99
Макроэкономикалық талдаудың мақсаты – ұдайы ӛндіріс процесін объективті
бейнелейтін кӛрсеткіштерді пайдалану арқылы елдің әлеуметтік–экономикалық дамуындағы
қалыптасқан жағдайларды анықтау болып табылады .
Ресурстар, жұмысбастылық, ӛндіріс дамуының динамикасын және оның экономикалық
тиімділігі, халықтың табыстары туралы нақты жағдайды білу шаруашылық субъектілердің
экономикалық бағытын анықтауға кӛмектеседі. Мемлекет деңгейіндегі экономиканың нәтижесі
елдің әр азаматына қатысты. Елдегі әлеуметтік–экономикалық жағдайлар
туралы әр азамат, жұмыс
істейтін де, жұмыс істемейтін де хабарлар болуы қажет.
Макроэкономикалық талдаудың мақсатына жету үшін келесі талаптар орындалуы қажет:
1) макроэкономикалық процестердің негізгі динамикасын объективті кӛрсететін
статистикалық мәліметтер қажет;
2) елдің халық шаруашылығына тарихи тұрғыдан
талдау жасау қажет;
3) экономикалық жүйенің потенциалын объективті бағалаусыз, мемлекеттің экономикаға
араласу қауіпі
екендігін мойындау қажет;
4) макроэкономикалық теория нақты бір елдің экономикасын объективті зерттеу негізінде
құрылады және бұл зерттеудің нәтижесін басқа елдер
абайлап қолданулары қажет;
Макроэкономикалық талдау батыс елдердің нарықтық экономикасында ӛткен ғасырдың 30-
шы және КСРО жоспарлы директивалық шаруашылық моделінің құрылуы барысында пайда
болды.
30-шы жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс нарықтық экономикаға
мемлекеттің араласуын қажет етті. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының объективті
қажеттілігін ең бірінші болып Д.М. Кейнс ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Кейнске дейінгі де
экономистер экономикадағы ұлттық ӛндірістің кӛлеміне, жұмыспен қамту деңгейіне, инфляцияға
және т. б. макроэкономикалық мәселелерге кӛп кӛңіл бӛлген. Бірақ, олардың ешқайсысы осы
мәселелерді біртұтас макроэкономика жүйесі ретінде қарастырмады. Кейнс экономикалық
теорияның макроэкономикалық бӛлімінің негізін қалаушысы болып табылады. Кейнс елдегі
қоғамдық ӛндірістің маңызды заңдылықтарын зерттеу негізінде, оларға мемлекеттің араласуы
арқылы экономикадағы келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын айқындауға әрекет жасады.
Кейнстің зерттеу тақырыбы бір–біріне тәуелді мынадай халық шаруашылық кӛрсеткіштері:
ұлттық табыс және ақша қаражатын салу, қор жинау және тұтыну, инвестиция және
жұмысбастылық,
айналыстағы ақша массасы,
баға деңгейі, жалақы, пайда және процент т.б.
Кейнс шекті пайдалылық теорясы негізін салушылар сияқты айырбасты ұдайы ӛндіріс
процесінің шешуші фазасы ретінде санады. Сол себепті оның пікірінше мемлекеттік реттеудің
негізгі қызметтерінің бірі ретінде сұранысқа ықпал ету арқылы нарықтық экономикада дағдарыс
жағдайын болдырмау немесе бәсендету мүмкін болды. АҚШ және Англияға соғысқа дейінгі
кезеңде айырбас мемлекеттік реттеудің басты сферасы ретінде ӛте маңызды болды.
Бірақ, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жағдай ӛзгерді: ғылыми–техникалық
ревалюцияның даму нәтижесінде ғылыми–техникалық стратегияны және оны жүзеге асыру
механизмін қалыптастыруда, ғылыми–зерттеу жұмыстарды қаржыландыруда, әлеуметтік
сфераны дамытуда және т.б. мемлекеттің рӛлі ӛсті.