Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиеге кепілдік беру жүйесі арқылы дамыту Д. Əлімжанов «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры»



жүктеу 37,33 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі37,33 Kb.
#16285
түріБағдарламасы


 

 

Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиеге 



кепілдік беру жүйесі арқылы дамыту 

Д.  Əлімжанов - «Қазақстанның  ипотекалық  несиелерге  кепілдік  беру  қоры»  АҚ 

Басқарма Төрағасы 

 

2005-2007  жылдарда  Қазақстан  Республикасында  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту 

Мемлекеттік  бағдарламасына  сəйкес  (бұдан  əрі    -  Мемлекеттік  бағдарлама)  əлеуметтік 

бағытты ұстайтын тұрғын үй құрылысы Үкіметтің ауқымды бағдарламасы болып табылатын 

Қазақстанды  дамыту  стратегиясының  ерекше  бағыттарының  бірі  деп  танылды.  Халықтың 

кең ауқымына мүмкін болатын тұрғын үй құрылысының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін 

оның  бағасын  төмендету,  тұрғын  үйдің  несиелік  мерзімін  ұзарту,  бастапқы  жарнаны  жəне 

несие  беру  ставкаларын  азайту  қажет.  Осы  мақсаттарға  ипотекалық  несие  беру  жəне 

ипотекалық несиеге кепілдік беру жүйесін дамыту жəне жетілдіру есебінен жетуге болады. 

2004  жылғы 19 наурыздағы  “Бəсекеге  қабілетті  Қазақстанға,  бəсекеге  қабілетті 

экономикаға,  бəсекеге  қабілетті  ұлтқа”  атты  Президенттің  халыққа  жолдауында,  қымбат 

тұрғын үй бағасынан, бастапқы жарнаның тым жоғарлығынан жəне пайыздық ставкалардың 

көптігінен  бұқара  халықтың  ипотекалық  несие  беру  жүйесін  кеңінен  пайдалануға  мүмкін 

еместігін  айтқан  болатын.  Себебі,  қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  банктік  жəне 

қаржы  жүйесінің  даму  деңгейі  бойынша  əлемнің  дамыған  елдеріне  жақындап  келе  жатыр, 

сондықтан қаржы институттарының тəуекелдерін төмендетудің əлемде жасалған модельдері 

біздің елімізде қолдау табуда. 

Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестицияларды тартудың ең бір тиімді 

əдісі.  Əсіресе,  ипотека  халық  мүдделерін - тұрғын  үй  жағдайын  жақсартумен,  банктерді – 

тиімді  жəне  табысты  жұмыстармен,  құрылыс  кешенін - өндірістің  жұмыс  бастылығымен 

келісуге  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  уақытта  екінші  деңгейдегі  банктермен  азаматтарға 

ипотекалық  несие  беру  бойынша  белсенді  саясат  жүргізілуде,  бірақ  банктердің  қарыз 

алушыға қойылған қатаң талаптарынан осы несиелерге деген халықтың мүмкіншілігі əлі де  

шектеулі.  Банктер  жəне  ипотекалық  компаниялар    өздерінің  несие  тəуекелдерін  төмендете 

отырып,  əлеуетті  қарыз  алушылар  ауқымын  қысқартқаннан  гөрі,  ипотекалық  несие 

алушыларға  жоғары  талаптар  ұсынады.  Табысы  жоғары  емес  халық  үшін  жылжымайтын 

мүлік бағасының өсуі, тұрғын үй құрылысындағы инвестицияның төмен деңгейі аясындағы 

осы  процестер  қарыз  алушының  орташа  табыс  деңгейімен  ипотекалық  несие  алу 

мүмкіндігінен айырылуына жеткізген. 

Ипотекалық  несие  беру  жүйесіне  халықтың  мүмкіншілігін  кеңейту  арқылы  халықты 

тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында  дербес құрылтайшы болып табылатын Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  Банк  бастамасы  бойынша  “Қазақстанның  ипотекалық  несиелерге 

кепілдік  беру  қоры”  АҚ  құрылған  болатын  (бұдан  əрі  - Қор).  Мекеменің  негізгі  мақсатын 

жəне ипотекалық несиеге кепілдік беру Қорының қызметі мынадай: 

•   ипотекалық несие беру мерзімін ұзарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу; 

•   олардың  пайыздық  ставкаларының  деңгейін  төмендету,  несие  мөлшерін 

көбейту жəне ипотекалық несие беруде бастапқы жарнаның көлемін азайту; 

•  ипотекалық  несиеге  кепілдік  беру  жүйесін  жəне  тиісті  сақтандыру  рыногын 

қалыптастыру; 

•  Қормен  екінші  деңгейдегі  банктердің  несие тəуекелдерін  бөлу  арқылы  қаржы 

секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету. 

Ипотекалық  несиеге  кепілдік  беру  жүйесінің  əлеуетті  қатысушылары    еркіндік 

қағидатына  негізделген  екінші  деңгейдегі  банктер  жəне  ипотекалық  компаниялар  болып 

табылады. 

Осы  жылдың 14 мамырынан  бастап,  бүгінгі  күні  Қазақстан  Республикасының  екінші 

деңгейдегі  төрт  банктері  жəне  бір  ипотекалық  компания  Қордың  серіктестері  болды.  Олар 

«Альянс банк» АҚ,  «Казкоммерцбанк» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ жəне 



 

«БТА  ипотека»  АҚ.  Қазіргі  уақытта  олармен    екі  тарапты  қанағаттандыратын  ипотекалық 

несиеге  кепілдік  беру  шартын  келісу  бойынша  жұмыстар  аяқталып  жатыр.  Жақын  арада 

банктер  қарыз  алушыларға  ипотекалық  несиеге  кепілдік  беру  бойынша  нақты  жұмыстарды 

бастауға дайын.  

Қормен  екінші  деңгейдегі  банктерді  жəне  ипотекалық  компанияларды  ипотекалық 

несиеге кепілдік беру жүйесіне тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 

Ипотекалық  кепілдік  беру  жүйесі  қарыз  алушының  төлеуге  қабілетсіздігімен 

байланысты  банктердің  несие  тəуекелдерін  төмендетуді  қарастырып  отыр,  ал  көп 

жағдайларда  ол  осы  тəуекелді  толығымен  жоюға  мүмкіндігі  бар.  Ипотекалық  несиеге 

кепілдік беру Қоры осы несие тəуекелдерін бөлу салдарынан, банктер  қарыз алушылардың 

кең  ауқымына  жобаланған  ипотекалық  несие  өнімдерінің  кеңейтілген  портфелін  ұсына 

алады. 

Қор  несиенің  барлық  кезеңінде  банктердің  несие  тəуекелдерін 30-дан 50%-ға  дейін 



бөлуді  болжап  отыр.  Қормен  берілетін  кепілдік  мөлшері  несие  берушімен  таңдап  алынған 

модельге байланысты болады. Мысалы, бірінші модель бойынша кепілдіктің ең көп мөлшері 

ипотекалық  несиенің  бастапқы  сомасының 30%, екінші модель  бойынша  –  кепілдіктің  ең 

көп  мөлшері  несие  беруші  талабы  сомасының 30%, жəне  үшінші  модель  бойынша 

кепілдіктің  ең  көп  мөлшері  несие  берушінің  таза  шығыстар  сомасының 50 % құрайды. 

Жоғары  тəуекелді  несиелер    қосымша  кепілдіктер  берілуін  талап  етеді,  яғни,  мұндай 

несиелерге  кепілдік  беру  қажеттілігі  банктердің  немесе  ҚИК-дың  қарыз  алушыларға 

ұсынылатын шарты болып қалатындығы орынды. 

Қордың  кепілдік  беруі,  бірінші  кезекте,  бірінші  рет  тұрғын  үй  сатып  алушы,  жоғары 

бастапқы жарнаны төлеу үшін жоғары емес, бірақ тұрақты табыстың жоғарғы деңгейіне ие, 

жеткілікті  жинақтары  жоқ  жас  мамандардың  тұрғын  үй  мəселесін  шешу  үшін  мүмкіндік 

болып табылады. Талап етілетін бастапқы жарнаның сомасын төмендету, несие берудің өзге 

шарттарына  сəйкес  несие  алуға  қарағанда,  қарыз  алушыларға  ипотекалық  несие  алу  үшін 

тұрғын  үй  жинақтарын  жүзеге  асыруға  көмек  болады.  Несие  мерзімін  ұзарту    ай  сайынғы 

төлемдердің мүмкіндігіне жəне сəйкесінше несие мөлшеріне де оң əсерін тигізеді. 

Қор  қарыз  алушымен  тікелей  жұмыс  жасамайды.  Қор  несие  берушілермен  берілетін 

ипотекалық несиеге қойылатын талаптарды, жылжымайтын мүліктің алдын ала біліктілігін, 

қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі бойынша іс-шаралар кешенін бекітеді.  

Халықаралық  тəжірибеде  қабылданғандай,  несиеге  кепілдік  беру  бойынша  сыйақы 

Қарыз  алушымен  төленеді.  Қарыз  алушымен  жүргізілетін  сыйақы    төлемі – Қормен  Несие 

берушіге берілетін кепілдік төлеміне қарағанда,  ипотекалық несие алу мүмкіндігінің төлемі 

жəне несие берудің "жеңіл" жағдайын ұсыну əлдеқайда оңай. Қазіргі уақытта  Қорға қарыз 

алушымен  төленетін  сыйақы  (жарна)  мөлшері  несие  сомасына,  несие  мерзіміне,  сыйақы 

түріне  (бір  уақыттық  немесе  жыл  сайынғы),  сонымен  қатар  банктермен  жəне  ипотекалық 

компаниялармен ұсынылған кепілдік төлемдерінің модельдеріне байланысты  0,12-ден 3,73 

дейін пайызды құрайды. 

Қор, негізгі табысы  ипотекалық несиеге кепілдік беру шарттарының жарналары болып 

табылатын  сақтандырудың  бір  ғана  түрін  ұсынатын  өздігінен  қаржыландырылатын  ұйым. 

Қордың құрылтайшымен төленетін жарғылық капиталының мөлшері бес жүз миллион теңге, 

бірақ Қор негізгі мəселесі  табыс алу болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым. Қордың 

алғашқы жылдардағы функциялау резервтерінің жинақтары бұдан кейін жарналар мөлшерін 

төмендетуге мүмкіндік береді. 

Ипотекалық  несие  беруді  күшейтудің  маңызды  құралы  ретінде  ипотекалық  кепілдік 

беруге сенетін кез-келген елдер секілді, Қордың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, 

“Қазақстан  ипотекалық  компаниясы”  АҚ,  екінші  деңгейдегі  банктердің  жəне  ипотекалық 

компаниялардың,  сонымен  қатар  ипотекалық  сектордың  басқа  да  қаржы  құрылымдарының 

арасындағы  өзара  қатынастағы  саясаты  ипотекалық  несиеге  кепілдік  беру  жүйесін  ендіру 

жəне табысты қызметі үшін шешуші мəнге ие болады.  




 

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі қағидаттарын қолдай отырып, Қор осы жылдың 9 

маусымында  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  тарапынан  Қазақстан  Республикасы  Қаржы 

министрлігі, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ жəне біздің еліміздің бірқатар банктері 

осы  жылдың  мамыр  айында  жасаған 2005-2007 жылдарға  Қазақстан  Республикасында  

тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарламасын тарату бойынша ынтымақтастық 

жөніндегі Меморандумға қосылды. Оны тарату шегінде "Қазақстан ипотекалық компаниясы" 

ЖАҚ    ипотекалық  тұрғын  үй  қарыз  беру  мерзімін 20 жылға  дейін  ұзарту  туралы  шешім 

қабылдады. Сонымен қатар "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру Қоры" АҚ-

мен  ипотекалық  тұрғын  үйге  қарыз  алуға  кепілдік  берген  жағдайда,  Қордың  ұсынысы 

бойынша  "Қазақстан  ипотекалық  компаниясы"  ЖАҚ  бастапқы  жарнаның  мөлшерін 

төмендету мүмкіндігі туралы өзінің талаптарына өзгертулер енгізді.  

Ипотекалық несиеге кепілдік беру жүйесін құру  Қазақстанда ипотекалық несие беруді 

дамытудың келесі кезеңі болып табылады, жəне тұрғын үй сұранысын жоғарылатуға ықпал 

етеді,  жəне  тұрғын  үй  құрылысын  кеңейту,  құрылыс  индустриясында  жұмыс  орындарын 

көбейту арқылы əлеуметтік мəселелерді шешеді. Жүйені ендіру жəне оны одан əрі жетілдіру 

мақсаты  халықтың  кең  ауқымын  тұрғын  үй  мүмкіншілігімен  қамтамасыз  ететін  тұрғын  үй 

құрылысын  дамыту  проблемасын  кешенді  шешетін  Мемлекеттік  бағдарламада  қойылған 



мəселелерді жүзеге асыруға маңызды ықпал етеді  

жүктеу 37,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау