Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы



жүктеу 4,7 Mb.
бет1/5
Дата14.02.2018
өлшемі4,7 Mb.
#9590
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ

Облыстық мәслихаттың

2016 жылғы 9 желтоқсандағы

№ 11-55 шешімімен



енгізілген өзгерістермен




АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Талдықорған, 2016 ж.


Құрылымы



Атауы

бет

1.

ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалар)

4-10

2.

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

11-90

2.1.

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау

11-90

2.1.1.

Экономика

11-41




Өңірлік макроэкономика

11




Өнеркәсіп

12-14




Индустриялық даму

14-17




Қазақстандық мазмұнды дамыту

17-18




Агроөнеркәсіп кешені

19-26




Шағын және орта бизнес

26-28




Сауда

28-30




Инфляция

30




Сыртқы экономикалық қызмет

31-32




Өңіраралық ынтымақтастық

32-33




Инновациялар мен инвестициялар

33-36




Экономикалық өсім орталықтарын дамыту

36-45

2.1.2.

Әлеуметтік сала

45-68




Демографиялық әлеует

45-46




Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

46-49




Халықтың өмір сүру деңгейі

49-51




Білім беру

51-55




Жастар саясаты

55-56




Денсаулық сақтау

56-60




Мәдениет

60-61




Дене шынықтыру және спорт

61-62




Туризм

62-65




Үштілдікті дамыту

66




Этникааралық келісім бірлігін қамтамасыз ету

66-68

2.1.3.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

68-74




Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

68-72




Азаматтық қорғаныс

72-74

2.1.4.

Инфрақұрылым

75-91




Байланыс және коммуникация

75-76




Құрылыс

76-78




Жолдар және көлік

78-82




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

82-84




Электрмен қамту

84-85




Сумен қамту және су бөлу

85-88




Жылумен және газбен қамту

88-91

2.1.5.

Экология және жер ресурстары

91-93

2.1.6.

Мемлекеттік қызметтер

93-95




Мемлекеттік қызметтер

93-95

3.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

96-130




1-БАҒЫТ. Экономика

96-109




1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету

96




2-мақсат. Өнеркәсіптің үдемелі дамуын қамтамасыз ету

96-99




3-мақсат. АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

99-100




4-мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту

100-101




5-мақсат. Облыс кәсіпорындарының өнімін әрі қарай жылжыту

102-102




6-мақсат. Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

102-104




7-мақсат. Экономикалық өсім орталықтарын дамыту

103-109




2-БАҒЫТ. Әлеуметтік сала

109-121




1-мақсат. Білім беру сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және күзету жүйесінің тиімділігін арттыру

109-112




2-мақсат. Жастардың азаматтық құрылуына және әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.

112




3-мақсат. Халықтың денсаулығын жақсарту

112-114




4-мақсат. Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау

114-116




5-мақсат. Халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

117-118




6-мақсат. Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

118-119




7-мақсат. Бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын үдемелі дамыту

119-120




8-мақсат. Үштілділікті дамыту үшін жағдай жасау

120-121




9-мақсат. Этникааралық келісімді қамтамасыз ету

121




3-БАҒЫТ. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

121-123




1-мақсат. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

121-123




4-БАҒЫТ. Инфрақұрылым

123




1-мақсат. Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына жәрдемдесу

123-124




2-мақсат. Тұрғын үй құрылысын дамыту

124-125




3-мақсат. Көлік инфрақұрылымын жақсарту

125-126




4-мақсат. Коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту

126-127




5-БАҒЫТ. Экология және жер ресурстары

127-130




1-мақсат. Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту және жер ресурстарын тиімді пайдалану

127-129




2-мақсат. Су, балық, орман және аңшылық шаруашылықтарын үдемелі дамыту үшін жағдай жасау

129-130




6-БАҒЫТ. Мемлекеттік қызмет

130




1-мақсат. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оларды көрсету тәртібін жетілдіру

130

4.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

131-132

1. ПАСПОРТ (негізгі сипаттамалар)


Атауы

Алматы облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әрі қарай әрекет етуінің бірқатар мәселелері туралы» №931 Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Облыс аумағының көлемі 223,5 мың ш2. (Қазақстан жерінің жалпы көлемінің - 8,2%) құрайды, республиканың шеткі оңтүстік-шығысында орналасқан және шығысында - Қытаймен, оңтүстігінде-Қырғыз Республикасымен, солтүстігінде- Шығыс - Қазақстан облысымен шекараласады, солтүстік-батысында – Балқаш көлімен, ал батысында – Жамбыл облысымен жанасып жатыр.

Облыс құрамына облыстық маңызы бар 2 қала (Талдықорған және Қапшағай), оның ішінде 1 моноқала (Текелі), аудандық бағынысты 7 қала, 16 аудан, 731 ауылдық елді мекен кіреді.

Халық саны 2015 жылдың 1 шілдесіне 1933,9 мың адамды құрайды. Халық құрамы 103 ұлт пен ұлыстардан тұрады.

Алматы облысы аграрлық бағыттағы өңірге жатады. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласының жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.

Бағыттар

Экономиканы дамыту.

Әлеуметтік саланы дамыту.

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Инфрақұрылымды дамыту.

Экологияны және жер ресурстарын дамыту.

Мемлекеттік қызметтер.

Мақсаттар

Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету

Жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өндірістерді құрумен өндірісті әртараптандыру арқылы өнеркәсіпті үдемелі дамытуды қамтамасыз ету

АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау

Шағын және орта кәсіпкерлікті және сауданы дамыту

Облыс кәсіпорындарының өнімдерін әрі қарай жылжыту

Инновацияларды дамыту және инвестициялар тарту

Ауылдық аумақтарды дамыту

Білім берудің сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және күзету жүйесінің тиімділігін арттыру
Жастардың азаматтық құрылуына және әлеуметтік өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау

Халықтың денсаулығын жақсарту

Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларының тиңімділігін арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау

Халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Мәденет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Бұқаралық спортты дамыту және туризм индустриясын үдемелі дамыту

Үштілділікті дамыту үшін жағдай жасау

Этникааралық келісімді қамтамасыз ету

Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

Азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға ауысуына жәрдемдесу

Тұрғын үй құрылысын дамыту

Көліктік инфрақұрылымды жақсарту

Коммуналдық сектордың инженерлік инфрақұрылымын жаңарту

Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту және жер телімдерін тиімді пайдалану

Су, балық, орман және аңшылық шаруашылықтарын үдемелі дамыту үшін жағдай жасау

Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және оларды көрсету тәртібін жетілдіру

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға дейін:

Бағыты: экономика

Өңірлік макроэкономика:

ЖӨӨ-нің нақты көлемінің индексі өткен жылға 102,4%-ті құрайды;

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 1430,9 мың теңге;

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер өсімінің қарқыны – 103,0%.



Өнеркәсіп:

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі – 104,2%;



Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі – 37,5 мың АҚШ долл.;

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар экспортының үлесі – 86,1%;

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі – 49,4%.

Агроөнеркәсіп кешені:

Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ – 113,0%;

Азық-түлік өнімдері өндірісінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ – 108,0%;

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі - 60,0% және ұсақ мал басы – 62,0%;

Тұқымдық өзгертулерге қатысатын ірі қара мал басының үлесі – 18% және ұсақ мал – 20,0%;

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің азаюы – 0%;

Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0%.



Шағын және орта бизнес, сауда:

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлеміндегі әрекет етушілерінің үлесі – 91,8%;

Бөлшек сауда айналымының нақты көлем көрсеткіші – 100,1%;

«Бөлшек сауда» қызмет түріндегі сауда алаңы 2000 ш.метрден кем емес сауда объектілері санының артуы – 4 бірл.



Өңіраралық әріптестік:

Кәсіпкерлікте өндірілген өнімдерінің басқа өңірлерге жөнелтілген көлемі (жұмысшылар саны 50 адамнан артық өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша) – 209 млрд. теңге;

Басқа облыстардың резиденттерінен және резидент еместерден сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміндегі басқа өңірлерден сатып алынған тауарлардың үлестік салмағы (жұмысшылар саны 50 адамнан артық көтерме сауда кәсіпорындары бойынша) – 70,2%.

Инновациялар және инвестициялар:

Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны – 132,1%;

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі – 23,0%;

Шикізаттық емес секторда негізгі капиталған салынған инвестициялардың өсуі (мемлекеттік бюджеттен салынған инвестицияларды қоспағанда) – 142,0%;

Әрекет етуші кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі – 20,0%;

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесінің артуы – 2,5%.



Бағыт: Әлеуметтік сала

Білім беру:

Әрекет етуші апаттық және үш ауысымды мектептер саны – 0;

Мектеп бітірушілерінің арасында табиғи-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын сәтті (үздік/жақсы) игерген оқушылардың үлесі – 60,0%;

Мүмкіндігі шектеуді оқушылардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен қамтылған балалар – 20,8%;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту – 100,0%, оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту есебінен – 57,4%;



15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан NEET үлесі – 6,4%;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасқан техникалық және кәсіби білім беру мекемелері бітірушілерінің үлесі – 70,0%;



14-тен 29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуымен қанағаттану деңгейі – 72,0%;

Үлгілі жастағы (14024 жас) жастардың техникалық және кәсіби білім берумен қамтылу үлесі – 11,7%;

Мемлекеттік жүйе нормативіне сәйкес, жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету – 100,0%.

Денсаулық сақтау:

100 мың тірі туғандарға шаққанда ана өлімінің төмендеуі – 8,87;

1000 тірі туылғандарға шаққанда нәресте шетінеуінің азаюы – 7,0;

100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен қайтыс болудың азаюы – 68,13;

15-49 жас аралығындағы топта адамның иммундық тапшылығы вирусының 0,2-0,6% шегінде таралуы - 0,5%.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау:

Жұмыссыздық деңгейі – 4,6%;



Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі – 86,0%;

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі – 75,0%;

Өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті) – 0,11;

Еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жоюдың үлестік салмағы, анықталған бұзушылықтардың жалпы санына %-пен – 99,0%;

Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсат бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлестік салмағы (шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы бойынша) – 53,0%;

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас) – 3,6%;

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі – 5,5%;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жүгінген, жұмысқа қабілетті жастағы мүгедектердің жұмысқа орналасқандарының саны – 400 адам;

Табыстары күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі – 2,3%;

Тұрмысы КД-нен төмен халықтың жалпы санынан МӘК алушылар үлесі – 7,1%;

Мекен-жай әлеуметтік көмегін алушылар қатарындағы жұмысқа қабілеттілерінің үлесі – 28%;

Әлеуметтік арнайы қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлестік салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) – 100%;

Жекеменшік секторы субъектілері көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) – 4,6%.

Мәдениет:

1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны: кітапханаларға – 165 адам, театрларға – 10,4, концерттік ұйымдарға – 18,0, мұражайларға – 41 адам.



Дене шынықтыру және спорт:

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын, барлық жастағы халықты қамту – 30%;

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде, дене шынықтыру дайындығының спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту – 7,25%.

Туризм:

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны – 20%;

Өткен жылмен салыстырғанда кіру туризмі бойынша (резидент еместер) орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны – 18%;

Өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне берілген жатын орын санының артуы – 9%.



Үштілділікті дамыту:

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі – 95%;



Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі – 15%;

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек халықтың үлесі – 13%.



Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 10,0%;

100 зардап шеккендерге шаққанда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының азаюы – 17,0%;

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 1,4%;

Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстардың үлестік салмағы – 14,1%;

Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі – 61,0%.


Бағыт: Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация:

100 тұрғынға шаққанда тіркелген телефон байланысы желілерінің тығыздығы – 15,8%;

Интернет пайдаланушыларының үлесі – 65,5%;

Халықтың сандық сауаттылығының деңгейі – 80%.



Құрылыс:

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем көрсеткіші – 102,3%;

Қолданысқа енгізілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 2019 жылы 753,5 мың ш.метрді құрайды;

Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізумен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі – 100%.



Жолдар және көлік:

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 79%;

Жолаушы автокөлік хабарламасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – 0,0%.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы:

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілері үлесінің азаюы – 38,9%;

Қалаларда орталықтандырылған сумен қамту және су бөлу жүйелеріне қол жеткізу – 100%;

Елді мекендердің орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізуі – 95%, су бөлу жүйесіне – 7,5%;



Жалпы ұзындықтан жаңартылған жүйелер үлесі: жылумен қамту – 21%, газбен қамту– 1,5%, электрмен қамту – 7%.

Бағыт: Экология және жер ресурстары:

Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0;

Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі – 0;

Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі – 104,0%;

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі – 1%;

Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту – 30%;

Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) – 4%;


Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың нормативті көлемі – 0,1 млн. тонна, су объектілеріне төгу – 0,23 млн. тонна;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы – 1672,9 мың га;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы – 0,013 мың га;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесі 2020 жылы 3,6%-ті құрайды;

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) – 58,3%;

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) – 23,1%.



Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру – 91,1%.



Қажетті ресурстар

Қажетті ресурстар:

2016 ж. – 222,1 млрд. теңге

2017 ж. – 242,0 млрд. теңге

2018 ж. – 328,6 млрд. теңге

2019 ж. – 278,0 млрд. теңге

2020 ж. – 454,4 млрд. теңге

Барлығы: 1 525,1 млрд. теңге.


2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1. Экономика

Өңірлік макроэкономика

Бірқатар жылдар ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің және адами даму индексінің өсуі байқалады. Облыстың 2014 жылғы жалпы өңірлік өнімі 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсіп, 1824,0 млрд. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші - 102,7% (2012 жыл – 1454,3 млрд. теңге, НКК – 107,4%, 2013 жыл – 1749,4 млрд. теңге, НКК – 110,8%).

Облыстың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі 4,7%-ті құрады.



Облыстың 2012-2014 жылдардағы жалпы өңірлік өнімінің өзгеруі келесі мәліметтермен сипатталады.
Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге

Алматы облысы экономикасының өсу қарқынына салалардың қосқан үлесін бағалау салалар арасында көшбасшы болып өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс табылатындығын көрсетті (1-кесте).

1-кесте

ЖӨӨ өсуіне салалардың салымы, %


Салалар

2012

2013

2014

Ауыл шаруашылығы

13,1

14,8

14,7

Өнеркәсіп

19,8

22,9

18,6

Құрылыс

14,5

8,9

10,5

Сауда

10,4

9,0

10,6

Көлік және байланыс

9,2

9,3

10,2

Басқа да салалар

33,0

35,1

35,4

Жиынтығы

100

100

100

ЖӨӨ құрылымында айтарлықтай үлесті өнеркәсіп – 18,6%, ауыл шаруашылығы – 14,7%, сауда – 10,6% алып жатыр.

Облыс бюджеті кірістер бойынша 2014 жылы 120,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы түсімдерден 48,8%-ке көп. Кірістер түсімінің өсуіне жаңа объектілерді іске қосу, қосымша жұмыс орындарын құру, салық заңнамасында мөлшерлемелерді өзгерту, бір жолғы сипаттағы түсімдер есебінен салық базасын арттыру әсер етті.



Өнеркәсіп

Облыста 911 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасайды, олардың ішінде 146-сы ірі және орта кәсіпорындар, олардың үлесіне өндірілетін өнім көлемінің 80%-ке жуығы тиесілі.

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 2,1% тау-өндіру өнеркәсібіне және кеніштерді игеруге тиесілі, 85,1% - өңдеу өнеркәсібіне, 12% - электрмен қамтуға, газ, бу беруге және әуе конденсациялауға, 0,8% - сумен қамтуға, кәріз жүйесіне, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауға тиесілі.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығындағы кезеңде өнеркәсіп өндірісі 7,2%-ке артып, 553,5 млрд. теңгені құрады (2012 жыл – 516,5 млрд. теңге). Қолданысқа жаңа 153 объект енгізіліп, 61 әрекет етуші өндіріс кеңейтілді, 6032 жұмыс орны құрылды.

Шешуші кәсіпорындарды әртараптандыру облыс өнеркәсібінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу секторына мамандануын анықтады, оны жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 60,6%-ке жетті. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бойынша 35 ірі және орташа өндірістер әрекет етеді, 2012 жылға 16,3% өсіммен 325,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Облыстың жалпы республикалық тауарлық өндірісіндегі үлесі 2012 жылғы 3,1 проценттен 2014 жылы 3,0 процентке төмендеді және облыстар арасында ең төмен болып табылады.

Осы кезеңде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем көрсеткішінің 2012 жылғы 102,4%-тен 2014 жылы 102%-ке төмендеуі байқалады, бұл әлемдік қаржы дағдарысына байланысты тұтынудың жалпы төмендеуімен және өткізу нарықтарының қысқаруымен түсіндіріледі.

Аудандар мен қалалар бөлінісінде өнеркәсіптік өндіріс теңдей емес: Ақсу, Көксу, Ұйғыр, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Іле аудандарында және Талдықорған қаласында 1,3-тен 5 есе өсті.



Облыс өңірлерін дамытуға өндірістік күштерді орналастырудағы орын алып отырған аумақтық теңсіздік әсер етеді. Негізгі өндірістік қуаттар Алматы қаласына жақын орналасқан – Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында, Қапшағай қаласында, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларында орналасқан. Осы өңірлерге облыстың өнеркәсіп өнімінің 90%-і тиесілі.

ҚР Президентінің 2014 жылдың 16 сәуіріндегі №798 Жарлығына сәйкес, облыстың 26 елді мекені Алматы қаласына берілді, 60 кәсіпорынды беруден 2014 жылы болған шығын шамамен 73 млрд. теңгені құрады.


Тау-өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру

Көмір және лигнит өндіру - 0,1%-і, басқа салалар 1,5%-і құрайды.

Салада 91 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 13 ірі және орта кәсіпорындар.

Қаптама тасының, габбро, мәрмәр, әктас, минералды тұздардың және т.б. ірі кеніштері бар. облыста пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығына 401 келісім-шарт тіркелген. Оның ішінде: жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша - 358, жер асты сулары бойынша – 26, қатты пайдалы қазбалар бойынша - 17. Облыста көмірқышқыл шикізатын өндіру және барлау бойынша қызмет жүргізілмейді.



Өңдеу өнеркәсібі

Салада 633 кәсіпорын әрекет етеді, оның ішінде 109 ірі және орта кәсіпорындар.

2012 жылдан 2014 жылдар аралығындағы кезеңде өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің көлемі 429,5 млрд. теңгеден 471,1 млрд. теңгеге немесе 9,7%-ке өсті.

Тағам өнімдерінің өндірісі - 18,6%-ті, сусындар – 22%, темекі өнімдері – 18,8%, тоқыма бұйымдары – 0,4%, киімдер мен былғары заттары – 0,9%, қағаз және қағаз өнімдері – 2,0%, химия өнеркәсібі – 1,3%, фармацевтикалық өнімдер – 0,3%, пластмасса және резеңке өнімдері – 4,5%, металлургия өнеркәсібінің өнімі – 1,6%, машина құрылысы 5,2%-ті құрайды.

Облыс республикалық тауар өндірісінде темекі өнімдерін (100%), жүзім шарабын (87,1%), гофриленген картон ораманы (69,1%) өндіруде үстемдік етуші орында.

Республикадағы жалғыз ашытқы, электр аккумуляторы, гипскартон бұйымдары, гипсокартон бұйымдары, жоғары вольтты электр жеткізу желілеріне арналған темірбетон және металл тіректер, өртке қарсы гидранттар, силикон мен синтепон, ыстық мырышталған металл құрылымдарын өндіруші болып табылады.



Жүргізіліп жатқан темекіге қарсы шаралар салдарынан, акциздерді көбейтуге байланысты «Филипп Моррис Қазақстан» және «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС-гі екі темекі фабрикалары темекі өнімдерінің өндірісін 2013 жылғы 111,9 млрд. теңгеден 2014 жылы 104,2 млрд. теңгеге дейін қысқартты немесе 2,2%, ал 1688 адамды құрайтын жұмысшылар саны сақталды. Облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі темекі өнімдерінің үлесі 18,8%-ті құрайды.

Облыс құрылыс материалдарының өндірісінде үлкен әлеуетке ие. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі сала үлесі - 8%.

Қаптама тастың, габброның, мәрмәрдің, әктастың, минералды тұздардың және басқа да пайдалы қазбалардың маңызды кеніштерінің болуы саланы қажетті шикізат ресурстарымен қамтамасыз етеді. 60 түрден астам құрылыс материалдары шығарылады.



Жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде – 1,5%-ті және өңдеу өнеркәсібінде 1,8%-ті алып жатыр. 2014 жылы салада 6,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем көрсеткіші 129,9%-ті құрады.

Машина құрылысы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 6%-н алып жатыр, «Қайнар АКБ» және «ZhersuPower» аккумулятор зауыттары жұмыс жасайды, олар жеңіл, жүк автомобильдеріне, ауыл шаруашылығы және әскери техникаларға арналған аккцмляторлық батареялардың кең ауқымын шығарады. «Қайнар АКБ» ЖШС-нің өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын қолданумен жаңарту өнімнің жаңа түрлерін шығаруды және өңделген АКБ механизацияланған әдіспен экологиялық қайта өңдеуді жөнге қоюға мүмкіндік берді. «Қайнар АКБ» ЖШС-нің шығаратын өнімінің 70%-нен астамы экспортталады.



Фармацевтикалық саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі азғантай (0,4%), алайда оны дамыту үшін келешек бар. Индустрияландыру картасының аясында 2010-2014 жылдары фармацевтикалық зауыттар салынып, «Dolce» ЖШС-нің әрекет етуші өндірісі жаңартылды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2014 жылы жан басына шаққанда 60,4 мың АҚШ долларын құрады және 2008 жылға қарағанда 1,7 есе өсті (2008 жылы-33,5 мың АҚШ долл/адам).

2014 жылы 2013 жылға қарағанда еңбек өнімділігі жеңіл өнеркәсібінде – 9,9%-ке, машина құрылысында – 12,4%, химия өнеркәсібінде – 4,8 есе және фармацевтикада 13,4 есе артты. Алайда, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігінің 16,3%-ке төмендеуі орын алды.

Негізгі себебі – жұмысшылар санын сақтай отырып, өндірілетін өнімге сұраныстық төмендеуі және өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуі.

Атап айтсақ, металлургия өнеркәсібінде еңбек өнімділігі «Метакон», «Азок», «Жерсу Металл» ЖШС-нің және басқа кәсіпорындардың өніміне тапсырыстардың жоқтығынан 42,9%-ке төмендеді.

Басқа металл емес минералды өнім өндірісінде еңбек өнімділігі 4,9%-ке төмендеді. Жүйе құраушы «Темірбетон» ЖШС кәсіпорыны құрылыс мақсаттарындағы бетоннан жасалған бұйымдар өндірісін 13,2%-ке азайтты (2013 жылғы 3,8 млрд. теңгеден 2014 жылы 3,3 млрд. теңгеге дейін). Қапшағай фарфор зауыты ыдыс және фарфор бұйымдар өндірісін 38,6%-ке төмендетті.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімдірінің өсімі үшін өндіріс көлемдерін өсіру, өндірілетін өнімді өткізу, оның ішінде қазақстандық мазмұн бойынша нақты шаралар межеленген.
Индустриялдық даму

2012-2014 жылдары тағам өнімдерінің, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, медициналық препарттар өндірісін және электр қуаты объектілерінің құрылысын арттыруға бағытталған жаңа қуаттарды енгізу бойынша шаралар жүзеге асырылды.

Инновациялық технологияларды пайдаланатын бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды:

«ҚазГеоСинтетика» ЖШС – еліміздің құрылыс секторының түрлі салаларында заманауи геосинтетикалық материалдарды өндіру және пайдалану бойынша заманауи, инновациялық және жоғары үнемді технологиялық шешімдерді енгізуге маманданатын бірінші өндірістік кәсіпорын.

«PROMed» ЖШС – жалпақ металды өңдеу саласында соңғы жетістіктерді пайдаланатын жоғары технологиялық өндіріс. Білдек жасау саласында белгілі көшбасшы-компаниялар – FINNPOWER және BYSTRONIC құралдары орнатылды.

«RGBrandsKazakhstan» ЖШСөндірістік-сауда буынының әрбір бөлігінде өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық инновацияларды пайдаланумен сусындар мен снектер шығаратын зауыт.

Алайда, қазақстандық нарықта көптеген жылдар бойы қытай, ресей және басқа шетел өндірушілері өнімдерінің үстемдік етуі кәсіпорындарға республикада тауар жеткізулерін жөнге қоюға мүмкіндік бермей отыр.

Жергілікті артықшылықтар мен ерекшеліктерді және қолда бар әлеуетті пайдаланумен облыста жеміс-көкөніс, сүт және құрылыс материалдарының кластерлері қалыптастырылуда.



Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуы.

Алматы облысының өңірлік Индустрияландыру картасының аясында 2010 – 2014 жылдары 48 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7177 жұмыс орындары құрылды.



2014 жылы олар 2012 жылға 10 млрд. теңге немесе 32,2% өсіммен (2012 жылы – 21,1 млрд. теңге) 31,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. Карта жобаларымен тағам өнімдері өндірісінің шамамен 20% қамтамасыз етіледі.

Әрбір сегізінші жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылды (48 жобаның 6 жобасы сыртқы инвестициялар есебінен жүзеге асырылды).

Фармацевтикалық сала дамытылуда, 9,6 млрд. теңге сомасына 5 зауыт іске қосылды, 1170 жұмыс орны құрылды (Талғар ауданында «Сұлтан» ЖШС, Қарасай ауданында «Kelun-Kazpharm» ЖШС, Іле ауданында «Dolce» ЖШС, «Аксель и А» және «ПФК «ЭЛЕАС» ЖШС).

Индустрияландыру картасы жобаларының салалық құрылымында агроөнеркәсіп кешені - 43,8%-ті (21 жоба), энергетика – 12,5% (6), басқалары – 12,6% (6), фармацевтика – 10,4% (5), машина құрылысы – 8,3% (4), тағам – 6,2% (3), химия өнеркәсібі 6,2%-ті (3) алып жатыр (1-диаграмма).


1-диаграмма – Индустрияландыру картасы жобаларының салалық құрылымы



жүктеу 4,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау