Әож 37. 035. 6: 512 диалогтік оқыту арқылы оқушының танымдық Әрекетін дамыту



жүктеу 37,41 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.05.2018
өлшемі37,41 Kb.
#15422


ӘОЖ 37.035.6:512 

 

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ 

 ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ 

 

Нигметова К.Д. 

Орал қ. 

 

Диалог сөзі белгілі бір коммуникативтік, технологиялық және лингвистикалық ерекшеліктерімен 



сипатталады.  Диалог  сөз  –  бұл  жағдаяттық-тақырыптық  ортақтықпен  және  коммуникативтік 

мотивтермен  біріктірілген  тілдесу  актісінде  екі  немесе  одан  да  көп  әңгімелесушілер  жүйелі  түрде 

берген ауызша айтылымдарының үйлестірілуі. 

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақты диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен 

Литлтон  (2007)  өз  еңбектерінде  диалог  сабақта  оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен  қатар 

олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлес  қосатындығын  атап  көрсетеді.  Зерттеулерде  ересектер  мен 

интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және 

когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Осы пікірмен толықтай қосыла отырып өз сыныбындағы 

бір  отбасының  егіз  ұлдары,  ата-аналарының  таңертеңнен  –  кешке  дейін  жұмыста  болуларына 

байланысты балалары бала бақшаға бармай, үйде қамауда болған сыртқы ортамен байланыс аз болған. 

Сол себепті сөздік қоры, сөздерді айтуы түсініксіз.  Диалогтық әдісті қолдана отырып оларға мәртебесі 

төмен сұрақтар қойып, жауап алуға, сөйлетуге  тартамын. Осыған тағы бір дәлелі Выготскийдің пікірі: 

«Кіші  жастағы  балаларды  когнитивті  даму  әрекеттері  әлеуметтік  қарым-қатынас  үрдісінде,  яғни 

анағұрлым  қабілетті  оқушылармен  араласу  және  мәдениет,  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынас 

жасау  арқылы  оқушыларды  ересектерше  ойлау  әдісіне  үйрету  кезінде  қалыптасатын  оқушы  ретінде 

суреттейді.  Выготский  когнитивті  дамудың,  оқушылар  өздерінің  «жақын  арадағы  даму    аймағында» 

жұмыс  істесе  жақсаратындығын  атап  көрсеткен.  Тапсырмаларды  орындауда,  оқушыларға  жаңаны 

үйретуде  тірек  болатын  ересектердің  көмегі  немесе  қолдауы  керек.  Бұл  қолдау  қарым-қатынасты 

қамтиды және де білім берудің негізгі құралы деп есептейді.  

Барнс  (1971)  сыныпта  тіл  қаншалықты  қолданылса,  оқушылардың  білім  алуына  соншалықты 

әсер  ететінін  айтады.  Білім  берудің  мұғалімді  селқоз  тыңдағанда  ғана  емес  ,  вербальды  құралдарды 

қолдану  нәтижиесінде,  яғни  сөйлесу,  талдау  және  дәлелдеу  барысында  жүзеге  асатынын  көрсетті. 

Мерсер  және  Ходжкинсон  (2008)  зерттеулері  Барнстың  ертеректегі  жұмысына  негізделе  құрылып, 

білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.  

Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін  көрсететін жеткілікті 

дәлелдер бар: 

- Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; 

- Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; 

- Оқушылардың өз идеяларын дәләлдеуіне көмектеседі

- Мұғалімдерге  оқушыларға  білім  беру  барысында  олардың  оқушылары  қандай  деңгейде 

екендігін түсінуге көмектеседі; 

Оқушылар  мәтін  бойынша  өз  ойларын  бөліскен  кезде  еркіндік  беріп  қойсақ,  олардың  ойлау 

деңгейлері де ,сөйлеу дағдылары да дамиды. 

Александр  (2004)-  қарым-қатынас  жасаудың  бірсарынды  үдерісі  емес,  керісінше,  идеялар  екі 

жақты  бағытта  жүреді  және  осының  негізінде  оқушының  білім  алу  үдерісі  алға  жылжиды  деген 

тұжырымдамасы тәжірбие барысында іске асты. 

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесуі оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып 

табылады және әңгімелесудің:  

- Әңгіме-дебат 

- Топтық әңгіме 

- Зерттеушілік әңгіме 

А.Лопатинаның  «Тәтті  тоқаш»  әңгімесі  барсында  оқушылар  топта  жұмыс  істеді.  Оларда  ортақ 

проблема болды, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырды;  Идеялармен пікір алмасып, 

талқылады,  баға  берді,  ұжымдық  білім  мен  түсінік  қалыптасты,  оқушылар  бірге  ойланды,  әңгімеге 

тартылған, өз ойларын дауыстап айтты, қажет кезде бағыт беріп отырдым. 

Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «Бастама жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойыншы қойылған сұрақ 

екендігі анықталды.  

Бастама (Мұғ): Не туралы айтылған? 

Жауап (оқушы): Емен 

Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс 

Бастама (мұғалім): Ертегі қандай емен жайлы 

Жауап (оқушы): менмен, өзімшіл, өзін жоғары санайды. 

Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс 



Бастама жасап, бақылап отыратын мұғалім (Меркер, 1995) сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ 

берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп оны жақсарта 

және  кеңейте  алады.  Оқушылардың  тақырыпты  түсінуіне  қол  жеткізуі  үшін  мұғалімдер  қолданатын 

сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. 

Тек  мақсатына  қарай  өзгеріп  тұрады.  Оның  үстіне,  сұрақты  оқушылардың  білім  алу 

қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай 

сұрақтарды саралауы болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың: 

- түрткі болу 

- сынақтан өткізу 

- қайта бағыттау 

«Ай кімдікі?» Д.Родари 

Түрткі болу: Өлеңде қандай ай туралы айтылған?  

Сынақтан өткізу: Қалай ойлайсың, Ай нешеу? 

Қайта бағыттау: Көмектесе алатындар бар ма? 

Білім беруді диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың мазмұнын қарастыратын болсақ, сұрақ 

қою арқылы мұғалім: 

- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 

- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады; 

- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербальдандыруға көмектеседі

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; 

- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі

- оқушылардың  бір-бірінен  үйренуіне,  басқа  оқушылардың  идеяларын  құрметтеуін  және 

бағалауына ықпал етеді; 

- әңгімелесу  мен  ой  елегінен  өткізу  көмегімен  ойын  жинақтауға  көмек  береді,  іс-әректтерін 

тереңдетеді және шоғырландырады; 

- білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. (Нұсқаулық) 

Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу 

дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальді түрде 

оқуды  азайтады.  Олар  кітап  арқылы  білім  беру  сияқты  дәстүрлі  тәсілдерге  назарлық  білдіреді  және 

мұғалімдер  білім  мен  зерттеу  үдерістерін  басқармай,  бағыттап  отыру  үшін  өздерінің  рөлдерін  қайта 

қарастыруы керек.(Александр 2004) 

Сабақа диалог әдісін қолдана отырып оқушылар мәтіннің мазмұнын Джиксо әдісі арқылы топпен 

жұмыстану  арқылы  түсіндірілді.  Әр  топтан  келесі  топқа  барып    мәтіннің  мазмұнын  түсіндірді,  бір-

біріне сұрақтар қою арқылы мазмұнын түсінді, талқылады, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, 

білімді бірлесіп құру арқылы білім алды.  

Қолданылуы  мүмкін  әдістер  ретінде  «Зерттеушілік  әңгіме»  немесе  «дәйектеу»  және  «диалогтік 

білім  беру»  мен  «қолдану»  көрсетілген.  Александер  тәжірбиеде  зерттелген  диалогтің  бес  үлгісін 

анықтады: 

- механикалық  есте  сақтау  (үнемі  қайталап  отыру  арқылы  фактілерді,  ойларды  және  күнделікті 

іс-әрекеттерді жаттау); 

- декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіру 

ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы 

жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру); 

- нұсқаулық  /  мазмұндама  (оқушыға  не  істеу  керектігін  түсіндіру  немесе  ақпаратты  жеткізу, 

сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру); 

- талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу); 

- диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен 

қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара 

түсіністікке қол жеткізу) (Александр 2001,2008).  

Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  білетіндігін  және  білмейтіндігін  анықтау  үшін  жақсы  қарым-

қатынастық,  тілдік  дағдылар  және  түсіністік  пен  қарау  талап  етіледі.  Мұғалімдер  қолданысындағы 

оқушылар  қысқа  жауап  беретін  сұрақтармен  салыстырғанда,  диалогтық  сұхбаттасу  мұғалімдер  де, 

оқушылар да білім алуға  қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып 

табылады.   

Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта 

диалогті  қолдану  арқылы  мұғалімдер  балалардың  білім  алу  сапасына   үлкен  ықпал  ете  алады. 

Балалардың  білімі  мен   идеясын  анықтауға  бағытталған  шынайы  әрекет  оларды  оқыту  үдерісіне 

мейлінше  тартуға  көмектесті.  Диалогтық  оқыту  арқылы  оқушылар  тақырыпты  өздері  ашып,  өздері 

оқып  меңгереді.  Ынтымақтастық  атмосферасы  жақсы  қалыптасты.  Оқушы  мен  оқушы,  мұғалім  мен 

оқушы  диалогты  оқыту  сәтті  шықты.  Диалогтік  әдістерді  қолдану  саласындағы  теориялық  білім, 



оларды  жауап  алу,  шағын  топтардағы  жұмыс  сияқты  түрлерде  қолдану  балалардың  білімін 

жақсартатын  мүмкіндік береді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Глушков  В.А.  Применение  информационных  технологий  в  учебном  процессе.  –  Москва: 

«Педагогика», 2007– 260 с.  

2.  Колеченко 

А.К. 

Энциклопедия 



педагогических 

технологий: 

Пособие 

для 


преподавателей.[Мұғалімдерге  арналған  құрал:  педагогикалық  технологиялар  энциклопедиясы]  — 

СПб.: КАРО, 2002.— 368 с. 

3.  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 

4. 


www.cpm.kz

  

 



 

 

жүктеу 37,41 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау