23
Үйге барып қарау ата-аналар көзімен
7-ші Ақпараттық картаны алып, келесі
жағдайлардың сипаттамасын оқып
шығып, сұрақтар туралы ойланыңыз.
Ойларыңызды жазып алыңыз.
8-ші
ақпараттық
картаны
пайдаланып,
патронаж
қызметкерлері жағдайды балалар
және отбасылар үшін қалай жақсы жағына қарай
өзгерте алатынына қатысты көзқарастарыңызға
баға беріңіз.
1-ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сіздің патронаж қызметкері ретіндегі рөліңіз маңызды, себебі, сіз отбасыларды
сабақтастықпен және байланыстармен қамтамасыз ете отырып, осы қызметтің ортасында
жүресіз.
Патронаж қызметінің айқын кәсіби мақсаты бар – отбасыларға және жекелеге адамдарға,
әсіресе, өзге қызметтерге қол жеткізе алмайтындарға қызметтеріңізді көрсете отырып, қоғам
ішіндегі барлық деңгейлермен және топтармен жұмыс жасау.
Қызмет көрсету үшін іс жүзіндегі жұмыс барысында жүзеге асырылатын бірқатар негізгі
әрекеттер бар.
Өзіңізді қалай таныстырасыз – сыртқы келбетіңіз қандай, не айтасыз және қалай айтасыз –
отбасылармен және әріптестермен жұмыс жасау үшін маңызды.
Рефлексияны пайдаланып, отбасылар нені білетініне және әрі қарай даму үшін оларға қандай
тың білім мен дағдылар керек екеніне талдау жасай аласыз.
24
IV. 2-ТАРАУ
ҰРЫМТАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӨМІРШЕҢДІК
Адамдар ұрықталудан бастап, 24 айлық жасқа жеткенге дейінгі уақыт аралығында аса ұрымтал
болып келеді; кейбір қауіп-қатерлер тәрбиелеушілердің дұрыс тамақтанбауы, жұқпалары (АҚТҚ
(ВИЧ), жыныстық жолмен таралатын жұқпалар) болуы, есірткі қолдануы және маскүнемдігі,
нашар психикалық денсаулығы салдарынан туындайды
xxvii
.
Кейбір отбасылар және балалар әлдеқайда ұрымтал болуына және қолдауға
мұқтаж болуына алып келетін бірқатар факторлар бар; олардың ішінде: кедейшілік,
жеткіліксіз білім, төмен сауаттылық, нашар баспана және зорлық-зомбылық қаупі.
Осы факторлар жеке тұлға деңгейінде немесе отбасына және жергілік қоғам
деңгейінде болуы мүмкін. Патронаж қызметкеріне осындай жағдайда қалған
отбасыларға және балаларға ерте балалық шағында қолдау көрсету үшін білім мен дағдылар
қажет.
Қоғам деңгейі – қоршаған орта факторлары және әлеуметтік-экономикалық факторлар,
атап айтқанда, жұмыссыздық, нашар сапалы баспана, төмен білім деңгейі жеке тұлғаның
аман-сау болу мүмкіндіктеріне ықпал етеді. Осы факторлар уақытша немесе
ұзақмерзімді және ауыр сипатқа ие болуы мүмкін.
Отбасы деңгейі –
отбасының бір немесе
бірнеше мүшесі
физикалық немесе
психикалық денсаулық
мәселелері немесе ұзақ
мерзімді мүгедектік
сияқты факторлардың
әсеріне шалдығады
Жеке тұлға деңгейі –
тұлға өз қамын жасай
25
Өмірде қауіп-қатерлер және қолайсыз факторларға төтеп беру қабілеті өміршеңдік деп
аталады. Балаларға келсек, олардың өміршеңдігі немесе «қолайсыз факторлар жағдайында
ұтымды бейімделу қабілеті»
xxviii
белгілі бір дәрежеде тәрбиелеушілерімен қарым-
қатынастарының сипатына, тәрбиелеушісінің өміршеңдігіне және жергілікті қоғамдағы
жағдайға
xxix
байланысты болып келеді.
Қауіп-қатерлерді басқару
Үйге барып қараудың негізгі мақсаттарының біріне жету үшін, яғни, жақсы денсаулық
сақталуына, аман-саулыққа және дамуға септесу үшін сізге қауіп-қатерлерді басқару керек.
Жарақаттану, нашар денсаулық және нашар даму нәтижелері қаупі үш түрлі деңгейде болады:
• Жеке тұлға деңгейі, мысалы, жүкті әйелдің ішімдікке салынуы ұрықтың алкогольдың
синдромына, ал шылым шегуі – нәрестенің салмағы аз болуына алып келеді;
• Қоғам деңгейі, мысалы, иммунизация шарасымен жеткіліксіз қамту қызылша сияқты
аурулардың белең алуына алып келуі мүмкін;
• Қоршаған орта деңгейі, мысалы, қалада көлік ағыны қарқынды жолдардың жанында
тұратын отбасылар ауа ластануынан зардап шегуі мүмкін немесе оларға балаларымен
таза ауада серуендейтін және ойнататан қауіпсіз орын табу қиын болуы мүмкін.
Жарақаттанудың, нашар денсаулықтың және нашар даму нәтижелерінің алдын алу әр деңгейде
әртүрлі әдістемелер қолдануды талап етеді. Осындай әдістемелер арасында: білім,
ақпараттандыру және назар аудару бойынша қоғамдық науқандар, заңнама және заң
қолданысы, қоршаған ортаны қалыптастыру және өзгерту (сондай-ақ, үй қауіпсіздігі және ата-
аналар аман-саулығы туралы модульді қараңыз). Көптеген қауіп-қатерлерге қатысты бір
деңгейден де көп деңгейде, көбінесе үш деңгейде де шара қолданған дұрыс.
Егер денсаулыққа, аман-саулыққа және қауіпсіздікке қатер төндіретін қауіп
үлкен және шұғыл болса, сізге жолдау хаттамасына сәйкес кідіріссіз әрекет ету
және/немесе денсаулық сақтау немесе әлеуметтік қамсыздандыру қызметтері
тарапынан дереу араласуды талап ету қажет.
Барлық жағдайлардағы сіздің ең маңызды міндетіңіз – кез-келген жасалған әрекетті құжат
бетіне түсіру (қолтаңбаңызды, күнін және уақытын қою міндетті). Мұны әрекет жүзеге
асырылған соң немесе оқиға орын алған соң, бірден жасау керек, сонда барлық жайт нақты
мазмұндалады. Бұл ақпарат отбасы үшін және туындаған мәселемен жұмыс жасайтын барлық