Дәріс №9
Спирт өндірісінің құрал жабдықтары №2
Жоспар:
Шикізатты пісіруге арналған құрал-жабдықтар.
Іркілдіні суытуға және қанттандыруға арналған құрал-жабдықтар.
Ашытуға арналған құрал-жабдықтар. Брагоайдау аппараттары.
1. Майдаланған шикізатты пісіруге арналған жабдықтар араласпаны (замес) дайындауға және оны пісіруге арналған жабдықтар деп екіге жіктеледі.
Үздіксіз әрекетті пісіру жабдықтарындағы араластыру негізінен араластырғыш-алдын ала қайнатқышта жүзеге асырылады, ол астау тәрізді араластырғышы бар көлденең немесе тік цилиндр тәрізді араластырғыш.
Тік цилиндр тәрізді араластырғыш (9.1 сурет) мадаланған шикізатты сумен араластыруға арналған пропеллерлі араластырғышпен жабдықталған. Шикізат араластырғышқа түтікше арқылы беріледі, ал су - құбыр арқылы, суды шашыратып тарату үшін диаметрі 2 мм болатын саңылаулар орнатылған. Құбырдың соң жағы тұйықталған. Суды мұндай жолмен беру араластырудың біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Араластыру барысында процесс жыланша арқылы қыздырылады. Араластырығыштағы масса деңгейін электрлік сигнализатор арқылы реттеледі. Араластырғыштың жұмыс жасау режимін бақылау корпус кранына орнатылған сынама алу штуцеры арқылы жүзеге асырылады. Аралстырғышқа берілетін су температурасы 45 0С тан аспауы керек, олай болмаған жағдайда майдаланған өнімде түйіршіктер пайда болады, олар кейін піспей қалады.
Сурет 9.1 – Тік цилиндр тәрізді араластырғыштың сызбасы
Пісіру бірінші және екінші сатыдағы колонналарда, сондай-ақ құбырлы пісіру жабдығында жүзеге асырылады (Кесте 9.1).
Кесте 9.1 – Пісіру колоннасының және жабдықтарының техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
Пісіру колонналары
|
Құбырлы пісіру жабдығы
|
Жабдықтың өнімділігі, дал/тәул
|
800-1200
|
1700-2500
|
1700-2500
|
|
|
|
|
Саты саны
|
бірінші
|
екінші
|
бірінші
|
екінші
|
-
|
Диаметрі, м
|
900
|
500
|
1300
|
800
|
0,148
|
Биіктігі, м
|
6855
|
5625
|
7915
|
6880
|
-
|
Салмағы, кг
|
2800
|
800
|
500
|
1642
|
-
|
Тік құбырдың ұзындығы, м
|
-
|
-
|
-
|
-
|
64
|
Жабдықтың жалпы сиымдылығы, м3
|
|
|
|
|
1,5
|
Бірінші сатының пісіру колоннасы (9.2 сурет) дәнекерленіп бекіілген. Оның ішінде цилиндр тәрізді құбыр бекітілген; құбырдың жоғары бөлігінде түтікшемен пісірілетін масса берілетін шашыратқыш түтікше орнатылған.
Сурет 9.2 – Бірінші сатыдағы пісіру колоннасының сызбасы
Құбырдың төменгі жағынан бу беріледі. Колоннаға құбырды орнату массаның жақсы араласуына алғышарт болады. Колоннада сондай-ақ масса деңгейін бақылауға арналған сигнализатор орнатылған. Жөндеу жұмыстары барысында ынғайлы болуы үшін колоннада люк орнатылған. Колоннада манометр және сақтандырғыш клапан орнатылған, ал ішінде төмен жағынан алмастырылатын қорғаныш ұстағыш орнатылған. Термометрді орнату үшін гильза қарастырылған.
Жылдам түрде пісіру құбырлы пісір жабдығында жүзеге асырылады (9.3 сурет). Ода араластыру бумен байланысқан басша көмегімен жүзеге асырылады. Қызыдырылған масса байланысқан басшасынан жабдықтың тік құбырына келіп түседі. Бу жабдықта жиналмайды, қысымның төмендеуі салдарынан құбырдағы масса шығарылуға дайындалады, бұл жерде қысым төмендейді. Бұл ретте одан екіншілік бу бөлінеді. Диафрагма мен байланыстырғыш өткелден өту барысында масса мен будан тұратын қоспа араластырылады және диспергирленеді.
Сурет 9.3 – Құбырлы пісіру жабдығының сызбанұсқасы
Құбырлы пісіру жабдығы байланыстырғыш баспен және тік құбырларға фланцалармен бекітілген, жоғары және тқменгі бөлікті байланыстыратын тік құбырлардан тұрады. Фланцалы байланыстырғыштарда диафрагма орнатылған. Өнім өтуі бойынша диафрагма төрт топқа бөлінген, әр топта 6 диафрагма болады. Әр топтың диафрагмасының ішкі диаметрі бірдей болатын саңылаулары болады: бірінші топта – 40 мм, екінші топта – 45 мм, үшінші 50 мм, төртінші – 55 мм. Диафрагмаларда массаның көлемі мен жылдамдығы саны артқансайын өседі, ол массаның диспергирленуін қамтамасыз етеді. Жабдықтан шыға берістегі қысым клапан көмегімен реттеліп отырады.
2. Салқындатылған массаны уыт сүтімен араластыру және оны қанттандыру қанттырғыш қондырғыда жүзеге асырылады (9.4 сурет). Габариттері аз болатын қанттандырғыш табан жағы конус тәрізді, корпусы цилиндр тәрізді жабдық. Масса араластырғышпен араластырылады. Уыт сүті дозатор көмегімен беріледі. Массаның тұрақты деңгейі қалтқы (поплавка) және секторлы дозатордан тұратын реттеліп отырады. Қанттандыру қондырғысын жөндеу мен жуу үшін люк орнатылған.
Вакуумды-салқындатуда қанттандыру жабдығының сиымдылығы оған келіп түсетін массаның ұзақтығын бөле отырып анықтайды (5-6 мин). Толтыру коэффициенті 0,65 ке тең. Диаметрінің биіктігіне қатынасы 1,2-1,25 тең.
Бірінші сатыдағы қанттандыру жабдығының сиымдылығы оған 30-60 мин ішінде келіп түскен массаны өлшеу арқылы жүргізіледі. Тотыру коэффициенті 0,8 ге тең. Бірінші сатының минимальды сиымдылығы 3м3 тең. Жыланшадағы су жылдамдығы 0,8-1,0 м/с. Қондырғының цилиндр тәрізді бөлігінің биіктігі қанттандыру жабдығының диаметірінің 0,5 тең деп қабылданады.
9.2 кестеде зауыттың өнімділігіне байланысты қанттандыру жабдығының өлшемдері берілген.
Кесте 9.2 – қанттандыру қондырғысының техникалық сипаттамалары
Көрсеткіштер
|
Спирттің тәуліктік өнімділігі, дал
|
1000
|
1500
|
2000
|
Масса мөлшері, м3/мин
|
0,126
|
0,189
|
0,25
|
Қанттандырғыш сиымдылығы, м3
Жалпы
Пайдалы
|
1,1
0,630
|
1,6
0,945
|
2,1
1,255
|
Қанттандырғыш өлшемдері, мм:
Диаметрі
Биіктігі
Люк диаметрі
|
1050
1200
400
|
1200
150
400
|
1300
1600
400
|
Араластырғышқа қажетті қуат, кВт
|
1,0
|
1,5
|
1,9
|
Бірінші сатының вакуум-буландырғыш-қанттандырғыш жабдығы массаны (9.4 сурет) 104-105 0С-тан 58-620С-қа дейін салқындатуға және оны қанттандыруға арналған. Масса жабдыққа түтікше 5 арқылы беріледі, осы түтікшеде қанттандыратын агентте беріледі. Қондырыдан шығ барысында масса бу бөліну салдарынан белсенді түрде диспергирленеді, ол оның араласуына және біркелкі қанттануына негіз болады. Масса конус 1 арқылы жұқа қабықшамен төмен қарай ағады және үріңкеге 4 келіп түседі, ары қарай конусқа 3 беріледі де, бұл жерден вакуум-буландырғыш-қанттандырғыш жабдығының төменгі жағына беріледі. Булыгазды масса конус 1 бойымен араласқан бөлшектердің сепарациясы үшін шығару түтікшесіне беріледі.
Буландырғыш камерасының диаметрі ондағы будың қозғалу жылдамдығына байланысты болады, ол 1 м/с құрайды. Камераның жалпы биіктігін екі диамтер мәніне тең деп есептейді. Камераның төменгі конусының қабырғысы 45 0-қа иілген. Өнім құбырының диаметрін одан шығатын эмульсия жылдамдығына тең деп алады және ол 50-60 м/с тең. Шығару түтікшесіндегі массаның жылжу жылдамдығы 1 м/с. Екіншілік буды шығаруға арналған құбырдың диамтері өнім құбырының диаметрінен 25 мм үлкен болады.
Сурет 9.4 - Бірінші сатының вакуум-буландырғыш-қанттандырғыш жабдығы
Буландыру каерасынан келіп түсетін буды конденсациялау үшін сөрелі конденсаторды немесе буды конденсациялау үшін су жіберілетін ылғалды-ауалы насосты қолданады (9.5 сурет). Конденсатордың корпусында саңылаулары бар көлденең сөрелер орнатылған, ода жоғарыдан келетін су ағады, бу төменге беріледі. Сөрелерде вакуумда жүк көп болып кеткен жағдайда вакуум тербелісін жұмсартатын судың қоры болады. Конденсатордың төмен жағына суд шығару үшін барометрлі құбыр бекітілген.
Сурет 9.5 – Сөрелі конденсатор
3. Ашыту қондырығысы (9.6 сурет) табаны конус тәрізді цилиндр пішінді жабдық. Қондырғы №3 болаттан қалыңдығы 6-8 мм болатындай етіп дәнекерлеу арқылы жасалады. Чан ішінде массаның ашуы барысында жылуды шығаруға арналған диаметрі 51-76 мм болатын құбырдан жасалған жыланша 1 орнатылған. Масса штуцер 4, ал ашытқы штуцер 3 арқылы беріледі. Ашу барысында бқлінетін көмірқышқыл газы түтікше 5 арқылы шығарылады.
Сурет 9.6 – Ашыту қондырғысының сызбанұсқасы
Қондырғыны қарау және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 және 10 люк орнатылған. Ашу үрдісін бақылау үшін жарықтандырғыш 7 көмегімен қарау терезесі 8 арқылы жүргізіледі. Термометрлер гильзаларға 9 орнатылған. Штуцерге қондырғының буланып кету барысында вакуум болуын тудырмайтын штуцер 6 орнатылған. Ашудың үзіксіз-аынды әдісінде қайта қарау құбырларында дискті затвор орнатылады, оның көмегімен чан жуу мен дезинфекциялану үшін батареядан ажыратылады.
Брагоайдау қондырғысы. 9.7 суретте бір колонналы брагоайдау қондырығысының сызба нұсқасы берілген, ол колоннадан, көлденең құбыры бар екі барабанды дефлегматордан және құрам типті спиртті салқындатуға арналған тоңазытқыштан тұрады. Колонна екі бөліктен тұрады: жоғарғы – спирттік және төменгі - ашыту. Тоңазытқыштың жоғарғы құбырлы бөлігідефлегматордан келетін сулы-спиртті буды конденсациялау үшін қажет; төменгі жыланша тәрізді бөлігі – конденсатты салқындату үшін қажет.
Бражканы дефлегматор түтікшесі арқылы насоспен айдайды, мұнда ол дефлегматорда конденсацияланатын жылы бумен қыздырылады. Жылытылған бражка қарау фонары арқылы өте отырып, ашыту колоннасының төменгі жағына беріледі. Оның мөлшері монометрлік бу реттегіші көмегімен реттеледі.
Артық бражка қалтқы реттегіші арқылы шығарылады. Шығарылатын бардадағы спирт мөлшері сынама мұздатқышы арқылы бақыланады. Ашу колоннасынан спирт буы спирт колоннасының жоғары жағына беріледі. Осы колоннаның табақшаларында олар беріктігі арттырылады және дефлегматорға беріледі.
Сурет 9.7 – Бір колонналы брагаайдау жабдығының сызба нұсқасы
Дефлегматорда пайда болған флегманы спирт колоннасының жоғарғы табақшасына береді; конденсацияланбаған бу тоңазытқышқа беріледі, мұнда ол спирт-шикізатын түзе отырып конденсацияланады және мұздатылады. Спирт-шикізаты сүзгі арқылы өтеді және фонаьға қарай ағады. Гидравликалық сақтандырғыш қондырғыда вакуум түзілуін болдырмайды.
Брагоайдау қондырғысын есептеу үшін бастапқы мәліметтер ретінде оның өнімділігін, бражкадағы және спирт-шикізатындағы спирт мөлшерін алады. Бұл көрсеткіштерді есептеу үшін алдымен қондырғыдағы табақшалар санын, колонна диаметрі мен биіктігін, бумен бражканы кіргізуге арналғанштуцер диаметрін, спитр-шикізаты мен барда буын шығаруға арналған штуцер диаметрін есептеу керек. Бу мен су шығыны жылулық есептеумен жүргізіледі. Қондырығынң элементтерінің қаттылығын тексеру үшін қондырығының детальдарының механикалық есептеулерін жүргізеді.
Кесте 9.3 – Бір колонналы брагоайдау қондырғысыныңтехникалық сипаттамалары
Қаттылығы 7,5 об % болатын бражканы айдау барысындағы өнімділік, дал/тәул
|
500
|
Бражка колоннасының жұмыс жасау режимі:
Артық қысым, МПа
Орташа температура, 0С
|
0,05
100
|
Қондырғы салмағы, кг
|
9566
|
Колонна диаметрі (ішкі), мм
|
700
|
Колонна биіктігі, мм
|
8240
|
Табақшалардың жалпы саны
|
27
|
Екі барабанды дефлегматор:
Барабан диаметрі (ішкі), мм
Ұзындығы, мм
Жылуалмасудың жалпы ауданы, м2
Салмағы, кг
|
600
3465
32
495
|
Спирт тоңазытқышы:
Диаметрі (ішкі), мм
Биіктігі, мм
|
600
3806
|
Беттік салқындаиу ауданы, м2
Құбыр бөлігі
Жыланша бөлігі
|
20
5
|
Дефлегматор салмағы, кг
|
1037
|
Спирт өндірісінде көлденең дефлегматорларда кеңінен қолданылады. Олардың техникалық сипаттамасы 9.4 кестеде берілген.
Кесте 9.4 – Көлденең дефлегматордың техникалық сипаттамасы
Беткі жылуалмастырғыштың ауданы, м3
|
Өлшемдері, мм
Ұзындығы х ені х биіктігі
|
Салмағы, кг
|
Барабан диаметрі, мм
|
3,6
7,2
12,5
16
25
31,5
40(вак)
63
63(вак)
100
40
63
80
100
200
|
1930х515х525
3380х520х530
2400х600х520
3018х752х776
2995х845х856
3600х870х945
3500х950х950
3485х890х1940
3632х1346х2095
3206х1185х1340
3370х795х1850
3485х890х1940
3470х935х1990
3618х1080х2235
3220х1300х2780
|
279
382
535
748
1089
1138
1488
2383
2611
2835
1731
2383
2987
4423
5510
|
300
300
500
500
600
600
700
900
900
1000
2 секция
500(F=20м2)
500(F=20м2)
2 секция
600(F=31.5м2)
900(F=31.5м2)
2 секция
700(F=40м2)
700(F=40м2)
2 секция
800(F=50м2)
800(F=50м2)
|
Достарыңызбен бөлісу: |