20
• байсалды және босаң бет әлпеті;
• дауыс екпіні мен ырғағы;
• киім ұқыптылығы және жеке бас тазалығы (қол, шаш және бет орамал);
• қандай сұрақтар қоясыз – ашық немесе жабық?
• қандай сөздер қолданасыз?
• берген уәделеріңізді орындайсыз ба?
• адалдық – сөздерінің денеңіздің қимылдарын сай келе ме?
• пайым-пікірлеріңіздің адалдығы және ақылға салынып, безбенделуі;
• өзгелерге (әріптестеріңізге және клиенттерге) құрмет;
• әлеуметтік желілерді (Facebook желісіндегі парақша) пайдалану.
ӨЗГЕЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК
Ғылыми зерттеулерде патронаж қызметкерінің ата-аналармен өзара әрекеттестігінің
маңыздылығы ерекше атап өтіледі
xxi
. (Davis et al., 2002)
xxii
жұмысында ұсынылған ата-аналарға
кеңес беру моделі жеке мән-мағына құрастыру теориясын қолдана отырып, өзара
әрекеттестікті түсіндіреді (төменнен қараңыз).
Егер патронаж қызметкерлері ата-аналардың мінез-құлқын шынымен түсіну үшін оларды
мұқият бақылайтын және тыңдайтын болса, отбасыларға пайдалы болатындай әрекет ете
алады.
Бұл жеке ұстанымдарыңызды (көзқарасыңызды) және пайымдауларыңызды талдап шыққан
жөн екенін білдіреді – яғни, жағдайға жеке көзқарасыңыздың әсерімен қарап, нәтижесінде ата-
аналардың шынайы реакцияларының және әрекеттерінің орнына, өзіңіз көргіңіз келетінді ғана
21
көретін жағдайды болдырмау маңызды
xxiii
. Патронаж қызметкері достық пейілмен және
құрметпен қараса, ал әрекеттері пайдалы болса, ата-аналарды өзара әрекеттестікке
итермелейді, себебі, олар оның реакциясын бақылап, патронаж қызметкерінің шыншыл
екендігінің, ал онымен жұмыс жасау пайдалы болатынның белгісі ретінде түсінеді. (Whittaker et
al., 2014)
xxiv
зерттеушілер жүргізген зерттеулер осының патронаж қызметкері мен отбасы
арасында едәуір терең қарым-қатынас орнату ықтималдығына септесетінін айғақтайды.
Егер патронаж қызметкері ата-аналармен және отбасының басқа мүшелерімен өзін осылай
ұстаса, олар үшін отбасында ұнамды әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларының үлгісін
жасайтыны маңызды.
Тілдесу және кеңес беру – «индикативтік сұхбаттарды» пайдалану
Отбасылармен тілдесудің маңызды мақсаты - ата-аналарға сәбилерінің және балаларының
мұқтаждықтарына және қажеттіліктеріне зейін қоюға көмектесу.
Криспин Дэй, өзі ата-ана және ерте балалық шақ саласындағы маман, әріптестерімен бірге ата-
аналармен сұхбат жүргізу бойынша арнайы ұсынымдар жасап шығарған, ата-аналармен
аталмыш «индикативтік сұхбаттарды» патронаж қызметкерлері босануға дейін және кейін
қолдана алады және оларға ата-аналармен жұмыс жасау кезінде серіктестік әдістемені
дамытуға көмектесе алады. Осы ұсынымдар ата-аналарға және патронаж қызметкерлеріне
бірлесіп жұмыс жасауға көмектесу үшін жасалған, нәтижесінде ата-аналардың тәжірибесіне зер
салады, отбасының мықты тұстарын анықтайды, бағалайды және басымдылығын
жоғарылатады, сонымен қатар, қамқор қарым-қатынастарды нығайту және баланы дамыту
бойынша артықшылығы жоғары мәселелерді шешу үшін іс-қимылдар жоспары жасалады (Day
et al., 2014).
Отбасылармен жұмыс жасау кезінде «индикативтік сұхбатты» қалай пайдалану қажет
екенінің мысалдары келтірілген 5-ші және 6-шы Ақпараттық карталарды қарап
шығыңыз.
«Индикативтік сұхбаттарды» пайдалану кезінде ата-ананың (жұптың) екеуі де қатысқаны дұрыс.
Егер ана тұрмысқа шықпаған болса немесе жұбы болмаса, сіз оған өзі сенім артатын
достарының немесе туыстарының біреуін шақыруды ұсына аласыз. «Индикативтік сұхбатты»
өткізу бойынша ұсынымдарды ата-аналарға қоятын сұрақтар тізімі ретінде пайдаланбаған жөн,
әйтпесе, ата-аналармен шынымен сұхбат жүргізіп отырған сияқты боласыз; ата-аналарды
әңгімеге қатыстыру қжет, сонда ғана мұндай сұхбаттар пайдалы болып шығады! Осының
барлығын дұрыс орындап шығу үшін сізге «индикативтік сұхбатты» өткізу бойынша
ұсынымдарда тізімделген барлық тақырыптарды жақсы меңгеру керек және әңгіме барысында
ата-аналардың жауаптарына қарай бір тақырыптан екіншісіне ауыса отырып, ара-тұра сұрақ
қойып отыру керек. Егер ұсынымдарды дәл осылай пайдалансаңыз, олар сізге және ата-
аналарға маңызды мәселелерді бірге зерттеуге көмектеседі. Ұдайы пайдаланып, тәжірибе
жинай түскен сайын, сіз ұсынымдарда тізімделген тақырыптарды үйге барып қарау кезінде
қозғау қажет әдеттегі тақырыптармен және салалармен біріктіре аласыз, сонда ұсынымдарда
келтірілген барлық тақырыптар бойынша жауаптар алу үшін сізге шамамен 60 минут қажет
болады.
22
Үйге барып қарау ата-аналардың көзімен
(Chalmers, 2012)
xxv
жұмысында үйге барып қарауды және өзара
әрекеттестікті клиент көзқарасы тұрғысынан қарастыруға кеңес
беріледі. Егер біреу үйіңізге келуді жоспарласа, кейбіріңіз үшін
бұл жайт алаңдаушылық тудыруы – үйді, өзіңізді және/немесе
балаларыңызды дайындауға тырысуға себепші болуы мүмкін.
Айта кету керек, үйге маман келетініне қатысты алаңдау кейбір
ата-аналарды (1-ші кейс стадиде сияқты) үйге келіп қарау
шарасынан бас тартуға немесе оны кейін қалдыруға итермелеуі
мүмкін.
Егер үйге маман келетін болса, бұл достардың немесе
туыстардың келуінен мүлдем өзгеше болады: себебі, байланыс
орнату бастамасын патронаж қызметкері көтереді, келу
мақсатын да, ұзақтығын да анықтайтын сол. Бұл ата-аналарға әсер етпей қоймайды, кездесу
барысында олар патронаж қызметкерінің қарым-қатынасы, ықыласы, білімі және сыртқы
келбеті туралы ой-пікір қалыптастырады. Ата-аналардың ой-пікірлері қарым-қатынастардың
қалай өрбитініне және патронаж қызметін қалай қабылданатына әсер етеді. Шындығында
жақсы қарым-қатынас және тұрақты байланыс ұсыну қызметтерді сәтті көрсетудің аса маңызды
факторлары болып табылады
xxvi
.
Үйге барып қарау кезінде ата-аналарды зейін қойып, мұқият тыңдауға шақыру керек. Оларды өз
сезімдеріне талдау жасауға немесе эмоциялық мәселелерін талқылауға итермелеу қажет. Ата-
аналарды осының барлығы, әсіресе, сәбилеріне немесе кішкентай балаларына қараса немесе
басқа мәселелерге алаңдаса (мысалы, жұмыссыздық, нашар тұрмыстық жағдай және т.с.с.),
жалықтырып жіберуі мүмкін.
Егер үйге барып қарау шарасына ата-ана көзімен қараса, патронаж қызметкері кеткеннен кейін
және оның ата-аналармен сөйлескенінен кейін, олар патронаж қызметкері өздерін тыңдағанын
және естігенін сезінуі маңызды. (Day et al., 2014) жұмысында атап өтілгендей, тілдесу тиімді
болуы үшін ата-аналарда негізгі мәселелерді және басымдылықтарды жалпылау мүмкіндігі
болуы тиіс. Олар патронаж қызметкерінің олардың мықты тұстарын түсінетінін, олардың
ресурстарын және мәселелерін білетінін, жоспарлар жасауда олармен бірге жұмыс жасауға
және әрі қарай әрекет етуге дайын екенін сезінуі тиіс. бірақ, ол үшін патронаж қызметкері де,
отбасы да күш салу тиіс.