Гломерулонефрит кезіндегі медбикелік үрдіс Емделушіден денсаулығы жайлы ақпарат жинау



жүктеу 20,11 Kb.
Дата23.05.2020
өлшемі20,11 Kb.
#30620
Зәр шығару медбикелік үрдіс


Гломерулонефрит кезіндегі медбикелік үрдіс

  1. Емделушіден денсаулығы жайлы ақпарат жинау. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы бар ма сұраймыз. Шөл, әлсіздік мазалайма? Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді, соған мән береміз. Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады ма? Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезімі бар ма?

Емделушінің ауру тарихымен танысу

  1. Мейірбикелік диагноз қою. Зәр шығару қызметінің бұзылуына байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер мейірбикенің диагнозы болып табылады. Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады. Осыған қарап бір бірінен ажыратады. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына ұқсайды.

  2. Күтім шараларын жоспарлау.

  • Бел маңайы ауырсынуларды басу

  • Дене қызуы көтерілгенде, артериялық қысым көтерілгенде дәрілер беру

  • Төсек тәртібі

  • Зәрдің толық және жеткілікті түрде шығуына жағдайлар жасау

  • Гигиеналық шараларды сақтауда науқасқа түсіндіру қажет болған жағдайда көмектесу

  • Науқастың тамақтану рационына арнайы диеталық столды енгізу және де туыстарына ескерту

  • Медбике жоспар құрып болған соң оны науқаспен таныстырып, науқастан рұқсат алу

  • Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихқа жазылуы керек

  1. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

  тәуелді – дәрігіердің нұсқауын орындау, науқасты рентгенологиялық, ультра дыбыспен зерттеуге және зертханалық тексеріске дайындай білу, цистоскоп арқылы тексеріске қатысу.

тәуелсіз – бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында науқастың жалпы жағдайын қадағалап, оны бағалай білу. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады. Диетотерапия

Бір – біріне тәуелділік қатынастары – дәрі – дәрмектермен ем жүргізуіді іске асырып, қолдану. Гломерулонефрит - егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады. Антибиотиктің ағзаға тигізетін әсерін бағалай білу. Антикоагулянттық және антиагреғанттық ем. Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының, шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиаг-реғанттарды қолдануды қажет етеді. Патогенездік ем(стероидтық гармондар). Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады. Науқастың жазылуына психологиялық көмек көрсету.


  1. Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Егер жоспарланған күтім ерекшелігі жағымды көрсеткіш нәтижесін бермесе (пациенттің мәселелері жойылмаса), онда күтім жоспары қайтадан қарастырылып, жаңадан басқа түрде өңделген жоспар құрылады. Қалыпты жағдайда науқаста ауруханадан шыққанда ісіктер болмайды, ауырсынулар басылады, зәр шығару қалыпты. Артериялық қысым өз нормасына келеді. Талдаулар нәтижесі оң болады. Егерде созылмалы гломерулонефрит ұласса онда биопсия алынып, әрі қарай осының нәтижесі бойынша жоспар жасалып емдейді.
жүктеу 20,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау