Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет3/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

8
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Сіз өз сәбиіңізге жетілуге, қиындықтарды жеңуге, белсенді болуға 
қалай көмектестіңіз?
Қалаларыңызда сіздің жағдайыңызда көмек көрсетуге тиіс қандай 
мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бар?
 Олар қалай көмектесті?
 Сіздің жұмсаған күшіңіздің нәтижелері қандай?
 Басқа ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?
 Қалаларыңызда ұқсас проблемалары бар отбасылар бар ма?
 Сіз олармен араласасыз ба? 
 Ондай араласу нәтижесі не әкелді?
 Қазір кімнің көмегіне мұқтажсыз?
 Оны қалай алуыңызға болады?
Біз сауалнама жүргізген жоқпыз, тек осы сұрақтарға орай өз хика-
яларын ерікті нысанда баяндап беруді өтіндік.
Бұл кітап кімдерге арналған?
Сұраққа ең жақсы жауап, біздің болмысымыздың мағынасын аша-
тын дана мысалдардың бірі болмақ:
Тілші  бір  күні  фермерге  ол  жылдан  жылға  сапа  бойынша  барлық 
байқауларда жеңіп шығып келе жатқан жүгерісінің сырымен бөлісе ала 
ма деген сұрақ қойыпты. Фермер оның бар сыры  ең жақсы собықтар-
ды өз көршілеріне егу үшін таратып беретінінде деп жауап беріпті. 
–  Егер көршілеріңіз  сізбен қатар  үнемі барлық  байқауларға  қа-
тысатын және бәсекелестеріңіз болып табылатын болса, оларға 
ең жақсы тұқымдарды таратудың қажеті не?
–  Білесіз бе, –  деп күледі фермер. –  Жел тозаңды менің танап-
тарымнан  көршілердің  танаптарына  және  кері  қарай  тасиды. 
Егер  көршілерімде  менікінен  сапасы  нашар  сорттар  болса,  онда 
көп ұзмай менің де егісім нашарлай бастайды. Егер мен сапалы жү-
гері егетін болсам, мен көршілерімнің қамын ойлауға және оларға 
тап сондай жүгері егуге көмектесуге тиіспін. Ал біздің әрқайсымыз 
егісін қалай күтеді – ол енді басқа мәселе.
Мұндай  құбылыс  адамдардың  өмірінде  де  болады.  Табысты 
болғысы келетін жан айналасындағы жандар жайлы ойлауға және 
оларға  табысқа жетуге көмектесуге тиіс.  Кім  жақсы өмір  сүргісі 
келсе,  басқаларға  да  жақсы  өмір  сүруге  көмектесуге  тиіс.  Себебі, 
айналаңдағы адамдардың өмірі неғұрлым жақсы болған сайын, сенің 
де өмір сүруің жақсарады.  Біздің бәріміз бұл дүниеде бір бірімізге 
тәуелдіміз және байланыстамыз.


9
«Жетістік тарихы» кітабы
Сондықтан, бұл кітап тек ерекше балалардың ата-аналарына ғана 
арналмаған.  Ол  көпшілікке:  педагогтарға,  дәрігерлерге,  әлеуметтік 
жұмыскерлерге,  білім  беру  және  медицина  саласындағы  шенеунік-
терге, депутаттар мен саясаткерлерге, бастарында келелі мәселелері 
бар  отбасылармен  кездесуге    тура  келетін  барлық  кәсіптердің  өкіл-
деріне, сондай-ақ олардың көршілері мен жай өткіншілерге арналған. 
Бұл кітапты қалай оқу керек?
Бұл «табыстың аспаздық кітабы» емес,  мұнда  бес қасық сүйіспен-
шілікті алып, он қасық шыдамды үстеңіз, үш қасық біліммен арала-
стырыңыз, азаптың баяу отында қыздырып, сағат сайын бір шайқа-
сықтан жылы күйінде қабылдаңыз дейтін дайын рецепттер жоқ … 
Біздің  қаһармандарымыздың  тәжірибесін  сойып  қаптаудың  сәті 
келмейді,  өйткені  бәрінің  жағдайлары  әртүрлі  ғой.  Сондықтан,  біз 
сізге,  қадірменді  оқырман,  осы  кітапты  зерделеген  кезде  келесі  қа-
дамдар жасауды ұсынамыз:
– ата-аналар қолданған стратегиялардың тізімін жасаңыз; 
–  олардың  қайсысы  сіз  үшін  тиімділігін,  сіздің  нақты  жағдайла-
рыңызда жүзеге асыруға болатынын анықтаңыз;
–  өзіңіз  оларды  орындау  үшін  жасайтын  қадамдарды  жоспар-
лаңыз;
– іске кірісіңіз;
– алған ақпаратыңызды басқа ата-аналармен бөлісіңіз.
Соңында біз өзіміздің қаһармандарымыз үшін темірқазық болған 
кітаптардың тізімін бердік. Олар сізге де пайдасын тигізеді деп үміт-
тенеміз.
Ал одан кейін ше?
Өз ойларыңызбен, байқауларыңызбен бөлісіңіз, өзіңіз қалап алған 
ақпаратты  қалай  пайдаланғаныңыз  туралы  әңгімелеңіз.  Хаттарды 
«Ашық мектеп» Қоғамдық білім беру қорына жолдаңыз. 
Біздің координаттарымыз:
Пошталық мекенжай: 050035, Алматы, 8-ші ықшамаудан, 4-ші үй, 
82-ші пәтер.
E-mail: o.shkola@rambler.ru
Тел.: 8(727) 249-84-38, 290-92-10, 87078200605, 87772555531


10
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
БІРІНШІ ЖАҚТЫҢ МОНОЛОГЫ


11
«Жетістік тарихы» кітабы
ДивАНДА ЖАТЫп АЛМАй, БАЛАЛАРМеН 
ШҰғЫЛДАНУ КеРеК
 
Наталья Данилова түсірген фотосурет
Марат Жақайұлы Нұрпейісов пен Индира Байдулақызы Сариева - 
алматылықтар. Олардың ұлы Бейбарыс 2008 жылы туған. 
Қазір ол балабақшаға барып жүр. Марат Жақайұлы ұлының 
жетістіктері туралы және қалай өзінің көзі ашылғаны 
жайында әңгімелейді.
Қазір біздің үш ұлымыз бар. Екі үлкені – тетелес. Тұңғышымызды 
күткенде, оның «Міне, жігіт!» деп айтатындай елгезек, пысық болға-
нын  қаладық.  Тілегіміз  орындалды,  бала  өте  ширақ  болып  өсті.  Біз 
онымен сәл болса да тыным көрмедік, сондықтан екіншімізді күткен 
уақытта, оның тыныштау болғанын тіледік. Біздің тілегіміз Жаратқан-
ның құлағына жеткен болар, біз тағы да қалағанымызды алдық … Ол 
тыныш, мазасыздығы жоқ, тіл алғыш және момын болды. Ешқандай 
қиындық көрмедік. Айтқанды тыңдайды, қой десең қояды - мін жоқ! 


12
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Тек оның аз сөйлейтіні біртүрлі болып көрінді. Көбінесе, керек затына  
қолымыздан ұстап, жетектеп апарып көрсететін. Біз, шынын айтқан-
да, оған онша мән бермедік, себебі менің өзімнің тілім 4 жасымда 
шыққан, өсе келе оңалады деп ойладық. 
Бірақ, төрттен асқаннан кейін де ұлымыздың сөз қоры толықпай, 
бір  деңгейде  қалып  қойды.  Содан  біз  дәрігердің  көмегіне  жүгіндік. 
Невропатолог  ұлымызда  аутизмнің  нышандары  бар  екенін  хабар-
лағанда қатты абыржыдық. Енді не істейміз? Әрине, ең алдымен бү-
гінгінің «ақпарат қайнары» – Ғаламторға жүгіндік те, нағыз аутизмнің 
не екенін білгенде, төбемізден жай түскендей болды. Тек бір жұба-
ныш, ұлымызда бұл аурудың тек кейбір нышандары ғана бар, демек, 
түңілуге әлі ерте.
Содан  біздің  әуре-сарсаңымыз  басталды.  ӘБЕО  (балалар  мен 
жасөспірімдерді  Әлеуметтік  Бейімдендіру  және  Еңбекпен  Оңалту 
орталығы) кезегіне тұрдық, мамандарды іздей бастадық. Әйелім ба-
лалармен  үйде  отырды,  ал  мен  ақша  табумен    болдым,  өйткені  әр 
қабылдау  10-15  мың  теңгеге  түседі.  Көптеген  дәрігерлердің  қабыл-
дауында болдық, бірақ бізге керек мамандарды табу жолы қиындай 
бастады, қайда барарымызды білмедік. Дәрігерлердің бірі Салтанат-
тың телефонын берді (сіздер оны «Балаларға өмір сыйла» фильмінен 
көрдіңіздер). Салтанаттың қабылдауында болғанда, сәбиімізді қарап, 
мәселенің шешімін табуға болатынын, Владимир Яковлевич  Матви-
евскийдің Мәскеу инновациялық-білім беру орталығында әзірленген, 
көп жандарға көмектескен әдістің барын айтып, көңілімізде үміт отын 
ұялатты. Алғашқы кезеңде дәрістер Алматыда өтеді, сәбиді Мәскеу-
дегі интенсивке дайындайды, ол үшін сәби физикалық жүктемелерге 
дайын болуын ескертті. Біз келістік.  
Осылайша  біз  Аутист  балалардың  ата-аналары  қауымдастығы-
на келдік. Бұл өздерінің балаларына өз күштерімен көмектесуге ты-
рысқан  –  барлық  шығынды  өз  қалтасынан  төлеп,  үй-жайды  жалға 
алған,  мамандарды  іздестірген  ата-аналардың  тобы.  Соңынан  Ару-
жан Саин жетекшілік ететін «Ерікті Мейірбандық Қоғамы» Қоғамдық 
қорының  күш  салуының  арқасында,  бізге  «Самұрық-Қазына»  Қоры 
көмек қолын ұсынып қаржылық ауыртпалықтың айтарлықтай бөлігі-
нен босатты.
Дәрістерге  келетін  болсақ,  шындығын  айтсам,  бастапқыда  мен 
оларға  сенбеушілікпен  қарадым.  Сырттай  қарағанда,  үлкен  тәтелер 
мен  ағалар  аниматорлар  секілді,  балалармен  бірге  секеңдейді,  се-
бебі, басты талап – ата-аналар дәрістерге балалармен қатар қатысуға 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау