Сабақтың тақырыбы: Қуат. Қуат бірліктері. Сабақтың мақсаты



жүктеу 33,1 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі33,1 Kb.
#530
түріСабақ

7 -сынып

Сабақтың тақырыбы: Қуат. Қуат бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға ғылыми негізде қуат түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін түсіндіру.

  3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адмагершілікке баулу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция, сұрақ-жауап, салыстыру

Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, электронды оқулық., плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. Жұмыс дегеніміз не?

  2. Жұмыс ұғымы неліктен енгізілген?

  3. Жұмысты қалай есептеуге болады?

  4. Жұмыстың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

Қуат

Сол бір жұмыс әр түрлі уақытта істеліне алады. Егерде, мысалы, құм салынған қапты қандайда бір қашықтыққа тасымалдау талап етілсе, онда адам оны бірнеше минутта жеткізе алады, ал бір түйірден таситын құмырсқа үшін бірнеше жыл керек болады.

Жұмыстың істелу тездігі қуатпен сипатталады. Қуат уақыт бірлігінде (СИ жүйесінде – 1 сек-та) қандай жұмыс істелінетіндігін көрсетеді. Егерде, мысалы, 2 сек-та 6 Дж жұмыс істелінсе, онда 1 сек-та 2 есе аз жұмыс істелінеді. 6 Дж-ды 2 сек-қа бөліп 3 Дж/сек-ты аламыз. Осы қуат болып саналады.

Сонымен, қуатты табу үшін жұмысты осы істелген жұмысқа кеткен уақытқа бөлу керек:



қуат = 

жұмыс

,



уақыт

немесе

N = 

A

.

 (19.1)



t

мұндағы

N — қуат, А — жұмыс, t — уақыт.

СИ жүйесінде қуат бірлігі ватт (1 Вт) болып саналады. 1 Вт – бұл 1 сек.-та 1 Дж жұмыс істелінетін қуат:

1 Вт =1 Дж/с.

Бұл бірлік алғашқы бу машинасын құрастырған ағылшын өнертапқышы Дж. Ватт (Уатт) (1736—1819) құрметіне осылай аталған. Уаттың өзі бу машинасы мен аттың күшін салыстыру мақсатымен енгізген қуаттың басқа бірлігін – ат күшін (1 а.к.) пайдаланған:

1 а. к. = 735,5 Вт.

Техникада қуаттың тым ірі бірлігі – киловатт пен мегаватт қолданылады:

1 кВт =1000 Вт, 1 МВт =1000 000 Вт.

Қуат кез келген қозғалтқыштың сипаттамасы болып саналады. Әр түрлі қозғалтқыштың қуаты киловаттың жүздеген және ондаған бөлігінен (электр ұстарасының, тігін машинасының қозғалтқыштары) миллиондаған киловаттқа (ғарыштық кемелердің ракета-тасығыштарының қозғалтқыштары) дейін барады.

Жүректің өндіретін орташа қуаты 2,2 Вт-қа тең. Ал адам орнынан секіру немесе ауырлықты көтеру кезінде қуатты мың есе артық дамыта алады.

Қуатты біле отырып, жұмысты есептеуге болады. (19.1) формуладан мынаны аламыз:



 

A = Nt.

 (19.2)

Жұмысты табу үшін қуатты жұмыс істелінген уақытқа көбейту керек.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§64 дайындық сұрақтарын талдау.



  1. Қуат дегеніміз не?

  2. Қуат ұғымы неліктен енгізілген?

  3. Қуатты қалай есептеуге болады?

  4. Қуаттың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есеп шығарту.



36-жаттығу №1,2,3 есептерін тақтаға шығару

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §64 дайындық сұрақтары 36-жаттығу
жүктеу 33,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау