3.3. Нарық тәуекелін талдау: қоржынға
кіретін активтер.
Қоржынға кіретін активтің тәуекелі аздау. Қоржын тәуекелін қарастыруы жалпы тәуекелге қатысты қорытындылардың түбегейлі өзгерісіне әкелуі мүмкін. Қоржынның күтілген табыстылығы осы қоржынға кіретін жеке бағалы қағаздардың күтілген табыстылығының көрсеткіштерінен орташасы болып келеді:
^ n ^
kp = å x i ki (3.4)
i=1
мұнда: kp – қоржынның күтілген табыстылығы;
xi – i активке инвестицияланған (салынған) қоржын үлесі;
ki – i активтің күтілген табыстылығы;
n – қоржындағы активтер саны.
Мысалы, А акцияның күтілген табыстылығы ka=10% дейік, ал B акцияның KB=15%. Егер барлық капиталды А акцияларына салсақ, қоржынның күтілетін табыстылығы kp=ka=10%. Егер капиталды тек қана B акцияларына инвестицияласақ, инвестициялардың күтілген табыстылығы KP=KB=15%. Капиталды акцияларға тең үлестермен инвестициялау барысында қоржынның табыстылығы акциялардың орташасына тең болады: kp=.
Бір жылдан кейін А және В акциялары табыстылығының нақты мағыналары, демек, тұтастай алғанда, қоржынның да, олардан күтілген мағыналарымен сәйкес келмейді. Корреляция (сәйкестік, ара қатыс) – бұл белгілер арасындағы байланыс, яғни екі ауыспалылардың бірлескен өзгеріске үрдістері. Бұл үрдістің қуаты r корреляция коэффициентінің көмегімен өлшенеді, ол +1,0 шегінде жатыр, бұл ауыспалылардың бір бағытта бірдей өзгерісін білдіреді, ал – 1,0 дейінгі шекте болса, екі ауыспалылар маңыздарының қарама-қарсы бағыттардағы өзгерісін білдіреді. Корреляция коэффициентінің 0 тең екендігі ауыспалылар араларындағы байланыстың жоғын көрсетеді, яғни біреуінің өзгерісі екіншісінің өзгерістерінен тәуелсіз. Қоржынды (портфельді) талдау үшін пайдаланатын негізгі түсініктер:
1) ковариация, 2) корреляция коэффициенті. Ковариация – акция табыстылығы жеке маңызы дисперсиясын және осы акцияның, басқа барлық акциялардың табыстылығының өзгеруі арасындағы байланыс күшін ескеретін өлшем. Тәуекел дәрежесін есептеудің статистикалық тәсілдері көптеген деректерді талап етеді, олар кәсіпорында әрдайым болмауы мүмкін.
Деректердің жинауы мен өңдеуі өте қымбатқа түседі. Сол себептен қаржы менеджері ақпараттың аз немесе жоқ болған жағдайында басқа әдістерді қолданады. Мысалы, сараптамалық әдіс, ол тәжірибелі кәсіпкерлер мен басқа мамандардың пікірлерін өңдеу жолымен іске асырылады. Сараптамашылар өз бағаларымен бірге шығындардың әр түрлі шамаларының (сомасы немесе %) пайда болу ықтималдығы жөнінде деректер бергені жөн.
Практикада тәуекелді анықтаудың статистикалық және сараптамалық тәсілдері ең қолайлы болып саналады. Қаржы менеджері келесіні білуге тиісті: тәуекелдерді бағалаудың және басқарудың ең жетілген жүйелеріне ие болсаң да, олардың салдарын толық болдырмауы қолдан келмейтін іс. Бірақ тәуекел – менеджменттің қазіргі заманғы құралдардың тиімді пайдалануы бизнесті материалдық және қаржы шығындардан қорғауға мүмкіндік береді.
3.4. Оңтайлы қоржынды таңдау.
Қоржын (портфель) – салымшының нақты инвестициялық мақсатына жету үшін бірге жиналған әр түрлі инвестициялық құралдар жиынтығы. Қоржынға бір типтегі қағаздар (акциялар), әр түрлі инвестициялық құндылықтар (акциялар, облигациялар, депозиттер, сақтандыру полистері т.б. кіреді).
Қоржынды қалыптастырудың басты мақсаты – инвестор үшін тәуекел мен табыс араларында оңтайлы үйлесуге (сай келуге) жету, яғни инвестициялық құралдардың тиісті жинағы оның шығындарын азайтып, табысын жоғарылату.
Инвестициялық қоржынды қалыптастырудың негізгі мақсаттары:
ағымдағы кезеңде инвестициялық табысты қалыптастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
қаржылық инвестициялаумен байланысты инвестициялық тәуекелдер деңгейін төмендету;
инвестициялық қоржынның қажетті өтімділігін қамтамасыз ету;
қаржылық инвестициялау үдерісінде «салық семсері» әсерін қамтамасыз ету.
Қазіргі заманғы қоржындық теорияның негізінде «тиімді қоржын» тұжырымдамасы жатыр, оның қалыптасуы тәуекелдің берілген деңгейінде табыстылығы деңгейінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге немесе табыстылықтың берілген деңгейінде тәуекелдің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуге тиісті өзара байланыстардың өзгеру статистикалық әдістерін пайдаланудың ең маңыздысы – тиімді қоржындарды таңдау. Оңтайлы қоржын деп нақты инвестор үшін ең тәуір болып келетін тиімді қоржындардың бірі болып саналады.
Оңтайлы қоржынды таңдау барысында екі тәуелсіз міндеттер шешіледі:
1) қоржындардың тиімді көпшілігін таңдау;
2) осы тиімді қоржындар жиынынан инвестор үшін ең тәуір жалғызын таңдау.
Осы екі шарттарға сәйкес келетін қоржындар жиыны тиімді жиын деп аталады.
6 сурет. Қоржындардың тиімді жиыны сызығы.
6 – суретте мүмкін болатын, болуы мүмкін емес және тиімді қоржындар, сонымен бірге тиімді жиын сызығы көрсетілген. Тиімді қоржын – тәуекелдің берілген деңгейінде ең жоғары табыстылықты немесе берілген табыстылық барысында ең аз тәуекелді қамтамасыз ететін қоржын. Өзара байланыстардың статистикалық өлшеу әдістерінің маңызды қолдануларының бірі – тиімді қоржындарды таңдау яғни тәуекелдің кез келген деңгейінде ең жоғары күтілген табыстылықты немесе кез келген күтілген табыстылық үшін тәуекелдің ең аз деңгейін қамтамасыз ететін қоржындарды.
3.5. Әртараптандыру – тәуекелді басқару құралы ретінде.
Қаржы тәуекелдерді жою механизмдері олардың жайсыз салдарын азайтудың әдістер жүйесі болып келеді. Қазіргі заманғы жағдайларда жоюдың ішкі механизмдері кәсіпорынның қаржы тәуекелдер бөлігін қамтиды. Қаржы тәуекелдерді жоюдың ішкі механизмдер жүйесі келесі негізгі әдістердің пайдалануын қарастырады:
1. Тәуекелден қашу;
2. Тәуекелдің шоғырлануын кесімді шектеу.
3. Хеджирлеу (бағалар мен пайданы сақтандыру түрі);
4. Тәуекелді үлестіру;
5. Өзін-өзі сақтандыру;
6. Әртараптандыру.
Тәуекелден қашу – қаржы тәуекелінің нақты түрін толық болдырмайтын ішкі сипатты шараларды әзірлеу болып келеді. Осындай негізгі шараларға жататындар
тәуекел деңгейі өте жоғары қаржы операцияларды іске асырудан бас тарту;
заем капиталын көп көлемде пайдаланудан бас тарту;
айналымды активтерді өтімділігі төмен түрлерде асыра пайдаланудан бас тарту;
қысқа мерзімді қаржы салымдарда уақытша жұмсалмай жатқан ақша активтерін пайдаланудан бас тарту.
Қаржы тәуекелдердің шоғырлануын кесімді шектеу, яғни шиеленіскен немесе апатты тәуекелдер аймағында іске асырылатын қаржы операциялар бойынша. Бұндай кесімді шектеу (лимитирование) кәсіпорындарда тиісті ішкі қаржы нормативтерді қою жолымен іске асырылады.
Хеджирлеу – (бағалар мен пайданы сақтандырудың түрі). Хеджирлеу тәуекелді, мүмкін болатын қаржы шығындарды азайтудың кез келген механизмдерін пайдалану үдерісін сипаттайды. Тар қолданбалы маңызында «хеджирлеу» термині қаржы құралдарының тиісті түрлерін пайдалануында негізделген әдісті сипаттайды (әдетте, бағалы қағаздардың туындылары – фьючерстер, опциондар, форвардар, своптар және т.б. деривативтер).
Тәуекелдерді тапсыру келісім-шарттарға, шарттарға келісімдерге жеке жауапкершілікті азайтатын немесе оны контрагентке жүктейтін тиісті ережелерді кіргізу жолымен іске асырылады.
Тәуекелдерді үлестіру оларды жеке қаржы операциялар бойынша әріптестерге жартылай тапсыруда негізделген. Өзін-өзі сақтандыру (ішкі сақтандыру) қаржы ресурстардың бөлігін резервте сақтауда негізделген. Бұның барысында шаруашылық әріптестерге қаржылық тәуекелдердің жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндіктері көптеу және ішкі сақтандырудың ең нәтижелі тәсілдері бар тәуекелдер бөлігі тапсырылады. Өзін-өзі сақтандыру (ішкі сақтандыру) – ол контрагенттердің әрекеттерімен тәуекелдер байланысты емес қаржы операциялар бойынша жағымсыз қаржы салдарын жоюға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарын сақтауда негізделген. Тәуекелдерді басқарудың ең тиімді тәсілі - әртараптандыру болып келеді. Ол капиталды жоғалту тәуекелін төмендету мақсатымен әр түрлі объектілер арасында инвестицияланған қаражаттарды үлестіру үдерісі. Әртараптандыру механизмі тәуекелдердің қолайсыз қаржылық салдарын жою үшін пайдаланады. Ең алдымен ол қоржын тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Қаржы тәуекелдерін әртараптандырудың негізгі түрлері ретінде келесі бағыттар пайдалануы мүмкін:
Қаржылық қызмет түрлерін әртараптандыру.
Ол әр түрлі қаржы операциялардан табыс алудың баламалы мүмкіндіктерін алуын қарастырады: қысқамерзімді қаржы салымдары, несие қоржынын қалыптастыру, шынайы инвестициялауды іске асыру, ұзақмерзімді қаржы салымдар қоржынын қалыптастыру.
Валюталық қоржынын әртараптандыру. Ол бірнеше валюта түрлерінің сыртқы экономикалық операцияларын өткізу үшін таңдауды қарастырады. Әртараптандырудың осы бағытының үдерісінде кәсіпорынның валюталық тәуекелі бойынша қаржы шығындардың төленуі қамтамасыз етіледі.
Депозиттік қоржынын әртараптандыру. Ол бірнеше банктерде уақытша жұмсалмай жатқан ақша құралдардың ірі сомаларын орналастыруын қарастырады. Ақша активтерін орналастыру жағдайлары өзгермегендіктен әртараптандырудың бұл бағыты депозиттік қоржынның табыстылығы деңгейінің өзгеруінсіз тәуекел деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етеді.
Несиелік қоржынын әртараптандыру.
Ол кәсіпорын өнімін сатып алушылар санының көбеюін қарастырып, оның несиелік тәуекелінің азаюына бағытталған. Әдетте несиелік қоржынның әртараптануы осы қаржы тәуекелі түрін болдырмау үдерісінде несиелік лимитті сатып алушылар топтары бойынша жіктеу жолымен іске асырады.
Бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыру.
Бұл бағыт қоржынның жүйелі емес тәуекел деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен бірге оның табыстылығы деңгейін азайтпай.
Шынайы инвестициялау бағдарламасын әртараптандыру.
Ол инвестициялық бағдарламаға баламалық салалық және өңірлік бағыттылығы бар әр түрлі инвестициялық жобаларды енгізуін қарастырады. Бұл бағдарлама бойынша жалпы инвестициялық тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Әртараптандыру тетігін тұтастай сипаттай отыра кейбір қаржылық тәуекелдердің жағымсыз салдарын төмендетуіне талғамалы түрде оның ықпалын атап өту керек. Жүйелі емес (ерекше) топтың кешенді қоржындық қаржылық тәуекелдерді жоюда (болдырмауда) нақты нәтижені қамтамасыз ете отыра, ол басқа жүйелі тәуекелдерді (инфляциялық, салық және басқа) жоюда (болдырмауда) нәтиже бермейді. Сол себептен бұл тетікті басқа әдістермен қосып пайдаланған дұрыс. Тәуекелдерді басқарудың ең тәуір әдістерін таңдағаннан кейін оларды кешенді іске асырудың жалпы стратегиясы қалыптасады. Ол үшін қажет етілген материалдық, қаржылық және кадр ресурстары бөлініп, нақты орындаушылар арасында міндеттер үлестіріледі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
1. «Тәуекел» түсінігіне анықтама беріңіз.
2. Тәуекелді өлшеу тәсілдерін көрсетіңіз.
3. Нарықтық тәуекелмен салыстыра отырып, жеке (дербес) тәуекелді сипаттаңыз.
4. Жеке (дербес) тәуекел мен нарықтық тәуекелдерді талдаудың негізгі әдістерін бөліп көрсетіңіз.
5. «Тиімді қоржындар» дегеніміз не?
6. Активтердің тиімді қоржынын таңдаудың өлшемдері қандай?
7. Корпорациялық тәуекелдердің негізгі түрлерін және олардың өлшеуін атап айтыңыз.
8. Мүліктен айырылу тәуекелдерін, жауапкершілікпен байланысты жоғалту (айырылу) тәуекелдерді жіктеу барысында қандай өлшемдер пайдаланады?
9. «Әртараптандыру» дегеніміз не және оның негізгі түрлері қандай?
4 ТАҚЫРЫП. АКТИВТЕР ҚОРЖЫНЫН БАСҚАРУ.
4.1. Қаржы активтерінің табыстылығын бағалау модельдері (үлгілері);
4.2. - коэффициентінің тұжырымдамасы;
4.3. Арбитраждық баға белгілеу теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |