Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет41/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54

103 
 
3)  мемлекеттің билік органдарының тауарды сатып алуға кеткен шығындары (G)  ; 
4)  таза экспорт (NХ)    
Демек, шығындар бойынша есептелген ЖҰӚ: 
         ЖҰӚ = С + I + G + NХ 
Табыстар  бойынша  есептелінген  ЖҰӚ  ӛндіріс  факторларының  меншік  иелері  алған 
табыстарының жалпы сомасы болып табылады. 
     Табыстар  бойынша  есептелінген  ЖҰӚ  құрылымы  қоғамда  белгілі  кезеңде  жалақы, 
процент,  пайда,  рента  формаларында  алынған  табыстар  жиынтығынан  тұрады.  Сонымен  қатар  , 
ЖҰӚ амортизацияның және салықтардың жалпы сомалары да кіреді. Дегенмен, бұл сома табыстар 
формасында болмағанымен, ол ЖҰӚ құнының бір бӛлігін құрайды. 
     ЖҰӚ  есептелуінің үшінші әдісі  -  ӛндіріс  бойынша.  Бұл  әдіс  бойынша ЖҰӚ  қосылған  құн 
бойынша есептелінеді. Ол туралы біз жоғарыда қарастырдық. 
   ЖҰӚ есептеудің барлық әдістері бірдей нәтиже береді. 
Жалпы ұлттық ӛнімді есептегенде қызметтер мен тауарлардың бағалары маңызды орын алады. 
Себебі,  ЖҰӚ  мӛлшерін  бір  мезгілдегі  жиынтық  ӛнім  ретінде  есептегенде,  әр  түрлі  кезеңдердегі 
оның  жылдық  ағымдағы  бағаларын  және  салыстырылатын  кезеңдегі  бағаларын  есептеу  қажет. 
Ағымды  бағалармен  есептеген  ЖҰӚ  номиналды  ЖҰӚ  деп  атайды.  Номиналды    ЖҰӚ  тек  оны 
есептеген  уақыттағы  нақты  жағдайды  кӛрсете  алады.  Ал  салыстырып  отырған  кезеңдегі  нақты 
жағдайды білу үшін инфляция деңгейі ескерілген  нақты ЖҰӚ есептеу керек: 
     
  
Нақты ЖҰӚ =номиналды ЖҰӚ  х 100 % 
                              ЖҰӚ дефляторы  
                               (баға индексі)   
   
Сонымен  қатар,  осы  кӛрсеткіштер  арқылы  елдегі  инфляция  деңгейі  де  есептелінеді. 
Тұтыну  тауарлары  мен  инвестициялық  және  басқа  тауарлардың  бағалар  ӛзгерісін  сипаттайтын 
баға  индексін  ЖҰӚ  дефляторы  деп  атайды.  Ол  номиналды  ЖҰӚ  мен  нақты  ЖҰӚ  салыстыру 
негізінде анықталады. 
 
Жалпы ішкі ҧлттық ӛнім және ҧлттық табыс. 
Кейбір  жағдайда  сол  елдің  территориясында  басқа  мемлекеттердің  меншік  иелері  және  сол 
елдің  азаматтары  ӛндірген  ӛнімдердің  кӛлемін  (мӛлшерін)  анықтау  қажеттілігі  туады.  Ол  үшін 
ЖҰӚ басқа түрі ЖІӚ кӛрсеткіші қолданылады. 
   ЖІӚ  -  сол  елдің  территориясында  барлық  меншік  иелерінің    (шетелдік  және  отандық) 
ӛндірген қызметтер мен ӛнімдерінің нарықтық құнының жалпы срмасы. Бұл жерде мынадай сұрақ 
туады ЖІӚ мен ЖҰӚ қандай айырмашылығы бар? Бұл айырмашылық мынада: жалпы ішкі ӛнімді 
есептегенде  алдымен  ЖҰӚ    сол  елде  жұмыс  істеп  жатқан  шетел  азаматтарының  табыстары 


104 
 
қосылады,  сонан  соң  ЖҰӚ  шетелде  жұмыс  істеп  жатқан  сол  елдің  азаматтарының    табыстары 
алынып  тасталынады.  ЖІӚ  кӛлемі,  біріншіден,  экономиканың  сол  секторында  ӛндірілген 
тауарларының құндарын есептеу арқылы, екіншіден, ӛндіріс процесінің әр сатысындағы қосылған 
құндарды қосу арқылы есептелінеді. 
  
Макроэкономикалық кӛрсеткіштерге таза ұлттық ӛнім де жатады. Таза ұлттық ӛнім ЖҰӚ 
амортизацияны алып тастағаннан кейін қалған ЖҰӚ бір бӛлігі: 
        Таза ұлттық ӛнім   = ЖҰӚ - амортизация  
       Келесі макроэкономикалық кӛрсеткіш – ол ұлттық табыс. Ұлттық табыс – бұл жыл ішінде 
ӛндірілген  жаңа  құн  немесе  ӛндіріс  факторларының  меншік  иелерінің  жыл  ішінде  алған 
табыстарының    (жалақы,  процент,  пайда,  рента)  мӛлшерімен  сипатталады.  Ұлттық  табыс  таза 
ұлттық ӛнімнен барлық жанама салықтарды (акциздер, қосымша құн салығы, баж салықтары және 
т.б.) алып тастау арқылы есептеледі.  
     Ұлттық табыс = таза ұлттық өнім – жанама салықтар  
Елдің дамуының негізгі және жинақтаушы кӛрсеткіші – ұлттық байлық болып табылады.  
     Ұлттық  байлық  –  бұл  адамдардың  бүкіл  ғұмырында  жасалған  материалдық  және  рухани 
игіліктердің жиынтығы. Ұлттық байлықтың кӛлемі елдің экономикалық қуаттылығының маңызды 
кӛрсеткіші болып табылады. Ұлттық байлықтың мӛлшері ӛскен сайын оның құрылымы жақсарған 
сайын, қоғам экономиканы қарқынды дамытуға мүмкіншілік болады.  
      Ұлттық  байлықтың  құрамына  мыналар  жатады:  негізгі  және  айналмалы  қорлар,  айналым 
қорлары (сақтандыру қоры мен мемлекеттік қорлар, кәсіпорындардың  материалдық қорлары және 
запастары,  қоғамның  ӛндірістік  емес  қорлары  (тұрғын  үйлер,  оқу  орындары,  мемлекеттің 
меншігіндегі  медициналық  және  мәдени–тұрмыстық  мекемелер    және  т.б.),  азаматтардың    жеке 
мүліктері.  
Ұлттық  байлықтың  ерекше  түрлеріне  ӛндіріс  процесіне  тартылған  қоршаған  ортаның 
элементтері:  ауыл  шаруашылығы  пайдаланылатын  жерлер,  орман,  қазба  байлықтар, 
гидроресурстар  және  т.б.  жатады.  Оларды  тиімді  және  ұтымды  пайдалану  қоғамдағы 
экономикалық прогресстің қарқынды ӛсуіне  байланысты болады. 
 
Нарықтық экономиканың циклді дамуы.  
Циклдік,  ұдайы  ӛндіріс  процесінің  бір  қалыпты  жұмыс  істемеу  кӛрінісі.  Ғалымдардың 
пікірінше циклділік, қоғам мен табиғаттың қозғалысының жалпылама формасы болып табылады. 
Егер табиғаттың циклділігі бір қалыпты және заңды түрде болса, қоғамдағы циклділік кӛрінісі кӛп 
жағдайда қайшылық сипатта болады. 
   „„Экономикалық цикл‟‟ термині бірнеше жылдар бойы экономикалық белсенділіктің бірінен 
біріне ауысып отыратын тоқырау, жандану, ӛрлеу және дағдарыс деңгейлерін кӛрсетеді. 
   Ұдайы  ӛндіріс  процесінің  циклдік  дамуы  туралы  экономикалық  әдебиетте  әр  түрлі 
кӛзқарастар  қалыптасқан.  Осы  мәселені  зерттеушілерді  екі  ғылыми  бағытқа  бӛлуге  болады. 
Бірінші  бағыттың  ӛкілдері  циклдардың  тұрақты  қайталанып  отыратынын  мойындамаса  және 
циклдер  экономикалық  жүйеге  кездейсоқ  жағдайлардың  әсер  ету  нәтижесі  деп  қана  есептесе, 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау