Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет10/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

 

26 


 

мамандар  үшін  өте  маңызды,  себебі,  болашақта  қызмет  және  қамқорлық  көрсету  туралы 

талапқа ықпал етуі мүмкін. 

Сіз балаларға қатыгездік көрсетуді болдырмау туралы модульден балалардың және ұрымтал 

тұлғалардың мүдделерін сақтау туралы көбірек біле аласыз. 

Өміршеңдікке септесу  

Үйге барып қарау кезінде ана мен баланың денсаулығын жақсарту бойынша әрекеттеріңіздің 

бір бағыты болып өміршеңдікті дамытуға септесу табылады. Ондай әрекеттер: 

1)  Қауіп-қатерге  шалдыққышты  азайта  алады  –  мысалы,  денсаулықты  сақтау  туралы 

ақпарат  беру  және  шылым  шегуді  тоқтату  бағдарламасына  жаздыру  арқылы  қолдау  көрсету 

ұрыққа  немесе  сәбиге  токсиндер  әсер  ету  қаупін  азайтады.  Үйде  зорлық-зомбылыққа  душар 

болатын ананың қауіпсіз жерге көшіп, осылайша стрессті ортадан құтылу мүмкіндігін арттыру 

үшін ақпарат беруге болады. Егер ерлі-зайыпты жұп ұрсысса және бір-біріне «төзе» алмаса, ерлі-

зайыптыларға қолдау көрсету бағдарламалары туралы ақпарат және өзін-өзі ұстау әдістері және 

тиімдірек тілдесуге үйрету туралы ұсынымдар беруге болады. 

2) Ресурстарды және активтерді ұлғайту – ата-аналарға жергілікті қоғамдағы басқа қызметтер 

туралы ақпарат беру. Оларға келесілер кіруі мүмкін:  

•  білім алуды және жұмыспен қамтылуды дамытуға қолдау көрсету; 

•  бала  тәрбиесіне  қатысты  тақырыптарда  әңгімелесетін  ата-аналар  тобына  немесе 

балаларға арналған ойын тобына қосылу үшін ата-аналарға көмектесу; 

•  отбасының  заң  жүзінде  құқығы  бар  кез-келген  қаржылық  көмек  құралдарына 

қолжетімділігін қамтамасыз ету; 

•  кішкентай балалары бар отбасыларға лайықты баспана алуға көмектесу. 

Мұнда  ата-аналарға  жергілікті  қоғамдағы  өзге  желілермен  немесе  аадмдармен  байланысқа 

шығуға  мүмкіндік  беретін  көмек  те  жатады,  аталмыш  адам  топтары  идеяларын  және  күш-

қайратын жұмылдыратын жергілікті қоғамның аса мықты активі болуы мүмкін. 

Алдыңғы  тарауда  айтылып  кеткендей,  патронаж қызметкері  ретінде,  сізге  өзге  мамандармен 

және ата-аналармен серіктестікті дамыту жауапкершілігі артылады. Осындай серіктестік арқылы 

басқа мамандармен отбасының мұқтаждықтары және мықты тұстары туралы өзекті ақпаратпен 

бөлісуге болады. Ұлыбританияда бір-біріне тәуелсіз жүргізілген ұрымтал топтарды зерттеулерде 

(Munro Review, 2011; Francis Inquiry, 2013) отбасылардың мұқтаждықтары «көрінбейтін» және 

оларға  көңіл  бөлінбейтін  жағдайларға  жол  бермеу  үшін  ақпарат  алмасудың  төтенше 

маңыздылығы атап өтіледі. Ата-аналарды ақпарат алмасу үдерісіне араластыру оларға ашылуға 

және  өздері  туралы  ағынан  жарылуға  көмектеседі,  ал  бұл,  өз  кезегінде,  мұқтаждықтары 

еленбей  қалары  анық  отбасылардың  мүмкіндіктерін  кеңейтуге  алып  келеді  (сондай-ақ,  өзге 

секторлармен жұмыс жасау туралы модульді қараңыз). 

3) Мықты қорғаныс жүйелерін жұмылдыру және оларды дамуына септесу – ата-ана мен бала 

қарым-қатынасына баға беру және олардың өзара берік бауыр басуына демеу болу; балаға өзін-

өзі  қадағалауға  –  мінез-құлқын  және  эмоцияларын  басқаруға  мүмкіндік  беретін  пайдалы 

тәрбиелеу  дағдыларын  дамытуға  септесу  (сондай-ақ,  бауыр  басу  туралы  модульді  қараңыз). 

Сонымен  бірге,  сізге  отбасының  өз  активтерін  немесе  мықты  тұстарын  түсінуге  көмектесу 



 

27 


 

міндеті артылған. Сіз осы міндетті орындауға ата-аналардан ұмтылыстары туралы сұрап және 

олардың  ең  жақын  қарым-қатынастары  шеңберінде  не  бар  екенін  көріп,  кірісе  аласыз.  Эко-

карта  жасау  маңызды  қарым-қатынастарды  және  қорғаныс  жүйелерін  түсіну  үшін  пайдалы 

болуы мүмкін. Бұл құрал осы тараудың алдағы тұстарында талқыланатын болады. 

 

 



 

ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

 

Сіз  патронаж  қызметкері  болғандықтан,  отбасыларға  барғанда  бетпе-бет  келуге  тура  келетін 

жағдайларға  қатысты,  мысалы,  жоқшылық,  қатыгездік,  тұрмыстық  зорлық-зомбылық, 

нашақорлық, 

маскүнемдік, 

депрессия, 

төмен 

сауаттылық, 



босанудан  кейінгі  ауыр  стресс,  ер 

азаматтың  тастап  кету  және  т.б. 

қатысты  тікелей  өмірлік  тәжірибеңіз 

болмауы мүмкін. Сондықтан, сіз және 

әріптестеріңіз  үнемі  рефлексиямен 

айналысып, 

үйге 

барып 


қарау 

шараларына 

талдау 

жасап, 


сезімдеріңізді  жне  ойларыңызды 

адал  мойындау  маңызды.  Ал  кейін 

сезімдеріңізді  нақты  деректерден 

ажырату  керек.  Бұл  жұмысыңыздың 

кәсіби  болып  қалуы  үшін  маңызды, 

яғни,  кемсітуші  әрекеттерге  және 

отбасыларда  байқалатын  ұрымталдықты  күшейтуге  алып  келуі  мүмкін  әділетсіз  пайымдама 

жасаудан аулақ болуыңыз қажет. 



Жақында өткен үйге барып қарау шарасы туралы ойланамыз  

Рефлексия журналына қайта оралу уақыты келді  

Жақында үйіне барған отбасы туралы ойланыңыз, күнделігіңізге келесі сұрақтардың жауабын 

жазыңыз: 

–  Осы  отбасының  өмір  сүру  жағдайына  және  балаларын  тәрбиелеу  әдістеріне  қатысты  не 

ойлайсыз және жеке сезімдеріңіз қандай? 

–  Осы отбасының өмірі туралы «деректер» қандай? 

–  Сіз отбасымен өзара жақсы әрекеттестік орната алдыңыз деп ойлайсыз ба? 

–  Ол неліктен жақсы немесе нашар болғанын айтыңыз. 

–  Осы отбасымен келесі рет байланысқа түскенде, нені басқаша жасар едіңіз? 



 

28 


 

Үйге барып қарау кезіндегі қәсіпқойлық  

Үйге  барып  қарау  шамамен  30-60  минут  жалғасуы  тиіс  және  мақсаттары  мен  міндеттері 

тұрғысынан  белгілі  бір  құрылымы  және  реттілігі  болуы  тиіс.  Алайда,  патронаж  қызметкері 

ретінде сізде ата-ана мәлімдеген кез-келген мұқтаждыққа қатысты әрекет қолдану мүмкіндігі 

болуы тиіс (үйге барып қарау стандарттарын қараңыз). 

Үйге  барып  қарау  кезінде  сіз  отбасымен  әрдайым  сыпайы  болуыңыз  керек, 

сонымен бірге: 

• 

мәліметтеріңіз жаңа және өзекті болуы керек;  



•  үйге барып қараудың айқын мақсаттары мен міндеттері болуы керек; 

•  алдын-ала  дайындалуыңыз  және  үйге  барып  қарау  үшін  өзекті  барлық  ақпарат  пен 

ресурстарыңыз болуы керек; 

•  келе сала өзіңізді таныстыруыңыз, мекемеңіздің атауын/орналасқан жерін, өз рөліңіздің 

және келгендегі мақсатыңызды айтуыңыз керек; 

•  сіз  келген  мекен-жайда  кім  тұратынын  анықтауыңыз  және  отбасына  қатысы  бар  басқа 

адамдар, мысалы, енесі немесе қайын енесі, достары туралы мәлімет алуыңыз керек; бұл 

отбасындағы жағдайды түсінуге көмектеседі; 

•  байланыс  орнату  кезінде  «бала  туралы  ұмытпауыңыз»  керек  (бұл  нені  білдіретінін 

төменде қарастырамыз). 

 

Бірақ, алдымен өзгелермен өзара әрекеттестігіміз туралы қайта ойланайық. 



Біздің  басқа адамдармен  өзара  әрекеттестігімізге талдау  жасау  біз  қалыптастыратын 

кәсіби бедел-бейнені көруге және сол бедел-бейне басқалардың бізбен істес болуына 

септесетінін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Өзара  әрекеттестік  туралы  ойлану  үшін  және 

әріптестеріңіздің  басқалармен  өзара  әрекеттестігін  бақылай  отырып,  үйрену  үшін  9-шы 



Ақпараттық картаны пайдаланыңыз. 

 

 «БАЛА ТУРАЛЫ ҰМЫТПАУ»



 

 

 



«Бала  туралы  ұмытпау»  қажеттілігі  босану  алдындағы  психикалық  денсаулыққа  арналған 

(Slade,  2002)  жұмысында  талқыланады,  әрі  онда  қиындықтарға  тап  болған  отбасыларға 

ұсыныс-кеңестер  беріледі.  (Rhodes,  2007)  жұмысында  осы  әдістемені  қиындықтарға  душар 

болған отбасылармен жұмыс жасау кезінде қолдану ұсынылады және «бала туралы ұмытпау» 

нені білдіретіні және оны қалай істеу керек екені түсіндіріледі.  

Бұл нені білдіреді? 

Ересектермен тікелей жұмыс жасай отырып, баланың мұқтаждықтары туралы ойлау. 



Не үшін осылай істеу керек? 

 



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау