- Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуге, оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа және кішіпейілділікке, әдептікке, ізгілік пен мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу және жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, әдет әліппесін дарыту.
- адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында
- ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Әдептілікті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.
Әдептілік - Адамдықтың белгісі - дегендей әдепті болу сөзінің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз, адамның жасаған әрбір іс - қимылы, жүріс - тұрысын, сөйлеу мәнерін, өзін - өзі ұстауы, оның әдептілігі мен мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады.
«Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» «Сәлем сөздің анасы» - Бұл тегіннен тегін айтылмаған. Таңертең оянған әрбір адам қуанады, жақындармен амандасады. Әдептілік сәлемнен басталады. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір - бірімен ақжарқын амандасуы тиіс. Қазақ салтында амандасқан адам оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, баын изейді., не қол алып амандасады. Ол «сізді шын жүректен құрметтеп амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» дегенді білдіреді. Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Қазақта «алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді» деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкенге, кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік болып табылады. Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті - ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.
Достарыңызбен бөлісу: |