Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет79/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126
    Навигация по данной странице:
  • Техник

Жүйе администраторы

Лауазымдық міндеттері. Бағдарламалаық қамсыздандыруды орнатуды қамтамасыз етеді. Жүйе администраторы серверлер мен жұмыс станцияларында желілік бағдарламалық қамсыздандырулар орнатады. Серверде жүйені конфигурациялайды. Файл-серверлерді, мәліметтер базасын басқару жүйесінің серверлерін және жұмыс станцияларын интеграциялы бағдарламалы қамтамасыздандырулармен қамтамасыздандырады. Сервер мен жұмыс станцияларының бағдарламалық қамтамасыздандыруларының жұмыс істеуін қадағалайды. Пайдаланушыларды тіркейді, идентификаторлар мен парольдарды белгілейді. Пайдаланушыларды желі жұмысына, архив жұмыстарын жүргізуге оқытады, пайдаланушыларға желі жұмыстарына байланысты консультация береді. Желілік бағдарламалық қамтамасыздандыру жұмыстары бойынша нұсқаулар жасайды және оларды пайдаланушыларға жеткізеді. Желі қорларының пайдаланылуын қадағалайды. Локальдік және әлемдік желілердің қолжетімділігін ұйымдастырады. Жұмыс станцияларын немесе серверлерді, уақытты және қорларды пайдалану дәрежесі бойынша пайдаланушылар үшін шектеулер қояды. Мәліметтердің уақтылы көшірілуін және жинақталуын қамтамасыздандырады. Желі жабдығының ақауын, пайдаланушылар мен бағдарламалық қамтамасыздандыру желісінің қателерін анықтайды. Жүйе жұмысы тоқтағанда және жүйе жабдығы жұмыстан шыққанда оларды жұмыс қалпына келтіруге қатысады. Желі мониторингін өткізеді, желі инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Желінің қауіпсіздігін (ақпараттарға рұхсатсыз кіруден қорғау, жүйелік файлдар мен мәліметтерді қарастыру немесе өзгерту), оның ішінде желіаралық қарым-қатынастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Желі жабдықтарын модернизациялау және сатып алу бойынша ұсыныстар дайындайды. Басқа мекемелер мамандарының жабдықтарды монтаждауын қадағалайды. Жүйелі ақпараттар журналын, басқа техникалық құжаттарды жүргізеді.


Білуге тиіс: ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; аппараттық және бағдарламалық құралдардың қызмет ету және сәулетінің жалпы қағидаттары; желілік басқаруды ұйымдастыру негіздері; бағдарламалау және ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдалану әдістері; желінің серверлік ресурстары; желі пайдаланушыларында пайда болған ақаулықтарды, проблемаларды шешу әдістері; жабдықтардың техникалық-пайдалану сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, жұмыс бағыты мен тәртібі, техникалық пайдалану ережелері; желілердің ақпараттармен және бағдарламалармен қамсыздандырылуы; аппараттық қамсыздандыруды қарапайым жөндеу қағидаттары; бағдарлама тілдері; стандарттар, есептеу жүйелері, шифрлар мен кодтар; бағдарламалау әдістері; ақпараттарды жан-жақты қорғауды ұйымдастыру жүйелері, ақпараттарға рұқсатсыз кірудің алдын алу тәсілдері; техникалық құжаттарды ресімдеу тәртіптері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, 1 жылдан жоғары еңбек стажы немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы керек.



Техник

Лауазымдық міндеттері. Барынша білікті маманның басшылығымен қажетті техникалық есеп айырысуларды жүргізу, күрделі емес жобалар мен қарапайым схемалардың әзірлеу жұмысын орындайды, олардың техникалық тапсырмаларға, қолданылып жүрген стандарттарға және нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Лабораториялық жағдайлармен және объектілерде жабдықты және жүйені жөндеуді, іске қосуды, реттеуді және тәжірибелі жүргізуді жүзеге асырады, оның жарамды жай-күйіне қарайды. Эксперименттер және сынақтар жүргізуге қатысады, аспаптарды қосады, қажетті сипаттамаларды және өлшемдерді тіркейді және алынған нәтижелерді өңдейді. Бағдарламалар, нұсқаулықтар және басқа техникалық құжаттаманы әзірлеуге, макеттер дайындауға, сондай-ақ сынақтарға және эксперименттік жұмыстарға қатысады. Шығыс материалдарын, статистикалық есептің деректердің, ғылыми-техникалық ақпаратты топтастыру, өңдеу және жинақтау жөніндегі жұмысты орындайды. Жүргізілген жұмыстың сипатын, қажетті ерекше нұсқаманы, диаграммаларды, кестелерді және басқа техникалық құжаттаманы жасайды.Жұмыста пайдалану мақсатында анықтамалық және арнайы әдебиетті зерделейді. Жаңа техниканы және прогрессивтік технологияны, рационализаторлық ұсыныстарды және ойлап табуларды ендірудің экономикалық тиімділігін негіздеуге қатысады. Жоспарлы және есептік құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмысты орындайды, орындалған жұмысты қарау және талқылау кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес техникалық құжаттамаға қажетті өзгертулер және түзетулер енгізеді. Орындалған жұмыс бойынша түскен құжаттаманы және хат-хабарды қабылдайды және тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өтуін есепке алады және олардың орындалу мерзімін бақылайды, сондай-ақ іс қағаздарымен аяқталған құжаттардың техникалық ресімделуін жүзеге асырады. Жұмыс туралы есептер жасау үшін деректерді жүйелендіреді, өңдейді және дайындайды. Жұмыста қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдайды.


Білуге тиіс: жұмыстың тақырыбы бойынша нормативтік құқықтық актілер және анықтамалық материалдар; іске қосу жұмысын орындау әдістерінің негіздері; арнайы және анықтамалық әдебиетте қолданылатын терминология; жұмыс бағдарламалары және нұсқаулықтар; әзірленген техникалық құжаттамаға қолданылып жүрген стандарттар және техникалық шарттар, оны жасау тәртібі және ресімдеу ережесі; өлшемдер, байқаулар және сараптамалар жүргізудің бірізділігі және техникасы; бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану ережесі; өндіріс технологиясының негіздері; техникалық сипаттамалар, құрастырушылық ерекшеліктері, жұмыстың мақсаты, қағидаттары және пайдаланылатын жабдықты қолдану ережесі; жабдықты қарау және ақауларды байқау әдістері; жабдықтың жұмысы режимінің өлшемдері, сипаттамаларын және деректерін өлшеу, техникалық есептер, графикалық және есептеу жұмыстарын орындау әдістері және құралдары; ақпарат алудың, өңдеудің және өткізудің техникалық құралдары; есептеу техникасын пайдалану ережесі; есеп және есеп берудің қолданылатын нысандары және есеп жүргізу мен есеп беруді жасау тәртібі; жаңа техниканы және прогрессивтік технологияны ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу әдістері, өнертапқыштық ұсыныстар және өнертабыстар; іс қағаздарын жүргізудің негіздері; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және ІІ санаттағы техник лауазымы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

ІІ санаттағы техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және санатсыз техник лауазымы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

Техник: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі болуы тиіс, жұмыс стажы талап етілмейді.


Есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының технигі


Лауазымдық міндеттері. Есептеу техника құралдарын тиімді пайдалануды қамтамасыздандыру, есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының (ЕО, (АЕО) ақпараттарды қабылдауы мен беру жұмыстарын атқарады. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және ремонттау жұмыстарының жоспарлары мен графиктерін жасауға қатысады. Ақауларды уақытында айқындау және оларды жою мақсатында жабдықтарды тестік тексерулер мен кәсіптік тексерулерден өткізеді, машиналардың элементтері мен бөліктерін, жеке жабдықтары мен тораптарын жөндейді және ретке келтіреді, кәсіби және күнделікті ремонттарға қатысады. Жабдықтарды ремонттан алуға, сонымен қатар қайта ендірілген жабдықтарды қабылдауға және игеруге, өндірістік ерекшелік талаптарын ескере отырып жабдықтарды жаңарту және жетілдіру жұмыстарына қатысады. Жабдықтарды пайдалану, машина жұмыстарының байқалған ақауларының көрсеткіштерінің есебін жүргізеді. Жабдықтарға, жабдық бөліктеріне, инструменттерге, материалдарға және есептеу техника құралдары мен тасымалдау жабдықтарына ремонт жасау үшін сатып алынған комплект өнімдеріне сұраныстар жасауға қатысады.

Білуге тиіс: Нормативтік, әдістемелік және анықтамалық материалдар; ақпараттарды жинаудың, тасымалдаудың және өңдеудің техникалық құралдары; есептеу техника құралдары, ақпараттарды қабылдау және тасымалдау, жинақ жабдықтары мен басқа да жабдықтардың техникалық-пайдалану сипаттамасы мен техникалық пайдалану ережелері; жабдықтарға жөндеу жүргізуді ұйымдастыру; жабдықтарды жөндеу техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлар түзу және жұмыс кестесінің ережелері; жабдықтарға, жабдық бөліктеріне, құралдарға, материалдарға және сатып алынған жинақ өнімдеріне өтінімдерді ресімдеу ережелері; экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

ЕО (АЕО) І санатты технигі: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және ЕО (АЕО) ІІ санатты технигі лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ЕО (АЕО) ІІ санатты технигі: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және ЕО (АЕО) санатсыз техник лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ЕО (АЕО) технигі: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.





жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау