110
Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін бӛледі: фрикционды0,
құрылымдық,, циклдық..
1.
Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты
қозғалысымен (жаңа орынға кӛшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Ӛзінің
мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздыты ӛз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға
болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен толық қамтамасыз
етілген кезде де болады.
2.
Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшіне деген ұсыныстың сұранысына тура келмеуі
негізінде орын алады. Мұндай жағдай ӛндірісте ғылыми-техникалық прогрестің нетижесін
пайдалану негізінде болуы мүмкін. Жұмыс орнының жаңа қалыптасқан құрылымының жұмыс
күші құрылымына сәйкес келмеуіне орай ӛндірістегі жұмысшылардың бір бӛлігі жұмыстан
ығыстырылады. Бұл процестің негізгі себебі – жұмыссыз қалған жұмысшылардың бұрынғы кәсіби
мамандығы,
тәжірибесі, біліктілігі жаңа технология жағдайына сәйкес келмеуі.
3.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның ӛзгеруімен анықталады. Ол
циклдық ӛрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында кӛбейіп отырады. Сондай-ақ, циклдық
жұмыссыздық тауарға деген сұраныстың тӛмендеуімен байланысты болады. Осы себептарге
байланысты циклдық жұмыссыздықты кейбірде сұраныс тапшылығымен байланысты
жұмыссыздық деп те атайды.
Маусымдық жұмыссыздық – экономиканың кейбір салаларындағы (ауыл шаруашылығы,
тұрмыста және т.б.) жұмыс күшіне деген сұраныстың маусымды қозғалыстарымен байланысты
болады.
Жарым-жартылай жұмыссыздық жұмыс уақытын жартылай істейтін жұмысшыларды қамтиды.
Бүркеме жұмыссыздық – формальды түрде жұмысы бар , бірақ нақты түрде артық жұмыс
орнына ие болып отырған адамдарды қамтиды.
Сонымен қатар, жалған немесе шынайы жұмыссыздық болуы мүмкін. Жоғарыда атап ӛткен
жұмыссыздықтардың түрлерін шынайы жұмыссыздыққа жатқызуға болады. Яғни, шынайы
жұмыссыздарға еңбек нарығындағы жағдайларға байланысты жұмысқа қабілеті бар адамдардың
жұмыс таба алмауы жатады. Жалған жұмыссыздарға әр түрлі себептермен жұмыс істегісі
келмейтіндер жатады.
Жоғарыда атап ӛткен жұмыссыздықтың үш түрі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық
экономикада әрқашан орын алады. Сондықтан олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрады
және толық жұмысбастылық деңгейін айқындайды.
Еңбек нарығын талдау үшін жұмыссыздықтың деңгейін мына тӛменгі формуламен есептейді:
Жұмыссыздық деңгейі
=(жұмыссыздар саны / жұмыс күшінің саны)*100
Жұмыссыздықты есептеу. Статистика бойынша жұмысы бар адамдарды жұмыспен
қамтамасыз етілген деп есептесе, ал жұмыссыздарды – жұмыссыз немесе жұмыс іздеп жүргендер
деп есептейді .
Статистикада: оқушыларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, сондай-ақ жұмыс орнын табудан
үміт үзген, жұмыс іздеуді қойған адамдарды жұмыссыздарға жатқызбайды.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен артып кетсе,
онда тауар шығындарына әкеп соғады. Соның нәтижесінде қоғам жалпы ішкі ӛнімді кем алады.
Жұмыссыздықтың деңгейінің ӛсуімен байланысты тауардың нақты шығындарын американ
экономисі Оукеннің тұжырымдаған заңы негізінде есептеуге болады. Оукеннің заңы бойынша,