Ж.Аймауытов "Ақбілек" романы. Оқу тобы: КЯЛ-19-3
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;
Жүсіпбек Аймауытов 1889-1931 - қазақтың көрнекті жазушысы;
- драматург;
- публицист;
- қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
1.АВТОРЫ: Жүсіпбек Аймауытов
2.Жанр түрі: Роман
3.Тақырыбы: Ақбілек
4.Идеясы: Қазан төңкеріліс кезеңіндегі қазақ жері көрінісі. Қазақ әйелінің батырлығы, төзімділігі.
1-топ: Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе жердің көркі:
1) Топ тақырыпшаларының сабаққа қандай байланысы бар?
2)Ж.Аймауытовтың«Ақбілек» шығармасында қандай тақырып көтеріледі?
2-топ:Ашу-дұшпан,ақыл-дос:
1) Топ тақырыпшаларының сабаққа қандай байланысы бар?
2) Шығармада қандай өзекті мәселелер көтерілген?
3-топ:Анада үш бақыт бар: ары, бөбегі, ізгі еңбегі:
1) Топ тақырыпшаларының сабаққа қандай байланысы бар?
2) Шығармадағы мәселелер ғаламда кездесе ме?
Студенттерге шығарма үзінділері таратылады. Топпен оқып, талдау жүргізеді. Осы оқиға арқылы автор не айтқысы келгендігі туралы ойланады.
1 -топ: «... Ақбілектің кездейсоқ адамдардың кесірінен басынан кешкен тағдыр тауқыметі «ұйытқып соққан ызылдақ жел» секілді екен. Өйткені, кейіпкердің нәзік жанын ұқпайтын жағдайлар өте көп еді...»
Асты сызылған тіркес қандай мағынаны білдіреді? Қалай ойлайсыз, бүгінгінің қыздары осыншама қорлыққа шыдар ма еді?
2-топ: Әкесінің, өгей шешесінің қытымыр қабағына шыдай алмаған Ақбілек қалаға кетіп тынады. Осыдан кейін ақ Ақбілектің өмірге деген көзқарасы өзгереді. Аға-жеңгесінің айтуымен Семейдегі алты айлық курсты да, Орынбордағы оқуды да тәмамдайды, білім алады.
Осы жерде Ақбілекті қай тұсынан танимыз? Ақбілектің іс-әрекеті дұрыс па? Егер Ақбілектің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3-топ: «Ақбілек əкесінің оңашада бір ауыз тіл қатпағанына қапа болды. Ол түгілі əкесі Ақбілектен оңаша қалудан қашатын тəрізді. Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткелдің түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді; əкесінің көзі түсер ме екен деп, жансыз аңдып та отырады. Бір қараса қайғысы жеңілдейтіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да əкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен мынау қатты батты.
Романдағы әке бейнесі?Әкенің қолдауы қаншалықты маңызды?
Топтар ортада талдап, бір- біріне кері байланыс жасап бағалайды.
"Шығармашылық шыңына"әдісі Оқушылардың ой-өрісінің бастауы-шығармашылық (шағын эссе)
1-топ: Сол замандағы қазақ тұрмысы
2-топ: "Ақбілек"романы-психологиялық дүние
3-топ: Егер Ақбілектің орнында болсам....
Бағалау дескрипторлары:
- Кейіпкерлерге салыстырмалы баға берді;
- Мысалдар келтіріп,ойын дәлелдеді;
- Шынайы өмірмен байланыстыра алды;
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |