Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы


Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту



жүктеу 4,64 Mb.
бет6/22
Дата17.01.2018
өлшемі4,64 Mb.
#7567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту


Облыста ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы өндірістік күштерді дамытудың негізгі бағыттары:

1. Етті терең өңдеу;

2. Сүтті терең өңдеу;

3. Бидайды өңдеу шегі санын арттыру;

4. Көкөніс шаруашылығын дамыту (өңдеу), жеміс-жидек өнімдері өндірісі.

Агломерациялық аймақта өндірістік күштерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қатысты орналастыру барысында бірқатар факторлар ескерілуі керек:

– елді мекенде жеткілікті жұмыс күшінің болуы;

– шикізаттың жақындығы;

– көлік-логистикалық инфрақұрылымның болуы;

– электрді, сумен қамту және су бұруды қосу мүмкіндігі.

Осылайша, аталған факторларды ескере отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласында өндірістік күштерді орналастыруды шағын қалалар контрмагниттерінің әсерін ескере отырып, орналастыру арнасы шеңберінде жүзеге асыру керек.

Ет өңдеу және дайындау бойынша өндірістік күштерді орналастыру

Ет өңдеуді дамыту үшін қуаты әр түрлі 4 ет өңдеу цехы қарастырылады. Жеке өндірістегі ет өнімдерінің жеткіліксіздігін төмендету үшін ІММ, шошқа, жылқы, қой етін өңдеу бойынша 3 зауыт және құс етін өңдеу бойынша 1 зауыт ұйымдастыру жоспарланған (28 кесте).


Елді мекендерді орналастыру арнасы

тұрғысында ет өңдеу кәсіпорындарын орналастыру

28 кесте

Жоба атауы

Өндіріс көлемі

Жұмыскерлер саны

өлшем бірлігі

көлемі

«Астана – Осакаровка» арнасы

Волгодоновка с.

Ет өңдеу цехі

тонна

1700

10

«Астана – Ақкөл» арнасы

Шортанды

Ет өңдеу цехі

тонна

3000

15

Ақкөл ауданы

Урюпин с.

Құс етін өңдеу цехі

тонна

1700

10

«Астана-Атбасар» арнасы

Новоишимка с.

Ет өңдеу цехі

тонна

1000

7


Сүт өңдеу және дайындау бойынша өндірістік күштерді орналастыру

Қазіргі кезде Астана қаласының сүтті өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етілуі Астана халқының қажеттіліктерін өтеу үшін жеткіліксіз. Аудандарда жағдай біршама жақсы. Дегенмен де агломерация халқының сүт өнімдеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданыстағы өндірістік қуаттарды 75-80% жеткізу керек.

Бұл жағдайда агломерациялық аймақтағы халық санының өсу болжамына сәйкес қосымша өндірістерді ұйымдастыру қажет болады. Сүт және сүт өнімдеріне қажеттілікті қанағаттандыру үшін агломерация орталығы мен агломерация аумағында қуаты мен өңдеу дәрежесі әр түрлі 6 зауыт салу қажет. Сонымен қатар, «Аршалы» индустриялық аймағында қуаты 60000 тонна дайын өнімді құрайтын 1 ірі зауыт орналастыру қажет.

Агломерация аймағы аумағындағы сүт өндірісі болжамын негізге ала отырып, бұл өндірістік қуаттарды орналастыру халықтың қоныстануы аясында жоспарланып отыр (29 кесте).



Сүт өңдеу кәсіпорындарын орналастыру

29 кесте

Елді мекен атауы

Инвестиция көлемі, млн. тг.

Өндіріс көлемі

Жұмыскерлер саны

Өлшем бірл.

 Көлем

«Астана-Осакаровка» арнасы

Жібек-Жолы а.

148,8

тонна

35000

20

Михайловка с.

148,8

тонна

35000

20

«Астана-Ақкөл» арнасы

Шортанды

150,2

тонна

30000

15

Новокубанка с.

130,1

тонна

25000

10

«Астана-Қорғалжын» арнасы

Ақмол

148,8

тонна

35000

20

«Астана-Павлодар» арнасы

Софиевка

148,8

тонна

35000

20

Индустриалды аймақ

Аршалы

220,1

Тонна

60000

25

Сүт өңдеу өндірістерін толықтай қамтамасыз ету үшін елді мекендерде сүтті жинау мен алғашқы өңдеуді қамтамасыз ету керек. Бүгінгі таңда шикізаттың жетіспеушілігі орын алып отыр, ол жақын шет мемлекеттерден шала фабрикаттарды импорттау есебінен өтеледі. Бұл соңғы өнім бағасына теріс ықпал етеді – баға басқа жеткізушілермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болады.



Бидай өңдеу және дайын ұн өнімдері мен кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша өндірістік күштерді орналастыру.

Нан-тоқаш бұйымдары өндірісіне қатысты қазіргі кезде астана қаласы мен қала маңы аумағын ішкі өндіріспен қамтамасыз ету байқалады. Отандық өндірушілердің ұн өндірісі халықтың қажеттілігін толықтай қанағаттандырады.

Дегенмен, кейбір елді мекендерде кондитерлік бұйымдар және бірқатар нан-тоқаш өнімдерінің өндірісінің жеткіліксіздігі байқалады. Сол себепті нан-тоқаш өнімдері мен ұнмен ішкі қамтамасыз етуді арттыру үшін қолда бар өндірістік қуаттарды пайдалану және бірқатар жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыру қажет (30 кесте). Астана қаласының ұн мен нан-тоқаш өнімдеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Аршалы» индустриалды аймағында қуаты 35000 дайын өнімді құрайтын ірі зауыт салу қарастырылған.

Астана қаласында жылына 60000 тонна дайын өнім шығаратын нан-тоқаш, ұн және макарон өнімдері ірі өндірісін орналастыру қажет.




Бидай өңдеу, нан-тоқаш және кондитерлік

өнімдер өндіру кәсіпорындарын орналастыру

30 кесте

Елді мекен атауы

Өндіріс көлемі

Жұмыскерлер саны, адам

Инвестиция көлемі, млн. тг.

Өлшем бірл.

Көлем







«Астана-Осакаровка» арнасы




Жібек-Жолы

тонна

35000

40

70,2

«Астана-Ақкөл» арнасы




Раевка

тонна

5000

7

15

«Астана-Қорғалжын» арнасы




Ақмол

тонна

5000

7

15

«Астана-Павлодар» арнасы




Софиевка

тонна

5000

7

15

Индустриалды аймақ

Аршалы

тонна

35000

40

70,2

Астана

тонна

60000

50

100,5


Жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өсіру мен өңдеу бойынша өндірістік күштерді орналастыру

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу дәрежесін арттыру және өндірісті агломерациялық аймақта әртараптандыру үшін жаңа өндірістік қуаттарды ұйымдастырудың маңызды бағыты көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіру мен алғашқы өңдеу болып есептеледі. Осындай өндірісті ұйымдастыру Астана қаласы мен агломерациясын балғын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жыл бойы жеміс-жидек өсіруді қамтамасыз ету үшін жылыжай шаруашылықтарын ашу қажет (32 кесте).
Жылыжай шаруашылықтары

31 кесте


Елді мекен атауы

Өндіріс көлемі

Жұмыскер саны, адам

Өлшем бірлігі

Көлем




«Астана-Осакаровка» арнасы

Михайловка

тонна

15

25

Арсанай

тонна

15

25

«Астана-Ерейментау» арнасы

Сараба

тонна

15

25

«Астана-Павлодар» арнасы

Приречное

тонна

15

25

«Астана-Ақкөл» арнасы

Раевка

тонна

15

25

Петровка

тонна

15

25

«Астана-Қорғалжын» арнасы

Оразақ

тонна

15

25

Мәншүк

тонна

15

25

Жеміс-жидек өнімдерін өсіру үшін өсіру алаңдары мен жидектерді алғашқы өңдеу орындарын ұйымдастыру қажет. Осындай өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан ең перспективті аудан Р.Қошқарбаев атындағы аудан болып табылады. Мұнда жеміс-жидек өсіруге жарамды аумақ, су жеткілікті. Дайын өнім өндіру көлемі жылына 60 тоннаға дейін жетуі мүмкін, өндірісте жұмыспен қамтылатындар саны – 15 адам.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша жобаларды инфрақұрылымдық қамсыздандыру

Агломерациялық аймақта халықтың қоныстану арналары бағыттарына сәйкес қосымша өндірістік қуаттарды құру елді мекенде тұратын тұрғындар санына, аталмыш шаманың болжалды артуына, қолданыстағы кәсіпорындардың болуына, жер ресурстарын пайдалану қарқындылығына, кәсіпорындардың ауыл шаруашылық өнімдері шикізаттарымен қамтылуына негізделеді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды дамыту қосымша инфрақұрылымдық қамсыздандыруды қажет етеді, олар энергия және сумен қамтамасыз етуден құралады. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция салу керек. Төменде инвестиция көлемі және электр энергиясы (бір жылдағы электр энергиясы мөлшері) және сумен қамту мөлшері есептелген. Осындай жобалар бойынша нормативті талаптардан есептелген.

Ет өңдеу, ет өнімдері өндірісі

Ет өңдеуді дамыту шеңберінде ет өңдеу кәсіпорындарын (цех)

«Астана-Осакаровка» бағыты.

Мұнда қуаты жылына 1700 тоннаны құрайтын ет өңдеу цехін ұйымдастыру жоспарланған (32 кесте).


Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

32 кесте

Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Ет өңдеу зауыты

87,3

2

120000

100000

10

«Астана- Ақкөл» бағыты.

Аталған қоныстану бағыты бойынша қуаты 3000 тонна дайын өнімді құрайтын ет өңдеу цехін құру қарастырылған (34 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

33 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Ең өңдеу цехі

130,1

1

280000

200000

10

Ақкөл ауданы

Урюпин с. қуаты жылына 1700 тоннаны құрайтын ет өңдеу цехін ұйымдастыру жоспарланған (34 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

34 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Ең өңдеу цехі

87,3

2

120000

100000

10

«Астана-Астраханка» бағыты.

Мұнда қуаты жылына 1000 тоннаны құрайтын ет өңдеу цехін ұйымдастыру жоспарланған (35 кесте).

Осылайша, агломерациялық аймақ аумағында ет өңдеу және дайындау бойынша өндірістік қуаттарды ұйымдастыру үшін 380,2 млн. тг инвестиция, 7 га аумақ, жылына 620,0 мВт энергиясы, жылына 480,0 мың м.куб. су қажет. Жаңа өндірістердегі жұмыс орны саны 37.


Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

35 кесте

Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Ет өңдеу зауыты

75,5

2

100,0

80000

7

Сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру

Сүт өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды құру шеңберінде ірі, орта және шағын сүт зауыттарын және сүт дайындау орталықтарын ашу қарастырылған. Халықтың орналасу арналары тұрғысында инфрақұрылымдық қамсыздандыруды қарастырамыз.

«Астана-Осакаровка» бағыты.

Аталмыш халықтың қоныстану бағыты ең тығыз қоныстанған болып есептеледі. Мұнда Қарағанды облысының да маңызы зор. Сол себепті Аршалы ауданында сүт өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды дамыту аса маңызды. Мұнда 2 сүт өңдеу зауытын салу жоспарланған (36 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

36 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Сүт өңдеу зауыттары

148,8

1

336,0

294,0

20

148,8

1

336,0

294,0

20

«Астана-Ақкөл» бағыты.

Аталған арна бойынша 2 сүт өңдеу зауытын салу жоспарланған (38 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

37 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Сүт өңдеу зауыттары

150,2

1

300,0

250,0

15

130,1

1

280,0

200,0

10

«Астана-Қорғалжын» бағыты.

Аталған бағыт бойынша қуаты жылына 35000 тонна дайын өнім болатын 1 сүт өңдеу зауытын салу жоспарланған (38 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

38 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Сүт өңдеу зауыттары

148,8

1

336,0

294,0

20

«Астана - Павлодар» бағыты.

Мұнда қуаты жылына 35000 тонна дайын өнім болатын 1 сүт өңдеу зауытын салу жоспарланған. Сонымен қатарт, қуаты 8000 тонна сүт құрайтын 1 дайындау орталығын ашу қарастырылған (39 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

39 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Сүт өңдеу зауыты

148,8

1

336,0

294,0

20

«Аршалы» индустриалды аймағында қуаты жылына 60 мың тонна дайын өнімді құрайтын сүт өңдеу зауытын ұйымдастыру жоспарланған (40 кесте).


Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру

40 кесте

Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам

Сүт өңдеу зауыты

220,1

2

4200,0

360,0

25

Осылайша, агломерациялық аймақта сүт өңдеу қуаттарын ұйымдастыру үшін 1095,6 млн. тг көлемінде инвестиция, 8 га аудан, жылына 6124 мВт электр энергиясы, жылына 1986 мың куб метр су қажет. Жаңа өндіріс орындарындағы жұмыспен қамтылғандар саны 130 адам.



Нан-тоқаш өнімдері өндірісі.

Қазіргі кезде нан-тоқаш өнімдеріне қажеттілік ішкі өндіріс есебінен өтеледі. Осындай жағдай ұн өндірісінде де байқалады.

Дегенмен, бірқатар елді мекендерде нан-тоқаш өнімдерінің жеке өндірісінің жеткіліксіздігі байқалады. Жалпы алғанда Астана қ. халқы мен жергілікті халықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірқатар өндіріс орындарын ұйымдастыру қарастырылған (41 кесте).
Инвестициялық және инфрақұрылымдық қамсыздандыру (нан зауыттары)

41 кесте


Инвестиция көлемі, млн. тг.

Аудан, га

Электр энергиясы, мВт

Сумен қамту, мың м.куб.

Жұмыспен қамту, адам




Астана-Осакаровка

70,2

2,5

220,5

85,0

40

Астана-Ақкөл

15

1

120,0

50,0

7

Астана-Қорғалжын

15

1

120,0

50,0

7

Астана-Павлодар

15

1

120,0

50,0

7

Осылайша, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті инвестицияның жалпы көлемі 115,2 млн теңгені құрайды, өндірістік алаңдар аумағы – 5,5 га, электр энергиясын тұтыну – жылына 580,5 мВт, сумен қамту көлемі – жылына 235 мың куб. Жаңа жұмыс орындары 61.

Көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешендері.

Агломерациялық аймақта халық саны артуына байланысты балғын көкөністерге қажеттілік артып келеді. Бүгінгі таңда Астана қаласының маңындағы аймақта жылыжай шаруашылықтарын ұйымдастыру бойынша жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, олардың қуаты халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткіліксіз және жыл бойы көкөніс өсіруді қамтамасыз ететін жаңа кешендер ұйымдастыруды қажет етеді.

Жалпы алғанда қуаты 120 тонна өнім өндіруге мүмкіндік беретін 8 жылыжай кешенін ұйымдастыру қарастырылған. Бұл үшін 305,6 млн. теңге инвестиция, 8 га аумақ, жылына 960,0 мВт электр энергиясы, жылына 1120,0 куб.м су қажет. 200 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.


жүктеу 4,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау