258
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
ӨНЕР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЛЕҢДЕР
Жұматай Жақыпбаевтың өнер тақырыбындағы жазылған
өлеңдерін іштей үш топқа жіктеуге болады. Атап айтсақ, біріншісі,
жалпы өнер және оның өнер құдіретін дәріптеген, екіншісі,
белгілі өнер адамдары тұлғасын танытатын, үшіншісі, өнер зиян-
кестері – дарынсыздар, тоғышарлар әлпетін әшкерелейтін өлең-
дері. Бұл тақырыптар кейде жеке өлеңге арқау болса, кейде бір
өлең бойынан өзге тақырыптармен қатар көрініп отырады. Өнер
– Ж.Жақыпбаевтың ең көп қалам тартқан тақырыбы. Өмірбаяндық
өлеңдерінде автор өзін-өзі танушы сипатында көрінсе, өнер
тақырыбындағы туындыларында эстетикалық мәселелерге көңіл
аударады. Жалпы өнер тақырыбына романтик ақындардың ерекше
назар аударатынын орыс зерттеушілері дәл байқаған [44]. Өзінің
табиғаты жағынан романтик ақындарға көп жақын Ж.Жақыпбаев-
тың бұл тақырыпқа қайта-қайта баруы заңды да. Жұматайдың бұл
туындыларында өнердің өлместігі, өнер адамының қиын тағдыры
жиі арқау етіледі. Мұның көбін ақын өз бейнесі арқылы береді, кейде
жалпы мәселелер сөз болғанымен, ақын өлең соңында өзіне оралып
отырады. Жұматайдың жалпы өнер мәселесіне арнаған өлең дерінің
қатарында «Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде», «Шықтай жан нан
шықпайды бір кекесін …» («Гүл Қасида» жыр шоғырының екін-
ші өлеңі), «Қалың қардай ақ шалғынмен шабылған», «Хан суреті»,
«Көшеде», «Жазықсыз», «Абайға», «Анасынан туа асқар», «Халыққа
жетпей соры қайнаған…», «Ызыңды қырға көделі», «Поэзия»,
«Дабысын дау-дамай өсірген…», «Қырт», «Дүрегей сөз Қабылхан»,
«Ақындар», «Менің төлеңгіттерім» сияқты туындыларды айтуға
болады. Бұларда сөз өнерінің өлмес қасиеті жырланса «Бомбейлік
композитор. Құйын», «Өзін тірідей өлтіріп қайыр сұрайтын йог
туралы», «Үнді ақынының айтқаны», «Музыка», «Талайды, оқып
талайды көріп…», «Уәлібай мешіті» сияқты өлеңдерінде жалпы
өнер, өнер адамының психологиялық ерекшеліктері бейнеленген.
Ақынның енді бір топ өлеңдерінде өнер тақырыбы өмірдегі басқа
жайттармен байланыстырыла берілген. Мәселен «Таңбалы там шы»
атты шығармада көктен жауған қардың тамшыға айналғанын сурет-
тей келіп, оны өнер адамының өмірдегі міндетімен байланыстырады.
Бұлт деген тамшы бір табын,
Білгенмен мұны түбінде.
Тамшының, будың, ұлпаның
Таңба жоқ, ен жоқ бірінде.
Біздердің – жұмыс бағалап,
Біртіндеп бәрін қарсы алу.
Бір тамшы терді таңбалап,
Бір тамшы жасқа ен салу [25.53], – деп түйіндейді: ол өлең
соңын. Бұл жерде автор жеке өзінің емес, жалпы өнер адамының
259
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
өмір алдындағы жауапкершілігін көрсетіп тұр, яғни лирика
лық
«меннің» арғы жағында лирикалық «біз» тұр. Ал «Бір жігіт айтыпты»
өлеңінде өнер бәйгесіндегі шығармашылық жарыс ат бәйгесі
арқылы тұспалмен берілген [25.55].
Мұнда қазақтың «аты озды» деген фразеологиялық тұрақты сөз
тіркесінің беретін мағынасы негізге алынған. «Бәрін біліп көрген мен
хақ тағалам …» деп басталатын жыр да осы тектес. «Құстар, құс тар»
өлеңінде құстар өмірін өнер жолындағы өз өмірімен салыстырады.
Тарап кетіп таңдайымнан талай үн,
Менен де әуен күтеді әзір маңайым…
Көкейкесті үн кесетін күніге
Құстар маған, мен құстарға ағайын, – дейді ақын.
Құстар ақын өлеңдерінде өнер адамының бейнесіне параллель
ретінде жиі алынады. Мәселен, «Бозторғайға ода» деген өле ңінде
осындай символдық мән бар. Мұнда кеңес дәуірі кезінде түрлі
мамандық иелері бола жүре, өнер жүгін қоса арқалаған дарын дарды
дәріптеу шығарма астарынан танылып тұр.
Жақындар … алыстығын кім ұғынар?
Олардың екі бөлек ғұмырын ал:
Биіктен сайрау керек, бұлбұл құстың
Тоғайда тоқсан түрлі тұғыры бар.
Бозторғай жазирада тосылмай көп,
Астынан сүйемей-ақ еш ырғай көк,
Сайрайды көкте тұрып өз күшімен,
Оның да тұрған тұсы осындай деп.
Тік шығып түу биікке жырадан көк,
Мың түрлі тақырыбы бір-ақ ән боп,
Сайрайды ол, бейнетті де қоса атқарып,
«Мен көкте сүйеусіз де тұра алам», – деп [25.195].
Осы жолдардан жоғарыда айтылған астарлы мәннен басқа өнер
жарысының, сондай-ақ кеңестік дәуірде шығармашылық одақ-
тардың ортасынан орын алған «тамыр-таныстыққа» қарсылық тың
көрінісі бар. (Мұны «Мен көкте сүйеусіз де тұра алам», – деп келетін
жолдардан аңғаруға болады). Бұған «Сүйеніш» өлеңін оқысақ,
көзіміз одан әрі жете түседі. «Бұлбұлдар келгенде» атты өлең өнер
құдіретін танытуға арналған. Мұнда ақынның құстарға «қай тып
кел» деген мәндегі арнау өлеңінен кейін туған ауылында бұлбұл дар
қаптап кеткені айтылады да өлең соңы
Жақсы іске арнап жаңа үнді,
Жазайын бір хат күн сөне,
Құстар да ұққан жанымды
Кейбіреу ұқпай жүрсе де, – деп аяқталады. Шындығында ақын ның
көктемді, құстарды шақырған мазмұндағы «Көктемге хат» өлеңі-
260
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
нің бар екенін ескерсек, бұл өлеңде бейнеленген жайт автордың
басынан өткен болуы керек деген ойға барамыз. Қаламгер осы оқиға
арқылы өнер құдіретін танытқысы келген. Өнер киелілігін, оның
әкелер жақсылығын сипаттайтын тағы бір туындысы – ақынның
«Шұғынық гүл төркіні» өлеңі. Мұнда таң атқанша жыр айтқан
Темірғали ақынның өнерінен соң ауыл сиырларын қырып салған
аусыл ауруы сап тыйылады. Мұндағы Темірғали ақын – біз жоғарыда
келтіріп өткен ақын Зайда Елғондинованың естелігіндегі Темірғали
Рүстембеков. Бұл да автордың өз көзімен көрген өмірлік дерек
негізінде жазылған туынды болуы керек. Жалпы өнер адамының
өмірінде таңғажайып оқиғалардың жиі кездесіп отыратындығы үнемі
қайталанатын құбылыс. Ақын өз басынан өткен жайттардың ішінен
әрдайым шығармашылығына арқау болар материалдарды көкейіне
тоқып жүретіндігі оның әдетке айналған қаламгерлік ерекшелігі
тәрізді. Байқағыштық, бақылағыштық өмір тәжірибесін пай далану
шеберлігінің хас талант белгісі екенін академик З.Қабдолов атап
өткен [11.16-17].
Ж.Жақыпбаевтың өмірлік материал негізінде жазылған өнер
тақырыбындағы туындыларының бір тобы өнер адамдарының
халықаралық ынтымақтастығына арналған «Львовтағы поэзия
фестивалы» атты топтаманың «Көшеде» деген өлеңінде лирикалық
кейіпкердің өзге ел ақындары ортасында өз елімді таныта алам ба
деген көңіл толқуы бедерленген.
Ойланып өзім жайлы қалдым, інім,
Жымиып сені есіме алдым бүгін.
Жаным-ау, мен де жақсы қазақпын ба,
Менің де бар ма, апырмау, Жамбылдығым [25.52], – деп көрсетеді
суреткер бұл көңіл күйін. Осы тұста Ж.Жақыпбаевтың өлең дерінен
орын алған өмірлік, тарихи деректердің негізінде пайда болған
сарындардың бар екенін атап өткен орынды. Бұл сарындар ақын
өлеңдерін біртұтас туындының әр түрлі бөліктеріндей әсер туғызатын
тетігі ретінде роль атқаратынын аңғару қиын емес. Мәселен,
жоғарыда келтірілген шумақта Жамбыл есімінің ауызға алынуы
бір кезде Шота Руставели тойына барып, қазақ халқының даңқын
көтерген қарт жыраудың сол сапары мен лирикалық қаһарман тап
болған жайттың, өнері сынға түсер сәттің ұқсастығына байланысты
болып отыр. Тасқынды жырымен қазақ даңқын аспандатқан жыр
алыбының бейнесі Ж.Жақыпбаевтың көркемдік әлемінен берік
орын алып, эстетикалық идеалының біріне айналған сияқты. «Қазақ
даңқы» атты өлеңінің алғашқы шумағында
Өнері өткен талай өткелектен,
Атағы жетпес асып көкке кеткен,
Өр даусы төрт мұхитты көктеп өткен
Шырқалған Жамбыл жырмен қазақ даңқы! – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |