Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет89/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126

Жол шаруашылығы сарапшысы



Лауазымдық міндеттері. Қазақстан жолдарының желісін дамыту мен жетілдіруді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады. Жұмыс өндірісінің, жолдардың тасымалдау-пайдаланушылық жағдайының және олардағы жасанды құрылыстардың технологиясына, сапасына, көлемі мен мерзіміне, мердігерлер мен жеткізушілердің шарт міндеттемелерін орындауына, көлік құралдарының қарқынды қозғалысы мен анықталған ақаулар мен жұмыстың тоқтатылуын болдырмау туралы ұйғарымға сәйкес автомобиль жолдарына зерттеу мен диагноздауды жүргізуге, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Тексерулердің қорытындылары бойынша орындалған жұмыстың сапасы туралы қорытынды, анықталған кемшіліктер мен жұмысты тоқтатылуын болдырмау туралы ұйғарым дайындайды. Шарт міндеттемелерінде жіберілген кемшіліктер, жұмыстың төменгі сапасы мен немесе ақауларды жою бойынша ұйғарымдардың орындалмағаны үшін ұйымдарға экономикалық және әкімшілік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Автомобиль жолдарының ахуалын бағалауды және дайындалған қорытынды негізінде тасымалдау-пайдалану жағдайы мен автомобиль жолдарының желілерінің дамуын жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігінің ғылыми, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық, методикалық және ақпараттық қамтамасыз етілуі жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. Нормативтік құжаттарды жүргізу мен құруға қатысады. Жол шаруашылығының ұзақ мерзімді, орташа шұғыл бағдарламасы мен жол шаруашылығындағы жұмыстардың ағымдағы жоспарларын болжауды әзірлеуге қатысу. Ақпараттық-есептеу жүйесін, өндірістік-технологиялық және апаттық-шақыру байланысты енгізумен байланысты жұмыстарды жүргізеді. Дербес компьютерлерде сақталатын ақпаратты жергілікті желілер мен интернет қолданушыларының оған заңсыз қол жеткізуінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды. Ақпараттандыру мен байланыс, оның ішінде оның міндетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды дайындау жөніндегі техникалық құжаттама сараптамасын жүргізеді. Ақпараттық-есептеу жүйесінің аппаратты және бағдарламалық құралдарына техникалық қызмет көрсету, пайдалануды, сонымен қатар ақпараттандыру мен байланыс саласында техникалық тапсырмалар мен шарттарды дайындайды және келіседі. Жол объектілерінің жобалық құжаттамаларына сараптаманы жүзеге асырады және қорытынды дайындайды. Мердігерлік саудаларды (конкурстарды) жүргізуге қатысады, олардың іске асырылу мониторингін дайындайды. Жол маңы жолақтары мен автомобиль жолдарының жолақтары басып жатқан жерлерді коммерциялық қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарастырады, осы ұсыныстардың экономикалық тиімділігіне есеп айырысу жүргізеді. Жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысы үшін құжаттамалардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарға паспорттар жүргізуді, мәжіліс жүргізу үшін ақпараттық және анықтамалық-талдау материалдарын дайындауды жүзеге асырады. Коммерциялық ұйымдарды автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды тиісті түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындауға коммерциялық ұйымдарды тартудың экономикалық тиімділігіне қатысты есеп айырысуларды жүргізуді жүзеге асырады. Жол жұмыстарын жүргізуге шығындарды талдайды, 1 км автомобиль жолдарын ұстау шығыны нормативтері мен жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарына лоттардың стартты бағалары бойынша ұсыныс дайындайды. Орындалған жұмыстар туралы есепті жүргізеді және белгіленген есептілікті құрады. Жол шаруашылығындағы табиғи апаттар мен жол-көлік оқиғаларының салдарларын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ауыр салмақты және/немесе ірі габаритті көлік құралдарының өту жолын жүзеге асыруға өтінімдерді қарастырады, қозғалыс бағдарлары мен өту талаптарын келісуді жүзеге асырады, автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарға жалпы салмағы немесе жүктемесі нормативтік мағынадан асатын көлік құралдарының заңсыз кіруі салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін анықтайды. Мемлекеттік және коммерциялық құпия болып келетін қызметтік ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасы субъектілері, мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар, жол шаруашылығын мемлекеттік қолдауға бағытталған қаржылық қаражаттар және оларды қолдану тәртібі, жұмыс өндірісінің технологиясы мен сапасы, жол қозғалысында жол қауіпсіздігін инженерлік қамтамасыз ету; орындалған жұмыстардың (қызметтердің) белгіленген стандарттарға сәйкестігі туралы қорытынды дайындау тәртібі; нормативтік құжаттарды дайындау тәсілі; жұмысты жоспарлау мен қаржыландыру тәртібі; жаңа технология мен техниканы енгізу тәртібі; жерді пайдалану ережесі; объектілерді пайдалануға енгізу ережесі; жолдар мен құрылыстардың көлік-пайдаланушылық жағдайын анықтау тәртібі; мердігерлік сауданы жүргізу мен мемлекеттік келісім-шарттарды жасасудың ережесі; мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің тәсілдері; байланыс жүйесі мен ақпараттық-есептеу байланыстың аппараттық және бағдарламалық құралдарын пайдалану мен техникалық қызмет көрсету ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.


Көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі

жөніндегі сарапшысы

Лауазымдық міндеттері. Көтергіш құрылыстардың (лифтілердің, экскалаторлардың, мүгедектерге арналған көтергіш платформалар мен басқа да техникалық құрылғылардың), олардың жұмысқа қабілетін бақылау жүйесіне, сонымен қатар қауіпсіз пайдалануды, көтергіш құрылыстардың техникалық қызмет көрсетілуі мен жөндеуін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге қатысты өндірістік қауіпсіздікке сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді. Көтергіш құрылыстарға техникалық диагноздауды жүргізуді қамтамасыз етеді, оның қорытындыларын жинақтайды және талдайды. Басқа да сарапшылармен бірлесіп қызметінің нормативтік мерзімін өтеген көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігіне жүргізілген сараптамалар қорытындылары бойынша қажетті техникалық шешімдерді қабылдайды. Апаттық мен бақытсыздық жағдайлардың себептерін зерттеу жөніндегі комиссия жұмысына, апаттық мен бақытсыздық жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Көтергіш құрылыстарды зерттеудің деректерін және жүргізілген сараптамалардың қорытындыларын зерттеу негізінде сараптамалар қорытындыларының жобаларын дайындауды, сонымен қатар көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі сараптамаларымен байланысты жұмысты орындау жөніндегі методикалық және нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады, сараптаманы жүргізу кезінде жұмыстардың орындалу сапасын бақылайды. Көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі сарапшылары кандидаттарын олардың кәсіби мамандануы мен көтергіш құрылыстардың техникалық ерекшеліктерінің білімін ескере отырып, оларды дайындау, тағылымдау және біліктіліктерін көтеру мен аттестациялауды жүргізуді басқарады.

Білуге тиіс: Заңдар, қаулылар, бұйрықтар және өзге де нормативтік құқықтық актілер, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік және техникалық құжаттамалар; көтергіш құрылыстардың пайдалануы, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді регламенттейтін нормативтік құжаттар; қызметін нормативтік өтеген көтергіш құрылыстарға, жабдықтар мен басқа да техникалық құрылғыларға диагностикалауды жүргізу тәртібі; білімді тексерудің тәсілдері мен технологиясы; көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізген кезде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану ережелері; көтергіш құрылыстардың қауіпсіз пайдалану құрылғысы, құрылымдық ерекшеліктері, әрекеттері мен ережесінің қағидаттары, оларға техникалық диагноздауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі; көтергіш құрылыстардың жұмысқа қабілетті техникалық жағдайы мен қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету талаптары; өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізудің нәтижелерін өңдеу мен талдау тәсілі; техникалық құжаттамалар мен сараптамалар қорытындыларын ресімдеу тәртібі; еңбекті ұйымдастырудың негізі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша ІІ санаттағы көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

ІІ санаттағы көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;



Көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды.


жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау