Библиографиялық ақпарат өмір сүру формалары. 1.1. Библиографиялық хабарлама – библиографиялық ақпараттың элементтері.Оның құрылымы, формасы . 1.2. Библиографиялық жазба – библиографиялық хабарламаның жазбаша формасы. Оның негізгі элементтері, мақсаты. 1.3. Библиографиялық сипаттама – библиографиялық жазбаның міндеті және қажетті элементі.Жалпы мінездеме. Библиографиялық мәлімет – бибилографиялық сипаттама элементтерін құраудың негізгі көзі. 1.4. Библиографиялық құрал – библиографиялық ақпаратты сақтаудың, таратудың, пайдаланудың негізгі құралы. Оның анықтамасы. Оның жалпы құрылымдық мінездемесі.
Кітапхана оқу үдерісіне ақпараттық қолдау көрсетеді. Колледж кітапханасы білім беру үдерісінің, жеке студенттің мәдениет ықпал етеді және кітапхана оқу процесі үшін ақпараттық қызметтердің тиімділігі мұғалімдер мен студенттердің библиографиялық қызметін жақсарту үшін қызмет атқарады, сол уақытта дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды дамыту, жетілдіру, студенттердің библиографиялық және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру бағытында білімді таратады.
Түрлі қызмет көрсету жүйесінде анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық жұмыс өте маңызды болып табылады. Кітапхана анықтамалық және библиографиялық жұмысты бірнеше бағыт бойынша жүргізеді: тақырыптық қалталарды (тұлғалар, маңызды оқиғалар, президенттің жоолдаулары және т.б.), библиографиялық көрсеткіштерді, библиографиялық анықтамаларды, ақпараттық жұмыстарды, кітапханалық және библиографиялық білімді насихаттау.
Кітапхана өзінің құрылымымен кең таныстыру үшін:
- Кестеге сәйкес, қыркүйек айында күндізгі және сырттай бөлімдердің бірінші курс студенттері (бейімделу аралығында): «Кітапхананың құрылымына кіріспе», «Арнайы мерзімді басылымға кіріспе», «Кітаптармен жұмыс істеу негіздері және басқа басылымдар», «Анықтамалық-библиографиялық аппаратпен жұмыс жасаудың негіздері» деген атаулармен таныстыру сабақтарын өткізіп, кітапхана бойынша экскурсия және және оқу әдебиеттерін таныстырады.
–оқырмандарға жаңа әдебиеттердің келуі туралы ақпараттар беру келесі түрде жүзеге асырылады : кітап көрмелер, бөлімшелердегі библиографиялық шолулар, буклеттер тарату - жаңалықтар, жергілікті желілерде тарату және электронды түрде теледидардан «Жаңа әдебиет». Тұсаукесері көрсетіледі. «Ақпарат күні» - мамандықтар бойынша жаңа әдебиеттерді ашық көруге арналған көрмелер ұйымдастырылады. Әдістемелік кеңестің отырыстары мен кафедра отырыстары мұғалімдердің басылымдары мен жаңа әдебиеттер тізімі таныстырылады.
– сұраныс бойынша библиографиялық ақпарат ауызша және жазбаша түрде беріледі. Ақпарат көздері - мерзімді басылымдар, интернет ресурстары, «Кітапханалық іс» бағдарламасы және «Заң» дерекқоры болып табылады. Барлық анықтамалар библиографиялық жазбалар журналында және кітапхананың күнделігінде жазылады.
Кітапхана студенттерге есте қаларлық кітаптар мен тақырыптық көрмелерді дайындайды. Тұрақты көрмелер: «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы», «Әдебиет жаңалықтары» (білім беру, мерзімді басылымдар), «21 ғасыр педагогикасы», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» және т.б.
Кітапхананың бағыттарының бірі библиографиялық өнімдерді өндіру: библиографиялық көрсеткіштер, жазбаша библиографиялық анықтама, белгілі бір тақырыпқа арналған библиографиялық тізім, ақпараттық анықтамалықтар және т.б.
Көп көңіл бұқаралық жұмысқа, оқу мәдениетін насихаттауға бөлінеді. Кітапхана студенттердің патриоттық, рухани, моральдық, құқықтық, эстетикалық тәрбиесіне бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Оқиғалардың тақырыптары әртүрлі, бірақ маңызды және есте қаларлық күндерге ерекше назар аударылады. Кітапхана қызметкерлері колледж оқытушыларымен бірігіп іс-шаралар, әдебиеттік кештер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |