Атты VII халықаралық Ғылыми-əдістемелік конференция жəне қазақ психологиялық ҚОҒамының І қҰрылтай съезінің



жүктеу 9,13 Mb.
Pdf просмотр
бет140/207
Дата14.11.2018
өлшемі9,13 Mb.
#19911
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   207

280 

сұрақтарына  екіпін  жасалады.  Алайда  жапон  университеттеріндегі  психология  бағдарламасы  басқа 

елдердегі бағдарламаларға сəйкес болмаған. 

Зерттеудің  негізгі  мақсаты  елдегі  психология  бағдарламасын  беру  университеттерінің  көбейе 

бастауымен  байланысты  болды. 1988 жылдан  бастап  сол  ұлғаюға  байланысты  əсіресе  əлеуметтік 

қажеттіліктен  туындаған  клиникалық  психологтарды  сертиифкациялау  жүйесінің  ұсыныстары 

бойынша клиникалық қызмет көрсету дамыды. 

Бұл  күндері  жапониядағы  психология  бағдарламалары  өте  аса  танымал  болып  табылады 1990 

жылдары  шамалап  ол  бағдарламалар  саны 200 болды  жəне  бағдарламалар  басқа  социология  жəне 

əлеуметтік қамтамасыз ету саласында да дами бастайды. 

Жапонядағы психология бағдарламасы 4 жылдық студенттік бағдарлама жəне 2 немесе 5 жылдық 

мамандану  бағдарламасы  болып  бөлінеді.  Бакалавр  бағдарламасында 1 курс  студенттері  басқа 

студенттермен  бірге  кіріспе  дəрістер  мен  семинаралар  өтеді. 2 курста  статистика,  эксперименттік 

əдістер жəне арнайы курстарды 2 курста өтеді. Ал негізгі дəрістер мен практикалық курстар 3 курста 

өтсе, 4 курста қорытынды тезистерді беретін курстар оқытылады. 

Жапонияда  психология  магистратурасы 2 жылдық  болса,  докторанттар 3 жылдық  оқу 

бағдарламасын,  ал  зерттеушілер 5 жылдық  курс  бағдарламасын  жəне  практиктер  мен  мұғалімдер 

үшін 2 жылдық  магистрлік  бағдарламалар  жұмыс  жасайды. 1988 жылдан  бері  клиникалық 

психология  бойынша  сертификациялауды  басқару  жапон  қоры  магистр  дəрежесін  алу  үшін 

сертификацияланған  клиникалық  психолог  болуды  талап  ете  басатаған.  Соның  нəтижесінде 

сертификацияланған бітірушілердің клиникалық психология облысында саны өскен. 

Психология  бойынша  білім  берудің  мақсаты  Жапонияның  ғылыми  кеңесі  мен  психология  жəне 

білім  беру  комитетімен  анықталады.  Осы  білім  беру  бағдарламасы  психология  бағдарламасын 

оқитын  студенттер  үшін  төрт  мақсатты  анықтайтын  бағдарды  қамтиды:  адамды  толық  объективті 

түсіну, əркелкілік жəне ортақтық (универсальность и разнообразие), адамдар мен қоршаған ортаның 

өзара əрекеті, кəсіби қабілеттіліктер.  

Сонымен қатар төрт ортақ дағдыларды белгілейді: əртүрлі болашақтар, сыни ойлау, проблеманы 

табу жəне шешу жəне коммуникация. Мəселен американдық психология оқу бағдарламасы, америка 

психологиялық ассоциациясы белгілегендей олар да төрт негізгі дағдыларды қамтиды  

(психологиялық білімдер базалары, ғылыми тапсырыс жəне сыни ойлау, əлемдегі жəне əлеуметтік 

жауапкершілік пен коммуникация жəне мақсаттың мазмұнына шоғырланған кəсіби даму). 

Бұл зерттеу, білім беру бағдарламасының мақсатын осы осы ұсыныстарға байланысты зерттейді. 

Осыған орай кəсіби мəліметтерді талдаудың мақсаты жапондық психологияның мұғалімдері бəсекеге 

қабілетті болу үшін неге сенеді соны анықтау болды. Осы дағдылардың ішінде қайсысы нəтижелерді 

көрсете алатынын зерттеу барысында анықтайды. 

Зерттеу  барысында  жапондық  психология  білім  беру  бағдарламасының  нəтижелерін 49 

мемлекеттің  нəтижелерімен  салыстырады.  Соның  негізінде  жапониядағы  психологиядан  білім  беру 

бағдарламасы болашақта қанадй болу керек соған екпін жасайды.  

Зертетуде қолданылған методологиясына тоқталсақ, алдын ала жүргізілген сұрақнама 2013 жылы 

наурыздан  қыркүйек  айына  дейін  өткізіледі.  Екі  беттен  тұратын  анкета  жапонияның  барлық 

университтері мен аспирантураларға жəне 816 колледжге жіберіледі. Анкетада психология бойынша 

оқытушылар қаншалықты сізді қызықтыра алды жəне оқу жоспары қалай өткізілді деген сұрақтарға 

жауап  алу  мақсатында  жүргізілді.  Жалпы  алғанда  осы  анкетаға 336 факульетет  декандары  мен 

кафедра меңгерушілері анкетаға жауап берген., 

Жапонияда 2014 жылдың  есебі  бойынша  мен  ғылым  жəне  техника  министрлігі,  білім  беру 

министрлігі, мəдениет министрлігі, спорттық жарысу министрлігі, 781 университет пен 352 колледж 

бар. Алғашқы талдау мен жапония психологиялық ассоциациясының тізімін санай отырып əрі кепіл 

беретін  сертификатқа  үміткерлерді  косқанда, 941 факультет  пен 778 коллдж,  университеттер  мен 

аспирантура зерттеу объектісі болып бекіді. 

Анкета 2 түрлі  болды  басты  анкета  жəне  қосымша  анкета.  Басты  анкета  Жапония 

университеттеріндегі  психологиялық  білім  беру  сұрақнамасы 9 беттен  тұарды,  соларды  таратып 

психологяилық  ассоциацияға  қайтарылады.  Анкетаны 2014 жылдың  қаңтарына  дейін  жауап  беру 

ұсынылды,  кейбір  анкеталар  толтырылмады  жəне  толтырмай  қайтарылды,  ақырында 443 факульетт 

пен 378 колледж, университтер мен аспирантура жауап берді, ал қайтару жылдамдығы 47% құрады. 

Осы 443 факультеті 3 категорияға бөледі; «психология магистр бағдарламасы өте маңызды (n=124), 

«психология  магистратура  бағдарламасынсыз-ақ  аса  маңызды (n=104), «ең  басты  бағдарлама  емес» 

(n=215).  

Зерттеуде  қолданылған  анкета 10 бөлікке  бөлінген.  Олардың  ішіндегі 5 жəне 7 пункттер 2010 

жылы 49 мемлекетке  жүргізілген  анкета  сұрақтары  ендірілді.  Ақпараттық  сұрақтардан  бөлек 



281 

оқытушылар,  профессорлар,  дəрсікерлер,  доценттер  саны  жəне  олардың  ішіндегі  уақытша 

оқытушылар  санын  көрсету  ұсынылған.  Психологияда  оқытылатын 31 курстан  қайсысы  элективті, 

қайсысы міндетті соны атау керек. Жəне каншасы ағылшын тілінде жүреді жəне қайсысы аптасында 

ең көп қамтылатыны, диплом алған ға дейін қандай дағдыларды қалап игергің келеді деп, 15 пункт 

дағдылар тізімі беріледі. 

 4  типті дағдылар 2 категорияға бөлінген: ғылыми зерттеу  сауаттылығы  дағдысы; профессионал 

психолог  үшін  дағдылар;  жұмыс  орнындағы  дағдылар,  өмірге  қажетті  дағдылар.  Сонымен  қатар 

бұрын  бітіріп  кеткендер  қандай  мансап  жасап  жатыр  хабарыңыз  бар  ма,  ең  соңында  психологияны 

оқытып жатқан оқу бағдарламасының қиындықтары мен мəселелері туралы сұрплады. 

Осы  зерттеу  нəтижелерін  талдасақ  келесі  жағдайларды  байқаймыз.  Зерттеушілер  барлық 

мəліметтерді талдай отырып, психологиялық білім беру жапон мұғалімдері үшін қай жағы маңызды 

соны  анықтауға  болады.  Екі  бағыт  бойынша  біріншісі  оқу  жоспары  мен  оқытушылар  жайлы  жəне 

екінші  бағыт  студенттер  игеретін  дағдылар  туралы  жүргізілді.  Зерттеу  нəтижелері  көрсеткендей 

жекеменшік  университеттерде  профессорлардың  оқу  жоспарына  деген  қатынасы  жоғары  болған 

(42%),  себебі  жекеменшік  унвиерситеттерде  зейнеткерлік  жасы  мемлекеттік  университеттерге 

қарағанда жоғары 65-70 жасты қамтиды, соған байланысты болу ықтималдылығы жоғары.  

Колледждерде психология факультеті өте аз олар бар жоғы 2 жылдық курс ғана екені туралы да 

айтылады. Мамандандыруға келсек олардың пропорциясы бойынша клиникалық психология (45,2%) 

үлкен болса, ал білім берудегі даму психологиясы аздау (24,5%%).  

Керісінше  психологияның  эксперименттік  бөлімдеріне  (перцепциялық,  физиологиялық, 

танымдық  жəне  психологияны  зерттеу)  өте  аз  уақыт  бөлінген  небəрі (13.9% ). Осы  экперименттік 

психологтардың жағдайы басқа облыста да басқаша (50.2%), факультеттегі профессорлардың басым 

көпшілігі  əлеуметтік  өнеркəсіптік  психологияда  өте  көп (86.3%) жəне  осы  саладағы  пəндердің 

профессорлары  жоғарғы  білікті  деп  саналады,  методологиялық  бағыттағы  профессорларда  көп 

(74.6%), алайда факультетте методологиялық мамандану деңгейі төмен небəрі (0.9%) ғана.  

Алайда  жас  ғалымдарға  кəсіби  дайындық  үшін  бұл  метеодологиялық  профессорлардың  алатын 

орны  жоғары.  Оқу  жоспарында  жалпы  психология,  лабораторялық  эксперименттер,  психологиялық 

статистика  міндетті  курстарға  жатады.  Оқу  жоспарында  дəрістер  мен  лабораториялық 

эксперименттер  өте  танымал  деңгейде  болып  отыр.  Жоғарғы  курста  оқитын  жапондық  студенттер 

кандай  дағдыларды  игереді?  Зерттеу  нəтижесінде  студенттер  зерттеу  дағдылары  мен  жұмыс 

орнындағы дағдыларды жоғары бағалаған. 

Бітіріп  кеткен  студенттердің  жұмысқа  орналасуы  университеттен  кейін  қандай  жағдайда,  сол 

зерттеуге  тоқталсак,  келесі  жағдайды  баяндайды.  Жапонияда  психология  мамандығын  аяқтағандар 

келесі  деңгейлі  дипломдарды  алады 1-3 деңгейлер:  факультет  немесе  магистр  деңгейі,  департамент 

деңгейі,  мамандандырылған  деңгей.  Ал 4-5 деңгейлер  семинар  деңгейі, 1 немесе 2 оқытшуы 

ұйымдастырған,  осылардың  бəрі  гуманитарлық  ғылымдар  білімі  жəне  ғылыми-зерттеу  жұмысы 

деңгейіндегі бағдараламаны бітірушілер деп бөледі.  

Диплом  бойынша  келесі  мамандықтарға  жеке  меншік  ұйымдар  немесе  өкімет  куəліктер  береді: 

Сертификацяиланған психолог (Жапония психологтар ассоцациясы береді), əлеуметтік ізденуші жəне 

алғыр (продвинутый) əлеуметтік зерттеуші, мектеп психологы, даму бойынша клиникалық психолог, 

сертификацияланған  клиникалық  психолог,  сертификацияланған  психиатриялық  əлеуметтік 

қызметкер  (үкімет  сертиифкациялайды)  жəне  мұғалім  куəлігі  (үкімет  сертификациялайды). 

Мемлекеттік университеті бітіргендер көбінесе мұғалім болады екен, себебі ұлттық жəне мемлекеттік 

универсситететр  білім  беру  мектептеріне  жатады.  Жекеменшік  университтті  бітіргендер 

медициналық мекемелерінде, қызмет көрсету мекемелерінде орналасады. 

Қорытатын  болсақ,  жапонияда  психологиялық  білім  беруді  көбінсее  жекеменшік 

университтеттерр  қаматамасыз  етеді (71%), ал  магистратура  мен  докторантураны  мемлекеттік 

университтер қамтиды ( 60% жəне 83%). Қазіргі жапониядағы психологиялық білім беру бағытында 

қолданбалы  психологияны  жандандыру  мəселесін  алдыға  қойып  отыр.  Психологиядан  білім  беру 

бағдарламасын  жапон  тілінде  оқытылуы  ағылшын  тіліне  қарғанда  басымырақ.  Жəне  этика 

психологиясы көп университеттерде оқылмайтыны баса айтылады. 

Сонымен осы мақаланы қорыта келе əлемдік конгрестерге қатысу біздер, қазақстандық ғалымдар 

үшін  көп  тəжірибені  береді  жəне  психологиядан  білім  беру  бағдарламасын  бізде  қайта  қарастырып 

осындай шет елдік бағдарламалардан қажетін алу, біздегі көптеген түйткіл мəселелерді шеше алады 

деп ойлаймыз. 

 

Əдебиеттер 

1.  www.ICP 2016 

2.  The Japanese Psychological Association- www.psych.or.jp\index_e.html 



жүктеу 9,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   207




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау