23
«Жетістік тарихы» кітабы
Қалалық әкімдіктің қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде, мен инклю-
зивті білім беруді ілгерілетуге тырысамын, енді ғана имплантация
жасатқан балалардың ата-аналарымен кездесемін, оларға өзіміздің
тәжірибеміз туралы әңгімелеймін, оларды қолдауға, көкіректеріне
үміт отын ұялатуға тырысамын. Бұрын күйеуім маған бұл қоғамдық
жүктеменің не үшін керек екенін түсінбейтін. Ауырғаннан кейін маған
селқостануға, мазалануға, шаршауға болмайды. Бір күні менің уақы-
тым болмады да, мен күйеуімді өзімнің орныма баруға көндірдім.
Ол ата-аналардың жанарларынан үміт отын көріп, сол отты тұтатқан
өзі болғанына қуанды. Енді ондай кездесулерге өзі баратын болды.
Ата-аналарға да онымен араласқан ұнайды. Қанша дегенмен, ауру
балалардың проблемаларымен көбінесе аналары айналысады, сон-
дықтан, бұл жағдайда әке көбірек сенім туғызады.
Ол тек ата-аналармен ғана емес, сонымен қатар алматылық әріп-
тестерінің тәжірибесімен танысу үшін аймақтардан келетін дәрігерлер-
мен де кездеседі. – Осындай машақатқа толы жұмыс сізге не үшін қа-
жет? –деп таңғала қойған сұрақтарға, күйеуім:
– Бұрын мен мұндай кездесулерге қарсы болатынмын, қызымызға
көз тиеді деп қорықтым. Ал одан кейін туындаған жағдайға әйелімнің
көзімен қарадым да, проблеманы тар аяда көретінімді, ал әйелімнің
көру аясы – 180 градус екенін түсіндім. Ол тек біздің отбасымыздың
проблемасын ғана көріп қоймайды. Біз өз балаларымыздан қандай ба-
лалар туатынын білмейміз ғой.
Күйеуім жайында бөлек айту керек. Туыстарым менің осындай мо-
мын жігітке күйеуге шыққаныма таң қалған болатын, мен жаратылысы
басқа адамды таңдайды деп ойлады. Бірақ, олар енді оның сенімділі-
гін, отбасына адалдығын және менің теріс эмоцияларыма қарсы тұрып,
өз қабілет, жігерін көрсете білгенін бағалады, Қызымыздың әкесіне
деген балалық махаббаты шексіз. Биыл біздің қосылғанымызға 10
жыл толды. Осы жылдарды ол ғұмырындағы ең бақытты жылдар деп
есептейді. Мен болсам, егер Ғали болмағанда, басқа түскен сын сәті-
не шыдау қолымнан келмеген болар еді. Оның қасында мен өзімді
сүйікті әйел екенімді сезіп шаттанамын, Менің отбасым – Жаратқан-
ның бергені! Халық «Әркімге шыдай алатындай сын беріледі» дейді.
Кейде мұның бәрі қашан бітер екен деп ойлаймын, ал содан кейін өз
ойымнан өзім ұяламын. Ең бастысы – қол жеткен сәтке тоқтап қалмай,
жақсылыққа сене білсең алынбайтын қамал жоқ. Біздің айналамызға
жақсы адамдарды жібереді.
Біз «ерекше» баланың бақытты ата-анасымыз.
24
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ЖАНЫМЫзДА ЖАНЫ ЖАйСАҢ, ЖАҚСЫ
АДАМДАР БАРШЫЛЫҚ...
Наталья Данилова түсірген фотосурет
Кенжебай Ашурұлы және Зухра Мұхамедқызы Исаевтар Алма-
тыда тұрады. 2004 жылдың наурыз айында олардың ұлы Әмір
дүниеге келді. Оның диагнозы - БЦП. Ұлына деген сүйіспеншілігі мен
терең бауырмалдығы туралы Кенжебай Ашурұлы әңгімелейді.
Мен отбасында 6 баланың ішіндегі кенжесі болдым және анама
өте жақын едім, онсыз тіпті ұйықтай алмайтынмын, әрдайым оның
25
«Жетістік тарихы» кітабы
ұйықтатқанын күтетінмін, Қонаққа кеткен уақытта қиналатынмын.
Оның ғұмырының ақырына дейін біз бір үйде тұрдық, тек есіктері
бөлек болатын. Күн сайын, жұмысқа кетіп бара жатқанда және үйге
қайтқанда мен оған кіретінмін немесе терезені қағатынмын: «Мама,
мен кеттім! Мама, мен келдім!».
2003 жылғы 6 наурызда анам қайтыс болды, ал 2004 жылғы 26 на-
урызда оның туған күнінен бір күн кешігіп (анам 1919 жылғы 25 нау-
рызда туған), Әмір туды. Мен оның дүниеге келгенін анамның жібер-
гені, анамның еркі деп білдім. Өйткені, біздің үлкен ұлдарымыз Керім
мен Әзім 26 және 25 жаста, бізде қыз бала болды, ал қыз баламыз
үш айлығында шетінеп кетті де содан кейін әйелім енді бала тумай-
тын шешімге келді, Сондықтан, бұл жоспардағы бала емес, күтпеген
қуаныш, тағдырдың сыйы болды. Ал қазір ұлымнан анамның мінезі
байқалады. Ол қайратты әйел болатын. Әкем – майдангер, мейірімді
және байсалды адам еді, ертерек қайтты да, анам шаңырақтың бас-
шысы болды. Ұлым да бәріне жетекшілік етеді, қыңырлық танытпаса
да, егер өзіне бір нәрсе ұнамаса, өзінің қалағанындай болғанын ұна-
тады. Анасын да бақылауда ұстайды, «Мама, мына көйлекті шеш, ол
саған жараспайды» деуі мүмкін.
Әйелім босанудан қорықты, сондықтан мен оны демеу үшін бо-
санған кезде қасында болдым. Жүктілікті оңай көтерді, ал босануы
өте ұзақ және қиын болды, ұлымызда денсаулық проблемаларының
пайда болғаны да сондықтан болар. Ұлымыз дүниеге келгеннен кейін
6 айдан соң секем ала бастадық. Ол үлкен ұлдарымыз секілді жетіл-
меді, басын ұстай алмады. Бір дәрігерден екіншісіне жүгіре бастадық,
бірақ ешкім де жарытып ештеңе айта алмады, бәрі де қалпында деп
санады. Мүгедек балаларға көбірек назар аударыла бастағаны қазір
ғой, ал 10 жыл бұрын бәрі де қиын болатын. Бізге сәбимен шындап
айналысуға кеңес берген жалғыз дәрігер біздің учаскелік педиатры-
мыз, өте жас қыз болатын, аты- Бибімәриям еді. Біз жедел түрде ма-
мандарды іздеуге кірістік. Бірақ беделді деген невропатологтардың
бір қабылдауы 10-12 мың теңге тұратын. Жекеше клиниканың дәрі-
гері доктор Ришат Асхатович Еренчинге рақмет, ол ұлымызды тек-
серіп, кеңестерін берді, оған көп күш жұмсау керектігін, өйткені бала-
ның интеллекті дамымай бір орнында тұрып қалғанын айтты.
Ұлымыздың диагнозы – БЦП, спастикалық тетрапарез, гиперкене-
тикалық нысаны.
Болжам – бәрі де жүргізілетін емдеу әдісіне байланысты, әйте-
уір бір емдеу тәсілі көмектесуі мүмкін. Біз кісілердің өзімізге берген
Достарыңызбен бөлісу: |