Сабақтың тақырыбы: № 1 лабораториялық жұмыс.
WORD редакторы терезесінің стандартты элементтері
Сабақтың мақсаты: Мақсаты:
Word мәтіндік редакторын іске қосу;
оның терезесінің стандартты элементтерімен жұмыс жасау;
жаңа құжат құру;
бұрын сақталып тұрған құжатты ашу;
құжатты сақтау әрекеттерін орындау үйрену.
Word мәтіндік редакторымен дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар
Сабақтың типі: Практикалық сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тапсырмалар
Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен бұрын сақтаулы тұрған құжатты ашыңыз (Ол құжаттың алдында белгісі немесе файл атының типі doc болуы керек).
Терезенің стандартты элементтерімен танысыңыз және ашылған құжаттың неше беттен тұратынын, басқа да осы құжатқа байланысты мәлеметтерді қалып-күй қатарынан анықтаңыз.Дәл осы мәліметтерді Сервис – Статистика командаларының көмегімен орындауға болатынына көз жеткізіңіз.
Мәтін соңына екі жол сөз қосып, файлды Файл – Сохранить как... командасы көмегімен МЕН деген атпен сақтаңыз.
Мәтінді Кәдімгі режимнен Электрондық құжат, Құрылым, Бетті белгілеу, режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.
Саймандар панелінің барлық батырмаларын алып тастаңыз, сонан кейін Стандартты және Форматтау тобының батырмаларын іске қосыңыз, қандай өзгерістер болғанын айтып беріңіз.
Терезедегі көлденең және тік белдеулерді алып тастаңыз және қайта экранға шығарыңыз.
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріңіз.Болған өзгерістерді түсіндіріңіз.
Ашылып тұрған құжат терезесін жабыңыз, сонан кейін Word программасынан шығыңыз.
Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, Абай Құнанбаевтың бір өленінің үш шумағын жазып шығыңыз.
2.1. Сол мәтінді АБАЙ деген атпен дискіге жазып сақтап қойыңыз.
2.2. Көлденең белдеу арқылы бірінші шумақтың алдынан 2 см, екінші шумақтың алдынан 3 см, ал үшіншісінің алдынан 2 см бос орын қалатындай етіп өзгертіңіз.
2.3. Мәтіннің көрсетілу масштабын Вид – Масштаб командасы арқылы 75 , сонан кейін 100 етіп өзгертіңіз.Сол команданы орындау барысында Произвольный деген өрісті тышқанмен шертіп, оған 110 санын енгізіңіз.Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.
2.4. Мәтінді тағы да дискет бейнесі тұрған батырма арқылы қайталап дискіге жазыңыз.
2.5. Файл – Құру командасы арқылы терезедегі Кәдімгі (Обычный) сөзін, онан кейін ОК батырмаларын таңдап, жаңа терезе ашыңыз да Мұқағали Мақатаевтың мынадай бір шумақ өлеңін жазып шығыңыз:
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда екеуміз егіз деген?
Терезеңнің алдына келіп тұрмын
Кептердей қысты күні жем іздеген.
2.6. Бұл мәтінді Мои документы бумасынан тысқары С: дискінің түбіріне Махаббат деген атпен сақтаңыз.
2.7. Бұл терезеден бұрынғы Абай терезесіне Окно командасы арқылы көшіңіз де, мұны да дискіге жазып, Word редакторынан шығыңыз.
Word мәтіндік редакторын үш-төрт түрлі тәсілмен іске қосуға болатынын көрсету керек.Ол үшін мынадай іс-әрекеттерді орындау қажет:
Басты менюдің (Пуск батырмасы) Программы командасы арқылы Word редакторын жүктеңіз де, ашылған терезеге өз өмірбаяныңызды қысқаша түрде жазып қойыңыз.
Терілген мәтінді Биография деген атпен Файл – Сақтау командасы арқылы дискіге жазып қойыңыз.
Биография терезесін жабыңыз, сонан соң Word редакторынан шығыңыз.
Басты менюдің Документы – Биография қатарлары арқылы Word редакторын және бірден өз өмірбаяныңзды жүктеңіз де, ашылған мәтін соңына өз есіміңіз бен әкеңіздің атын жазып шығыңыз.
Толықтырылған мәтінді Сақтау батырмасын шерту жолымен дискіге жазып қойыңыз да, саймандар тақтасындағы әр батырманың оң жақ төменгі бұрышына курсорды орналастырып, олардың атқаратын қызметін мәтін түрінде экранға шығарып танысыңыз.
Word редакторын оң жақ жоғарғы бұрыштағы батырма комегімен жауып одан шығып кеіңіз.
Жұмыс үстелінде Проводник программасы терезесін ашыңыз да, біртіндеп ProgramFiles – MicrocoftOffice – Winword бумасы ішіндегі Winword қосымша программа файлында тышқанды екі рет шертіңіз.
Word редакторына қайта кірген соң, өмірбаяныңздың соңына немесе арасына тағы бірнеше жол мәтін енгізіңіз де, оны қайта сақтап жұмысты аяқтаңыз.
Word редакторын жүктеп, ашылған терезеге Қазақстан Республикасының Гимнінің бір шумағын теріп жазыңыз да, оны файл ретінде Менің құжаттарым бумасына Гимн деген атпен сақтаңыз.
Мәтін жазылған терезені кішірейтіңіз, жасырып қойыңыз, қайта қалпына келтіріп оның көлемін өзгертіңіз.
Alt + F4 пернелерін басыңыз, қандай әрекет атқарылғанын түсіндіріңіз.
Word редакторына Пуск – Документы – Гимн қатарлары арқылы кіріңіз.
Терезе ашылып, оған Гимн мәтінді шыққаннан кейін оған қайырмасын қосыңыз да, Сақтау батырмасы арқылы толықтырылған мәтінді дискіге жазаңыз.
Саймандар тақтасындағы батырмасының қызметін айтып беріңіз, оны қалай анықтадыңыз.
Файл менюінің қандай командаларын саймандар тақтасындағы батырмалар қайталайтынын анықтаңыз.
Word редакторынан шығыңыз.
IV. Сабақты пысықтау.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
№2.10 Сыныбы ___ Күні_____
Сабақтың тақырыбы: № 2 лабораториялық жұмыс.Құжатты форматтау мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты: Мақсаты:
Мәтінді, абзацты, қатарды ерекшелеу
Қаріпті, абзацты форматтау
Мәтінді туралау, шегіністер мен ұмтылыстарды орналастыру
Қатар, вбзац аралық интервалдар қондыру
Кестелеу позициялармен жұмыс жасау
Тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу іс әрекеттерін орындауды үйрену.
Word мәтіндік редакторымен дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар
Сабақтың типі: Практикалық сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тапсырмалар
Word текстік редакторын іске қосыңыз.Жаңа құжат құрыңыз да, өзіңіздің фамилияңызды атыңызды, әкеңіздің атын 12пт, жартылай қарайтылған (жирный) етіп теріп жазыңыз.
Фамилияңызды курсив, атыңызды асты сызылған, әкеңіздің атын жартылай қарайтылған қаріп түріне өзгертіңіз.
Қаріптерінің көлемін сәйкесінше 13, 15, 25 және түстерін қызыл, жасыл, көк болатындай етіп, үш түрлі анимациялық көркемдеуді қолданыңыз да, орындау ретін түсіндіріңіз.
Фамилия, аты-жөніңізді оң жақ, сол жақ, орта, ені бойынша туралап болған өзгерістерді түсіндіріңіз.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі күні болатын сабақ кестесін теріп жазыңыз.
Дүйсенбі күнгі сабақ кестесінің қатар арлығын бір, Сейсенбінікін бір жарым, Сәрсенбінікін екі интервалға ауыстырыңыз.
Әр күнгі сабақ кестесін азат жолдан басталатындай етіп өзгертіңіз де азат жолдардың аралығын 5пт интервал қойып форматтаңыз.
Сабақтардың нөмерлерін әр түрлі маркерлерге ауыстырыңыз да, қандай өзгеріс болғанын түсіндіріп, қайта қалпына келтіріңіз.
Сабақтарды: Дүйсенбі күнгіні 6-дан, Сейсенбіні 12-ден, Сәрсенбіні 18-ден бастап нөмірлеңіз.Нөмірлерінің қаріп фоматтарын: Дүйсенбінікін 12пт-қарайтылған, Сейсенбінікін 14пт-курсив, Сәрсенбінікін 16 – асты сызылған етіп өзгертіңіз.
Осы сабақ кестесін толықтырып, яғни күндерді де жазыңыз да, өзіңізге ұнайтындай етіп форматтап Кесте деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.
IV. Сабақты пысықтау.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
№2. 10 Сыныбы ___ Күні_____
Сабақтың тақырыбы: № 3 лабораториялық жұмыс.Құжатты форматтау мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: Мақсаты:
Мәтіннің жиегін белгілеу, бояу, беттерді суретпен қоршау
Мәтінді бағаналарға бөлу
Биәріптен бастау, регистрлерді ауыстыру
Құжатты автоматты түрде форматтау
Кітапхана стилін пайдалану
Құжатты беттерге бөлу іс әрекеттерін орындауды үйрену.
Word мәтіндік редакторымен дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар
Сабақтың типі: Практикалық сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тапсырмалар
1.Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз да, алдыңғы сабақта теріп, сақтап қойған құжатынызды оқыңыз.Егер ол жоқ болса, Қазақстан Әнұранын теріп жазыңыз.
2. Осы құжаттың бірінші абзацын қызыл, екіншісін көк, үшіншісін сары сызықпен қоршаңыз да, олардың ішін сәйкесінше сары, көк, қызыл түстерге бояңыз.
3. Сызық пен бояу түстерін өзіңізге ұнайтындай етіп өзгертіңіз.
Сызықтарды үзік сызық түріне ауыстырыңыз.
4.Жиектеме мен мәтіннің ара қашықтығының өте аз, өте үлкен
шамаларын анықтаңыз.
Мәтіннің бірінші бетін жұлдызшалармен қоршаңыз, суреттің өзіңізге ұнайтын басқа түріне өзгертіңіз де, құжатты сақтап жазып қойыңыз.
Жаңа құжат құрыңыз. Абай Құнанбаевтың өзіңізге ұнайтын кез келген бір өлеңін теріп жазыңыз (4 куплеттен артық болсын).
Осы өленді төрт бағанаға бөліңіз.Төрт бағананың да ендерін кішірейтіңіз де болған өзгерісті баяңдаңыз.
Төрт бағананы екі бағанаға келтіріңіз.Ортасына жаңа бағана қосыңыз да, үшеу жасаңыз.Үш бағананы бір бетке орналастырыңыз.Екінші бағана бос болғандықтан, соңғы бағанадағы шумақты екіншіге көшіріңіз.
Үшінші бағананы өшіріңіз, ортақ тақырыпқа «Абай Құнанбаев» деп және өлеңнің атын жазыңыз.Тақырыпты әртүрлі форматтау параметрлерін қолданып, көркемдеңіз.Екі бағанының ара қашықтығын анықтаңыз, қажет болса өзгертіңіз.
10.Бағана шекараларын экранда көрсетіңіз де, қайта алып тастаңыз.
11.Өленді Абай деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап
қойыңыз.
12.Менің құжаттарым бумасындағы Абай файлын қайта ашып қойыңыз.
13. Өлеңнің әр шумағын биәріптен бастаңыз.Биәріптің орналасу орнын, мәтіннен ара қашықтығын, жолдағы биіктігін өзгертіңіз де болған өзгерістерді түсіндіріңіз.Қалаған биәріптерді қалдырып, қалғандарын алып тастаңыз.
14. Өлендегі мәтін әріптерінің регистрлерін ауыстырып қосып, болған өзгерістерді баяндаңыз.
15. Осы құжатыңызды автоматты түрде форматтаңыз.Қандай өзгерістер болды?
16.Автоформаттау кезінде болатын өзгерістерді қолданып көріңіз.
Өленнің шумақтарының қаріп түрлерін жұлдызшаның және астын сызу белгілерінің көмегімен өзгертіңіз.
17. Әр шумақты әртүрлі шекара сызықтарымен бөліңіз.
18. Осы өлеңнің бір шумағын өзіңізге ұнайтындай етіп форматтаңыз да, стиль құрып, оны басқа шумақтарға пайдаланыңыз.
19. Құжатқа қолдануға болатын кітапханалар стилінің түрлерін
анықтаңыз.
20.Жаңа құжат құрыңыз да, оған компьютерде сақтаулы тұрған кез келген құжаттың көшірмесін қондырыңыз (құжат бірнеше бөлімнен құралған болсын).
21. Құжатты беттерге бөліңіз.Бет нөмерлерінің әртүрлі форматын
пайдаланыңыз. Бет нөмерінің орналасу орнын өзгерте отырып
болған өзгерістерге сипаттама беріңіз.
22. Бірінші бетті 3-тен бастап нөмерлеңіз.Екінші бөлімді 10-нан бастап нөмерлеңіз.
23. Кезекпен әр бөлімдегі нөмерлерді өшіріңіз.Көшірмесін алған құжатқа ешқандай өзгеріс болмағанына көзіңізді жеткізген соң, пайдаланған файлыңызды Сілтеуіш терезесінде Қоржынға салыңыз.
IV. Сабақты пысықтау.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |