Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет15/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54

45 
 
мазмұны 

4,0 
95-100 
үздік 
A

3,67 
90-94 
 
B

3,33 
85-89 
жақсы 
B
 
3,0 
80-84 
B

2,67 
75-79 
C

2,33 
70-74 
қанағаттанарлық 

2,0 
65-69 
C

1,67 
60-64 
D

1,33 
55-59 

1,0 
50-54 


0-49 
қанағаттанарлықсыз 
      
13.4 Академиялық тәртіп саясаты 
 
№ 
Тәртіпті бағалау критерийлері 
% саны 
1.  Сабақтан кешігу 
(аптасына) -2 
2.  Сабақ кезінде ұялы телефонмен сӛйлесу 
-3 
3.  Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу 
+(1-3) аралығында  
4.  Басқа да критерийлер 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы экономика және статистика академиясы 
 «Экономика және менеджмент» кафедрасы 
 
                                  


46 
 
                         
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ   
     
 
 
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» пәні бойынша 
5В050600-экономика, 5В050800-есеп және аудит, 5В050900-қаржы, 
5В090800-бағалау мамандығы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2012ж 
 
1 – тақырып. Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рӛлі 
Экономикалық теорияның қалыптасу мен даму кезеңдері  
Экономикалық теорияның мәселелері сонау кӛне замандағы ойшылдардың назарларында да 
болған. Мәселен, ертедегі грек философы Аристотель ӛз заманының экономикалық мәселелерімен 
айналысып,  бірсыпыра  елеулі  пікірлер  қалдырған.  Мысалы,  құл  иеленуші  қоғамдағы 
шаруашылықты  ұйымдастыру  мәселелерін  зерттей  келіп  осы  ғылымның  атын  экономия  деп 
атаған.  Экономия  грек  тілінде  «ойкос»  -  үй,  шаруашылық,  «номос»  -  ілім,  заң  деген  мағынада 
қолданған.  Басқа  сӛзбен  айтқанда  экономика  бұл  үй  шаруашылығын  басқару  ӛнері  дегенді 
білдіретін кӛне грек сӛзі. Осыдан келіп экономика жӛнінде сӛз болғанда, алдымен шаруашылықты  


47 
 
-  үй  шаруашылығын,  кәсіпорын,  сала,  аймақ,  ел  және  дүние  жүзі  шаруашылықтарын  кӛзге 
елестетеміз. Осы шаруашылықты зерттейтін ғылымдар жүйесі экономика деп аталады. Сондай-ақ, 
Аристотель ӛз заманындағы орын алған тауар-ақша қатынастарын зерттеп, шаруашылықпен тауар 
ӛндірісі  арасындағы  айырмашылықты  байқай  білген,  қоғам  байлығын:  тұтыну  құндарының 
жиынтығы  деп  түсінген.  Байлықтың  бірінші  түрінің  негізі,  кӛзі  -  ӛндіріс  –  егіншілік  пен 
кәсіпшілік,  ал  байлықтың  екінші  түрі  –  ақша  қоры  –  табиғаттан  тыс  құбылыс  деп  есептеген. 
Ӛйткені,  бұл  айналыс  процесінен  туып  отырады,  онда  тікелей  тұтынатын  еш  нәрсе  жоқ,  оның 
мӛлшерін  ештеңемен  ӛлшеп  отыруға  болмайды  дейді.  Мұның  ӛзі  ол  заман  үшін  озық  пікір  еді. 
Сондықтан  да  ол  ӛз  заманында    бірінші  болып  тауардың  тұтыну  құны  мен  құны  арасындағы 
айырмашылықты  айыра  білген.  Әрине,  Аристотель  заманындағы  ӛндіргіш  күштер  дәрежесінің 
тӛмендігі, ғылым дамуының тапшылығы, жалпы алғанда қоғам дамуының тӛменгі сатыда болуы 
экономикалық  құбылыстар  мен  заңдарды  жете  түсінуге  ғылыми  тұрғыдан  шешуге  мүкіндік 
бермеді. 
Экономикалық  ой  пікірлердің  ғылыми  тұжырымдалып  қалыптасуы  сауда,  ӛнеркәсіп 
капиталының  дами  бастауына  байланысты  болды.  Бұл  кезең  негізінен  Еуропада  ХУІ-ХУІІ 
ғасырларды қамтыды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. 
Қазақ  елінде  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  сауда  капиталы,  тауар-ақша 
айналымы, халықаралық нарық бірте-бірте жанданған кезеңді қамтыды. 
Экономиканың теориялық мәселелерін ең бірінші болып меркантилистер (итальян тілінде – 
мерканте-саудагер)  зерттеп  бастаған.  Меркантилистер  қоғамдық  байлықтың  негізі  ақша-  алтын 
деп білді. Яғни, пайда атауының бәрі айналыстан, сату-сатып алудан ӛнеді деп есептеген, сондай-
ақ, олар заң арқылы ел ішінде ақша байлығын молайту, ақшаны шетелге шығаруға тыйым салу, 
шетелдерден  келген  саудагерлерді  сатудан  ӛндірген  ақшаны  ел  ішіндегі  жергілікті  бұйымдарды 
сатып алуға міндеттеу керектігін айтқан. Бұлармен қатар меркантилистер бір елден тауарды арзан 
сатып алып, екінші елге барып қымбатқа сату принципін қолданған, сауда капиталын шетелдерге 
шығарып  отыруды,  сауда-теңіз  флотын  дамытуды,  отар  елдермен  жаңа  жерлерді  басып  алуын 
жақтаған. 
Қорыта  айтқанда,  сауда  капиталы  тұрғысынан  меркантилистердің  кӛзқарасы  дұрыс  деп 
айтуға  болады.  Себебі,  сауда  капиталы  айырбас,  айналыс  процесін  үздіксіз  жүргізу  арқылы 
экономиканы  жандандыруға  кӛмектеседі.  Бірақта  сауда  капиталы  ӛз  алдына  қоғам  дамуын, 
адамдардың  әл-ауқатын  кӛтеретін  күш  емес.  Оның  себебі  айналыс,  айырбас  саласында  тек  қана 
құн формасы ауысып тұрады, екінші сӛзбен айтқанда тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға 
ӛткенде  ешбір  жаңа  тауар,  жаңа  құн  жасалмайды.  Демек,  меркантилистер  теориясы  ғылыми 
дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. 
Меркантилистердің  осы  осалдығын  физиократтар  байқаған.  Олардың  (Тюрго,  Кенэ  ) 
пікірінше,  қоғам  байлығының  бірден  бір  кӛзі  сауда  емес  ӛндіріс  екенін  дәлелдеді.  Бірақ  олар 
ӛндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеді. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір 
кӛзі  ауыл  шаруашылығы  ӛнімдері  деп  есептеді.  Бірақ  та  олардың  ӛндірісті  тек  қана  ауыл 
шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын ӛнімсіз деп есептеуі дұрыс 
болмады. 
Осы  олқылықты  тарихта  классикалық  буржуазиялық  саяси  экономияның  кӛрнекті  ӛкілдері 
У.Петти,  А.Смит,  Д.Рикардо  ӛз  еңбектерінде  айқын  кӛрсетті.  Қоғам  байлығы  жалпы  ӛндіріс 
салаларында  қалыптасатындығын  дәлелдеді.  Ауыл  шаруашылығымен  қатар  ӛнеркәсіптің  түрлі 
салаларында материалдық игіліктерді ӛндіру, ӛңдеу процестерін жалғастыратын кӛлік, байланыс, 
халыққа  қызмет  кӛрсету  салаларында  да  жаңа  құн  ӛндіріліп,  қоғамдық  байлық  молаяды  деген 
қағида берік қалыптасты. 
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік ӛндірістік қатынастарды 
дәріптеуші,  ӛндіріс  капиталының  мүддесін  қорғайтын  экономикалық  ой-пікірдің  жаңа 
прогрессивті сатысы болды. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау