12
ҚОЛДАУ ҚАЙДА ЖӘНЕ ҚАШАН КӨРСЕТІЛЕДІ?
Түрлі жағдай/орта
Сіздің жұмысыңыз балаға әсер ететін барлық деңгейлерде жүргізіледі, сіз, сондай-ақ, одан да
ауқымдырақ қоғаммен байланыстасыз. Бұл отбасылар сізді түрлі жағдайда көретінін және сізге
өзіңізді әрбір жағдайда қандай түрде көретініңіз туралы ойлану қажет екенін білдіреді.
Жағдайды немесе ортаны кәсіби, қоғамдық немесе жеке кеңістік түрінде сипаттауға болады:
• Емхана – кәсіби орта
Жергілікті қоғамдағы емхана немесе
орталық отбасыларды қуана қарсы
алатынын сезіндіруі қажет, сонда
отбасылардың олардың материалдық-
техникалық базасын және қызметтерін
пайдалануға құштарлығы артады.
Зерттеулер көрсеткендей, қызметтердің
жақсы пайдаланылуын қамтамасыз ету
үшін бір рет шақыру жеткілікті –
отбасылар өздерін қуанышпен қарсы
алатынын сезінуі тиіс, ал қызметтер олардың мұқтаждықтары үшін өзекті болуы тиіс
xviii
.
• Жергілікті қоғам – қоғамдық кеңістік
Саябақ, мектептегі ойын алаңы және т.с.с. – патронаж
қызметкері отбасыларға «соқтығысып» қалуы мүмкін
орындар. Бұл жеке кеңістік болмағандықтан, отбасы
үшін құпия немесе жанына бататын тақырыптар туралы
айтпаудың қамын жасау керек. Бірақ, осы мүмкіндікті
пайдаланып, емханаға, ата-ана топтарына шақыруға
немесе үйге барып қарауды жоспарлауға болады.
Отбасыны қоғамдық ортада кездестіргенде, сізде ата-
аналарды бір-бірімен таныстыру мүмкіндігі де туады,
бірақ, мұндай жағдайда ата-аналардың қалауын
құрметтеу маңызды.
•
Отбасының үйінде – жеке кеңістік
Үйге барып қарау әмбебап (жалпыға ортақ) озық
қызметтер көрсетуге негіз болады. Отбасылармен
олардың өз үйінде танысу сіздің рөліңіздің негізгі шарты
және сізге әр отбасымен танысу және қарым-қатынас құру
мүмкіндігін береді (4-ші Ақпараттық картаны қараңыз).
Үй – өте маңызды кеңістік, онда отбасының
денсаулыққа қатысты қажеттіліктерін, әлеуметтік
мұқтаждықтарын білгуе болады, қиын сұрақтар қоюға
13
болады, сонымен қатар, отбасында баланың өсуіне және дамуына септесетін қанадй ресурстар
бар екенін байқауға болады. Алайда, сіз қонақ болғандықтан, отбасының мәдени
ерекшеліктеріне және дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттісіз.
Рефлексия: Қоғамда желілер құру
Патронаж қызметкерінің маңызды рөлі балалардың және отбасылардың өмірін
жақсартуды көздейді. Ішінара осы мақсатқа отбасылар арасында бір-бірімен байланыс орнатуға
көмектесу арқылы жетуге болады. Осы мақсатты орындау үшін Жергілікті қоғамда желілер құру
3-ші Ақпараттық картасын қараңыз.
ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЖҰМЫС НЕГІЗДЕРІ – ӘМБЕБАП ОЗЫҚ МОДЕЛЬ
Патронаж қызметкерлері өз қызметтерін әртүрлі жолмен әр отбасының жағдайына және
анықталған қажеттілігіне қарай ұсынады. Жасы үшке толмаған балалары бар барлық
отбасыларға баланы тәрбиелеу және дамыту, баланың ата-анасына бауыр басуын
қалыптастыру, отбасында қауіпсіз орта болуы қамтамасыз ету және қоғамда көрсетілетін басқа
қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан отбасыға қолдау көрсетуге
бағытталған бірқатар әмбебап (жалпыға бірдей) қызметтер ұсынылады.
5-сурет. ЮНИСЕФ: Патронаж қызметінің әмбебап озық моделінің нобайы
Кейде отбасының және балалардың аман-саулығы балалардың ерекшеліктерімен, ата-
анасымен байланысты немесе отбасының жағдайынан туындаған факторлар қауіп төндіреді. Біз
14
оларды «ұрымталдық» факторлары деп атаймыз. Бұл бала, ата-ана немесе отбасы үшін әлдене
нашар физикалық немесе психикалық денсаулық болу қаупін төндіреді, баланың дамуына
немесе өз-өзінің қамын ойлауына қауіп төндіреді деген сөз. Егер шара қолданбаса, осындай
ұрымталдық факторлары балалардың толық әлеуетін іске асыра алмау жағдайына алып келуі
мүмкін. Мұндай жағдайларда кеңейтілген қызметтер ұсынылады. Күрделі қиындықтар
анықталған жағдайда патронаж қызметкері отбасымен басқа мамандармен кәсіпаралық
ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасайды, осылайша, мамандардың көмегіне қолжетімділікті
арттырады.
Айта кеткен жөн, патронаж қызметкері отбасыны керекті маманға жіберген күнде де, әмбебап
(жалпыға бірдей) қызметтерге үздіксіз қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін онымен үнемі
байланыста болады. Яғни, отбасы басқа ұйымдардың қызметтерін пайдаланатын болса да, сіз
отбасымен қарым-қатынастарда тұрақты орталық байланыстырушы буын болатыныңызды
білдіреді.
Патронаж қызметіне арналған өңірлік ұсынымдармен танысып шығу үшін ЮНИСЕФ
әзірлеген
«ОШЕ/ТМД
елдеріндегі
патронаж
қызметінің
кеңес
етілген
стандарттарын» оқып шығыңыз.
Іс жүзіндегі жұмыс барысында жүзеге асырылатын негізгі әрекеттер
Баршаға арналған, бірақ, қарқындылығы жағынан баланың немесе отбасының қажеттіліктеріне
қарай әртүрлі болуы мүмкін әмбебап озық қызметтер ұсынудың бір бөлігі ретінде патроныж
қызметкері жүзеге асыратын бірқатар негізгі қарекеттер (әрекеттер) түрлері бар. Олар – суретте
тізімделген және әмбебап деңгейде ақпарат пен ұсыным беруден басталып, кейін
қиындықтарды анықтау және артынша, күрделік қажеттіліктер болып жатса, өзге қызметтерді
тарту арқылы шара қолдануға ұласады.
Төменде келтірілген 2-ші нақты жағдайдың (кейс стади) сипаттамасын оқып шығыңыз:
Патронаж қызметкері сәбиіне 2 апта толған анамен кездесу туралы келісіп алу үшін оған
қоңырау шалды. Телефон арқылы сөйлесу кезінде патронаж қызметкері үйге барып қарауға
қосымша оны аптасына 3 рет таңертең жергілікті қоғамдағы орталықтан көруге болатынын
түсіндірді, сол орталықта ол сәбилерге күтім көрсету бойынша кеңестер береді және ата-
аналарға орталық арқылы қол жеткізуге болатын басқа да жергілікті қызметтер туралы айтып
береді. Бірақ, ана үйге келіп қараудың қажеті жоқ екенін, себебі, «өздері-ақ бар істі
тындыратынын және көмектесетін достары көп екенін» айтты. Келес аптада осы ана патронаж
қызметкерімен кездесу үшін жергілікті орталыққа келді, оған баланы «жылағанын тоқтатып,
қалай ұйықтатуға» болатыны туралы кеңес керек екен. Патронаж қызметкері анадан жағдайы
қалай екенін сұрады, сол сәтте ол жылап қоя берді. Патронаж қызметкері ананың жанында
байсалды кейіппен отырып, өте сыпайы түрде баласына анасының құшағында болған
ұнайтынын айтты, ал анасына баласын қайта-қайта емізе бергендіктен, әл-дәрмені қалмай
қалатынын топшылады. Содан соң, ол үйге барып қарауды ұсынды, сол кезде оңашада анасы
баласын қалай емізетінін бақылауға жеткілікті уақыты болады. Ана ұсынысты қабылдады,
осылайша, кездесу келесі күнге жоспарланды.