Module 2: The new role of the home visitor
1 |
P a g e
МАЗМҰНЫ
Тарау
Мазмұны
Бет
I
КІРІСПЕ
2
Модуль мақсаты және оқыту нәтижелері
2
Негізгі идеялар – осы тақырып біз үшін неліктен
маңызды?
2
II
АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ: СІЗДІҢ РӨЛІҢІЗ ЖӘНЕ
КӘСІБИ ҰМТЫЛЫСТАРЫҢЫЗ
4
III
1-ТАРАУ
6
Кәсіби мақсат
6
Қолдау қайда және қашан көрсетіледі?
13
Іс жүзіндегі жұмыс негіздері – әмбебап озық модель
14
Кәсіпқойлық
18
Өзгелермен өзара әрекеттестік
22
1-тарау қорытындысы
25
IV
2-ТАРАУ
26
Ұрымталдық және өміршеңдік
26
Іс-әрекеттер және мінез-құлық
29
«Бала туралы ұмытпау»
30
Отбасы мүдделерін қорғау және өзге
мамандарға/мекемелерге жолдау
37
Үздіксіз кәсіби даму
38
2-тарау қорытындысы
39
V
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ СЫНАҚ
40
VI
АВТОРЛАР
41
VII
БИБЛИОГРАФИЯ
42
Module 2: The new role of the home visitor
2 |
P a g e
I. КІРІСПЕ
МОДУЛЬ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Осы модуль сізге өз рөліңіздің маңыздылығын және үйге барып қарау бағдарламасын жүзеге
асыру кезінде және
жекелеген адамдармен, отбасылармен, қауымдастықтармен және
мекемелермен жұмыс жасау кезінде
кәсіпқойлық танытуға қатысты міндетіңіздің түсінуге
көмектеседі.
1-сурет. Кәсіби рөлдің өлшемдері
Модуль аяқталған соң, сіз:
•
Сіз сияқты мамандар
балалардың және отбасылардың
өмірінде атқаратын маңызды
рөлін зерделей және түсіндіре
аласыз.
•
Патронаж жұмысын сәтті
орындауға қажетті кәсіби
тәжірибенің нақты элементтерін
атай аласыз.
•
Денсаулық сақтау және
өзге секторлардың
мамандары
арасында тиімді жұмыс пен
байланысты сақтап тұратын
қағидаларды анықтай аласыз.
• Кішкентай балалардың мүдделері үшін алаңдаушылық білдіруге және шара қолдануға
қолданылатын әдістерді түсіндіріп бере аласыз.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР – ОСЫ ТАҚЫРЫП БІЗ ҮШІН НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?
Жергілікті қауымдастықтарды нығайту адамдардың тек қана тіршілік етіп және ұзақ өмір
сүріп қана қоймай, жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Ерте балалық
шақ балалардың өсуіне және дамуына инвестиция салудың керемет мүмкіндігін
береді.
• Отбасылармен олар өмір сүретін ортада – олардың үйінде танысу – балаларды қандай
ресурстар қоршайтынын шын мәнінде түсіну және олардың оқу-үйренуі, дамуы және
әлеуетін ұтымды іске асыру үшін қауіпсіз, әрі бай орта құру мүмкіндігін береді.
• Үйге барып қарау кезінде сіз стигмаға (таңба тағуға) жол бермей, балалардың
денсаулығына және дамуына қатысты білім мен дағдылар ұсына аласыз және
осылайша оларды өзге мемлекеттік қызметтерді (мысалы, әлеуметтік қызметтерді)
пайдаланғысы келмейтін немесе пайдалануға қорқатын адамдарға жеткізе аласыз; үйге
барып қарау арқылы сіз осындай қызметтерді отбасыларға тікелей көрсете аласыз, бұл,
өз кезегінде, көмек көрсету тұрғысынан көбірек пайдалы болады.
Жекелеген
адамдар
Отбасылар
Мекемелер
Қауымдаст
ықтар
Module 2: The new role of the home visitor
3 |
P a g e
• Өзіңіздің кәсіби түсінігіңізге және жергілікті қызметтермен байланыстарыңызға сүйене
отырып, отбасылардың мүдделерін қорғай отырып және тиісті
мамандарға жолдай
отырып, сіз ұрымтал отбасылар және ауқымы кеңірек қолдау көрсету инфрақұрылымы
арасын байланыстырып тұратын маңызды буынға айнала аласыз.
• Балалардың дамуын сүйемелдеу мақсатында әмбебап алдын алу моделіне сәйкес
жұмыс жасай отырып, өзіңіздің кәсіби ұмтылыстарыңызды жүзеге асыра аласыз, яғни,
кішкентай балалардың және отбасылардың өміріне оң өзгеріс алып келе аласыз; бұл істе
сізге барлық адамдардың өмірінің құндылығын мойындаумен, жақсы денсаулық
қалыптастырумен және отбасының өміріне әсер ететін түрлі жағдайларды түсінумен
байланысты құндылықтар бағыт-бағдар сілтейтін болады.
• Отбасылармен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты өрбіту үшін кәсіпқойлық
қағидалары негізінде жұмыс жасау және өз
қызметіңіздің ұнамды кәсіби бедел-
бейнесін қалыптастыруға күш салу ерекше маңызды. Бұл отбасыларды
жергілікті
қоғамда иммунизация сияқты халық денсаулығын жақсартуға бағытталған қызметтерді
және бағдарламаларды пайдалануға итермелеуге негіз болады.
• Сіздің рөліңіз үнемі балалардың мүдделерін естен шығармай, олардың қажеттіліктеріне
ауқымы кеңірек отбасы және жергілікті қоғам аясында назар аударта отырып, барлық
балалармен жұмыс жасауды көздейді. Сіз мықты тұстарды және адами ресурстарды
анықтау үшін отбасы мүшелерімен жұмыс жасайтын боласыз. Олар жергілікті қоғамда
өмір сүреді және жақын маңда өмір сүретін отбасыларды танып, білген соң, сіз жергілікті
қоғамда қолдау көрсетудің жаңа желілерін дамытуға көмектесе аласыз.
• Ең соңғысы, кәсіби маман ретінде сіз қолда бар ресурстармен қауіпсіз жұмыс жүргізуді
қамтамасыз ету үшін мекемелердің ережелеріне және нормаларына сай жұмыс істейсіз.
Патронаж қызметкері ретінде ретінде сіз отбасылармен бірге ұзақ сапар шегесіз.
Бұл – сізге басқа адамдардың өмірі туралы бірегей білім беретін және олардың
ауыртпалықтарын азайтуға және сіз болмасаңыз, жүзеге аспай қалуы ықтимал
мүмкіндіктерді тудыруға шынайы мүмкіншілік беретін керемет және мәртебелі
рөл.
Кішкентай балалар, олардың отбасылары және қоғам үшін жасап жатқан бар еңбегіңізге
алғыс білдіреміз!