Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы



жүктеу 1,75 Mb.
бет1/8
Дата08.03.2018
өлшемі1,75 Mb.
#11881
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

«Көкшетау техникалық институты» РММ

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ЖТП кафедрасының бастығының

міндетін атқарушы

өртке қарсы қызмет подполковнигі

__________________Р.С.Баймағанбетов



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы: «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы.

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»


Орындаушы: ______________ А.Н.Отанбек

Ғылыми жетекші: _________ С.Ә.Карденов

Көкшетау 2015

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

« Көкшетау техникалық институты» РММ

Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

        1. ТАПСЫРМА




        1. 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша

        2. дипломдық жұмысты (жоба) дайындау




Жұмыс (жоба) тақырыбы: Жамбыл облысы меркі ауданында орналасқан «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы.

1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № «___» 2015ж.

2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «___» 2015 ж.

3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер ірімшік зауыты жобасы

4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:


р/с

      1. Тарау атауы


Орындау мерзімі



  1. Кіріспе


30.03.15

1

Жедел-тактикалық қатынастағы нысанның сипаттамасы

01.04.15

2

Өрт сөндіру тактикасы

04.04.15

3

Өртті сөндіруді қамтамасыз ету бойынша инженерлі-техникалық және жедел тактикалық шешімдерді бағалау.

14.04.15

4

Жылжымалы өрт техникасымен зауыттағы өрт сөндіруді ұйымдастыру (1-2 ші нұсқа).

23.04.15

5

Қабылданған шешімдердің экономикалық түсінігі.

02.05.15

6

Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

11.05.15

7

Әдебиеттер тізімі

06.05.15

8

Дипломды алдын-ала қорғау.

12.05.15

5. Консультант: Өрттің алдын алу кафедрасының оқытушысы өртке қарсы қызмет майоры _________________________________А.Салпыков
6. Бекітемін: Жедел-тактикалық бастығының міндетін атқарушы

өртке қарсы қызмет подполковнигі Р.С.Баймағанбетов


7. Тапсыру мерзімі 2015 жыл.

8. Жетекші: Жалпы техникалық пәндер кафедрасының профессоры өртке қарсы қызмет подполковнигі С.Ә.Карденов


9. Тапсырманы орындауға қабылдадым А.Н.Отанбек

МАЗМҰНЫ




Кіріспе

5

1.

Жедел-тактикалық қатынастағы нысанның сипаттамасы

9

1.1

Жалпы сипаттамасы

9

1.2

Архитектуралық-жоспарлық шешім

11

1.3

Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау

12

1.4

Өрт сөндіру құралдарын таңдау

12

2.

Өрт сөндіру тактикасы

14

2.1

Өрт сөндіру статистикасы және олардың себебі

14

2.2

Құрылыс конструкцияларының күйінің өрт жағдайында өзгеруі.

15

2.3

Адамдар көп келетін ғимараттарда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

17

2.4

Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар.

22

2.5

Өрттің дамуы және сөндіру ерекшеліктері.

25

3.

Өртті сөндіруді қамтамасыз ету бойынша инженерлі-техникалық және жедел тактикалық шешімдерді бағалау.


28

3.1

Өртті автоматты хабарлау жүйесінің сипаттамасы

28

4.


Жылжымалы өрт техникасымен зауыттағы өрт сөндіруді ұйымдастыру (1-ші нұсқа).

31

4.1

Адамдарды ғимараттан көшіру.

35

4.2

2-ші қабатта өрт сөндіруді жобалау

45

5.

Қабылданған шешімдердің экономикалық түсінігі.

54

6.

Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

57




Қорытынды

61




Қолданылған әдебиеттер

63


Кіріспе

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы өтуде, сол себепті Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық, химиялық, технологиялық, техникалық салалардың дамуы жоғары білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кәсіби мамандар дайындауды талап етуде. Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесін тиімді пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға болатындығы белгілі болып отыр. Өйткені, ол экономика, техника, ғылым, саясат және жалпы қоғам дамуының шешуші күшіне айналуда. Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісіне ғылыми-зерттеу қызметін енгізудің, сонымен қатар білім алушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытудың негізгі ерекшелігі оның қолданбалы бағыттылығын, пәнаралық байланыстарды сәйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын іздестіру болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан –2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезінде осы мақсат өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты деп атап көрсетілген. Осыдан келіп, курсанттардың өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады.

Бүгінгі білім беруді модернизациялау кезінде білім алушылардың оқу қызметі көбіне зерттеушілік қызметке айналуда. Сондықтан қазіргі таңда оқу үдерісіне, курсанттардың ғылыми – зерттеушілік және эксперименталды - конструкторлық қызметін ендіру ерекше мәнге ие болып отыр. Тәжірибелі талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілетті маман зерттеушілік қызмет пен дағдыны меңгеруі тиіс. Зерттеушілік принципті қолдану курсанттардың танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - мемлекеттің әлеуметтік-кәсіптік мәселелерін өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Осы ретте сіздердің назарларыңызға біз өрт тактикасы курсын зерделеу нәтижесінде Жамбыл облысы меркі ауданында орналасқан «Ірімшік зауыты» апат кезінде өртті сөндіру тактикасы атты дипломдық зерттеу жобамызды ұсынғалы отырмын. Аталған зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - нысанның өрт қауіпсіздік жағдайына байланысты талдау жасап, мүмкін болатын өрттерді сөндіру жолдарын қарастыру мен қажетті күш құралдарын қолдану.

Осы мақсатқа жету үшін алдымызға талапқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық:

нысанға өрт қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу;

нысанның шұғыл жоспары сипаттамасымен танысу;

автоматты өрт дабылдағыш қондырғыларын қолданудың есептеулерін жасау;

нысанда мүмкін болатын өртті сөндіріп жоюда қажетті күш құралдарды анықтау.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы бақылау және қадағалау комитеті төрағасының 2009 жылғы 14 қарашадағы № 267 бұйрығымен бекiтiлген «Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы» өрттерді сөндіру және соған байланысты бірінші кезектегі апаттық-құтқару жұмысын ұйымдастырудың негізін белгілейді.

Өртке қарсы қорғау дамуының басты бағыты - өрт пайда болуын ескерту болып табылады. Алайда белгісіз себептерсіз өрт пайда болмайды деп есептей алмаймыз. Өрт пайда болғанда өрт қауіпсіздігіне жету үшін белгілі функцияларды атқаратын әр түрлі техникалық жүйелер қолданылады. Атап айтсақ, олар өз уақытында пайда болған өртті жою, технологиялық жабдықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғимараттар мен ғимараттардың отқа төзімділігін арттыру, өрт бола қалған кезде адамдарды көшіру қауіпсіздігін тудыру. Өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт тез таралу шартын тудыратын жаңғыш заттар санын шектеу бойынша шаралар қарастырылады, өрт өлшемін қысқартуға және оны жоюға өрт сөндіру құралдарын қолдану, ғимараттар мен ғимараттарда отқа төзімді конструкцияларды қолдану, өрт бола қалған кезде адамдарды кедергісіз көшіру үшін көлемді-жоспарлы шешімдерді тудыруға қажет.

Өртке қарсы қорғаудың конструктивті шешімі оның алдына қойған мақсатына және оның құрылысына байланысты. Өртке қарсы қорғаудың техникалық жүйелерінің спе­цификасы оны қандай дәрежеде қолдануына байланысты болады. Мысалы, өрт туралы хабарлау және сезу жүйелері, өрт қажеттілігіне суды беру жүйесі, өртті автоматты түрде хабарлау жүйелері қазіргі кезде өте көп таралған болып келеді.

Өртті автоматты түрде хабарлау жүйесі құралдарын кең түрде қолдану өрт туралы қабарды дер кезінде береді,ол өз кезегінде өрт бөлімшелеріне жақсы өртті дер кезінде өшіреді, адамдарды эвакуациялық көшіру кезінде эвакуациялық жолдармен есіктерді көрсетіп үлкен септігін тигізеді. Өрт тактикасында қайда және қандай күш пен құралдармен өрт сөндірілгеніне тәуелсіз, өрт сөндірудің кез-келген үрдісіне жататын жалпы теориялық негізді бөліп алуға болады. Бұл өрт тактикасының негізі.

Ол өрт тактикасының жалпы теориялық нұсқасы, оның ғылыми және әдістемелік базасы болып табылады. Онда бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимыл маңыздылығы, өрт сөндіру кезінде күштер мен құралдарды жұмылдыру заңдылықтары, өртті жою және тоқтатудың қажетті шарттары, өртке қарсы қызметтің тактикалық мүмкіндіктері мен оларды қолдану бойынша есептеу әдістемесі, өрт сөндіруді ұйымдастырудың принципиалды негізі қарастырылады.

Түрлі нысандарда өрт сөндіру кезінде ӨСБ және бөлімшелер тек жалпы заңдылықтарда ғана емес, сонымен қатар жеке заңдылықтарға да әрекет етуі тиіс. Өрт тактикасында ашық кеңістікте, қоршауларда (ғимараттарда) және басқа да нысандарда өрт сөндіру негізі қарастырылады.

Өрт тактикасының мазмұны, бірінші кезекте өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің негізгі жауынгерлік іс-қимылдарын анықтайтын ӨҚҚОЖЖ барлық талаптары, нормалары мен ережелерін ашуға бағытталған.

Өрт тактикасы практикалық сипатқа ие, сондықтан да оның зерттеулері негізінен, өртті сөндіру бойынша анализ әдістемесі және ӨСБ мен бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына жатады.

Қазіргі уақытта өртке қарсы қызметтің бөлімшелері өрттің ең қиын жағдайларында тапсырмаларды орындауға бағытталған қазіргі заманғы өрт сөндіру және адамдарды құтқару құралдарымен қамтамасыз етілген.

Өрт тактикасы - өртті сөндіру бойынша бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу және дайындау практикасы мен теориясы.

Өртті сөндіруадамдарды, мүліктерді құтқару мен өрттерді жоюға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Жауынгерлік іс-қимыл – негізгі жауынгерлік тапсырманы орындауға осы Жарғыда көрсетілген өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын ұйымдасқан түрде пайдалану.

Өрт тактикасы зерттеуге, заңдылықтарды анықтауға, өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды дайындауға және жүргізуге бағытталған, ең негізгісі - өрт сөндіруге. Сондықтан да ол өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының минималды мерзімде өрт сөндірудің қолайлы формалары мен әдістері теориясына мән береді.

Сонымен, өрт тактикасы өзара байланысқан екі негізгі тапсырманы шешеді:

заңдылықтарды білу және өртте адамдарды құтқару әдістері мен қимылдарын өңдеу;

заңдылықтарды білу және өртті сөндіру бойынша өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тәсілдері.

Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының жаңа әдістері мен тәсілдерін өңдеу үшін, олардың тактикалық мүмкіндіктерін білу қажет, ол өрт тактикасының тапсырмасы болып табылады.

Өртке қарсы қызмет гарнизондарының тактикалық дайындығын дұрыс ұйымдастырусыз, сөндіруге дайындық және өртті табысты сөндіру мүмкін емес. Тактикалық дайындық психологиялық дайындықпен тығыз байланысты, яғни өрттің кез-келген жағдайларында өртке қарсы қызметі жеке құрамының жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге дайындығы, оның ішінде стресті, экстрималды жағдайлар. Сонымен қатар бұл сұрақтар түрлі объектілерде өртті сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау мәселесі өрт тактикасының тапсырмаларына жатады.

Өрт тактикасының барлық тапсырмаларын төрт топқа біріктіруге болады:

өрттегі жағдай заңдылықтарын оқып үйрену;

өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің маңыздылығы және өртте адамдарды құтқарудың тиімді әдістері мен тәсілдері.

өрт сөндіруді ұйымдастырудың әдістерін мақсатты түрде анықтау.

өртке қарсы қызметтің басқарушы және жеке құрамның тактикалық және психологиялық дайындығының әдістері мен тәсілдерін келешекте іздеу.

Өрт тактикасының тапсырмаларынан оның өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу сұрақтарын қамтамасыз ететіні көрініп тұр. Бұл өрт тактикасы мазмұнын құрамдас бөлімдерге бөлуді қажет етеді, олардың әрқайсысы бөлімше жеке құрамының және ӨСБ шығармашылығының анықталған аумақтарын зерттейтін еді.

Өрт тактикасының мазмұны, бірінші кезекте өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің негізгі жауынгерлік іс-қимылдарын анықтайтын ӨҚҚОЖЖ барлық талаптары, нормалары мен ережелерін ашуға бағытталған.

Өрт тактикасы практикалық сипатқа ие, сондықтан да оның зерттеулері негізінен, өртті сөндіру бойынша анализ әдістемесі және ӨСБ мен бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарына жатады.

Жаңа объектілерде пайда болатын өртті зерттеу кезінде, өрт тактикасының мәселесі шын объектілерде немесе олардың фрагменттерінде эксперименталь зерттеулерді жүргізу жолымен, сол сияқты имитационды модельдеудің математикалық-статистикалық әдісімен шешілуі мүмкін.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің апатты, су тасқынын, жер сілкінуді жою кезіндегі және басқа да ерекше жағдайлардағы іс-қимылдары, сондай-ақ олардың басқа қызметтер және ведомстволармен өзара әрекеттесуі арнайы жетекшілік, нұсқаулар, тапсырмалармен ұйымдастырылады.

Дипломдық жобаның нысаны, Жамбыл облысында орналасқан.

Аталған жобаның мақсаты нысанның өртке қарсы жағдайының талдауы, құтқару және басқа да қалдыруға болмайтын жұмыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар күш пен құралдарды басқару.

Аталған жобаның тапсырмалары болып:

1.нысанның жан-жақты өрт қауіптілік талдауы;

2.нысанның жедел-тактикалық сипаттамасын оқыту;

3.нысанның мүмкін болатын өрт даму көрсеткіштерінің есебі;

4.нысанның мүмкін болатын өртті жоюға керекті күш пен құралдардың анықтамасы;

Мүмкін болатын төтенше жағдай орынында құтқару және қалдыруға болмайтын жұмыстарды жүргізудің анықтамасы



1.Жедел-тактикалық қатынастағы нысанның сипаттамасы.

1.1. Жалпы сипаттамасы.
«Ірімшік зауыты» Меркі ауданынында Заводская көшесінде орналасқан. ӨСБ-11 арақашықтығы 3 км. «Ірімшік зауыты» 2 қабатты ғимараттан тұрады. Қабырғалары күйген кірпіштен, қабаттар арасы темір бетоннан жабылған, темір плитадан, мраморлы ұнтақпен цементтелген. Ғимарат көлемі 24*60 м. Жарық көзі электрлі, орталықтандырылған жылу жүйесі, өртке төзімдігі 1 дәрежелі. “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы.

Меркі ірімшік зауытының негізі – 1936 жылы құрылған. Ол ауылшаруашылық өнімдерін оның ішінде сүт өнімдерін өндіретін аудандағы алып кәсіпорындардың бірі.

Алғашқыда зауыт ғимараты арнайы белгіленген үйлерде орналасты. 1954 жылы Меркі ауданында тәулігіне 40 тонна сүт өндіретін алып жаңа ірімшік зауыты салынды. 1970-1980 жылдар арасында зауыт 800 тонна сүт 800 тоннадан 1200 тоннаға дейін ірімшік жылына 40-60 тоннаға дейін май өндірді.

Меркілік ірімшік зауытының аты біздің ауданымыздан тыс басқа  да аймақтарға тарай бастады, бұны сол жылдардағы көптеген көрмелерге қатысқандағы туралы марапат қағаздары дәлелдейді. Қайта ұйымдастыру жылдарында біздің өндірістік кәсіпорын белгілі себептерге байланысты көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Кәсіпорын бір кездері тығырыққа келіп тірелді, яғни мемлекет алдындағы қарыздар тағы басқалар, сондай-ақ шикізаттың әкелуі бұзылып, өнімді өткізуде көпшілік қиындықтарға тап болды. 1977 жылдың аяғында зауыт ААҚ «Меркі ірімшік зауыты» болып аталып, ауданда сондай-ақ облыс деңгейінде алдынғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорынның басшылығында – Айтуленов Дастан атты азамат. Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық өмірдің ағымына сіңіп кету үшін ол өз кезегінде кездейсоқ шешімдер шығарып, оның қарқынды дамуы мен өндірілетін өнімнің өсуіне әкеліп отыр. Қазіргі таңда зауыт «Костромдық», «Голландық», «Ресейлік», «Меркілік», «Ойталдық» ірімшіктерін сондай-ақ, ерітілген «Янтарь» айран, қаймақ, ірімшік, шаруа майын және тағы басқа, сүт тағамдарын шығарады. Кәсіпорын сәтті жұмыс істеуі үшін, оны қажетті мөлшерде жоғары дәрежелі шикізатпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл араға ең бірінші орынға сүт тапсырушылармен жұмыс істеу жоспары шығады. Шикізаттың тапсырылуы және онымен дер кезінде есептесу кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қазіргі кезде сүт тек қана Меркі ауданынан емес, сонымен қатар Т. Рысқұлов, Қырғызстан Республикасынан, Ұлан өңірінен, Жуалы аудандарынан және тағы басқа көптеген аймақтарынан тапсырылады. Бүгінгі таңда зауытта шамамен 120 адам  тұрақты қызмет атқарады. Негізгі мамандар үлкен  жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі қызметкерлер. Осыған байланысты мамандардың көп уақыты өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға арналған. Осы мақсатта 2004 жылы ірімшік өндіретін бөлімшелердің іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пластикалық әйнектермен жасалған есік, терезелер орналастырылады, құбырлардың техникалық қайта салынуы жүргізілді.

Сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапасының жоғары деңгейге жетуінің тағы бір себебі ол өндірісте ешбір химиялық және өзгеде қосындыларсыз тек қана экологиялық таза өнімді пайдалану болып табылады. Сондықтан, рынокта өнімге деген сұраныс өсуде, оның ішінде Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Байқоныр қалаларын мысалға келтірсек болады. Талмай-қажымай атқарған жұмыстың нәтижесі өндіріліп жатқан өнімнің сапасының артуына септігін тигізді. 2005 жылы «Food Экспо - 2005» атты халықаралық көрмеде алты бірдей алқамен және жоғарғы сапалы «Костромдық», «Янтарь», айран, қаймақ, ірімшік өнімдері атты дипломды иеленді. Осы тектес жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысудың нәтижесінде көпшілік компаниялар мен фирмалар бізді танып, одан әрі бізбен қатынасуға ерік білдірді. 2005 жылы зауыт халықаралық сапа стандарттарды енгізуді айқындайды. Соған сәйкес халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақырды, ал  олар өз кезегінде барлық сапа көрсеткіштерін түпкілікті тексеріп, ірімшік өндірісін халықаралық деңгейге шығаруды растайтын USO-9001-2000 атты сертификатымен куәландырды.Яғни, бұл халықаралық нарықта сауда жасауға толық  құқықтарға ие екенімізді растайтын куәлік  USO сертификаты біздің мақсатымыздың орындалуының алғы шарты еді.Зауытта жұмысшылардың кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырады және өзінің біліктілігін шет елдерде арттыруға мүмкіншіліктері бар.

Зауыт басшылығы аудандағы ең бірінші болып жалақыны көтеріп, ай сайынғы жалақының  үстінен берілетін сыйақының мөлшерін белгіледі. Зауыттың аумағында асхана жұмыс жасайды.

Онда зауыт жұмысшыларына қандай болмысын тағам 50% жеңілдікпен беріледі. Жыл сайын жұмысшылардың балаларын жазғы демалыстарда Тараз, Бішкек қалаларына, оның ішінде аквопарктерге кәсіпорынның қаражаты есебінен жіберіп отырады. Келесі кезекте дене сауықтыру шаралары тұр. Қазір «Меркі ірімшік зауытында» барлық жарыстарда зауыттың атын қорғап жүрген өзіміздің команда бар. Құлмағамбетов Мұраттың бастамашылығындағы командасын мақтанышпен айта аламыз.

Зауыттың тарихына және жұмысына өте үлкен үлестерін қосқан аяулы да ардақты ардагерлеріміздің құрметіне жыл сайынғы қарттар күні мерекесінде ардагерлерге үлкен дастархан жайылып, арнаулы сыйлықтар беріліп тұрады. Қазіргі таңдағы «Меркі ірімшік зауытының» қол жеткізген табыстарын оның президенті Айтуленов Дастан мырзамен байланыстыруға болады.

Биыл сүт шекерн шығаратын өндіріс цехын іске қостық. Сүт шекері тамақ өнеркәсібіне кеңінен қолданылады (балалар тағамдары, сусындар, дәрі-дәрмек жасау үшін). Лактоза өндірудің жылдық көлемін 50 тоннаға жеткізіп, 15 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі кездегі зауыттың алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі – қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа құрал-жабдықтарды лизинг тәртібімен алу. Сондықтан бүгінгі таңда осындай мақсаттарға жету үшін Меркі ірімшік зауытының ұжымы талмай қызмет етуде.

“Меркі ірімшік зауытының” негізгі өндіріс процесі сүт өндіру болып табылады.Сүт тек цехта ғана өндіріледі және олар сүттің тазалығын дәлелдейтін ыдыстарға құйылады.Соңынан арнайы қондырғыларда салқындатылып ыдыстарға құйылады.Осы жағдайлар оның таза болуына ықпал жасайды.

Ірімшік зауыты 2 баспалдақ, 2 эвакуациялық шығатын есік бар. Ірімшік зауытында өртке қарсы дабылдау жүйесі орнатылған. Түтін тарату жүйесі қарастырылмаған.

Ғимаратты табиғи газбен жылыту орталықтандырылған,түнде ғимаратты 3 қызметкер күзетеді.

Жамбыл облысы ТЖБ Меркі ауданы қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігіне байланысты бақылау өткізуі 2014 жылдан–2015 жылдың қаңтарына дейін.

Жамбыл облысы аумағында 2014-2015 жылдың 12 ай ішінде 787 өрт болып олардан түскен зиян шығыны 385550 теңгені құрады. Болған өрттердің салдарынан 11 адам қаза тауып, 21адам жарақаттанды. Өткен жылдың статистикалық мәліметтерімен салыстырғанда бұл жылғы болған өрттер саны 12,2% (2011-896), бірақ та материалдық шығын көбейіп отыр 2,4% (2012ж-376578 мың теңге). Өртте өлгендер мен жарақаттанғандардың көрсеткішін салысырғанда адам өлімі 47,6 пайыз (2012ж. – 21 адам) төмендеген, бірақ жарақат алушылардың саны артып отыр 61,5% (2012- 13адам).

Өрт қауiпсiздiгiнде бiр маңызды көрсеткiш бақылаудағы нысандардағы өрттердің көрсеткiшi болып табылады. Бақылаудағы нысандардағы өрттерді төмендету әдеттегiдей алдын алу жұмыстарын тиiмдi жүргізу болып табылады. Осындай нысандардағы өрттерге мысал келтіре кетсек:

2001 жылы 21 наурызында 02 сағ. 48 минутта Алматы қаласындағы май зауыты жанды. Өрт кезінде 4 адам жану өнімдеріне уланып зардап шекті. 200 м2 ауданда қойма өндірісінің 3 бөлімі жанып, 5.500.000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

2002 ж. 2-сәуірінде «Достар-маркет» территориясында өрт болды, тамақ өнімдерін сататын 250 м2 ауданды алып жатқан 40 киоскі жанды. Өрттен түскен шығын 6.732.824 теңгені құрады.

2002 ж. 29-наурызында Алматы қаласындағы «АлматыТехСнаб» АҚ қойма базасының территориясындағы кинотехника қоймасында өрт п.б. Қойманың бөлмелерінде 500 м2 ауданды алып жатқан автомобиль покрышкалары (штабельдерде) жанды. Өрт жалынынан тауар түгелімен, ал ғимараттың көп бөлігіне ауыр зиян тиді. Әлемдік деңгейдегі өрттерден мысал ретінде 1967 жылғы Брюссельдегі «Инновасьен» дүкеніндегі өрт мысал бола алады. Өрттің тез таралуынан және қою түтін концентрациясынан 325 адам қаза тапты. Өрт бутан баллонының жарылысынан туристік қондырғылар бөлімінде шамамен 13 сағат 30 минутта п.б. Жалынның әсерінен туристік заттар, әсіресе палаткалар лезде жана бастады. Әрі қарай көрген-білгендердің айтуынша өрт үлкен бір кварталды алып жатқан ғимаратты тез арада-ақ жалынға ораған. Сатып алушылар және 1200 адамға жуық қызмет көрсету персоналы арасында үрей п.б. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгенше ғимарат өртке оранып жатты. Өрт сөндірушілердің бар күші эвакуация шараларына және көршілес орналасқан ғимараттарды өрттен қорғауға жұмсалды. Сол кезде алты қабатты сауда ғимараты түгелімен өртеніп кеткен еді.

Келтірілген мысалдардан ой түйіндесек, сауда кешендеріндегі өртті сөндіруге өртке қарсы қызмет мекемелерінің көп күш пен құралдарын тарту керектігін түсінеміз. Өрт тез тарайды, адам өміріне үлкен материалдық шығынға алып келеді.

Экономикамыздың жылдан-жылға дамып, соның ықпалымен өрт күзеті гарнизондарының техникалық жарақтануы жаңа биіктерге көтерілгеніне қарамастан, сауда орындарында өртті ликвидациялау әлі де болса аса ауыр да күрделі болып қала береді.

Мұндай өрттерді сапалы түрде сөндіру үшін басқарушы құрамның және кезекші қарауылдың жеке құрамның тактикалық дайындығын жетілдіру керек сияқты. Менің ойымша мұны іске асыру үшін гарнизон масштабында өрт-тактикалық оқу-жаттығу шараларын және өрт-тактикалық шешімі бар сабақтар өткізу қажет.


1.2. Архитектуралық-жоспарлық шешім, конструкциялар сипаттамалары.

Фундаменттер – жиналған темір-бетонды және жиналған бетонды блоктардан ленталы, столбты.

Ішкі және сыртқы қабырғалары силикатты кірпіштен.

Аралықтары - қалыңдығы 120,99 мм силикатты кірпіштен.

Аражапқыштары – жиналған темірбетонды плиталар.

Прогондары – жиналған темірбетонды.

Перемычкалары – жиналған темірбетонды.

Сатылары жиналған темірбетонды марштардан және алаңдардан.

Шатыры жұмсақ битум негізіндегі 5 қабатты руберойд.


Желдету.

Желдету табиғи терезелерден. Тартылған механикалық желдету функцияланған.



Өрт ауыртпалығы.

Негізгі жану ауыртпалықтары:

орындықтар мен үстелдер;

тұрмыстық заттар;

қағаз;

кеңсе заттары;



сауда материалдары;

жиһаздар;

бояулар;

қабырға қаптаулары т.б.



Көшіру жолдары.

Қабаттардан қызметкерлер және келушілерді көшіруге саты торлары, сыртқы өрт сатысы сонымен қатар негізгі кіру және шығу есіктері және корпустар арасындағы өтпелер қарастырылған. Келушілерді көшіру сауда кешенінің жанында жол бойында орналаскан кафе ғимаратында жүргізіледі.


Жылу жүйесі.

Жылу жүйесі орталықтандырылған (сулы).



1.3. Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау.

    1. жүктеу 1,75 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау