Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет18/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54

52 
 
меншік  экономикалық  категория  ретінде  –  материалдық  игіліктерді  ӛндіріс  құрал-жабдықтарын 
және  ӛндіріс  нәтижесін  иемденуге  байланысты  адамдар  арасындағы  ӛндірістік  қатынастарды 
білдіреді. 
Иемдену - әрбір қоғамдық ӛндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» 
түсініктерін  теңестіруге болмайды.  «Меншік»  анағұрлым  абстрактілі,  ал  «иемдену»  нақты  ұғым.    
Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. 
Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері ӛзгеріп отырған. 
Ӛзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді ӛндіруді үйренбестен 
бұрын  пайда  болған.  Осылайша,  адамзат  қоғамының  әу  басында,  адамдар  табиғат  ӛнімдерін 
оларды ӛндірместен иеленді (аңшылық, балық аулау және т.б.). Әрі қарай ӛндірістің пайда болуы 
мен  дамуына  орай  иемдену  объектісіне  тек  табиғат  ӛнімдері  емес,  сондай-ақ  адамдар  ӛндірген 
ӛнімдері де жататын болды. 
Иемдену  әрдайым  белгілі  бір  тұлғаның  мүддесіне  қарай  жүзеге  асады.  Яғни,  ӛндіріс  құрал-
жабдықтарына меншіктің түрі қандай болса, ӛндіріс нәтижесін, ӛндірілген материалдық игіліктер 
мен рухани байлықтарды иемденудің де түрі сондай болып табылады. Демек, меншік иемденудің 
белгілі  бір  әлеуметтік  түрі.  Ол  ӛндіріс  құрал-жабдықтары  кімнің  билігінде  екендігін,  қалай 
бӛлінетіндігін, қандай мақсатқа пайдаланылатындығын кӛрсетеді. 
Ӛндіргіш  күштердің  даму  дәрежесіне  байланысты  ӛндірістік  қатынастардың  ӛзгеруі  және 
жетілуі  меншік  түрінің  ӛзгеріп,  жетілуіне,  бір  түрінің  екінші  бір  түрімен  ауысуына  әкеліп 
соқтырады. 
Меншіктің  объектісін  (не  иемделеді)  және  субъектісін  (кім  иемденеді)  айыра  білу  керек. 
Меншіктің  объектісіне  қоғам  байлығының  материалдық-заттық  элементтері  жатады  немесе 
ӛндіріс  құрал-жабдықтары  мен  ӛндіріс  нәтижесі.  Ал  субъектісіне  мемлекет,  коллектив  (ұжым) 
және жеке адамдар жатады.  
Меншік  субъектілерінің  кӛпшілігі  ӛндіріс  құрал-жаблықтарын  иелену,  билік  ету,  пайдалану 
туралы  құқық  қатынастарының  пайда  болуын және  әрекет  етуінің алғы  шарты болып  табылады. 
Ӛндіріс құрал-жабдықтарын иелену, билік ету және пайдалану арқылы  меншіктің экономикалық 
мазмұны жүзеге асырылады және заңдарда құқықтық кӛрініс алады. Енді осы қатынастар жүйесін 
(иелену,  билік  ету,  пайдалану)  қарастырайық.  Иелену-  меншік  иесінің  мүліктік  құқығы.  Ол 
арқылы меншіктің басқа құқықтары (иемдену, билік ету, пайдалану) жүзеге асырылады.  
Билік ету  - мүлікті меншік иесінен алу.  
Пайдалану - меншік объектісінің пайдалылығын алуға бағытталған қатынастар.  
Иелену,  билік  ету,  пайдалану  қатынастарының  пайда  болуы,  меншік  иесі  кейбір  жағдайда 
ӛндіріс  құрал-жабдықтарын  тиімді  пайдалана  алмайды.  Мұндай  жағдайда  меншік  иесі  иемдену 
құқығын, ӛзі сақтай отырып, ӛндіріс құрал-жабдықтарын басқа субъектіге иеленуге, билік етуге, 
пайдалануға бере алады. Сонымен иелену, билік ету, пайдалану құқықтары объектінің ӛзін емес, 
оның  кейбір  қасиеттерін  иемденуді  қамтамасыз  етеді.  Мысалы,  осындай  құқықтық  қатынастар 
мүлікті жалға бергенде немесе траст формасын қолданғанда пайда болады. 
Шаруашылықтың әр алуан деңгейіндегі жеке адамдардан бастап ірі фирмаларға дейін ӛндіріс 
құрал-жабдықтарын  иемдену,  иелену,  билік  ету,  пайдалану  нарық  экономикасында  ӛндірушілер 
мен  тұтынушылардың  шаруашылық  субъектілері  ретінде  салыстырмалы  оқшауланғанын 
кӛрсетеді.  Демек,  құрал-жабдықтарын  иемдену,  иелену,  билік  ету  және  пайдалану  туралы 
субъектілердің күрделі жүйесі құрылады.  
Тарихта меншіктің әр түрлі формалары белгілі, олардың ішінде мемлекеттік, ҧжымдық және 
жеке меншік басты түрлері болып табылады.   Ең алдымен меншіктің екі типін мемлекеттік және 
жеке меншік ажырата білу қажет.     Жеке меншік жағдайында экономикалық, заңдық құқықтарға 


53 
 
жеке  адам  ие  болады.  Иемденудің  бұл  типі  екі  түрге  бӛлінеді:  жеке  еңбекке  негізделген  жеке 
меншік және бӛтен біреудің еңбегіне негізделген жеке меншік. 
Меншіктің  бірінші  түрі  шағын  кәсіпкерлікке  тән,  себебі  онда  жеке  басты  шаруалар,  қол 
ӛнершілер  мен  басқа  да  адамдар  меншік  иесі  ретінде  ӛз  еңбектерімен  ӛмір  сүреді,  яғни  олар 
иемдену,  иелену  және  пайдалану  құқықтарына  ие  болады.  Бұл  жағдайда  меншік  иесі  ӛндіріс 
нәтижесін ӛзі иемденеді. 
Меншіктің  екінші  түрі  жалдамалы  еңбекке  негізделген.  Меншіктің  бұл    формасында  меншік 
құқықтары  меншік  иесімен  жалдамалы  жұмысшылар  арасында  бӛлінеді.  Меншік  иесі  иемдену, 
иелену,  билік  ету  құқықтарын  ӛзіне  қалдырады  да,  ӛндіріс  құрал-жабдықтарын  пайдалану 
құқығын  жалдамалы  жұмысшыларға  береді.  Бұл  меншік  иесіне  ӛндіріс  нәтижесін  иемденуге 
жағдай  туғызады.  Нарықтық  демократия жетілмеген  жағдайында  бұл  мүліктік  теңсіздікке  әкеліп 
соғуы мүмкін.  
Мемлекеттік  меншік  сферасына  елдің  әлеуметтік  тұрақтылығын  және  ұлттық  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ететін  халық  шаруашылығының  кейбір  объектілері  (салалары) жатады.  Мемлекет  ӛз 
меншігіндегі объектілердің кәсіпорындарға пайдалануға, билік етуге, иеленуіне бекітіп береді де, 
оны  бүкіл  қоғам  мен  ӛндірістік  ұжымдардың  мүддесі  үшін  пайдалануына  жағдай  жасайды. 
Кәсіпорындар  шаруашылықты  дербес,  ӛзін-ӛзі  басқару  негізінде  жүргізеді.  Бұл  жерде  мына 
жағдайларды ескеру керек. Бір жағынан, мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің реттеу объектісі 
ретінде  болса,  екінші  жағынан,  олар  нарық  қатынастарының  дербес  субъектісі  ретінде  әрекет 
етеді. Сондықтан мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық дербестілігі шектеулі болады.  
Ҧжымдық  меншік  –  ұжымның  ӛндіріс  құрал-жабдықтары  мен  ӛндіріс  нәтижесін  ортақ 
иемдену,  билік  ету  және  пайдалану  процестерінде  пайда  болатын  экономикалық  қатынастар 
жүйесін  сипаттайды.  Ұжымдық  меншік  ӛндіріс  құрал-жабдықтарына  деген  теңдікті  тек  еңбек 
ұжымы шеңберінде ғана қамтамасыз етеді. Еңбек ұжымы шеңберінде ӛндіріс құрал-жабдықтарын 
бірігіп иемдену мен пайдалану, ӛзін-ӛзі басқару, жеке және ұжымдық экономикалық мүдделердің 
бірлігі  жүзеге  асады.  Қазақстанда  қазіргі  кезде  ұжымдық  меншік  түріне  акционерлік, 
кооперативтік және т.б. меншік формалары жатады.  
Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта қҧрудың негізгі бағыттары. 
Ӛткен тарихымыз кӛрсетіп отырғандай, ӛндіріс құрал-жабдықтарын жеке меншіктен мемлекет 
иелігінен  алу  (национализациялау)  процестері  айтарлықтай  оң  нәтиже  бермеді.  Ӛндірушілер 
ӛндіріс  құрал-жабдықтарына  иелік  етудің  орнына  олар  алшақтанып  қалды.  Соның  салдарынан 
ӛндіріс  ресурстарын  тиімсіз  пайдалануы,  тауар  ӛндірісі  монополиялануы,  ӛндірушілердің 
тұтынушыларға үстемдігінің ӛсуі, алыпсатарлық, арқа сүйеушілік, арамтамақтық орын алады. 
Осындай  жағдайда  адамдар  ӛздерінің  мүдделеріне,  қабілеттіліктеріне  қарай  жұмыс  күшіне 
билік  ете  алмады.  Ұйымдық  шаралар  мен  заңдар  жүйесі  негізінде  мемлекет  жұмысшыларды 
жұмыс күшінен алшақтатты және оларды ӛз меншігі ретінде пайдаланды.  
Дүние  жүзілік  тәжірибеге  сүйенсек,  экономиканы  қарқынды  ӛсуінің  еркін  ӛндірушілердің 
ӛндіріс  құрал-жабдықтарының  нақты  бірігуі  себеп  болғанын  кӛрсетіп  отыр.  Сондықтан,  біздің 
елімізде  экономикалық  реформа,  яғни  бір  экономикалық  жүйеден  екінші  экономикалық  жүйеге 
кӛшу мемлекеттік меншікті қайта құру процестерінен басталды. Себебі, сол кезде республиканың 
экономикасының  құрылымында  мемлекеттің  үлесі  ӛте  жоғары  (90  %)  болды.  Экономика  осы 
прогрессивті  қозғаушы  күштен  әкімшілік-  әміршілік  жүйенің  даму  барысында  толық  айрылды. 
Сонымен қатар нарықтық қатынастар дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 %-дан 
аспады.  Демек,  республикада  мемлекеттік  меншікті,  меншіктің  басқа  түрлеріне  ӛзгертуге  нақты 
алғы  шарттар  болғанын  айтуға  болады.  Сондықтан,  1991  жылы  маусым  айында  «Мемлекеттік 
меншікті  мемлекет  иелігінен  алу  және  жекешелендіру»  туралы  заң  қабылданды.  Бұл  заң 
мемлекеттік меншікті қайта құру ережелерін, тәртібін және құқықтық негізін анықтады. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау