108
ӛзегрсе, онда мультипликатор қозғала бастайды да, табыстарды ӛзгертеді. Сонымен қатар,
табыстың ӛзгеруі акселератор принципін қозғалтады және күрделі қаржының кӛлемінің ӛзгеруіне
себепкер болады. Күрделі қаржының ӛзгеруі қайтадан мультипликация механизмін іске қосады, ол
табысты ӛзгертеді, табыстың ӛзгеруі жаңа күрделі қаржылардың пайда болуына әкеледі және т.б.
Цикл түрлері
Экономикада объективті сипатта болатын әр түрлі тербелістерді байқауға болады.
1. Капиталдың элементтерінің жаңару кезеңдері
2. Негізгі капиталдың жаңаруымен байланысты тербелістер
3. Құрылыстардың, ғимараттардың жаңаруымен байланысты тербелістер
4. Ауыл шаруашылық ӛндірісі және демографиялық процестермен байланысты тербелістер.
Осы келтірілген тербелістерге сәйкес циклдің келесі түрлерін атап кӛрсетуге болады.
-
Кондратьев циклдері немесе ұзын толқынды циклдер, ұзақтығы 40-60 жыл. Олардың
негізгі қозғаушы күші ретінде қоғамдық ӛндірістің технологиялық базасындағы терең ӛзгерістер,
оның құрылымын қайта құру;
-
Кузнец циклдері. Олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Қозғаушы күш ӛндірістің
құрылымдық ӛзгеруі болып табылады. Кӛп жағдайда оны құрылыс циклдері деп атайды. Құрылыс
циклдері, Кузнецтің пікірінше, ӛндірістік құрылыс және тұрғын үй жаңартумен байланысты.
-
Джаглер циклдерінің ұзақтығы 7-11 жыл. Бұл циклдер кӛптеген ақша-несие
факторларының ӛзара қатынастарының даму нәтижесі.
-
Китчин циклдері, ұзақтығы 3-5 жыл, кәсіпорындағы тауарлар запастарының мӛлшерінің
әсерінен туады.
Экономикалық циклдердің зерттеу барысында экономистер жаңа құбылысқа, яғни акселерация
құбылысына назарларын аударды. (Акселерация-жылдамдату, акселератор – үдеткіш) Бұл
мәселені толығырақ Дж. Кларк, П. Самуэльсон зерттеген. Акселератордың мәні мынада болады,
тұтыну заттарына сұраныстың ӛсуі,ӛндіріс құрал – жабдықтарына сұранысты ӛсіреді, демек
инвестицияға сұраныс ӛседі.
Акселерация екі жақты болады. Бір жағынан ол экономикадан тұрақсыздықты туғызады және
экономиканың тұрақсыздығының нәтижесі болып табылады. Екінші жағынан, жандану және
ӛрлеу фазаларында ақша қаражаттарын жұмсауды ӛсіреді, сондықтан циклдің дамуын
жеделдетеді. Дағдарыс және тоқырау фазаларында ол экономиканың құлдырауын сипатын
күшейтеді, себебі инвестицияның қысқаруын ӛндірістің кемуінен артық кетеді, Сондықтан, оның
қаупі тереңдей түседі. Акселератор инвестицияның ӛндіріске немесе ұлттық табысқа қатысын,
формула түрінде былай кӛрестуге болады:
2
1
1
t
t
V
V
I
V
, мұндағы
V
- акселератор
I
- инвестиция
V
- табыс немесе ӛнім
Т – тиісті жыл немесе уақыт
Ӛнеркәсіп циклдерінде Кондратьев циклдері ерекше орын алады. Кондратьевтің циклділік
теориясы біз үшін аса маңызды.
109
Кондратьев циклдерді жоғарылау және тӛмендеу фазаларында бӛліп қарастырды.
Жоғарылау
фазасының
алдында
ғылыми-техникалық
прогрестің
кенеттен
дамуы
байқалатындығын, сонан соң шаруашылық субъектілер деңгейінде – ғылыми-техникалық
прогрестің нәтижесі кең кӛлемде енгізіле басталатындығын кӛрссетті.
Кондратьев келесі үлкен циклдерге тоқталған:
1-ші цикл-ХVIII ғ. 90-шы жылдарынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін;
2-ші цикл-ХІХ ғ. ортасынан бастап 1890-1896 ж.ж. дейін;
3-ші цикл-1896 жылдан 1940-1945 ж.ж. дейін;
4-ші цикл- ХХ ғ. 40 жылдарының соңынан 80 жылдардың соңына дейін
5-ші цикл-ХХ ғ. 90 жылдарымен ХХІ ғ 30 жылдар аралығын қамтиды. Оған дәлел ретінде
Қазақстанның 2030 жылдарға арналған стратегиясын атауға болады.
Бірінші үлкен циклдің кӛтерілуін Кондратьев Англиядағы ӛнеркәсіп революциясымен,
екіншісін – теміржол кӛлігінің дамуымен, үшіншісін – радио, телефон және электроэнергияның
ӛндіріске енгізілумен, тӛртіншісін автокӛлік шығаратын салалармен байланыстырады. Бесінші
циклді қазіргі зерттеушілер жаңа инновациялық технологияның дамуымен байланыстырады.
Циклдердің жүйелі түрде қайталануы, олардың экономиканы тұрақсыздандыруы
мемлекеттік реттеуді қажет етеді.
Эконмиканың цилді дамуын реттеудің негізінен екі тәсіл қолданылады. Біріншісі-
неокейсиандық тәсіл – ол жиынтық сұранысты мемлекеттік реттеуге сүйенсе, екінші –
неоконсервативті – жиынтық ұсынысты реттеу.
Барлық шаралар әр кезде тербелістер қозғалыстарына қарсы бағытталуы қажет. Тоқырау
және дағдарыс кезеңдерінде нарықтық конъюнтура тӛмендейді, бұл жағдайда мемлекет
шарушылықты жандандыруға тырысады, ал ӛрлеу кезінде керісінше, іскерлік белсенділікті
экономика “қызып” кетпеу үшін ақырындатуға тырысады.
Мысалы, экономикада жұмссыздық, іскерлік, белсенділік тӛмендеген кезде мемлекеттік
шығындарды ӛсіру және салықтарды азайту арқылы және ӛрлеу кезеңінде салықтарды ӛсіру,
мемлекеттік шығындарды тӛмендету арқылы реттелінеді. Сондай –ақ, мемлекет артық ӛндірілген
ӛнімдерді сатып алу үшін бюджетін пайдаланады. Нарық экономикасындағы мемлекеттің ролі
туралы алдағы тақырыптарда қарастырылады.
10 такырып Жҧмыссыздық және инфляция.
1.Жұмыссыздық түрлері.
2. Инфляция түрлері.
Еңбек нарығының нақты кӛрінісі жұмыссыздық болып табылады. Еңбек нарығындағы
жұмыс күшіне деген ұсыныстың оның сұранысынан үнемі артық болуы жұмыссыздықты
туғызады немесе объективті жағдайларға байланысты уақытша жұмысы жоқ және жалақы
алмайтын, еңбекке деген қабілеті бар азаматтарды жҧмыссыздар деп атайды.
Жұмыссыздықтың негізгі себабі еңбек нарығындағы тепе-теңдіктің бұзылуы Оны біз бірінші
тақырыпшада қарастырдық..
Достарыңызбен бөлісу: |