Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет139/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   207

278 

Л.М.  Митина  бойынша,  педагогикалық  бағыттылық  мұғалім  тұлғасының  интеграциялық 

сипаттамаларының бірі жəне мұғалімнің кəсіби дамуының (өзін-өзі дамыту) нысаны болып табылады 

2, 152 б..  

Біздің  ойымызша,  педагогикалық  бағыттылық – бұл  тұлғаның  мұғалім  болуға  жəне  мұғалім 

болып  қалуға  деген  ұмтылысы.  Педагогикалық  бағыттылық  мұғалімнің  бүкіл  кəсіби  өмірлік  іс-

əрекетінде  жəне  де  жекеленген  педагогикалық  жағдайларда  оның  қабылдауын,  мінез-құлық 

логикасын, бүкіл бет-бейнесін анықтайды.  

Е.Н  Роговтың  пікірінше,  педагогикалық  бағыттылықтың 

3, 120 б..  қаншалықты  дəрежеде 

қалыптасқаны  оның  дамуының  əр  түрлі  деңгейлерінен  жəне  деформациялардың  пайда  бола 

бастауынан  көрінуі  мүмкін.  Деформаияның  бар  болуы  өзінің  пəні  мен  ісіне  деген  селқостыққа, 

əлеуметтік жауапркешіліктің болмауына, оқытудың қарапайым ережелерінің бұзуға, өз іс-əрекетінің 

гуманистік мəнін түсінбеуге жəне дұрыс бағаламауға əкеледі.  

Өкінішке орай, педагогикалық университеттер мен колледждерге түскен жастардың барлығында 

дерлік педагогикалық бағыттылық бола бермейді.  

Ғылыми-педагогикалық  əдебиеттерде  абитуриенттердің  педагогикалық  мамандықты  таңдау 

мотивтері  келтірілген 

4, 254б..  Соларды  есепке  ала  отырып,  біз  дене  шынықтыру  сабағының 

мұғалімі  мамандығына  түскен 1-курс  студенттеріне  сауалнама  жүргізіп,  олардың  мотивтерін 

анықтадық. Алынған нəтиже бойынша келесі мəселе анықталды:  

-  психология жəне педагогика пəндеріне деген қызығушылық – 13%; 

-  өзін балаларды тəрбиелеуге арнау – 27%; 

-  жоғары білім алу тілегі-38%; 

-  өзінің психологиялық-педагогикалық қабілеттерін ұғыну-2%; 

-  мамандықтың қоғамдық маңыздылығын, беделділігі туралы көзқарас – 2%; 

-  жағдай солай болды – 5%; 

-  жақын адамдардың кеңесі бойынша – 8%; 

-  өзгеше себептер – 2%. 

Сауалнама  нəтижесіне  сай,  болашақ  мұғалімдердің  жартысынан  азы  ғана  мамандық  таңдаған 

кезде өз тұлғасының кəсіби-педагогикалық бағыттылығына сəйкес мотивке жүгінеді екен.  

Ал, С. П. Крягжде көрсетуінше 

5, 23б. , тіпті ұзақ уақыт еңбек етіп келе жатқан мұғалімдердің 

басым  көпшілігінде (74%), егер  алғаш  мамандықты  таңдаған  сəтте  педагогикалық  бағыттылық 

болмаса,  кейіннен  қалыптаспайды  да  екен.  Осыған  В.  Б.  Ольшанскидің  де  мəліметтері  дəлел  бола 

алады:  кəсіби  даярлықтың  соңына  қарай  студенттердің  төрттен  бір  бөлігі  ғана  мұғалім  болу – 

олардың мақсаты екенін мойындады.  

С. В. Бобровицкая 

4, 24 б. мəліметтері бойынша, педагогикалық ЖОО бірінші курстарының тек 

43%  ғана  кəсіпті  меңгеруге  бағытталған.  Ал  олардың  ішінде  тек  жартысы  ғана  балалармен  жұмыс 

істеуді жəне қарым-қатынас жасауды ұнататындарын айтқан. Қалғандары педагогикалық ЖОО-на тек 

ғана  қандай  да  бір  пəн  ұнағандықтан  немесе  интеллект  деңгейін  жоғарлату  үшін  ғана  келгенін 

айтыпты.  

Студенттердің  екінші  басым бөлігі (57%), өздеріне  педагогикалық білім  алу  мақсатын қоймаған 

жəне де мамандық бойынша жұмыс істегілері келмейді екен. Олардың педагогикалық ЖОО-на түсу 

мотивтері:  оқуға  түсудің  жеңіл  болуы  (олардың  пікірінше),  əскерден  қашу  (жігіттерде), 

қатарластырмен  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігі,  өзін-өзі  анықтауға  уақыт  қажет  болғандықтан, 

жоғары білім туралы дипломның беделді болуы (жоғары білім емес, тек дипломның болуы).  

Е.  И.  Роговтың  сауалнамасы  бойынша,  мұғалімдердің 40 % мүмкіндік  болған  жағдайда  басқа 

мамандыққа ауысып кеткілері келетінін білдірген.  

Əрине,  педагогикалық  бағыттылықты  құрайтын  мотивтер  ғана  педагог  іс-əрекетіне  негіз 

болмайды. Бірақ, олар да маңызды.  

Педагогикалық  іс-əрекетке  деген  бағыттылық  педагогикалық  шеберліктің  маңызды  қыры  болып 

табылады.  Педагогикалық  шеберлік  болса  жалпы  педагогикалық  қабілеттерден  жəне  кəсіби-

педагогикалық  бағыттылықтан  тұрады.  Олар  өз  кезегінде  екі  тұрғыдан  қарастырылады:  кəсіби 

қызығушылық жəне мотивация; педагогикалық бағыттылық.  

Қызығушылық,  педагогикалық  бағыттылық  белгілі  бір  ішкі  бірлікті,  кəсіпті  терең  игеруді 

қамтамасыз етеді. 

Осыған  байланысты  болашақ  мұғалімдерді  кəсіби  даярлау  үрдісінде  басым  бағытты  өзгерту 

қажет.  Білім  беру  сапасын  жəне  кəсіби  құзыреттілік  деңгейін  жоғарлату  үшін  бірінші  кезекте 

педагогикалық  бағыттылықты  қалыптастыру  керек  екендігі  айдан  анық.  Студенттердің  кəсіби-

педагогикалық  бағыттылығын  қалыптастыру  оларды  маңызды  кəсіби  білімдер  мен  ептіліктерді 

белсенді меңгерге итермелеп, кəсіби салада табысты іс-əрекет атқаруға ішкі түрткі болады.  



279 

Əрине, болашақ мұғалімдердің педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру – күрделі əлеуметтік 

жəне педагогикалық үрдіс. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру тұлғалық жəне кəсіби өзін-

өзі  анықтаудың  дамуымен,  тұлғаның  кəсіби-маңызды  сапалары  мен  қабілеттерінің  дамуымен 

байланысты.  

Сондай-ақ,  педагогикалық  бағыттылықтың  компоненттік  құрамы  мəселесі,  олардың 

қалыптасқандығын  анықтау  критерийлері,  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  үрдісінің  спецификасы 

жəне  қызметі  сиқты  мəселелер  əлі  де  жауабы  табылмаған  сұрақ  болып  табылады.  Жəне  де  келесі 

ғылыми іздесі пен зерттеулерімізге түрткі болары сөзсіз.  

Себебі, қазіргі қарқынды өзгеріп жүріп жатқан білім беру жүйесіне бəсекеге қабілетті, əлеуметтік 

жəне  кəсіби  ұтқыр,  қоғамның  əр  түрлі  саласындағы  өзгерістерге  белсенді,  əрі  саналы  түрде  қатыса 

алатын  құзыретті  маман  керек.  Ал,  ондай  маманды  даярлатын  кəсіби  білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің  бірі – оқыту  барысында  студенттердің  кəсіби-педаггогикалық  бағыттылығын  жүйелі 

түрде қалыптастыру болып табылады.  



 

Əдебиеттер: 

1.  Громкова М.Т. Психология и педагогика профессиональной деятельности.- М.: Юнити. -2003. 415 с. 

2.  Митина Л.М. Психология труда и профессионального развития учителя.- М.: Academia. – 2004, 318 с. 

3.  Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании: учеб. пособите. – М.: Владос. – 

1995, 529 с. 

4.  Ильин Е. П.Психология для педагогов.- СПб.: Питер. – 2012. 640 с. 

5.  Крягжде С. П. Управление формированием профессиональных интересов // Вопросы психологии.- М.-

№3, 1985. С. 23-31 

 

 

Бердібаева С.Қ., Файзуллина А.К., Бердібаев С.Қ. 



( Казахстан Республикасы, Алматы қаласы, əл-Фараби атындағы  

Қазақ ұлттық университтеті1; Астана қаласы,  

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті2). 

 

ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ  

ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАПОНИЯДАҒЫ МАЗМҰНЫ 

 

31-əлемдік психология конгрессі жұмысы барысында Жапония мемлекетіндегі іс-сапарда Жапон 

психологиялық  ассоциациясының  жұмыстарымен  танысу  барысында  төменде  баяндайтын  зерттеу 

нəтижелері қатты қызығушылық тудырды. 

Жапон университеттерінде психологиялық білім беру ерекшеліктері мен құрылымын зерттеу осы 

бағдарламаның  болашағы  үшін  жапон  психологиялық  ассоциацияның  жəне  білім  беру  комитетінің 

аса маңызды зерттеулерінің бірі болып табылады. 

Осы  зерттеуде  Жапониядағы  психологиялық  білім  беру  бағдарламасын  зерттеген  білім  беру 

комитеті  мен  Жапон  психологиялық  ассоциациясы  зерттеуге 443 сыналушыларды  қатыстырып, 378 

колледж жəне университеттер мен аспирантураның бағдарламалары негізінде зерттеген нəтижелерді 

талдайды.  

Зерттеу  нəтижелері  келесі  мəліметтерді  баяндайды: (А)  жапонияда  психология  бакалаврын 

жекеменшік  университеттер,  яғни  ұлттық  жəне  қоғамдық  университеттер  қамтиды  (психологияны 

бітірушілердің 71% бакалаврды, магистрлердің 60%, философия  докторанттары 83 % қамтиды); (Б) 

оқытушылардың көп бөлігі клиникалық психология мен дамудың білім беру психологиясы бойынша 

мамандандырылған; (В)  оқытудың  үстем  формасы – дəрістер  мен  семинарлар; (Г)  психологияның 

бағдарламасының басым көпшілгі универсал дағдылардың негізінде студенттердің академиялық жəне 

универсал  дағдыларын  жақсартуға  ұмытылады.  Осы  зерттеудің  барысында  зерттеушілер  ұсынған 

əдіс,  жапониядағы  психологиялық  білім  беру  бағдарламасындағы  оқу  жоспарын  түрлендіруді  жəне 

универсал дағдылар негізінде студенттердің академиялық дағдыларын жақсарту.  

Білім  беру  комитеті  мен  Жапон  психологиялық  ассоциациясы  бірлесіп  жапонядағы  студенттер 

мен бітірушілердің психология бойынша алатын білімдері мен психологияға оқыту бағдарламаларын 

арнайы  зерттеу  барысында  анкета  сұрақтарына  оқытушылардың  құрамы  жайлы,  бағдарламның 

мазмұны, оқыту стилі, бітірушілердің жұмыс орындары жайлы сұрақтарды ендірді. 

 Алғашқы  психология  секциясын (kouza-жапон  тілінде) 1890 жылы  Империя  Университетінде 

(қазіргі  Токио  университеті)  профессор  Юджиро  Моторо  ашқан.  Екіншісін 1906 жылы  Киото 

Империя университетінде (қазір Киото университтеі) профессор Мататаро Мэт-сумото ашады. 1945 

жылға  дейін  жапония  университеттерінде  психологияның 15 бағдарламасы  болған.  Екінші 

дүниежүзілік  соғыстан  кейін  бағдарлаамның  саны  өседі.  Əсіресе  эксперименттік  жəне  білім  беру 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау