Лауазымдық міндеттері. Өндірістік және азаматтық бағыттағы құрылыстарды техникалық тұрғыда куәләндіру жұмыстарын атқарады. Құрылыстарды тексереді, биігін есепке алмағанда құрылыстардың орналасуын көрсете отырып жер учаскесінің абрисын жасайды, геодезиялық және өлшеуіш приборлары арқылы жоспарлы түсірулер мен жүйелі өлшеулер жасайды. Дала жұмыстарының журналдарын жүргізеді, құрылыстардың техникалық жағдайы мен бағалауды тексеру актілерін дайындайды. Құрылыстардың, сонымен қатар жер учаскесінде құрылыстың орналасқан жері мен құрамын көрсететін олардың элементтерінің (учаскелер, қабаттар, бөлмелер) сызбалары мен жоспарларын орындайды. Экспликациялар жасайды және графикті материалдарға түсініктемелер береді. Құрылыстың санындағы, орналасқан жеріндегі, құрамындағы, техникалық жағдайындағы фактілі өзгерістерге сәйкес техникалық құжаттарға өзгерістер кіргізеді. Бағасын анықтауға қажетті, құрылыстың сапалық сипаттамасын анықтайды. Құрылыстардың техникалық паспорттары мен статистикалық карточкілерін жасайды, есеп объектісінің реестрін жүргізеді. Нұсқауларға сәйкес инвентар істерін құрастырады. Техникалық паспорттардан, экспликациялардан, реестрлерден белгіленген тәртіп бойынша көшірмелер жасайды.
Білуге тиіс: жылжымайтын мүліктерді есептеу, техникалық түгендеу және тіркеу сұрақтары бойынша әдістемелік, нормативтік және нұсқау материалдары және олармен келісімдер; салық салу мен жылжымайтын мүліктерді сақтандыру негіздері; құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясының негіздері; өндірістік және азаматтық құрылыстарды пайдалану ережелері; жер салымдарының, құрылыстардың құралдық түсуін орындау әдістері мен ережелерін; құрылыс нормалары мен ережелері; құжаттарды жасау, жүргізу және сақтау тәртібі; техникалық құжаттарды жасау мен құрастыру стандарттары, техникалық шарттар, ережелер мен нұсқаулар; құрылыстардың бағаларын есептеу әдістері; жылжымайтын мүліктермен келісімдер жасау тәртібі; тұрмыстық және коммуналдық қызметтердің тарифтері; экономика, енбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі болуы керек, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Ақпаратты сақтау жөніндегі техник
Лауазымдық міндеттері. Зерттеулер мен зерттемелердің ақпараттық қауіпсіздігін және мемлекеттік және коммерциялық құпияның сақтау жұмыстарына қатысады. Аспап және құрал-жабдықты орнату, жөндеу жұмыстарын реттеу, техникалық күйін тексеру, ағымдық жөндеу жұмыстарымен алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сақтау құралдарын қолдану мен ақпараттарға және құрал-жабдық жұмыстарына бақылау қою жұмыстарын жүргізіледі. Қорғауға жататын жұмыстар мен құралдарға орнатылған техникалық жабдықтарға және олардың жұмысының бұзылғандығы жөніндегі журналдарға, анықтамаларға есеп жүргізеді. Жоспардағы және жоспардан тыс бақылаулық тексеруге, құрал-жабдықты іскерлік сынауға және қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарына беруге техникалық құралдарды дайындайды. Арнайы өлшеулердің және басқа да техникалық құжаттардың соның ішінде құралдардың қолданылуына байланысты ақпараттарға бақылау қойып хаттама рәсімдейді. Арнай есеп жұмыстарын жүргізіп нәтижесін сараптап талдап қорытады, техникалық есеп дайындап жедел ақпарат дайындайды. Техникалық құралдардың жұмысының ақауының себебін анықтайды, оны жою бойынша және ақпаратты қорғау мен бақылау қоюға арналған іс-шараларды нәтижесін арттыру үшін ұсыныс пен ескерту дайындайды. Жобаланған құрал-жабдықты сынағанда, жөндегенде, дайындағанда, монтаж жұмыстарын жүргізгенде, қолданғанда және өңдеу бойынша техникалық шешімдерге қатысады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалары және басқа да нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік құпия мен ақпаратты қорғау сұрақтарын қамтитын әдістемелік және басқа да материалдар; ұйымның мамандануы және олардың іс-әрекетінің ерекшелігі; ақпаратты қорғау мақсатында қолданылатын әдістер мен техникалық құралдар; орындалатын жұмыстарға арналған талаптар: жұмыс саласы бойынша қолданылатын арнайы әдебиеттің терминологиясы; техникалық құралдардың жұмыс қағидаттары және алынған техникалық құралдардың қолдану ережелері, өңдеу, тапсыру, ақпаратты көрсету мен сақтау, бақылау, сақтау және басқа жабдықтары, ақпаратты қорғау барысында қолданылатын жұмыстардағы, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қағидаты; ақпаратты қорғау бойынша техникалық құжатты рәсімдеу тәртібі; арнайы жұмыстарды жүргізудің тәртібінің нұсқауы; ақпаратты қорғау мен техникалық барлаудың отандық және шет елдік тәжірибесін; экономика негіздері, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек заңының заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санаттағы ақпаратты сақтау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және II санаттағы ақпаратты сақтау технигі лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
II санаттағы ақпаратты сақтау жөніндегі техник: тиісті мамандық бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және санатсыз ақпаратты сақтау технигі лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Ақпаратты сақтау жөніндегі техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Аспап жөніндегі техник Лауазымдық міндеттері. Біліктілігі жоғары маманмен ұйымның жеке бөлімдерінің аспаптармен технологиялық жабдықталуының қажеттілігін анықтайтын есептеулер жүргізеді, жабдықтау мен аспап дайындаудың ағымдық және болашаққа жоба құрастыру, сонымен қатар аспап өндіруге қажет арнайы маркалы болат, балқыма, құйма және басқа материалдарды алуға тапсырыс беру. Жұмыс орындарындағы, аспаптық қоймалардағы аспап қорының нормаларының салыстырмалы шығындарын есептеуге, аспап беретін қойманың айналмалы қорының көлемін есептеуге қатысады. Ұйымның құрылымдарының аспаппен жабдықталуын және аспапты шығындауына есеп жасайды, белгіленген нормативті бақылауға алып артық шығын болған жағдайды сонымен қатар артық мөлшердегі аспаптар мен жабдықталуды анықтайды және есепке алады. Тозған аспаппен жабдықтарды сонымен қатар мөлшері көп жүрмейтін аспаптарды шығаруға құжаттарды рәсімдейді, сонымен қатар ұйымның өндірістік бөлімшелерінің аспаптары мен жабдықтарын қолданудың шектік карталарын дайындайды. Аспап қоймаларын инвентаризациялауға қатысады. Аспап пен технологиялық жабдықтың жедел шығынын есепке алады және аспаптық цехтың өндірістік бағдарламаларының орындалуын көрсетеді. Аспаптық бөлімге түсетін тіркеу және есептік құжаттардың толықтығын, дұрыс рәсімделгендігін, анықтығын тексереді. Өндірістік жоспарлы аспаптық қамтылуын есепке алатын материалдарды таңдайды.
Білуге тиіс: аспапты және жабдықты өндіру технологиясының негіздері, оны қолдану мен сақтау ережелері; аспап пен жабдыққа және оны жасауға қойылатын техникалық талаптар; қойма шаруашылығын ұйымдастыру; экономикалық статистика негіздері; өндіріс бөлімдерінің аспап пен технологиялық жабдыққа қажеттілігін анықтау тәртібі; аспаппен технологиялық жабдықтың шығындалу қорын есептеу тәртібі; ұйымдағы аспап пен жабдықтың қазіргі кездегі бағасы; аспаптық цехтың өндірістік бағдарламасын тіркеу көрсеткіштерінің есебін жүргізу тәртібі, аспаппен жабдықтың шығындалуы; экономика, енбекті ұйымдастыру және өндірісті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санаттағы аспап бойынша техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және II санаттағы аспап бойынша техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
II санаттағы аспап бойынша техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және санатсыз аспап бойынша техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Аспап бойынша техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |