Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылар. Пневматикалық уыт өндіру қондырғылары



жүктеу 6,84 Mb.
бет1/18
Дата09.01.2022
өлшемі6,84 Mb.
#32133
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ашыту курал жабдық лек


2-дәріс.
Жоспар:

  1. Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылар.

  2. Пневматикалық уыт өндіру қондырғылары.

  3. Уытты кептіруге арналған құрал-жабдықтар.




  1. Уыт өндіру және сыра қайнату зауыттарында ұзақ мерзімге арпа, қарабидай, бидай және т.б уыт, сыра, квас және емдік профилактикалық концентраттар мен өндіруге арналған дақылдар сақталады.

Арпадан дайындалған сыра концентраттар және алькогольсіз сусындар дәмдік қасиетімен және химиялық көрсеткіштермен басқа дән шикізаттарынан асып түседі. Сондықтан уыт өндіру, сыра қайнату зауыттары арпаның түрлі сұрыптары мен түрлерін сақтайды және өңдейді.

Уыт цехына немесе зауыттардың элеваторына келіп түскен дән құрамында түрлі қосындылар болады және көбінесе ылғалдылығы жоғары болып келеді. Бұл күйіндегі дән массасы ұзақ сақтала және өңделе алмайды. Ол тазаланып, кептіріліп.сұрыпталып және белгілі жағдайда сақталынуы керек.

Арпа бетінде түрлі органикалық және бейорганикалық заттар кездеседі. Олар оттегіні сіңіріп улы заттарды бөлетін микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан жібітуден алдында дәндерді тазалап жуады, кір суды төгіп тастап отырады.

Арпаны жібітуден алдын судың кермектілігін ескере отырып түрлі жуғыш дезинфекциялаушы заттарды және т.б. пайдаланады. Ағынды суларды ластап және арпа дәндерді жинала отырып санитарлық және гигиеналық көзқараспен қарағанда жуғыш және дезинфекциялы заттар зиянсыз болуы керек.

Арпаны тазалауды жақсартушы фактор бұл жуу кезінде жылы және ыстық суды пайдалану. Жібітуге арналған су құрамында физикалық, химиялық және биологиялық ластар болмауы керек және ауыз суға қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек.

Арпаны жібіту сыра қайнату және квасты уыт өндірісіндегі маңызды сатысы болып табылады. Ылғалдың жеткіліктігі оттегінің болуы және температураның оптималдығы уыт өндірудің негзізгі жағдайы.

Арпаның ылғалдылығы оның бастапқы ылғалдылығы ( 10-15%) мен жібіту мерзіміндегі оның сіңірген су мөлшерінен тұрады. Арпаны жібітудің оптималды дәрежесі 42-50% және ол арпа сұрпы мен одан алынатын уыт түріне байланысты болады.

Жібіту кезінде су негізінен ұрықтың микрокапиллярлы саңырауқұлақтары арқылы дәнге енеді. Судың бір бөлігі қабаттың бүкіл беткі жұмсағы арқылы дәнге енеді.

Арпаны жібітудің жылдамдығына оның химиялық құрамына айтарлықтай әсер етеді. Ұрықтағы ісіну бейімдігі жоғары ақуызды заттардың мөлшерінің арқасында ұрық бүкіл массасымен суды сіңіреді.

Құрамында негізгі массасы бар эндосперма баяу ісінеді, сәйкесінше оның талшықтары суды төмен дәрежеде сіңіреді. Сондықтан жібіту құрамы мен өлшемі бойынша біртекті және біраймақта өсірілген дәндерді бірге жібереді.

Дәндерді жібітудің ұзақтығы мен дәрежесі судың температурасына, жібіту әдісіне және де дәннің өлшемділігі мен жағдайына байланысты болып келеді. Судың температурасы жібіту жылдамдығына әсер ететін негізгі фактор болып есептеледі. Температура жоғарылаған сайын ақуыздың, жасунықтың, крахмалдың ісінуі жоғарылайды және судың тұтқырлығының төмендеуі нәтижесінде судың диффузиясының жылдамдығы артады. Сонымен 200 температурада суда жібіткенде, жібіту дәрежесі 45% болады және 100С температурада сумен салыстырғанда 2есе артады.

Сонымен судың температурасы жоғарылаған сайын арпаны жібіту уақыты қысқарады. Бірақ 150С температурадан асқанда микроорганизмдердің көлемі белсенділік түрде жүреді. Оларды ингибирлеу үшін өндірісте кең түрде антисептер қолданады. Олар сонымен қатар дәннің стимуляторы болып табылады. Жібітудің максималды температурасы 300С температурадан жоғарлатқанда, уыттың қанттандыруы және іркіндіні сүзу жылдамдығы құлайды, ал жіңішке және ірі ұнтақта экстрактілердің шығу айырмасы көбейеді.

Көміртегі диоксиді мен оттегі арпаны жібіту жылдамдығына әсер етпейді, алайда олар дәннің физиологиялық жағдайын реттейді.

Арпаны жібіту жылдамдығына оның өсірілген климаттың жағдайы әсер етеді. Ыстық және құрғақ ауада өсірілген және піспеген арпаны жібіту үрдісінде суды өте баяу сіңіреді.

Арпаны жібіту үрдісін қалыпты жүргізу және жоғары сапалы уытты алу үшін уақытылы көміртегі диоксидін, спирттерді органикалық қышқылды және т.б. демалу кезінде түзілетін өнімдерді алып тастау керек. Олар дән ұрығының өсуі мен өнуін тежейді.

Сыра қайнату өндірісінде уытты өндіру процесінде арпаны үш әдіспен жібітеді:



  1. ұзақ мерзімді ауалы үзіліс арқылы жүреді;

  2. ауалы үзіліспен шашырату арқылы жібіту;

  3. ауалы шашырату арқылы жібіту;

Жібіту процесінің соңында дәнді өндіру үшін өсімдіктің өсуі мен дамуына әсер етуші биологиялық стимуляторды қосады. Мұндай стимуляторға А1, А2, А3, А4 гиббереллиннен тұратын топ жатады. Ең белсендісі гиббереллин А3 (С19 Н22 О0) – гиббереллинді қышқыл, ол дәнді қалыпты жағдайдан шығарады және оның өнуін жылдамдату үшін пайдаланады.

Уыт өндіру цехтарында арпаны жууды, дезинфекциялауды және де жібітуді қатарынан бірге жүргізетін тәсімді қолданады (1 сурет).

Қоймадан арпа арнайы ұыбыр арқылы 1 автоматты таразыға 2 беріледі және де ары қарай бункерге 3 бағытталады. Арпаны жібіту алдында арнайы жабдықта 4 жуады және дезинфекциялайды. Жуу барысында пайда болған ағынды немесе ағын су (арпаның жарты дәдері мен қабықшасы) бункерде 5 жиналады, содан соң барып суынан ажыратқышқа 6 өтеді, және де ары қарай кептіргішке 7 жіберіледі. Кептіріліген ағынды бункерге 11 жиналып ары қарай малға азық ретінде жіберіледі. Арпаны жуу мен дезинфекциялау барысында 9 бакта дайындалған ранайы ерітінді қолданылады. Олар ары қарай насоспен 10 арнайы 4 жабдыққа жуу мен дезинфекциялау үшын айдалады. Жуу мен дезинфекциялаудан соң арнпа насоспен 10 жібіту жабдығына 8 жіберіледі.

Сурет 1- Арпаны жуу, дезинфекциялау және жібітудің тәсімі


Арпаны жібіту үшін ауалы-сулы (үздіксіз су мен ауа ағынында), шашыратқышты, ауалы-шашыратқышты және де қосылған («барлығы жәшікте») әдістерді пайдаланылады.

Уыт өндірісінде негізінен цилиндрлі қондырғыларды қолданады (2 сур). Қондырғының ортасында тігінен циркуляциялық құбыр бекітілген, ол эрлифт тәрізді жұмыс істейді және дәннің циркуляциясын реттейді. Циркуляция кезінде дән мұқият шайылады, О2 қанығады және ол жерден СО2 алып кетіледі. Мұнда жібітілген арпа өзіндік ағу арқылы түсіріледі. Құбырдың жоғары жағында тойтарғыш орнатылған. Цилиндр бөліктің жоғары жағында түсетін дәндерді ұстауға арналған торлы қорап бекітілген. Конустың тқменгі жағында дәнді түсіруге арналған тор, вентиль және де таза және лас суға арналған құбыр орнатылған.

Жібітуге арнғалған жабдықтар әдетте болаттан және темірден жасалады, және де олардың коррозияны және жібіту үрдісінің материалған теріс әсерін болдырмайтын арнайы бояу жағылады.

1 – орталық құбыр; 2 – тойтарғыш; 3 – сығымдалған ауа құбыры; 4 – барботер; 5 – тор; 6 – дәнді шығаратын саңылау.

Сурет 2 – Арпаны жібітуге арналған қондырғы
Ауалы- шашыратқышты әдіспен жібіту процесін жылдамдату үшін , аппаратты қосымша желдеткіштермен жабдықтайды, бұл дәннің демалу процесінде түзілген СО2 алып кетеді. Дән кезек-кезек сумен шашыратылады, сосын ауа үрленеді. Шашырататын судың температурасының жоғарылауы жібітуді жылдамдатады.

Сонымен қатар, арпаны жібіту үшін табаны тегіс қондырғылар да қолданылады (3 сур). Оның үлкен сиымдылықтағы арнайы ыдыс, көлденеңінен орналастырылған аралық тор, жібітілген дәнді аэрациялау және сумен сулауға арналған сыртқы таратқыш қондырғысы болады. Бұл қондырғыда дән ауалық үзіліс кезінде араласпайды, тек ғана оттегімен қанығу үшін сығымдалған ауамен үрленеді.



1 – тиегіш-түсіргіш механизм; 2 – өткізгіш; 3 – жуғыш-сулағыш құбыр; 4 – сулы айналмалы астауша; 5 – ағынды қорабы; 6 – сығымдалған ауа коллекторы; 7 – дінді түсіруге арналған клапан; 8 - насос.


Сурет 3 – Тегіс табанды арпаны жібітуге арналған қондырғы


  1. Жібітілген дәнді пневматикалық уыт өндіргіште де, белгілі бір температуралық тәртіпті (10-14°С) ұстай отырып өндіріледі. Бұл кезде аэрация жүреді (ауаның салыстырмалы ылғалдығы φ = 100% ) және уыт демалу кезінде бөлінетін тотығу энергетикасының процестері жүреді, нәтижесінде уыт қызады. Шарты жылудың бөлінуі 17 390 және 39 480 кДж/кг болады. Қышқылдарға заттардың мөлшерін біле отырып, уыт өндіруде бөлінетін жылудың мөлшерін және сәйкесінше кондиционерленген ауаның шығыны мен параметрлерін анықтауға болады.

Пневматикалық уыт өндіру әдісі өндірілген дәннің қалың қабатын белгілі бір температурадағы таза және ылғалды ауамен үрлеуге негізделген. Бұл ретте ауадағы оттектің дәнге тікелей түсуі, көмір қышқыл газын бөлу мен температураны реттеп отыру қарастырылған.

Пневматикалық уыт өндіру құрылымы бойынша жәшікті және де барабанды уытханаларда жүргізіледі.




жүктеу 6,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау