Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет115/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   129

 
230 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
тақырыптарының  бірі.  Ілияс  еліміздің  әдебиетін,  музыкасын,  әні  мен  күйін  жинау  мен, 
оларды  өзінің  творчествосына  ұқыпты  пайдаланумен  ғана  шектелмей,  газет  журналдарға 
жазған  мақала,  очерктерінде,  жасаған  баяндамаларында  халқымыздың  ауыз-әдебиетін,  әні 
мен  күйін  жинау,  үйрену  қажеттігін  ақындарға,  жазушыларға  жалпы  зиялы  қауымға  үнемі 
ескертіп, баспасөз беттерінде үн көтеріп  отырады.        
      Жазушының  1920  жылдар  басындағы  әйелдер  тақырыбына  жазған  тағы  да 
бірқатар  әңгіме,  повестері  бар.  Бұл  жөнінде  М.Дүйсеновтің    «Ілияс  Жансүгіров  1920 
жылдардың бас кезінде қысқа-қысқа әңгімелер, очерктер, фельетондар жазып газет, журнал 
беттеріне  бастырады.  Алғашқы  әңгімелерінің  дені  кедейліктің  тауқыметін  тартқан 
жалшылар,  патриархалдық  қоғамның  қазақ  әйелдерінің  басына  салған  күңдік  ноқтасы, 
надандық,  қазақ  ауылында  ескіліктік  етек  алған  түрлі  көріністерін  бейнелеу,  сынау, 
әшкерелеу  тенденциясы  ақынның  соңғы  жылдары  жазған  шағын  көлемді  прозасының  да 
арқауы  болып  отырады»  деген  пікіріне  негіз  болып  отырған  –  «Нұрша»,  «Жедел  жәрдем», 
«Қуыршақ» атты шығармалары.  
Совет  өкіметі  орнасымен  қазақ  ауылында  әйелдер  айналасындағы  толғақты 
мәселелердің  бірі  –  олардың  біртіндеп  сауат  ашуы,  сана-сезімдерінің  оянуы,  әлеуметтік 
істерге  араласулары  жөніне  жан-жақты  айтылып,  қажеті  заң,  қаулылар  шығып  жатқан  еді. 
Бұған  қазақтың  ақын  -жазушылары  да  өз  тарапынан  кеңінен  ат  салысқан.  Сол  тұста  бұл 
жөнінде  өлең-поэмалар,  қысқа  әңгіме  мен  науқанды  тақырыптан  шет  қалмай  жоғарыда  сөз 
болған «Нұрша» әңгімесін жарыққа шығарды.  
 «Нұрша»  әңгімесі  Сәбит  Мұқановтың  «Ақбөпе  сыры»,  Елжас  Бекеновтың  «Жәмила 
қалай сауатты болды» Бейімбет Майлиннің «Раушан - коммунист» повестерімен бір мезгілде 
шыққан.  Бұл  туындылар  жөнінде  Әмен  Әзиев:  «көркемдік  дәрежелері  түрліше  келген 
шығармалар  да  әйел  образдарын  жасау  проблемасы  жаңаша  қойылады»-деп  атап  өтті. 
«Бәрінің  де  көтерген  мәселелері,  идеялық  нысанасы  бар  арнаға  саяды»-деуіне  қарағанда 
шығармада көп ұқсастықтар бар. 
Ақбөпенің,  Жәмиләнің,  Раушанның,  Нұршаның  сырт  қарағанда  мазмұндары  ұқсас. 
Бәрі де оқуға, өнер білімге, болып жатқан түрлі жаңалықтарға ұмтылады, қоғам  жұмысына 
араласады.  Балаларын  құшақтап  жазу  дәптеріне,  оқу  кітаптарына  үңіледі.  Ерлермен  қатар 
атқа  мініп,  ел  билеген  әйелдер  қай  ауылдан  болсын  жиі  кездеседі.  Мұның  барлығы  да 
мазмұндық ұқсастықтар өмірдің нақты тарихи жағдайын, дамуына әкеліп шығады. 
 «Нұрша»  әңгімесіндегі  басты  кейіпкер  ретінде  қазақ  ауылындағы  бетінен  ешкім 
қақпай бұлаң өскен қыздың өжет, өткір болып бойжетіп келе жатқандығы туралы айтылады. 
Нұрша  Алпысбайдың  жалғыз  қызы  болғандықтан  әйелі  Күлжан  екеуі  оның  айтқанын 
бұлжытпай орындайтын. Ауылда алғаш мектеп ашылғанда ең бірінші болып оқуға жазылған   
Нұршаға әке-шешесі қарсы шықпайды. «Барсын, оқысын деп – ақ тілеулерін береді. «Арты  
қалай болар екен?»  деген  дүдәмалдары болғанымен, көп  ұзамай  қызығын көре  бастайды. 
Өйткені,  ол  кезде  совет  өкіметі  енді  құрыла   бастаған  кез  болатын,  газет- журналдар 
елге  үлестіріп    бергенімен,    оның    суретін    көріп    мәз    болып,    ал  не  жазылағаны  туралы  
көпшілік  жұрт  оқи алмайтын. Ал, Нұрша  болса, бірден-бір  газет-журналдарды  қалдырмай,  
әке-шешесіне  дауыстап  оқып  беретін. Алпысбай  мен  Күлжан  соған мәз.  Қыздарын  оқуға  
бергендеріне  дән риза. 
Бір күні  «Жетісу   әйелі»  журналын  оқып  отырып  мынандай  қызық  әңгімеге   кез  
болады.  Бейімбет    Майлин    «Раушан-коммунист»    деген    әңгіме    жазыпты.  Онда  ауылдың  
қарапайым әйелі  болыс  болып  сайланыпты. Ел  басқарып,  кейін  коммунист  болып,  көзі  
ашық,  көкірегі  ояу  адам  болып,  үлкен  лауазым-шенге  көтеріліпті деген   жайды оқығанда  
әке-  шешесі,    өзі    таң-тамаша    болады.  Ол    аздай    қазақ    жерінде    жүздеген    әйелдің    оқу  
оқып,  үлкен   қалаларға  қызмет  істеп,  қоғамға  үлкен  пайда  келтіріп    жүргендігі  туралы 
жолдарды  оқығанда Нұршаның дегбірі кетіп, оны талай ойға  салады. 
Енді  өзінің  күнделікті  күйбің  тірлігін тастап,  тағы  да  «оқысам»  деген  ниет  пайда  
болады. Арман  қуалап  алыстарға   көз  тастайды. 


 
 
231 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
Айталық,  С.Мұқановтың  Ақбөпесін  жетімдіктің  зардабы,    Байқұттыдан    көрген  
зорлығы    ширықтырса,  Е.Бекеновтың  Жәмиласы  отбасындағылармен  арпалысады,  өзінің 
олқылығын  сезініп,  оқуға  талпынып,  жер  бөлімінің  меңгерушілігіне  дейін  көтерілді.  Ал 
Б.Майлиннің Раушаны өзінің күйеуі Бәкеннің қараңғылығына ауылдағы бай-болыстың зіліне 
төтеп    беріп,    көрші-қолаңның  өсегіне  мән  бермей,  аулынайлығын  абыроймен  
атқарылғандығы  суреттеледі. 
Ілияс халықтың поэтикалық творчествосы болсын немесе сол тұстағы жазушылардың 
творчествосы болсын, әйтеуір өзіне дейінгі әдебиетте кездесетін әдеби категориялардың түр-
сипатын, өзгешелігін жақсы түсіне сезіне біліп, одан мүмкін өзіндік үлгі, азық, жаңаша түр-
түс әкелгенін қазіргі әдебиеттану ғылымы жоққа шығармайды.  
Ілияс Жансүгіров әр әңгіме, повесін жазардан бұрын оған тыңғылықты дайындықпен 
келетіндігін шығармалардан айқын аңғаруға болады. Ол үшін қай жерде болмасын қолы қалт 
еткенде,  қасындағы  серіктеріне  әңгіме  айтқызып  өзі  де  соған  қызу  қатыса  отырады.  Қай 
жазушы  болмасын  шығармасының  айшықты,  көркем,  сонымен  қатар  шындыққа 
жанасатындай реалды түрде шығуы үшін оған негіз боларлықтай түйін, идея, сюжет іздейтіні 
белгілі.  Онсыз  әңгімесінің  не  повесінің  көркемдік  аясы,  мазмұны  композициялық    желісі 
жұтаң  тартары,  әлсірейтіні  заңды.  Бұл  жайсыздықтың  болмауы  үшін  қай  елдің  жазушысы 
болмасын әр түрлі тәсілді пайдаланып, өз дегендей етіп шығарманы жарыққа шығарады.   
Мәселен,  А.П.Чехов  қайбір  қолайсыздықтарды  жеңе  отырып,  қай  орта  болмасын 
соның  ішінде  болып,  соны  өз көзімен көріп, сезіп,  ой-елегінен  өткізіп  шығармаға  беттейді. 
Ілияспен  тұстас,  замандас,  оның  тағдырына    тағдыры  ұқсас  М.Кольцов  әңгімесін  жазардан 
бұрын оны кеңінен пысықтап әр адамммен ерінбей –жалықпай әңгімелесіп, ақиқатына жетіп 
жазатыны,  тіпті,  таксист  өмірін  танып-білу  үшін  оншақты  күн  таксист  болғандығын  өз 
замандастары растайды.  
Оның әр әңгіме, повесін жазардан бұрын оған тыңғылықты дайындықпен келетіндігін 
шығармаларынан айқын аңғаруға болады. Жай айта салу емес, оған үлкен мән беріп, майын 
тамыза көріктендіре айтқанды жөн көреді, ал өзімен әңгімелескен адамдардан естігендерінің 
ішінен қызықтысын, шұрайлысын әр деталіне дейін анықтап сұрап, өзінің жазар әңгімесінен 
де  повесіне  арқау  етеді.  Бұл  жөнінде  елге  атақты  артист  Қ.Байсейітов  Ілиястың 
шығармашылық машығын айтқан уақытта әр адамның бал арасындай шырын жинайтынына 
дәлел етіп былай деп әңгімелейді:  «Әркім өзі  білетін қызықты әңгімесін айтсын, ал әңгіме, 
білмейтіндер  өзінен  басынан  өткен  ең  қызықты  оқиғасын  айтып  берсін...»  деген  ұсынысын 
еске алады да, өзі  айтып берген бір қады оқиға  «Ілиясты да қатты түршіктіріпті.  Кейін сол 
менің  айтқандарымның  негізінде  «Қожабек  нәшәндік»деген  әңгіме  жазды,  ол  басылып 
шықты  да,  бірақ  соңғы  томдық  шығармалар  жинағына  кірген  жоқ.  Ол  кісінің  жазуына 
қарағанда  менің  айтқандарымның  біразы  өмір  шындығына    ұқсастау  да  шыққан–ау  деп 
ойлап  қалам»,  -деп  шығарма  арқауына  айналған  әшейінгі  әңгіме–дүкенді  еске  алады. 
Академик  М.Қаратаев  -  Ілиястың  өмірі  мен  творчествосын  көп  зерттеген  адамдардың  бірі. 
Өзінің  бір  естелігінде  Ілиястың  әңгімешілдігі  туралы:  «Сырт  көзге  Ілиястың  тұйық    адам 
көрінуі  әншейін білместік. Ол барлық  асылын,  әдемісін ішке жинайтын, тереңге сақтайтын 
ардагер екеніне сол жолда анық көзім жетті. Шынында ақынның сырттай «тұйықтығы» оның 
ішкі бай рухани дүниесінің қақпағы ғана беріктік пен бекемдік екен.Бір сенген, бір шешілген 
адамның алдында Ілекең ғажап, сыршыл, әңгімешіл, сөз тапқыш, әзілдегіш адам екен»,- деп 
жоғарыда  айтылған  қасиеттерді  растай  түседі.  Ілияс-тек  шебер  айтушы  ғана  емес  сонымен 
бірге көрген – білгенін, естігенін шебер жазып жеткіз білетін талантты прозаик жазушы.     
        Алғашқы  әңгімелері  –  «Күң  өлімі»,  «Шешілмеген  жұмбақ»,  «Саудагердің 
тамашасы», «Мерген бөкен», «Ташкендікке тарт»-1920 жыл мен 1928 жылдардың ортасында 
жазылды. Бұл еңбектерің ішінде соғыс коммунизмі  кезі, сол дәуірдегі қазақ елінің басынан 
кешкен жағдайларының өзгешелігі бейнеленгендігі бар. Солардың бір сыпырасы өзі көрген – 
білген  белгілі  дәрежеде  өзі  сүйетін,  өзі  ардақтайтын  мазмұндар.  Сонда    да  болса  болашақ 
жазушы  бірден  жазушылық  жолға  түспейді.  Әлі  де  байқап  көрейінші  дегендей  өмірден  де 
кітаптан да көп қазынаны ойға түйе  береді. 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау