықша  маңызды  екі  процесі – саяси  реформа  мен  экономикалық 

жаңғыруды  қолға  алдық», – деді[1].  Бұл  ой  бізге  алдымызға  жаңа  мақсаттар  қоюға  жəне  өткен 

ғасырлардағы  халқымыздың  ғылми-мəдени  құндылықтарын  замануи  түсінктермен  қарауға 

бағыттайды.  



Біздің  ішкі  жан  дүниеміз  тарихи  тамырымыз  дүние  таным  елдік  болмысымыз  адами 

құндылығымзыдың  құпиясы  рухани  кодымызға  тікелей  байланысты.  Осы  рухани  құндылығымызды 

жоғалтпаған  жағдайда  ғана  біз  Мəңігілік  елге  айналамыз.  Мұндағы,  Ұлттық  жаңғыру  деген 

ұғымның  өзі  ұлттық  сананың  кемелденуін  білдіреді.  Оның  екі  қыры  бар.  Біріншіден,  ұлттық  сана-

сезімнің  көкжиегін  кеңейту.  Екіншіден,  ұлттық  болмыстың  өзегін  сақтай  отырып,  оның  бірқатар 

сипаттарын өзгерту. Бұл ойлар Елбасының «Мəдени мұра», 2004) жəне «Халық тарих толқынында», 

2013) ірі бағдарламаларында негізделген. 

Осы  бағдарлама  негізінде  ғылыми  бағыттарға  жаңа  көзқараспен,  жаңашаша  зердемен  қарап, 

өткенге бұрылуды талап етеді. Ал, біздің өткенімізде елеусіз қалған, тіпті жойылып кеткен ғылыми 

ой-тұжырымдар қаншама. Оларға: Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев жəне С. Балаубаев. 

Соның  бірі – ғалым-психолог  психология  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  С.  Балаубаевтың 

еңбектеріне шолу жасамақпыз.  

Салкен Балаубаевтың ғылыми-психологиялық ойлары, оның басқару жүйесі бүгінгі таңда кімде – 

кімге болса да үлгі боларлықтай. Оның қазіргі кездегі еліміздегі жаңғырған көптеген ғылымдарның 

ішіндгі психология ғылымының заманауи дамуында өз орнын табуға тиіс. 

Салкен Балаубаев 1901 жылы сəуір айында дүниеге келіп, 1974 жылы 72 жасында қайтыс болды. 

Дегенмен,  бүкіл  ғұмырындағы  күш-жүгерін  жас  ұрпақты  тəрбиелеу  мен  ғылымға  арнаған.  Ол 

жастайынан апасы Бибіжан екеуі жетім қалып Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Атасу 

поселкесіндегі  жақын  ағайындарының  қолында  тұрады.  Білімге  жастайынан  құштар,  ізденімпаз 

зиялылардың  еңбектерімен  танысуды  армандайды.  Əпкесі  Бибіжан  Астана,  сол  кездегі  Ақмола, 

қаласында тұратын Əубəкір дегенге тұрмысқа шығып, Салкен сонымен Астанаға барады. Сол жақта 

орыс байларына жалданып жұмыс істейді. Өзінің қабілетті алғырлығының арқасында сауатын ашып, 




əрі қарай білімін жетілдіруге ұмтылады, жоғары оқу орындарына түсуге ұмтылады. Сөйтіп, Ташкент 

қаласына  барып,  жұмысшы  факультетіне  түсіп,  оны  үздік  бітіргеннен  кейін  Орта  Азия  мемлекеттік 

университтетінің  психология-педагогика  факультетіне  түседі.  Оны 1929 жылы 27 жасында  үздік 

дипломмен  бітіреді.  Біраз,  сол  жақта,  қызмет  істеп  Алматыға  келіп,  Абай  атындағы  педагогика 

институтының  психология-педагогика  кафедрасын  басқарып  жүргенде  жазықсыз  «халық  жауы» 

атанып, сотталып 35 жастан 54 жасқа дейін түрмеде азап кешеді.  

Қазақ  психология  ғылымының  негізін  салушылардың  бірі  белгілі  жазушы  Жүсіпбек  Аймауытов 

болса,  оның  жолын  қуған  ізбасары  болған  ғалым  С.Балаубаев  еді.  Ол  Қазақстанның  алғашқы 

психология  ғылымдарының  кандидаты (1932жылы 30 жаста)  болатын.  Ғылыми  жетекшісі,  бүгінде 

бізге  таныс  орыс  ғалымы,  психолог,  профессор  Николай  Федорович  Добрынин  болған.  Бірақ  оған 

«Алашорданың доценті» деген атақ тағылады.  

Оның  алғашқы  аспиранты  «Экспериментальные  исследованияе  работаспособности  и  внимания 

младших  школьников  и  младших  подростков»  тақырыбында  диссертация  жазып,  жоғары  дəрежеде 

Москвадағы  Ломоносов  атындағы  университетте  қорғаған.  Психология  ғылымдарының  канидаты, 

доцент Октябрина(Бақыт) Кəрімқызы Орманбаева: «Мен сəтті қорғап шыққанда «жас баладай» қатты 

қуанып еді»,- деп жарқын көңілмен еске алатын.  

Сол уақытта қазақ өлкелік партия комитетінің насихат жəне үгіт бөлімін басқарған бір «мықты», 

«Большевик  Қазақстана»  журналының 1936 жылғы 1 номіріне  шыққан  «Пролетарлық  студенттерге 

коммунистік тəрбие беру үшін» делінген мақаласында: «Давать нашу молодёжь всяким Салкенам мы 

не  можем,  закон  эпохи  для  Балаубаева  (бывший  алашординец,  доцент  педалогий)  таков,  это  он  и 

подобные  ему  не  должны  и  не  будетзанимать  место  советских  кафедрах», – деп  жазды [4]. Сөйтіп, 

1937  жылы 35 жасында  ұсталып,  ұзақ  жылдар  лагерьде  азап  шегеді.  Оның 1932-33 жылдары  Абай 

атындағы  педагогикалық  институтындағы  жабдықталған  ең  үлкен  дəрісханасындағы  ғалымның 

қызықты, тартымды, халыққа қарапайым тілмен түсіндіру шеберлігімен өткізілгенін, сол кезде дəріс 

алған  Қаутай  Қасымбеков,  Балғатай  Өтешов,  Мəруан  Мұханмедина  жылы  сағынышпен,  өкінішпен 

əрдайым естеріне алып отырған. Ол кісіден дəріс алған: жазушы Əди Шəріпов, оқу министрі болған 

Кенжалы  Айманов,  филология  ғылымдарының  докторы,  Совет  Одағының  батыры  Мəлік 

Ғабдуллинтағы басқалары болған. 

1954  жылы  туған  өлкесіне  келіп,  Қарағанды  қаласындағы  педагогикалық  институттың 

педагогика-психологиясының  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарған.  Ол  Абдолла  Темірбековпен 

бірігіп 1966 жылы 64 жасында  «Психология»  оқулығын  дүниеге  келтірген.  Бұл  сол  кездегі 

Қазақстандағы оқу-ағарту жүйесіндегі ең жоғары дəрежедегі ғылыми еңбек болып саналады. 

Оның  жалпы  психология,  тəжірибелік  психология,  педагогикалық  психологияда  салаларында 

жазған,  оқыған  еңбектерінің  өзінде  ұлттық  танымды  ескере  отырып,  ғылыми  зерттеулер 

жасағандығын байқаймыз. Мəселен, «Естің дамуы», «Қабылдаудың дамуы», «Баланың жеке басының 

оқуда  дамуы»,  Бастауыш  мектеп  оқушыларының  кеңістік  пен  уақытты  қабылдауы, «Жеке  адам» 

мəселелерітуралы тұжырымдамалары қазіргі кезде ұлт өкілдеріне, келешек халық тұлғасын дамытуға 

үлкен үлес қосады. 

Мысалы: «Естің  дамуы»  деген  мақаласында  төменгі  сынып  оқушыларының  ес  процесінің  даму 

ерекшеліктерін баяндай келіп, оны сақтау процесінде қалай дамытудың жолдарын көрсетеді. «Бала өз 

тіршілігіне байланысты қызықтырған нəрселерін оп-оңай есінде қалдырады жəне бұл жаста өмірден 

алған  əсерін,  басқаша  айтқанда,  көрген-білгенін  өзінше  толықтыра  баяндауға  құмарланады.  Осыны 

ескеріп,  бастауыш  класс  оқушыларын  əр  нəрсені  бақылап  көруге,  сурет  салуға  үйрету,  жеке 

заттардың  суретінін  нұсқасына  қарамай  жатқа  салуға  дағдыландыру,  орындаған  жұмысындағы 

кемшіліктерді  талдап  түсіндіру,  сонымен  қатар  өз  іс-əрекеттерін  қорғау  сияқты  əдіс-тəсілдерді 

қолдану керек» – деген. 

Ал,  уақытты  қабылдау  балада  біртіндеп  дамиды.  Мысалы, 1 сынып  оқушысы  «əлдеқашан»  деп 

бірнеше күн бұрынғыныайтса, 2 сыныптықтар өзінің өте шағын, ал 4 сыныптағылар 50, 60, 100 бұрын 

болған  жағдайларды  айтады  дейді.  Сонымен  қатар,  кеңістікті  қабылдауы  оқу  процесінде  өмір 

тəжірибесімен, оның қиялыменсабақтаса дамитындығын айтқан. 

Тағы да ғалымның тұлғалық сапаларына көңіл қояйық. Себебі заманауи білім берудегі ұстаздық 

шеберлігінде, оның тұлғалық, адами дамуына əсерін тигізеді.  

Ол  шəкіртімен  шынайы  қарым-қатынаста  бола  бетін  тəлімгер,  жақын  дос,  сыпайы,  білімді  адам 

болған. Классикалық музыканы жақсы көретін. «Домбырада ойнақы, шеберлікпен ойнаған. «Ғылыми 

кеңес барысында Сəкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» , Н. Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» т.б. 

əндерді  жақсыкөріп,  үлкен  əсермен  айтуды  ұнататын.  Маған  домбырада  ойнауды  үйреткен  сол  кісі 

еді» – деп ерекше толқумен еске алатын шəкірті Октябрина Кəрімқызы [4, 12 б.] 




жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау