Қаржылық менеджмент



жүктеу 1,45 Mb.
бет1/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасы.

Аленичева Е.Е.



Қаржылық менеджмент
Оқу құралы

Қарағанды 2011

УДК 658(075 8)

ББК 65.290-93 я73

А 50

Аленичева Е.Е.


Қаржы менеджменті /Оқу құралы/ Е.Е. Аленичева –

Қарағанды, 2011-...б

ISBN 978-601-233-123-3
Бизнесті ұтымды ұйымдастырудың және уақытша жұмсалмай жатқан ақша қаражаттарының тиімді пайдаланудың маңызды элементі ретінде фирмаға ең тәуір соңғы экономикалық және инвестициялық нәтижелерді қамтамасыз ететін қаржы қорларын басқару жүйесінің құруы болып келеді.

Оқу құралында басқарудың шетелдік тәжірибесін ескере отыра кәсіпорынның қаржы байланыстарының, кәсіпорынның қаржы саясатын қалыптастыру механизмінің теориялық аспектілері қарастырылады.

Негізгі назар қаржы жобаларды бағалау, дивиденттік саясатын таңдау, қор және несие нарығының қаржыларын тарту негізінде капиталдың ұтымды (оңтайлы) құрылымын құру, активтерді басқару барысында, сонымен бірге тәуекелдерді бағалау және азайту тәсілдері бойынша қаржылық шешімдерді қабылдау амалдарын әзірлеуге ерекше назар аударылады.

Оқу құралы қашықтықтан оқытуға арналып, экономикалық ЖОО студенттері мен коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері үшін әзірленген.


УДК 658 (0 75.8)

ББК 65.290-93 я 73

Құрастырған : Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының аға оқытушысы Е.Е. Аленичева

Аудармашы : Н.К . Уристемова
Пікір бергендер: Исатаева Р.С., Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының доценті.

Кәрібаев Е.С. – э.ғ.к., Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ.


© Аленичева Е.Е., 2011

ISBN 978-601-233-123-3

© Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2011 ж.


Мазмұны
Кіріспе ...........................................................................
1 тақырып. Қаржы менеджментінің мазмұны......

1.1. Қаржы менеджментінің анықтамасы...................

1.2. Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері.................................................................................

1.3. Қаржы менеджментінің қазіргі заманғы теориясының даму кезеңдері..................................................

1.4. Ұзақмерзімді (стратегия) және қысқа мерзімді сипатты (тактика) қаржылық шешімдер...............................

1.5. Қаржылық жоспарлау мен бақылау қаржы менеджмен-тінің негізгі функциялары ретінде....................

1.6. Фирманың ұйымдастыру құрылымындағы қаржы қызметі.........................................................................
2 тақырып. Қаржылық менеджментінің базалық (негізгі) тұжырымдамалары мен көрсеткіштері.............

2.1. Санаттарды анықтау: активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер (табыстар), шығындар, қаржы құралдары мен тәуекелдер, капитал тұжырымдамаларын бағалау әдістері........................................................................

2.2. Ақшаның уақытша құны, тәуекел активтердің құны..........................................................................................

2.3. Қаржылық менеджментінің теориясы мен практика-сында пайдаланатын негізгі көрсеткіштер..........


3 тақырып. Тәуекел мен табыстылық. Корпорациялық тәуекелдерді басқару..............................

3.1. Тәуекелді анықтау және өлшеу.............................

3.2. Жеке (автономиялық) тәуекелді талдау: жеке қаралатын активтер.................................................................

3.3. Нарық тәуекелін талдау: қоржынға кіретін активтер....................................................................................

3.4. Оңтайлы қоржынды таңдау...................................

3.5. Әртараптандыру – тәуекелдерді басқару құралы ретінде......................................................................................



4 тақырып. Активтер қоржынын басқару.............

4.1. Қаржы, активтердің кірістілігін (түсімділігін) басқаруды бағалау үлгісі (моделі).........................................



4.2. - коэффициентінің тұжырымдамасы................

4.3. Арбитраждық баға белгілеу теориялары..............


5 тақырып. Операциялық тұтқа әсері. Фирманың шығындарын басқару.....................................

5.1. Шығындарды жіктеу..............................................

5.2. Шығынсыздықты талдау, шығынсыздық кестесі.......................................................................................

5.3. Операциялық тұтқа. Операциялық тұтқаның күші (DOL)..............................................................................


6 тақырып. Қаржылық тұтқа әсері. Қарыз (заем) қаражаттарын тарту саясаты.............................................

6.1. Қаржылық тұтқа. Парықсыздық нүктесі..............

6.2. Қаржылық тұтқаның күші (DFL)..........................

6.3. Фирманың салыстырмалы қаржылық және іскер тәуекелінің өлшемі.......................................................

6.4. (DFL) және қаржылық тәуекел.............................
7 тақырып. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни – Миллер моделі (үлгісі); Ымыра модельдері (үлгілері)............................................................

7.1. Капитал құрылымының теориясы: Модильяни – Миллер модельдері (үгілері)..................................................

7.2. Қаржылық қиындықтармен байланысты шығындар мен агенттік шығындар.......................................

7.3. Капиталдың оңтайлы құрылымы. Капиталдың мақсаттық құрылымы.............................................................


8 тақырып. Дивиденттік саясатын басқару...........

8.1. Дивиденттер немесе капитал өсімінен табыс – инвестордың ұнатымдары......................................................

8.2. Дивиденттер ұнатымдылығы теориясы...............

8.3. Дивиденттік саясатын қалыптастыру..................

8.4. Дивиденттердің тұрақтылығы...............................

8.5. Акцияларды сатып алу. Дивиденттерді акциялармен төлеу және акцияларды бөлшектеу...............


9 тақырып. Капитал құны........................................

9.1. Капитал құны. Капиталды құрастырушылар.....

9.2. «Заем капиталы», «артықшылық берілген (ең тәуір) акциялар», «жаңа шығарылған акциялар» көздерінің құны.......................................................................

9.3. Капиталдың орташа өлшенген құны....................


10 тақырып. Инвестициялық жобаларды талдау әдістері. Жоба тәуекелін талдау..........................................

10.1. Капитал жұмсау бюджетін қалыптастыру.........

10.2. Капитал жұмсау бюджетін қалыптастыру барысында шешімдерді қабылдау өлшемдері......................

10.3. Жобаның жеке (бірлі-жарым) тәуекелі. Фирма ішіндегі немесе корпорациялық тәуекел, нарық тәуекелі...

10.4. Сезімталдығын талдау. Ахуалдарды талдау......
11 тақырып. Инвестициялық жобаның ақша ағынын болжау. Капитал жұмсау бюджетін оңтайландыру.........................................................................

11.1. Ақша ағынын бағалау. Таза айналым капиталын өлшеу.....................................................................

11.2. Ақша ағынын бағалаудың ығысушылығы.........

11.3. Капитал жұмсаулардың оңтайлы бюджетін қалыптастыру...........................................................................


12 тақырып. Бюджеттеу.............................................

12.1. Бюджет жасаудың мақсаттары............................

12.2. Бюджетті әзірлеу бойынша жетекшілік.............

12.3. Жалпыланған бюджет..........................................


13 тақырып. Ұзақмерзімді қаржылық жоспарлар...............................................................................

13.1. Стратегиялық және жедел жоспарлар................

13.2. Қаржылық жоспар. Көрсеткіштердің өткізу көлемінен шамалас тәуелділігі әдісіне негізделген қаржылық жоспарлау..............................................................

13.3. Сыртқы қаржыландыруда қажеттілік деңгейін анықтайтын факторлар...........................................................


14 тақырып. Айналымдағы активтерді және қысқамерзімді міндеттемелерді басқару..........................

14.1. Өтімділік................................................................

14.2. Ақша қаражаттарының айналымдылығы...........

14.3. Айналымдағы қаражаттардың көлемдері және қаржыландыру саласындағы стратегиялар...........................

14.4. Қысқамерзімді қаржыландыру көздері..............

14.5. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер үшін несиелік қарыз (сауда несиесі).....................................

14.6. Қысқамерзімді банк несиелері. Банкті таңдау...
15 тақырып. Ақша қаражаттарын басқару...........

15.1. Ақша қаражаттарын басқару мақсаты................

15.2. Ақша қаражаттарының бюджеті.........................

15.3. Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау.....................................................................................

15.4. Ақша қаражаттарын басқару әдістері.................

15.5. Бағалы қағаздарды басқару.................................


16 тақырып. Қорларды басқару...............................

16.1. Қорларды басқару мақсаттары............................

16.2. Қорлармен байланысты шығындардың жіктеуі.......................................................................................

16.3. Қорлардың есебі мен бағалауы...........................

16.4. Тапсырыстың оңтайлы партиясының моделі (үлгісі).......................................................................................

16.5. Қорларды бақылау жүйесі...................................


17 тақырып. Дебиторлық қарыздарды басқару...

17.1. Дебиторлық қарыздарды басқару.......................

17.2. Несие саясаты.......................................................

17.3. Несие кезеңін және несиені төлеу қабілеттілігі стандарттарын анықтау...........................................................

17.4. Дебиторлармен жасалатын жұмыс саясаты. Келісілген мерзімдерде төлем барысындағы жеңілдіктер..

17.5. Несие саясатының баламалы нұсқалар салдарын талдау: түсімдер мен шығындар туралы болжам есебін құру...............................................................................

17.6. Өсімді талдау........................................................
18 тақырып. Корпорацияны қайта құру: қосылуы, сатып алуы, бөлектенуі, банкроттығы мен жойылуы.................................................................................

18.1. Қосылу себептері мен типтері............................

18.2. Қосылу белсенділігі деңгейі. Қастық және достық қосылулар...................................................................

18.3. Өндірістік қуаттарды бөлшектеу. Холдингтік компаниялар............................................................................

18.4. Қаржылық қиындықтар мен олардың салдары.

18.5. Банкроттық барысындағы қайта құру мен жойылу.....................................................................................

18.6. Альтман моделі....................................................
19 тақырып. Трансұлттық корпорациялардағы қаржы менеджмент (қаржы менеджментінің халықаралық аспектілері)...................................................

19.1. Трансұлттық корпорациялар..............................

19.2. Трансұлттық корпорациялардағы қаржы менеджментінің ерекшеліктері..............................................

19.3. Халықаралық ақша мен капитал нарықтары.....

19.4.Трансұлтты корпорациялардағы капитал жұмсау бюджеті.......................................................................

19.5. Капиталдың халықаралық құрылымы................

19.6.Айналымдағы капиталды басқарудың халықаралық аспектілері........................................................
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі...............................

Түсініктемелер..............................................................


8
9


9
12
14
16
18
22

26


26
30
31

36

36


39
41

43
45

48
48

49

51



53

53
55


57

60

60



64
67
69

71
71


76
80
82
83

85
87

91
93
96

96

100



103

105


105
107
111

114

116
117

118
120


126

126


131

133


138

138


144
147

148


149

151
152

156
158

160
163

163

166
170



174

177
180

180
183

184
186

188
191

191


198
200
202

205


206

208


209
211
215

217
222

225

233


233
235

237
239

242
244
248

252



КІРІСПЕ

Қаржы менеджменті экономикалық ғылымдағы келешегі ең зор бағыт болып келеді. Қазіргі заманғы жағдайларда қаржы менеджері кәсіпорынның басты тұлғаларының бірі. Ол қаржылық сипатты мәселелердің дұрыс шешілуіне, кейде мақсатқа сәйкес соңғы шешімді қабылдау үшін жауапты. Көбінесе қаржы менеджері қабылданған шешімнің жауапты орындаушысы болып, сонымен бірге қаржылық қызметін де іске асырады. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттері үш негізгі бағыттар бойынша шешімдерді қабылдауда тұрады: активтерді басқару, инвестициялық қызмет және кәсіпорын дамуының қаржыландыру көздерін іздеу.

Осы оқу құралының материалдарымен танысу бірқатар сұрақтарға жауапты іздеп табуға көмектеседі. Мысалы:

Қаржылық менеджменті дегеніміз не?

Кәсіпорынның жағдайы мен мүмкіндіктерін қалай бағалауға болады?

Фирма ресурстарын қалай дұрыс үлестіруге болады?

Компанияның негізгі ресурстарының (қорларының) оңтайлы құрылымы қандай?

Кәсіпкерлік қызметінің негізгі міндеттерін шешу үшін қажет қаржыларды қайдан табуға болады?

Инвестициялық жобаларды бағалау барысында қандай әдістерді пайдалануға болады?

Тапқан пайдаға қалай дұрыс ие болып, дивиденттік саясатын іске асыруға болады?

Осы оқу құралының мақсаты – «Қаржылық менеджмент» пәнінің негізгі мазмұнын қысқа да түсінікті түрде баяндау: қаржылық басқарудың қазіргі заманғы әдістер жүйесін қарастыру; кәсіпорынның қаржылық қызметі аясында басқарушылық шешімдерді қабылдау қисынын көрсету; қазіргі заманғы қаржы құралдарымен таныстыру. Сонымен бірге, осы құрал оқырманды қаржы менеджментінің негізгі түсініктері мен құралдарын айыруға, кәсіпорынның қаржылық есеп беру әдістерімен танысуға мүмкіндік береді. Активтердің құрылымы айналымдағы және ақша активтерімен жұмыс істеу ерекшелігі, негізгі активтерді кеңейту мүмкіндігі жөніндегі сұрақтар бойынша білімдерін тереңдетуге көмектеседі.

1 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МАЗМҰНЫ.

1.1. Қаржы менеджментінің анықтамасы;

1.2. Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері;

1.3. Қаржы менеджментінің қазіргі заманғы теориясының даму кезеңдері;

1.4. Ұзақмерзімді (стратегия) және қысқа мерзімді сипатты (тактика) қаржылық шешімдер;

1.5. Қаржылық жоспарлау мен бақылау қаржы менеджментінің негізгі функциялары ретінде;

1.6. Фирманың ұйымдастыру құрылымындағы қаржы қызметі.

1.1. Қаржы менеджментінің анықтамасы.
Экономикалық тұрғыдан алғанда қаржылық менеджмент капиталды оңтайлы (ұтымды) және тиімді пайдалану жүйесі ретінде анықталады, яғни ақша құралдарының, инвестиция-лардың және капиталдың көбеюіне бағытталған.

Қаржылық менеджментіне жатады:



  • әр түрлі қаржы құралдарын пайдалануымен фирманың қаржы саясатын әзірлеу және іске асыру;

  • қаржы мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау, оларды нақтылау және іске асыру әдістерін әзірлеу;

  • фирманың қаржылық есеп беруі мен талдауы арқылы ақпараттық қамтамасыз ету;

  • инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялар қоржынын қалыптастыру;

  • қаржылық жоспарлау мен бақылау;

  • фирманың қаржылық – шаруашылық басқару аппаратын ұйымдастыру;

Қаржылық менеджментінің әдістері бағалауға мүмкіндік береді:

  • қайсыбір ақша салымы тәсілінің тәуекелі мен пайдалылығын;

  • капитал айналымының жылдамдығын, шапшаңдығын және оның өнімділігін.

Қаржылық менеджментінің міндеті: фирма қызметінің мақсаттарына жету үшін әдістерді, қаржы мен құралдарды тауып, қолдану. Бұл – келесі мақсаттар:

  • пайданы көбейту;

  • алдыңғы кезеңде пайданың тұрақты нормасына жету;

  • қызметкерлер құрамы мен акционерлердің табыстарын көбейту;

  • фирма акцияларының бағамдық құнын жоғарылату және т.б.

Қорытындысында, барлық осы мақсаттар салымшылардың (акционерлердің) немесе иелердің (капитал иегерлерінің) табыстарын жоғарылатуға бағытталған. Практикалық тұрғыдан алғанда, қаржылық менеджмент кәсіпорынның ақша құралдарын және олардың көздерін басқару жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.Кез келген басқару жүйесі ретінде оған объекті мен субъекті жатады, яғни басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер. (1 сурет).


Басқарушы ішкі жүйе


Ұйымдастыруын қамтамасыз ету



Кадрмен қамтамасыз ету

Ақпараттық қамтамасыз ету


Әдістемелік қамтамасыз ету



Техникалық қамтамасыз ету

Басқару объектісі

Қаржы ресурстары

Қаржыландыру көздері

Қаржылық қатынастар

1 сурет. Қаржылық менеджментінің жүйесі.

Мұнда басқару объектісі – кәсіпорынның ақша құралдары мен олардың көздері, сонымен бірге қаржы жүйесінің әр түрлі тізбектері және шаруашылық қызметінің басқа қатысушылары арасында пайда болатын қаржы қатынастары. Қаржылық менеджмент жүйесіндегі басқару субъектілері – иегерлер, қаржы менеджерлері және оның басқару кіші жүйесін құрайтын тиісті қызметтер мен ұйымдастыру құрылымдары.

Басқарудың басты субъектісі – кәсіпорын иегері болып келеді. Басқарушы кіші жүйесінің құрамында құқықтық, әдістемелік, кадр, ақпараттық, техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді айыруға болады. Экономикада кез келген жүйенің қызметі Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңдар шеңберінде іске асырылады. Олар: Қазақстан Республикасының заңдары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері, сонымен бірге нақты кәсіпорынның ережелері мен нұсқаулықтары. Қаржылық менеджметінің әдістемелік қамтамасыз етудің негізін жалпы экономикалық, аналитикалық және арнайы амалдар, әдістер, құралдар мен үлгілер (модельдер) кешені құрайды. Олар шаруашылық объектінің қаржылық ресурстарын тиімді басқаруын қамтамасыз етеді.

Қаржылық менеджменті жүйесінің басты элементі – кадрлық қамтамасыз етуі болып табылады, яғни адамдар тобы (қаржы директорлары, менеджерлері және т.б.) арнайы әдістер, құралдар мен тәсілдер арқылы объектіге мақсатқа сәйкес басқарушылық әрекеттерді іске асырады.. Кез келген экономикалық объектіні басқару оның құрылымдық элементтері мен қоршаған орта арасында ақпаратпен алмасуымен байланысты. Бұл ақпараттың дер кезділігі, толықтығы, дәлділігі мен сенімділігі қазіргі заманғы бизнесте табысты анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып келеді. Осыған орай, қаржыны басқарудың қазіргі заманғы жүйесінің маңызды элементі – оның ақпараттық қамтамасыз етуі. Қалыптасу көздеріне байланысты ақпарат ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Ішкі ақпарат бухгалтериядан, өндіріс бөлімдерінен, материалдық-техникалық (жабдықтау) қамтамасыз ету, өткізу, маркетинг бөлімдерінен алынады. Бұл ақпарат қаржы менеджеріне толық көлемде белгілі болуға тиісті, фирманың табыстылығы мен тиімділігі көбінесе оның сыртқы ортаға бейімделуімен байланысты.

Қаржы менеджерінің ақпараттық қажеттіліктерінің маңызды бөлігі сыртқы ақпаратқа келеді: нарық коньюнктурасы, сатып алушылар, бәсекелестер, пайыздық мөлшерлемелер, бағалы қағаздар, заңдардағы өзгерістер туралы деректер. Ақпараттық технологиялар саласында қаржы менеджері кәсіби білікті болуға тиісті. Бұндай ақпараттың қолжетімділігі, дер кезділігі әр түрлі факторлардан тәуелді, олардың ішіндегі ең маңыздысы: ақпараттық нарықтың даму деңгейі мен техникалық қамтамасыз етуі. Қазіргі уақытта экономикалық объектілерді автоматтандырылған басқару жүйесін салу барысында техникалық шешімдердің негізі ретінде жоғары өнімді жеке ЭЕМ болып табылады.

1.2. Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты мен міндеттері.

Бүгінгі таңда қаржы менеджері ақша ағындарын белсенді де тиімді басқару үдерісіне жауапты. Бұл кәсіби қаржы менеджерінің кәсіпорындағы рөлін кұшейтуге әкелді. Қаржы менеджерінің негізгі міндеттерімен танысу алдында фирманың қаржы сызбасын көрейік. Фирманың қаржы сызбасы (2 сурет).


Қаржы талдауы мен жоспарлауы

Б
Активтерді басқару
аланс





Активтер

Пассивтер

Капиталды басқару

Ағымдағы активтер

Қарыз (заем) капиталы

Негізгі активтер

Жеке капитал



2 сурет. Фирманың жалпы қаржы сызбасы.


Қаржы менеджері компания қаржыларымен әр тұрғыдан басқаруы мүмкін. Қойылған мақсаттарға байланысты басқару объектілері ретінде активтер болуы мүмкін, қалай құрамы бойынша, солай құрылымы бойынша да. Пассивтерді басқару капитал құрылымын дұрыс қалыптастыруға, меншік және қарыз капиталының ара қатысын оңтайландыруға, қысқа мерзімді қаржыландырудың үлесін айқын көруге көмектеседі.

Қаржы менеджерінің маңызды міндеттері:

• қаржылық талдау мен жоспарлау

• активтерді басқару

• капиталды басқару

• тәуекелдерді басқару.

Тәуекелдерді басқару. Қаржылық талдау менеджерге қаржы жағдайындағы өзгерістерге әкелетін факторларды тауып, негізгі үрдістердің болжамын жасап, фирманың қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыс та өндірістің өсуіне қажет ресурстардың мөлшері мен құрамын бағалап, қосымша қаржыландырудың көздерін табуға жол ашады. Активтерді басқару міндеті шеңберінде қаржы менеджері активтердің сатып алуы мен қызмет көрсетуімен байланысты бірқатар мәселелердің шешуін қамтамасыз етуге тиісті. ең алдымен негізгі және айналымдағы қаражаттардың оңтайлы құрамы мен тиімді құрылымын анықтау қажет. Сонан соң қаражаттарды ресурстардың әр түрлеріне (материалдық, еңбек, қаржы және т.б. инвестициялау қаншалықты экономикалық тиімді екенін анықтау керек. Осыдан басқа, барлық активтер жиынтығының жағдайы мен тиімді пайдалануына бақылау жүйесін әзірлеу маңызды. Соңында - бағаларды қарастырып (салыстырып), активтерді пайдалану тәуекелін бағалау.

Қаржы менеджерінің маңызды өнімі – инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдау. Олар фирмаға қаржылық тұрақтылық беруге, оның ағымдағы және келешек дамуына бағытталады. Инвестициялық және қаржылық шешімдер әдетте сатулар көлемінің өсу қарқындарын оңтайландыруға, инвестициялардың нақты түрлерін таңдауға, инвестицияларды қаржыландыру құралдарының көздерін іздеуге, қарыз және акционерлік қаражаттар құрылымын оңтайландыруға, бағасы бойынша қолайлы ұзақмерзімді және қысқамерзімді займдарды таңдауға бағытталған. Инвестицияларды басқару кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған инвестициялық саясатын қалыптастыруда тұрады. Осы міндеттің шеңберінде ең тиімді немесе қолайлысын іріктеп таңдау мақсатында жеке жобалары мен қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын бағалауы, қаржы салымы бюджетін әзірлеуі, бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыруы және басқаруы іске асырылады. Ақша ағындарын басқару кәсіпорынның ағымдағы, күнделікті қызметінде рөлі маңызды. Осы міндеттің іске асу нәтижелілігінен төлемқабілеті, өтімділігі мен қаржы тұрақтылығы байланысты.

Тәуекел – шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын факторы болып келеді. Іске асыру үдерісінде олардың негізгі түрлері анықталып, осы тәуекелдер деңгейінің және олармен байланысты шығындар көлемінің бағалауы өткізіледі. Алынған ақпарат пен талдау нәтижелерінің негізінде тәуекелдерді кешенді басқаруы бойынша, олардың жеке түрлерін алдын алу және азайту, әртараптандыру, сақтандыру және хеджирлеу бойынша шаралар жүйесі қалыптасады.

1.3. Қаржылық менеджментінің қазіргі заманғы теориясының даму кезеңдері.
Ғылым ретінде қаржылық менеджмент – компанияның қаржылық ресурстарын басқару теориясы мен методологиясына арналған білімдер саласы. Жеке ғылым ретінде қаржылық менеджмент жақында ғана қалыптасты. Г. Марковиц инвестициялық қоржынның қазіргі заманғы теориясының негізін қалаған. Қоржын теориясы: тәуекелдерді азайту мақсатында салымдардың әртараптандыруын зерделеу, нарықтағы бағалық үрдістерді қадағалау үшін нарықтарды шолу. Сонымен бірге бұл теория активтер (бағалы қағаздар) қоржынының құрылымын және күтілетін табыстармен оның ара қатынасын қарастырады.

Бұл еңбектерде қаржы активтеріне қаржыландыру саласында шешімдерді қабылдау методологиясы мен тиісті ғылыми құралдары ұсынылды. Арғы дамуын бұл бөлім бағалы қағаздардың баға белгілеуіне, капитал нарығының тиімділігі тұжырымдамасында тәуекелдерді және табыстылығын бағалау үлгілерін құруға және олардың тәжірибелік растауында жаңа қаржы құралдарын әзірлеуге арналған зерттеулерде жалғастырды. 60 - шы жылдарда У. Шарт, Дж. Линтнер, Дж Моссин бірігіп, қаржы активтердің табыстылығын бағалау моделін (үлгісін) әзірледі, ол үнемі (жүйелі) түрдегі тәуекел мен қоржын табыстылығын байланыстырады. Бұл модель (үлгі) қазіргі уақытқа дейін қаржы теориясының ең беделді ғылыми жетістіктері болып табылады. Бірақ ол үнемі сынға бөлене бергесін, кейінірек бірнеше амалдар әзірленді, мысалы арбитраждық баға белгіленуі теориясы (Arbitrage Pricing Theory APT). АРТ тұжырымдамасын қаржы саласының белгілі маманы Стивен Росс ұсынды. Үлгі (модель) негізінде келесі пайымдау жатыр: кез келген акцияның нақты табыстылығы екі бөліктен тұрады: кәдімгі (күтілетін) және тәуекелді (белгісіз). Соңғы сәт көптеген экономикалық факторлармен анықталады, мысалы, елдегі нарықтың ахуалымен, жалпы ішкі өніммен, әлемдік экономикалық тұрақтылығымен, инфляциямен, пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен және т.б.




жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау