Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет17/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54

50 
 
Экономикалық  теория  басқа  кез  келген  ғылым  сияқты  танымның  әр  түрлі  формалары  мен 
әдістерін қолданады, олардың барлығы шаруашылық ӛмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми 
методологияны құрайды. 
Методология  дегеніміз  –  ғылыми  танудың  нысаны,  әдісі,  ұйымдастыру  принциптері  туралы 
ілім. 
Экономикалық  процестерді  зерттеуде  ең  бірінші  диалектикалық  әдіс  қолданылады.  Бұл 
әдістің негізін ежелгі кӛне грек философтары қалаған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан. Бұл 
әдіске сәйкес барлық экономикалық процестер бір-біріне тәуелді қайшылықты түрде дамиды және 
ұдайы  қозғалыста  болады.  Ғылыми  танудың  нысаналары  мен  әдістері  кӛп.  Солардың  ішінде 
экономикалық  зерттеулердің  маңызды  әдісі  -  ғылыми  абстракция.   Ғылыми  абстракция  әдісі 
деп  –  зерттеліп  отырған  процестердің  жеке,  кездейсоқ,  қысқа  мерзімді,  дара  құбылыстарынан 
тазартып, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызды жақтарын ашуды айтамыз. 
Талдау  және  синтез  (талдауға  қарама-қарсы  логикалық  процесті  білдіретін  ұғым),  мұнда 
зерттелетін  құбылыс  ӛзінің  құрамды  бӛліктерімен  жеке  жақтарына  ажыратылады,  содан  кейін 
тектес бӛліктерді зерттеп болған соң, оларды біртұтас құбылыс ретінде қарастырады. 
Индукция  және  дедукция.  Индукция  жеке  оқиғалардан,  құбылыстардан  логика  арқылы 
жалпы  қағидалар,  принциптер  шығарылады.  Дедукцияда  керісінше,  жалпы  қағидалар  негізінде 
экономикалық процестердің, объектілердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. 
Тарихи және логикалық тану әдісі. Тарихи әдіс – экономикалық қатынастар құрылымының 
тарихи  даму  процесіндегі  ерекшеліктерін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Логикалық  тану  әдісі 
экономикалық  процестер  мен  құбылыстарды  зерттеу  барысында  тарихи  дамудың    кездейсоқ 
факторларының  ықпалы  ескеріледі  және  экономикалық  жүйенің    жеке  элементтерінің  дәйекті 
пайда болуы мен дамуын және ішкі құрылымын анықтауға кӛмектеседі. 
Экономикалық  зерттеулердің  тпғы  басқа  әдістері  бар.  Олар  мыналар:  экономикалық-
математикалық моделі, сан және сапа анализі және т.б. 
 
 
2-Тақырып. Қоғамдық ӛндіріс. Меншік экономикалық категория. 
1. 
Ӛндіріс және оның ролі 
2. 
Экономикалық жүйе және оның типтері. 
3. 
Меншік. Меншіктің субъетілері мен объектілері. Меншіктің формалары. 
 
Ӛндіріс – адамдардың бірлесе отырып материалдық құндылықтар жасауға, ӛздерінің 
саналы  мақсаттарын  іске  асыруға  бағытталған  қоғамдық  процессі.  Ӛндіріске  тауарлар 
шығару мен қызмет кӛрсетуге қатысатын келесі ресурстар жатады: 

 
Табиғи ресурстар 

 
Адам ресурстары 

 
Капитал 

 
Кәсіпкерлік 
Бӛліс. оған жұмыс күшін, ӛндірістік құрал-жабдықтарды, тұтыну заттарын, қажетті 
және қосымша ӛнімдерді бӛлу жатады.Бӛлу әр адамның ӛндірілген ӛнімдегі үлесін 
анықтайды. 
Айырбас  –  бұл  адамдардың  бір-бірімен  іс-әрекеттерін  айырбастауы,  еңбек  ӛнімінің 
баламалы негізде шеттетілуі. 


51 
 
Тұтыныс- бұл ӛндіріс процессі барысында жасалған материалдық игіліктерді 
пайдалану. Тұтынудың екі түрі бар: ӛндірістік және ӛндірістік емес 
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процесстердің жиынтығы. Ол қалыптасқан 
мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.Экономикалық 
жүйе тӛмендегідей жіктеледі: 
1. 
Дәстүрлі  эконмика  –  бұл  кӛп  укладты  экономика.  Артта  қалған 
технологиялар. 
2. 
Әкімшіл-әміршіл  экономика.  Бұл  жүйеде  барлық  сауалдар  кӛп  сатылы 
бюрократиялық  инстанциялар  арқылы  шешіледі.Кәсіпорындар  жоспардың  орындалуы 
туралы есепті жоғарыда тұрған ұйымдар алдында береді. 
3. 
Нарықтық  экономика  –  ресурстар  жеке  меншікте  формалы  тауар 
ӛндірушілердің,  нарықта  еркін  бәсекелестікпен  сипатталады.  Нарықтық  экономиканың 
негізін қалаушы А. Смит. 
4. 
Аралас  экономика  –  бұл  нарықтық,  әкімшіл-әміршіл  және  дәстүрлі 
экономиканыңда элементтері жүретін экономика. 
Меншік  –  бұл  мүліктің  кімнің  иелігінде  жататындығын  анықтайтын,  адамдар 
арасындағы  қатынас.  Меншік  бір  жағынан  экономикалық  категория,  екінші  жағынан 
құқықтық  категория  болып  табылады.Оның  мәнін  ашу  адамдар  арасындағы  ӛндірістік 
қатынастар.  
Меншіктің элементтері: 
1.Иемдену – мүлікті іс жүзінде иелену. 
2.Пайдалану – мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу. 
3.Бұйыру – мүліктің  тағдырын анықтауға оның иесінің іс әрекеті. 
Экономикалық  мүдделер  –  бұл  адамдар  арасындағы  шаруашылық  күштердің  
қабілетінің байқалуы. Экономикалық мүдденің негізгі топтары: 
1.Қоғамдық 
2.Ұжымдық 
3.Жеке 
Меншік мемлекеттік және жеке болып екіге бӛлінеді. Меншік түрлерінен меншік 
формалары туындайды: 
1.  Жеке 
2.  Ӛзіндік 
3.  Мемлекеттік 
4.  Серіктестік 
5.  Акционерлік 
6.  Кооперативтік 
Меншік экономикалық категория ретінде.  
Қоғам  ӛмірінде  меншікке  байланысты  қатынастар  әрқашан  маңызды  рӛл  атқарған.  Осы 
тұрғыдан меншік қатынастарының мәні неде деген сұрақ туады. Экономикалық әдебиетте меншік 
қатынастары  туралы  әр  түрлі  анықтамалар  келтіріліп,  пікірлер  айтылады.  Мысалы,  П.Хейне 
меншік қатынастарын адамдардың затқа жай қатынасы ғана емес, адамдардың ӛзара қатынасы деп 
сипаттайды.  Марксизм-ленинизм  ілімі  меншікті  материалдық  игіліктерді,  табиғат  заттарын 
иемдену  процесінде  ӛндірушілер  арасында  қалыптасатын  қоғамдық–экономикалық  қатынастың 
белгілі бір тарихи түрі деп түсінеді. 
Меншіктің  мәнін  түсіну  үшін  экономикалық  теорияда  кеңінен  орын  алған  «робинзонада» 
әдісіне  жүгінейік.  Робинзон  адам  аяғы баспаған  аралда  табиғаттың  жемісін  пайдаланып  тіршілік 
етеді.  Бір  мезгілде  Робинзон  ӛзі-  ӛзіне  айнала  қоршаған  барлық  игіліктерді  менің  меншігім  деп 
айта ала ма? Ол үшін, ең болмағанда тағы бір адам болуы шарт. Олай болса, мынадай қорытынды 
шығаруға болады. Меншік зат емес және зат пен жеке адам арасындағы қатынас та емес, ол сол 
заттарды  иемдену  процесінде  адамдар  арасында  туындайтын  қатынас  болып  табылады.  Яғни, 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау