105
екіншілері циклді жалпы материалдық дүниенің және соның ішінде экономикалық дүниенің
бастапқы негізгі ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, цикл үнемі және тұрақты қайталанып
отырылатын құбылыс.
Дүние жүзі ғылымда циклділік идеясы дүниенің бастапқы негізгі ретінде сонау кӛне Қытай
және Грекия уақыттарынан бастау алады. Бірақ, экономистер бұл мәселеге ХІХ ғасырдың басында
кӛңіл аудара бастады. Дәл сол уақытта Сисмонди, Робертус , Мальтустің еңбектерінде
экономикадағы дағдарыс және циклділік құбылыстарды зерттеулер кӛрініс тапты.
Осы зерттеулердің пайда болуына нарық жүйесіндегі 1825 жылғы бірінші экономикалық
дағдарыс себеп болды. Сондай -ақ , экономикалық теория 1929–1933 ж.ж. дүние жүзілік
экономикалық дағдарыспен байланысты макроэкономикалық процестерді зерттеуге және
экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы түбегейлі бет бұрыс жасады.
Үнемі қайталанып отырылатын экономикалық дағдарыстардың табиғатын және себептерін
ең бірінші болып К.Маркс ашып берді. Ол дағдарыстардың тек табиғатын ғана емес, олардың
сӛзсіз болатындығын дәлелдеп берді.
К.Маркс іліміне қарама–қарсы марксистік емес мектептердің ӛкілдері басында
экономикалық циклдердің заңдылықтарын мойындамады. Кейін ХХ ғасырда дүние жүзілік
экономиканың дамуына байланысты олар ұдайы ӛндіріс процесінің циклділігі туралы
кӛқарастарын ӛзгертті.
Батыс экономистері циклдікті мойындаумен қатар циклдердің формаларын, құрылымын
және себептерін терең зерттеуге тырысты. Циклділік туралы марксимзді жақтаушылардың
кӛзқарастары да ӛзгеріске ұшырады. Енді экономикалық теория экономикалық циклдердің
табиғатын және сипатын терең зерттеуге бағыт алды.
Экономикалық цикл және оның құрылымы
Ӛнеркәсіптік немесе экономикалық циклдер теориясын зерттеуде К.Маркс едәір үлес қосты.
Оның әлсін-әлсін болып, қайталанып тұратын дағдарыстар туралы ілімі экономикалық
циклділікті зерттеудің негізін құрайды. К.Маркс циклдің фазаларына анықтама берді және әр
фазасына ғылыми талдау жасады. Бүгін сол анықтамаларды барлық экономикалық мектептердің
ӛкілдері ӛздерінің зерттеулерінде кеңінен қолдануда.
Бір дағдарыстан екінші дағдарысқа дейінгі кезеңді К.Маркс ӛнеркәсіп циклі деп атады. Ол
тӛрт фазадан тұрады: дағдарыс (I), тоқырау (II), жандану (III), ӛрлеу (IY).
Нақты
ЖҰӚ
Ӛсу тенденциясы
106
I II III IY
Уақыт
Эконмикалық цикл
Циклдің негізгі фазасы дағдарыс. Дағдарыс ұдайы ӛндірістегі маңызды қайшылықтарды
шиеленістіреді. Дағдарыс экономиканың дамуына түрткі болады, бірақ бұндай даму түбінде жаңа
дағдарыстың алғы шарттарын дайындайды.
Дағдарыстың негізгі белгілері:
1. сұранысқа қарағанда тауарларға деген ұсыныстың ӛсуі салдарынан бағалардың күрт
тӛмендеуі;
2. инвестицияның, ӛндіріс кӛлемінің тӛмендеуі;
3. шағын және орташа кәсіпорындарының жаппай банкрот болуы;
4. жалақының тӛмендеуі және жұмыссыздар санының ӛсуі;
5. қор биржасында акциялардың бағасының жаппай тӛмендеуі;
6. несие жүйесі дағдарысқа ұшырайды.
Дағдарыстан кейін экономикалық циклдің тоқырауы фазасы басталады. Тоқырау – ол
ӛндірістің құлдырауы тоқтап, бірақ жандануы әлі басталмаған кезднгі циклдің сатысы.
Сатылмаған тауарлар запасы бірте – бірте ӛткізіле басталады. Бағаның тӛмен құлдырауы
тоқтайды. Ескі жабдықтарды жаңамен ауыстыру, машина жасау және ауыр индустрия
салаларында, ал онан кейін тұтыну заттарын ӛндіретін салаларда жандануға алғы шарттар
жасалына басталынады.
Циклдің үшінші және тӛртінші фазасы – жандану мен ӛрлеу. Жандану сатысында ӛндіріс
бірте – бірте бұрынғы дәрежесіне жетеді, тауарлардың бағалары да, пайда да ӛсе бастайды,
жұмыссыздық азаяды, сауда жанданып, жандану ӛрлеуге ауыса бастайды. Ӛлеу сатысында ӛндіріс
ӛзінің ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Мұнда жаңа ӛнеркәсіп орындары іске қосылады. Сауда тез
ӛседі, тауарлардың бағалары артады, несие кӛлемі ӛседі және т.б. Дағдарыстар енді қайтып
болмайтын „„жаңа заман ‟‟ туған сияқты болып кӛрінеді. Бірақ нақ осы кезде экономиканың
дағдарысы қайтадан болатындығы бірте–бірте байқала басталады.
Экономикалық циклдердің себептері
Ӛнеркәсіп циклдердің ұзақтылық себептері туралы экономикалық әдебиетте әр түрлі түсінік
беріледі. К.Маркс және басқалары циклдің ұзақтылығын ғылыми – техникалық прогреспен
107
байланыстырады. Ғылыми–техникалық прогрестің даму нәтижесінде негізгі капиталдың жаңаруы
тездетіледі, ал ол ӛнеркәсіп циклінің кезеңін қысқартады. К.Маркс капиталистік ұдайы ӛндірістің
циклділік себептерін капитализмннің ішкі табиғатында, яғни сол ӛндіріс әдісінің негізгі
қайшылығы арқылы кӛрініс алады деп есептеді. Осы қайшылықтардың сыртқы формаларына
К.Маркс мыналарды жатқызды:
1. Тұтыну мен ӛндіріс арасындағы қайшылық. Нарықтық экономикада капитал (кӛптеген
факторлардың ықпалымен бәсеке, жаңа технология, шығындары азайту және т.б.) шексіз
ұлғайтуға ынталы болады. Сонымен қатар, тұтынуда ӛседі, ұлғаяды, бірақ оның ӛсуі ӛндірістің
дамуынан объективті жағдайларға байланысты қалып кояды, нәтижесінде ӛндірілген ӛнімдердің
бір бӛлігі тұтынылмай қалады. Тауарларды артық ӛндіру процесі кӛрініс алады.
2. Жеке кәсіпорын деңгейінде ӛндірісті ұйымдастыру мен нарық жүйесіндегі реттелмейтін
стихиялық процестер арасындағы қайшылықтар. Бұл қайшылықта ӛндірістің тез дамуы
нәтижесінде бара-бара артық ӛндіру дағдарысын туғызады.
Қоғмдық ӛндірістің циклділік дамуының басқа да себептері бар. Олардың маңыздыларына
мыналарды жатқызады:
1. Әр түрлі салалардағы капитал айналымының уақыты бойынша айырмашылығы. Кӛп
жағдайда бір саладағы капиталдың ауыспалы айналымының тиімділігі басқа саладағы капиталдың
ауыспалы айналымын жүзеге асыруға алғы шарттар жасайды. Демек, бір капиталдың ауыспалы
айналымында кедергілер пайда болса немесе тоқтап қалса, онда басқа саладағы капиталға
дағдарыс жағдай тууы мүмкін.
2. Тауарлар мен қызметтерді несиеге сату. Кейбір жағдайларға байланысты жаппай
тӛлемеушілік экономикалық дағдарысты болдыруы мүмкін. Тӛлемеушілік дағдарысы жағдайында
кәсіпорындардың кӛпшілігі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, капиталдың ауыспалы айналымы
үзіледі, жұмыссыздық ӛседі.
3. Әскери шағандардың ӛсуі – қаржыларды азаматтық ӛндіріс салаларын жұмыссыздықты
азайту және нарықтың сыйымдылығын ӛсірудің орнына экономиканы қорғаныс саласына
аударылды. Бұл кӛп жағдайда инфляцияны ӛсіреді.
Нарықтық экономиканың циклді дамуының себептері тұрақты болмайды, олар материалдық
ӛндірістің дамуымен бірге ӛзгеріп отырады. Бүгін циклділіктің себептерінің біреуі негізгі болса,
ертең басқасы болуы мүмкін. Сонымен қатар, экономикалық циклдер туралы кӛзқарастарда
ӛзгеріп жаңа сипатқа ие болуда.
Мысалы, ӛткен ғасырдың екінші жартысынан бастап экономистер нарықтың экономиканың
циклділігінің экзоген және эндоген сепептеріне ерекше кӛңіл бӛле бастады. Сонымен бірге,
сыртқы факторларынан айрықша кӛңіл бӛлінді. Бұл позиция бойынша циклдердің дамуының
алғашқы қимылын нарық экономикасы жағдайындағы кейбір сыртқы факторлар туғызады. Сонан
соң бұл қозғалыс ішкі экономикалық факторлар әсерінен тербеліске түседі. Циклділіктің ішкі және
сыртқы себептерінің бұл синтезі циклдің мультипликациялық – акселерациялық механизмінен
кӛрінеді.
Мультипликатор және акселератор модельдері теорияда жеке қарастырылғанымен,
шынында олардың механизмдері бір-біріне байланысты әрекет етеді, атап айтқанда механизмнің
біреуі қозғала бастаса, екіншісі де әрекет ете бастайды. Мысалы, егер, инвестицияға сұраныс
Достарыңызбен бөлісу: |