286
дамытудан, жалпы білімділік пен икемділік (бейімделу мүмкіндіктері, қарым–қатынас сапалары),
сонымен қатар оқушының болашақ педагогикалық мамандыққа оқуға, педагогтік кəсіби қызметке
деген көзқарасынан, қызығушылығы мен ынтасынан тұрады. Педагогты кəсіби даярлауды қарастыра
отырып педагог тұлғасының маман ретінде қалыптасуының шеберлігінің жетілуінің, педагогикалық
қарым-қатынас пен балалармен жұмыс істеу даярлығының негізгі психологиялық-педагогикалық
аспектілері білім беру мəселесі бойынша зерттеу жүргізген О. А. Абдуллина, Ю. К. Бабанский, Ф. Н.
Гоноболин, И. Я. Лернер, А. К. Маркова т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі кезде еліміздің əлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты мұғалімнің жеке
тұлғасына жəне оның кəсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар өсе түсуде. Мұғалімдерді кəсіби
даярлау мəселесіне Қазақстанның да ғалым-зерттеушілері көп жұмыстар атқаруда. Педагогтың жеке
тұлғасы, кəсіби толысуы, оңтайлы педагогикалық шешімдерді жүзеге асыра алуы Р. Г. Лембергтің
зерттеулерінде анықталды. Біртұтас педагогикалық процесс пен мұғалімнің кəсіби даярлығын Л. Е.
Абенованың, А. Н. Сүлейменованың, А. П. Сейтешевтің, Н. Д. Хмельдің еңбектерінен көре аламыз.
Болашақ мұғалімді жоғары мəдениетті, ой-өрісі кең, өз мамандығын толық меңгерген, жоғары
деңгейдегі маман болуымен қатар, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан
ата-баба мұрасын, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, тарихы мен əдебиетін, өнерін, адамгершілік пен
имандылықты дəріптейтін қарым-қатынас мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек.
Мəдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі сөйлегенде де əдеби тілдің нормаларын
сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді араластырмай, өз ойын мəдениетті түрде жеткізіп, отыруға
дағдыланады. «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» дегендей, жан дүниесі жүдеу, сезімнен жұрдай
топас, аузы лас кейбіреулер маңындағылардың табиғи кемшілігін тауып, тілінің зəрін соған шашады:
көзің құрсын бақырайған, пұшық, көзің сығырайып, маймақ дегендерді оның бетіне басып, жүрегін
жаралайды. Бұл барып тұрған мəдениетсіздік! Адамға тіл кісіні жəбірлеу үшін берілген жоқ. Сөйлеу
қабілеті бар жанның бəрі өзімен қарым – қатынас жасайтын адамдарға тіл тигізбей, жүрегіне зіл
түсірмей өмір сүруге тырысса, өзіне де, өзгелерге де шаттық, сəтті күн сыйлайды. Сөйлеу мəдениеті
жоғары адамдар жақсы өмір сүріп қана қоймайды, шешендікке қол жеткізе алады. Себебі шешендік –
тіл мəдениетінің жоғарғы формасы.
Болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін компетенттілігін, шеберлігін, кəсіпкерлігін кеңейтуі,
сонымен бірге тұлғалық жəне кəсіпкерлік өсуі, оның өзін – өзі тəрбиелеуі мен білімін өзіндік
жетілдіруінсіз мүмкін емес екенін сезінуі қажет. Ғылыми танымның түрлі салалары бұл ұғымдарды
өздігінше жорамалдайды.
Өзін – өзі тəрбиелеу – бұл тұлғадағы оң қасиеттерді жетілдіретін адамның қызмет; өзін
жетілдірудегі тəрбие жұмысы; тұлғаның өзін толықтай көрсете білуіне бағытталған саналы қызметі;
қойылған мақсатқа сай адамның өз тұлғасын қалыптастыруы[4]. Өздігінен білім алуды барлық
анықтамалардың топтамасы ретінде былайша қарастыруға болады: өз бетімен алынатын білім,
тұлғаның өзін реттейтін мақсаты бағытталған танымдық қызметі; тұлғаның ғылымның қайсыбір
саласындағы техникадағы, мəдениеттегі жүйелі білімін өз бетімен өзгертуі; оқытушының өзін білімін
тереңдетуге, бар білімін жетілдіруге жəне жаңасын алуға мақсатты бағытталған жұмысы.
Əрбір педагогтың кəсіби қызметі оның басқа түрлерімен бірлігі, педагогтың абстрактілік
моделінің
негізі
болатын
мотивімен
бағыталуында.
Онда
тұлғалық-кəсіби
сапалары
интеграцияланып, педагогтың жоғары мəдениеті мен шеберлігінің бірігуі арқасында жақсы
нəтижелерге жете алады. Қазіргі заманғы оқытушы тұлғасы оның эрудициясымен, жоғары деңгейлі
мəдениетімен анықталады, өйткені, біріншіден, оның өзі колледж білім алушылары үшін ғылыми-
мəдениеттік ақпарат көзі, екіншіден, кəсіби компетенттілігі əртүрлі ақпарат көздерімен педагогтың
үнімі жəне ұдайы жаңартуы керек, үшіншіден, педагог өз студенттері мен оқушыларына үнемі мінез-
құлық əсер етеді əрі оның тиімділігі педагогтың мəдениеті мен мінез- құлық деңгейіне байланысты
өзгеріп отырады.
Эмпатия- эмоционалдық-өнегелік сана, онсыз мейрімді педагог болуы мүмкін емес.[5] Бұл
қасиеттің барлық мазмұнды жақтарын қарастыра келе, қарсы алдындағы адамның қиындығына,
қайғысына, проблемасына онымен бірге уайымдау, мазасыздану арқылы, сол адамның көзқарасымен
дүниені көруі сияқты, яғни бұл дүниені оның көзімен көру қабілеті екенін басып айту қажет. Бұл
басқа адамның сезімімен талдануына жəне сол туралы оған айту қабілеттілігі болып табылады.
Тұлғалық-кəсіби маңызды қасиеттің бірі толеранттылық болып саналады, ол оқытушы мен білім
алушылар арасында сүйкімсіз, ұнамсыз қылықтар немесе өрескел мінезін, жеткіншектің жеке
қасиетіне байланысты теріс қылықтарды шыдамдылықпен төзімділікпен қабылдау арқылы
сипатталады.[5]
Толеранттылық келесі аспектілерді байқалады:
- басқаның ой-пікірін өзімдікі деп қабылдап, оның логикасын меңгеру;
287
- басқаның ой-пікірінен оң, позитивті пайдалы сəттерін бөліп алу əрі оның өз ой-пірінен ерекше
екенін сезіну;
- өз ойын басқаның пікіріне қарап түзету жəне өз ойының күшті жақтарын мақұлдау;
- өзінің жəне басқаның ойындағы артықшылықтарды іздеу, оларды мойындау;
- басқаның пікірінің де құқығы бар екенін мойындай білу жəне бұған ішіндегі қарама-
қайшылықты тойтара білу.
Бастауыш сынып мұғалімінің кəсіби құзыреттілігінің ерекшелігі – көппəнділік. Оның маңызды
сипаты: гуманистік педагогикалық көзқарастың ерекшелігінде; мұғалімнің педагогикалық ойлауы
арқылы жүзеге асатын кəсіби интегративтік білім мен дағды жүйесінде көрінетін «балаға
бағыттылық» болып табылады[6].
Сонымен, қарастырып отырған проблема орта арнаулы педагогикалық білім беруде қазіргі кезде
қойылып отырған талаптарға сай негізгі кəсіби – дидактикалық құзыреттіліктерді колледж білім
алушыларының бойына қалыптастыру мен осы проблеманы шешу үшін педагогика ғылымының
əдіснамасына, теориясына жəне практикасына құзыреттілік тұрғысынан келудің қажеттілігін
көрсетеді.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кəсіби құзыреттілігін мұғалімнің кəсіби-педагогикалық
құзыреттілігінің негізгі құраушысы ретінде қарастырған абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің
ерекшелігіне байланысты ол бастауышта оқытылатын барлық пəннің теориялық мазмұнын жетік
біліп, кəсіби-педагогикалық құзыретті бола тұра, оны оқушыларға жеткізе алатын құзыреттілігі
болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нəтижелі бола алмайды. Олай болса, кəсіби құзыреттілік кəсіби-
педагогикалық құзыреттіліктің негізгі өзегі болып қалмақ.
Əдебиет
1. «Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру
тұжырымдамасы»: жоба –Алматы,2005,-33 с
2. Маркова А. К. Психология труда учителя: Книга для учителя. – М.: Просвещение, 1993. – 189 с.
3. Құнанбаев А. Шығармалар жинағы. – Алматы:Жазушы, 1986. – 692 б.
5. Рувинский Л. И. Мамандыққа кіріспе. – Алматы : «Ана тілі», 1991 – 37 б.
6. Оспанова С.Б. Формирование культуры межличностного общения учащихся колледжа. Учебное
пособие. Караганда: Изд-во “САНАТ- Полиграфия“, 2005
1. 6.Калиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық
негіздері. – Алматы, Рауан: 1990. – 456 б.
Исмаилова Г.М., Менлибекова Г.Ж.
(Республика Казахстан, г. Семей,
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева г. Астана)
КОМПОНЕНТЫ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОЗИЦИИ ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГА
В настоящее время однозначного представления о перечне профессионально важных качеств
педагога-психолога не существует. И.В. Бачков подчеркивает, что важным является осознание
специалистом профессионально-психологической компетентности и удержание предмета
психологии, умение отличать в своей деятельности позицию психолога – профессионала от других
позиций, которые имеют право на существование, но, вмешиваясь в профессиональную деятельность,
могут – при условии недостаточной отрефлексированности – оказаться вредны [1, с. 341].
Можно предположить, что процесс профессионального становления – это постоянный диалог
личностного и профессионального. Психолог как Личность, уверенная в своих профессиональных
силах, начинается с безусловного самопринятия [2, с. 234]. Безусловное принятие не отрицает
критической оценки своих возможностей, означает принятие всего вашего внутреннего мира, со
всеми его «плюсами» и «минусами». А, следовательно, предполагает осознание границы между теми
и другими, а вовсе не ее демаркацию. И осознание этой границы значительно более критично
(самокритично), чем в ситуации условного принятия, когда по штампу «минусы» отсекаются, а
«плюсы» навязываются извне. Оно становится предпосылкой личностного роста профессионала.
Миссия предполагает инициативное осмысление ситуативных профессиональных задач в
перспективе более широких и значимых целей (тогда необходимость их решения принимается как
внутренний долг, а контроль результатов решения становится прерогативой совести) [3, с. 36].
Ориентация на гуманистические идеалы и ценности – элементы социально – психологической
структуры личности, представляющей собой систему ценностей личности. Ценностные ориентации
служат опорными установками для принятия решений и регуляции поведения [4, с. 156].