17
«Жетістік тарихы» кітабы
Біз ең алдымен қызымызға көмектесе алатын
жақсы маманды табу
керек екенін түсіндік. Жолымыз болды. Біз Алматыда тамаша сурдо-
педагог Сәуле Әсембекқызымен танысқан уақытта, жүйке күйзелісіне
душар болуға сәл қалған едік. Мен педагогтың есту аппараттары бар
балалармен сабақ өткізген сәттерін көрдім, олар жақсы сөйлейді екен.
Алдымен біз Жансаяны Алматыға жиі апарып тұрдық. Бұл өте ауыр
болды. Қызымыз көліктің барлық түрлеріне шыдай алмайтын, өзін
нашар сезініп, жүрегі айнитын. Қалада көбінесе кез келген ауа-райы-
ның қүбылмалы сәттерінде алыс жерлерге жаяу жүруге тура келетін.
Бүгінгі таңға дейін көз алдымнан кетпейді: жаңбыр жауып тұр, күйеуім
Жаниды иығына отырғызып көтеріп келеді, ал мен олардың қаста-
рында үстерінен қолшатырды ашып ұстап келе жатамын. Сондықтан
біз 2009 жылы Алматыға көшіп келдік. Ол кезде күйеуіміз екеуміздің
бастан кешкен күйімізді жеткізу мүмкін емес. Туған қаламызда баспа-
намыз бен жұмысымызды тастап, жақындарымыз бен туыстарымыз-
дан шалғайда, жалдамалы пәтерден-пәтерге көшумен, жаңа айналаға
және басқа менталитетке көндігумен болдық, бірақ бізді тек бір ғана ой
алға жетеледі: қызымыз үшін бәрі садақа, тек ол білікті сурдопедагог-
тың
сабақтарына қатысып, сөйлеп үйренсе екен.
Жансая Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика ор-
талығының жанындағы күндіз оқитын инклюзивті топқа түсті. Біздің
жолымыз болды, өйткені топта қызымызбен бірге әдеттегі балалар да,
кохлеарлық импланттары бар балалар да болды. Ол сөйлейтін ортада
жүрді және «өздерінікінің» арасында болды.
Сәуле Әсембекқызы, менің пікірімше, өз кәсібін жетік меңгерген ма-
мандардың бірі, бала мен оның ата-анасының психологиясын сезімтал-
дықпен түсінеді. Бізді қызымыздың болашағына сенуге мәжбүр етті.
Жүргізген сабақтарының арқасында, Жансая өзінің алғашқы сөздерін,
мен үшін ең бастысы «мама» деген сөзді айтты. Қызымыз өзіне сенімді,
жинақы, сергек жанға айналды, араласудан қорқуын қойды. Жани
ежіктеп оқуды, жиырмаға дейін санауды үйренді және сипатты аграм-
матизмі бар 2-3 қиқы-жиқы сөйлемдер құрастыра алатын болды. Бірақ
бұл жетістіктерге қызымыз айтарлықтай қиындықпен көндікті – күндіз
сурдопедагогпен, логопедпен, тәрбиешілермен белсенді сабақтар, ал
кешке үйде, баланың мұрнынан жиі қан кететініне қарамастан, түнгі
сағат 12-ге дейін үзіліссіз, демалыссыз және тынымсыз сабақтар. Сөз-
дерді оқыдық, үйрендік, сөйлемдер құрастырдық, ертегілерді сахнала-
дық. Бір сөзді, мысалы, «мысықты», жаттау үшін, біз мысықтың түрлі
түстерге боялған суреттерін салдық, аппликациялар жасадық, ермек-
18
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
сазбен мүсіндер жасадық, тіпті марғау асырауға тура келді. Бір сөзді
жаттауға және мағынасын түсінуге кем дегенде бір апта кететін.
Біз кохлеарлық имплантация туралы естігенбіз, бірақ Сәуле Әсем-
бекқызы Жансаяның есту аппаратының «шыңына» жеткенін, одан
әрі жетістік болмайтынын айтпағанда, ол туралы ойламадық та. Мен
аталған ота туралы ақпаратты зерделей бастадым. Қызымыз енді
6 жасқа келді, ал ота жасату үшін баланың жасы маңызды рөлге ие
(неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы). Бізді кезекке қойды, бірақ әлі
бір жыл күту
керек еді, ал
уақыт болса, тақап қалды.
Ірі компанияларға демеушілік көмек көрсетуді өтініп жүгіндік, бірақ
одан нәтиже шықпады. Ашынғаннан, Денсаулық сақтау министрі Ж.А.
Досқалиев мырзаның блогына хат жаздық. Біздің таңданысымызда
шек болмады және қуанышымызға орай министрге жүгінгеннен кейін
келесі күні бізге қоңырау шалып, баламызды «Ақсай» РБКА тексеруге
шақырды. Жансаяны тексеріп және оның сөйлеу машықтарын анықтап,
«Ақсай» РБКА сурдология бөлімшесінің меңгерушісі және ҚР штаттан
тыс сурдологы Е.Г. Ғаббасова бастаған комиссия қызымызға ота жаса-
туға жолдама берді, Емнің жақпау мүмкіндіктері туралы ойламауға ты-
рыстық, Алла тағалаға тапсырып, жауапкершілікті өзіме қабылдаймын
деп қолхат жазып бердім.
Отаны СПб ЛОР ҒЗИ тамаша оташы В.Е. Кузовков жасады. Денсау-
лық сақтау министрлігінің қызметкерлері мен Ж.А.Досқалиев мырзаға
қызымыздың тағдырындағы күрт өзгеріс үшін өте разымыз. Біздің бүкіл
отбасымыздың атынан біздің өмір жолымызда дер кезінде кезіккен
оташы Е.В. Кузовков пен «Ақсай» РБКА ЛОР бөлімшесінің және сурдо-
логия бөлімшесінің барлық қызметкерлері мен мамандарына ерекше
алғысымызды білдіргіміз келеді!
Отадан кейін бірден қызымыз есту аппаратын талап етті, ал бір
айдан соң сөйлеу процессорын қосқан уақытта, ол жанжал шығарды.
Әрине, бізге отадан кейін Жансая дыбыстарды басқаша еститін бола-
ды деп ескерткен еді. Дыбыстар бейтаныс болды, олар оған қорқы-
ныш туғызды, бұрын қызымыз шүмектегі судың шуылын естімеген бо-
латын, менің сөзімді басқаша еститін, ал отадан кейін оған мен оны
келемеждегендей болып көрінді. Дәрігерлер не айтса да, отаның өзі
салдарсыз өтпеді. Ол да жүйкеге
байланысты,
және сурдопедагогтар-
мен қарқынды сабақтар өтудің, көп жүктеменің салдарынан болуы
әбден мүмкін, бас ауырып және мұрыннан жиі қан кетуі орын алды.
Ол әуелі кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын алып тастауды
өтінді.