«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі: Орал қаласы, Желаев селосы, Агрегатная көшесі 16/1 үй, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 274584, факс 8-(7112) 274584, электрондық адресі: bko_akimat.zhelaevo@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды.
Орал қаласының Желаев селолық округі әкімінің аппараты бас маманы E-G-3 санаты, лауазым индексі 00-1.1-4 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысының мерзіміне), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, қаржы) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе ауыл шаруашылық ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары, білім беру (педагогика, психология, информатика, биология, тарих, экономика және құқық негіздері, география, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, шет тілі) бойынша, жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалдық міндеттері: Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Округ аумағында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi.Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Округ әкімі актілерін (өкімдерін) дайындау және олардың орындалуын бақылау. Кадрлық сұрақтар, қызметкерлердің жеке ісін жүргізу. Жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға және қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға. Кадр сұрақтары бойынша тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және басқа да комиссия қызметін ұйымдастырады. Аттестациялық және конкурстық іріктеу өткізудің тәртібін сақтауды қамтамассыз ету, мемлекеттік қызмешілердің қызметтік жоғарылауы, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жазаға тартылуы, жұмыстан босатылуы.Тағылымдаманы ұйымдастыру, тәлімгерлік қызметті, бағалау, оқу, қайта даярлау және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін дамыту және оларды қолданудың реті. Мемлекеттік қызметшілердің жеке құрамы, баға нәтижесі, аттестация және оқудан өту мәліметтері есебін жүргізуді жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілердің, штаттан тыс және қоғамдық қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Округ аумағында мәдени-бұқаралық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру, соның ішінде мемлекеттік мерекелер мен спорттық іс-шараларды өткізу. Әкімнің ҚР Заңнамасына қайшы келмейтiн ауызша және жазбаша өкімдерін орындау.
Жұмыс тәжірибелері келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: Е-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық,стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану,сыбайлас жемқорлыққа төзбеушлік.
Жұмыс тәжірибелері келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
нысан бойынша жазылған өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама.
Білімі туралы құжаттардың нотариалдық көшірмелері.
Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпараттар да бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған «Орал қаласының Желаев селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешіміне қатысты уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |