Алматы қаласының балаға деген мейірімділігін



жүктеу 24,3 Mb.
Pdf просмотр
бет21/21
Дата14.01.2020
өлшемі24,3 Mb.
#26571
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

123
Адвокацияға арналған әлеует
 
Аулалық және балалар кеңістіктерінің параметрлік 
стандарттарын дамыту арқылы ойын кеңістіктерін құру 
және қаржыландыру саласындағы жүйелі зерттеулер 
мен адвокацияны, стандартты емес шешімдерді тестілеу, 
эксперименттік  аулалар мен алаңдарды жалғастыру;
 
Балаларға арналған қауіпсіз жаяу жүретін ортаны құру 
бойынша стратегия мен жоспарды дайындау, соның ішінде 
балалар / мектеп бағыттарын қоса алғанда, және ауданның 
ерекшелігін ескере отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін 
арттыру (қаланың тарихи орталығында қауіпсіз қиылыстар, 
жеке меншік секторындағы жаяужолдарды жайластыру, ағым 
жылдамдығының төмендеуі және тұрғындарының тығыздылығы 
жоғары аудандарда қозғалу жылдамдығын физикалық 
 
төмендету);
 
Қаланың ойынға деген тәсілдерін (play policy), соның 
ішінде стейкхолдерлерді тарта отырып, барлық ойын кеңістіктерін 
түгендеу, 6+ және 12+ жастағы балалар үшін ойын кеңістіктерінің 
жобаларын құру. 
 


124
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
 
Қалалық ортаның сапасы, әсіресе, оның балаларға 
деген досшылдығы болашақ қалалар үшін анықтауыш фактор 
болып таыблады. Зерттеу көрсеткендей, Алматының балалары 
мен жасөспірімдері өз ауданы мен қаласы бойынша еркін 
жылжуға шектелген, қалалық орта көптеген жағдайларда 
қауіптілікті көрсетеді немесе толық даму үшін жеткіліксіз 
элементтердің мардымсыз жиынтығы болады. Бұлардың барлығы 
балалар мен ата-аналардың уақытын көршілік пен әлеуметтік 
капиталға септігін тигізетін қоғамдық кеңістіктерде емес, сауда 
орталықтарында немесе үйде өткізуіне әкеледі.
1. Стандартты балалар алаңдарының шеңберінен шығатын, көп 
функционалды ойын кеңістіктері балалар мен жасөспірімдер 
үшін дамытушы және қауіпсіз орта ғана емес, сондай-ақ 
барлық ұрпақ үшін қоғамдық кеңістік болады. Мектептердің, 
кітапханалардың және емханалардың маңындағы кеңістіктерді 
барлық қоғамдастық пен ауданға арналған тарту орталықтарына 
түрлендіру қажет. 
2. Балаларға табиғат керек, табиғатқа балалар керек, ал 
қалаларға екеуі де керек. Ойын кеңістіктерінде табиғат 
элементтерінің максималды саны болуы керек: шөп, ағаш, 
құм, су, тастар. Жобамен шағын нысандарды қарастырыңыз - 
қойтастар, бөренелер, ағаштар, ландшафт (төбешіктер немесе 
ойпаттар) – қымбат емес, бірақ тиімді ойынның жағдайларын 
жасау үшін. Ең жақсы балалар кеңістіктері қауіпті көрінуі мүмкін 
– олардың бүкіл қауіпсіздігінде. Олар төзімділік, зеректік және 
батылдық секілді қасиеттерді дамытады.  
3. Балаларға досшыл кеңістіктер желісінің шеберлік жоспары 
баланың тәуелсіз жұмылғыштығын арттырады. Балалар 
кеңістіктері шағын аудандағы бір алаңмен шектелмеуі керек – 
осындай кеңістіктердің инфрақұрылымдық желісін ойластыру 
маңызды, соның ішінде, мектеп, кітапхана, үйірмелер, бала 
бақша ғимараттарының және мәдени орталықтардың, сондай-
ақ спорт және балалар алаңдары, қоғамдық кеңістіктер мен 
саябақтар.
4. Барлық осы аттракторлардың арасында қауіпсіз жаяу жүру 
бағыттары болуы керек, соның ішінде барлық кластерлерді 
және күнделікті баратын жерлерді (тұрғын үй массиві, дүкендер 
мен сауда орталықтары, базарлар, мектептер, емханалар, 
ауруханалар, мемлекеттік мекемелер жіне т.б.) қамтитын тиімді 
қоғамдық көлік.
5. «Соңғы миля» қалалық ортасына – балалардың және 
оларды ертіп жүрген адамдардың межелі жеріне жаяу баратын 
қашықтыққа назар аудару маңызды. Айтарлықтай кең қауіпсіз 
жаяу жүргінші жолдары, тас төселген жалғыз аяқжолдар, жол 
көрсеткіштер, жарықтандыру аялдамадан үйге дейінгі жүрісті 
анағұрлым ыңғайлы және қауіпсіз етіп қана қоймайды, сондай-
ақ едәуір жиілетеді. Бұл ұсыныс БҰҰБҚ-ның екі артықшылығына 
сәйкес келеді – әлеуметтік қызметтерге тең мүмкіндіктер мен 
қолжетімділік туралы және қауіпсіз және тұрақты қалалық 
ортаны құру туралы.
6. Егер біз қалалық кеңістіктерді және инфрақұрылымды 
балалармен және балаларға арнап жобаламасақ, онда 
біз балаларға орын жоқ қаланы жобалайтын боламыз. 
Қалалық ортаны жоспарлауға қатысу, немесе балаларды 
тарту, сондай-ақ әртүрлі қауымдастықтар мен ұйымдар 
арасындағы серіктестіктерді құру анағұрлым ақпараттыө 
және тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі. Балалар және 
оларға қараушылар (ата-аналары, туыстары, күтушілері, 
тәрбиешілері және мұғалімдері) өз ауданы туралы, қауіпті және 
қауіпсіз жерлер туралы, сондай-ақ  қай жер өзгерістерді және 
жақсартуларды бірінші кезекте қажет ететіні туралы да бірегей 
білімі бар. Бірлесіп жасалған жобаларда даусыз артықшылық 


125
Көшелерден балаларды емес, жолдардан қауіпті алып тастауға назар аудару керек. Балаларға досшыл 
кеңістіктердің автокөліктерге арналған кеңістіктерден басымдылығын біртіндеп жасауға болады.  
Мысалы, Боготада (Колумбия) жылдамдық бәсеңдеткіштерін, уақытша саябақтар мен балалардың ойын 
аймақтарын орнататын, жаяу жүргінші жолдарын мен бағдаршам сигналдарын жақсартатын, сондай-ақ 
балаларға досшыл аймақтар екендігін көрсететін арнайы белгілерді орнататын балалар мекемелерінің 
айналасына тыныш аймақтар құрудың сынамалы жобасы іске қосылды. Сынамалы жобалардың 
қорытындылары барлық балалар мекемелерін қамтитын шеберлік жоспарына біріктірілетін болады. 
Оңтүстік Кореяда жылдамдықты шектеу, айқын белгіленген балалар бағыттары мен жаяужолдарды құру 
бойынша осындай шаралар, көлікті мектеп аймағына қоюға тыйым, және қоғам назарын мәселеге аударған 
арт-жобалар бала өлімін 95% - ға азайтуға көмектесті. 
Бүкіл әлем бойынша “play streets” қозғалысы – көшелердің уақытша жабылуы және оларды ойынға арналған 
кеңістікке айналдыру танымалдыққа ие. Автомобиль қозғалысын жабу балаларда өз ауданы бойынша жүріп-
тұру еркіндігі пайда болуы үшін шағын, бірақ каталитикалық қадам қызметін атқарады. Бастаманы БҰҰ 
мектептердің айналасындағы ауаның ластануын азайту бойынша шешімдердің бірі ретінде қолдады.
бар – қатысушыларда бірге араласушылық және жауапкершілік 
сезімі пайда болады, вандализм азаяды, және жаңа әлеуметтік 
байланыстар шығады. 
7. Мониторинг жүйесін құру қажет және алынған сабақтардың 
«жинақ сандықшаларын» құру керек. Балаға досшыл 
жоспарлау фактілерге сүйену керек және бұрыш басына 
пайдаланушыны, яғни баланы қою керек. Мысалы Ослода 
(Норвегия) геймификацияға негізделген тәсілді қолданады, яғни 
балалар «құпия агент» болған кезде, ойын арқылы аудандағы 
едәуір мәселелі жерлер туралы немесе оларға жолдан өту қай 
жерде қиынырақ екендгін айтады.
8. Осы шараларды жүзеге асыру үшін жергілікті биліктпен өзара 
әрекет ету жүйесін жасау керек. Мемлекеттік қызметкерлерге 
арнап балаларды тарту әдістемесін және балаларға досшыл 
қалалық ортаны бағалаудың критерийлерін оқыту үшін 
тренингтер өткізу керек. 
- Анна Сиприкова, Project for Public Spaces (New York)


126
№1 - ҚОСЫМША
Зерттеу төлқұжаты
 
Әлеуметтік зерттеу Ауыл шаруашылық Университетінің 
қызметкерлерімен 2018 жылдың 1 - ақпанынан 31 - наурызына 
дейінгі мерзімде ұйымдастырылған. Зерттеудің әдістемесі, 
бағдарламасы және құрал-жабдығы Urban Forum Almaty - мен 
ұсынылды. Жоба – Алматыдағы репрезентативті түрде іріктелген 
бірнеше локацияларды қамтыған кешенді әлеуметтік зерттеу.
Зерттеудің мақсаты
 
Алматы қаласындағы қалалық ортаның достық деңгейін 
талдау, қаланың әртүрлі аудандарындағы ұсынылатын 
инфрақұрылым және қызметтердің жағдайын ескерумен.
Зерттеудің міндеттері:
1. балаларға ұсынылатын инфрақұрылымның жағдайын талдау;
2. негізгі қауіптерді анықтау (айқын және беймәлім);
3. Алматы қаласының ата-аналары мен балалардың ең өзекті 
мәселелерін анықтау;
4. жасөспірімдердің негізгі талап-тілектерін талдау. 
Зерттеу нысаны  
 
Алматы қаласының тұрғындары, атап айтқанда қала 
аумағында тұрақты тұрып жатқан 0 - 18 жастағы балалардың 
ата-аналары, сондай-ақ 11 - 17 жастағы балалар.
Зерттеу тақырыбы
 
Ата-аналар мен балалардың Алматы қаласына қатысты 
балалар үшін жайлы қала туралы пікірі.
Зерттеудің жұмыс гипотезалары:
 
Қалалық ортаның балаларға деген достыұ деңгейі 
ауданға байланысты өзгешеленеді; 
 
Қалалық орта, көбінесе, балаларға бейім, аз дегенде – 
жасөспірімдердің талап-тілектеріне бейім; 
 
Әсіресе мәдени мазмұндағы қызметтердің қолжетімділігі 
әртүрлі аудандарда тұратын балаларға біркелкі емес. 
Әдістемесі
  Тұрғындардан нысандандырылған сауалнама 
бойынша іріктемелі сұрақ алу. Сұрақтардың тізімі зерттеудің 
тапсырушысымен дайындалды. 
Іріктеу әртүрлі жынысты және әртүрлі жастағы топтардағы 900 
жауап берушіден тұрды. Іріктеу қатесі мәні 0,95 болғанда 3,1% 
- дан асқан жоқ. 
 
Сандық сауалнама хабарлау келісімі нысанын 
пайдаланумен NARXOZ (Алматы) Университетінің студенттерінің 
және оқытушыларының желісімен жүргізілді. Әр сұхбаттың 
нәтижесі жауап берушінің барлық қойылған сұрақтарға берген 
жауап нұсқалары белгіленген деректер қорындағы дұрыс 
толтырылған, жауап берушінің жынысы мен жасы көрсетілген 
сауалнама.


127
0 - 11 жастағы 
балалардың ата-
аналары (саны) 
12 - 17 жастағы 
балалардың ата-
аналары (саны)
12-17 жастағы балалар/
жасөспірімдер
1
Қаланың тарихи орталығы
50
50
50
2
Қаланың батыс бөлігіндегі типтік құрылыс 
шағын ауданы
50
50
50
3
Қаланың солтүстік бөлігіндегі шағын аудан 
50
50
50
4
Әлеуметтік тұрғын үйлер салынған жаңа 
кешенді құрылыс ауданы 
50
50
50
5
Орта топтың жаңа ірі тұрғын үй кешендері
50
50
50
6
Жеке меншік сектор аймақтары 
50
50
50
Барлығы
300
300
300
1 - кесте. Жауап берушілердің (Респонденттердің) топтары
2 - кесте. Сауалнама жүргізу локациялары 
Қаланың тарихи орталығы
Абылай хан даңғылы, Назарбаев даңғылы, Желтоқсан, Наурызбай батыр, Қонаев 
көшелері, “Самал” шағын ауданы
Қаланың батыс бөлігіндегі типтік құрылыс 
шағын ауданы
“Жетісу” шағын ауданы, 1 – 12 шағын аудандар, “Ақсай” шағын ауданы
Қаланың солтүстік бөлігіндегі шағын аудан  “Көкжиек” шағын ауданы, “Құлагер” шағын ауданы, “Айнабұлақ” шағын ауданы
Әлеуметтік тұрғын үйлер салынған жаңа 
кешенді құрылыс ауданы 
“Асыл Арман” шағын ауданы, “Жас Қанат” шағын ауданы, “Алғабас” шағын ауданы, 
“Ақбұлақ” шағын ауданы
Орта топтың жаңа ірі тұрғын үй кешендері
“Шахристан” ТК,  “Гаухартас” ТК
Жеке меншік сектор аймақтары 
Сейфуллин көшесі (солтүстік бөлік), “Саяхат” автовокзал ауданы, “Қарасу” шағын 
ауданы, Жоғарғы және Төменгі Бесжылдық. 


128
 
Әлеуметтік зерттеуді жүргізу кезінде супервайзер және 
жоба жетекшісі Беймишева А.С тарапынан сұхбат жүргізушінің 
жұмысына тұрақты бақылау жасалынды. 
 
Әлеуметтік сауалнама нәтижелерінің анықтығы 
қамтамасыз етілді: 
- іріктеудің статикалық мәнді көлемдері мен релеванттық 
модельдерді қолданумен;
- алдын ала сыналған сауалнамалық құрал-жабдықты 
қолданумен; 
- толтырылған бағыттық қағазға сәйкес жауап берушілерге 
ішінара телефон шалу әдісімен; 
- SPSS бағдарламалық-талдамалы кешенінің мүмкіндіктерін 
пайдалана отырып, деректерді статистикалық-математикалық 
өңдеу және талдаудың дұрыс әдістерімен.
 
Эмпирикалық деректерді өңдеу және талдау 
SPSS (17.0 - нұсқасы) пакетінің және Microsoft Excel (2016 - 
нұсқасы) бағдарламасының статистикалық-математикалық 
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүргізілді.


129
№2 - ҚОСЫМША
 
Зерттеудің сапалы кезеңі балаларға арналған қызметтер 
секторының жағдайы туралы, қалалық ортаның балаға деген 
досшылдығын қалыптастыруға жауапты балалар мекемелерінің 
және атқарушы биліктің жергілікті органдарының жұмысы 
туралы толығырақ көріністі алуды алдына мақсат етіп қойды. 
 
Сарапшылар ретінде келесі мемлекеттік және 
мемлекеттік емес мекемелердің өкілдері таңдалып алынды. 
Сұхбат қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
1
Агата Ниязова
«Тигруля» балалар клубы
Мектепке дейінгі жеке 
меншік білім беру
2 - шағын аудан, 40ж. 
Қуаныш ТК
2
Нүргүл  Қайдаулова
«Балажан» балабақшасы
Мектепке дейінгі жеке 
меншік білім беру
Жандосов көшесі, 14
3
Регина Дүйсебаева
«International Montessori Kinderhouse» 
балалар бақшасы
Мектепке дейінгі жеке 
меншік білім беру
Тепличный шағын 
ауданы, 20
4
Рената Төлегенова
«Дана» жеке меншік мектебі
Бастауыш және орта 
жеке меншік мектеп 
Өтеген батыр ауылы, 
Райымбек көшесі, 113
5
Абылай Исабек
Алмалы аудандық мектеп және 
мектепке дейінгі білім бөлімі 
Мемлекеттік 
қызметкерлер
Абылай хан даңғылы, 
74а
6
Салтанат Мурзалинова-
Яковлева
Инклюзивті әлеуметтік бағдарламалар 
орталығы 
Бейінді ҒӨБ
Аврора БО, 
5 - қабат
7
Марианна Гурина
ҚҚ «Ұлағатты жанұя»
Бейінді ҒӨБ
Бегалин, 82
8
Алеся Нугаева
ОД «Театр соседей» 
Бейінді ҒӨБ
Байтұрсынов, 22
9
Эльмира Қарманова
"КОМУНИТИ ПЛЮС" қоғамдық қоры.
Бейінді ҒӨБ
Желтоқсан, 160, 11-пәтер
10
Қарлығаш Нұгұманова
№35 б/б(мем.мекеме)
Мемлекеттік мектепке 
дейінгі білім беру
6 шағын аудан, 8А
11
Әлия Омарова
№126 мектеп-гимназиясы
Мемлекеттік мектеп
Ақсай шағын ауданы 4, 
66
12
Наталья  Ливинская
«Алматы қаласын дамыту орталығы» 
АҚ. Урбанистика орталығы.  
Мемлекеттік сыңайлы 
ұйым.
Байзақов көшесі, 280, 
19-20 қабаттар


130
№3 - ҚОСЫМША: ЗЕРТТЕУ ТӨЛҚҰЖАТЫ СЕРУЕНДЕУ, 
СҰХБАТТАСУ ЖӘНЕ КАРТАҒА ТҮСІРУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУМЕН 
А. Зерттеу географиясы. Локациялардың түрлері мен 
мекенжайлары:
1. Қаланың тарихи орталығы. Айтиев көшесі, 94 (Алмала ауданы)
2. Жаңа әлеуметтік тұрғын үйлердің кешенді құрылыс ауданы. 
Чуланов көшесі, 145 (Алатау ауданы)
3. Қаланың солтүстік бөлігіндегі шағын аудан. Чехов көшесі, 15 
(Түрксіб ауданы)
4. Орта топтың жаңа ірі тұрғын үй кешендері. “Гаухартас” ТК, 
Абай даңғылы 150/230 (Бостандық ауданы)
5. Қаланың батыс бөлігіндегі типтік кеңестік құрылыс шағын 
ауданы. “Тастақ 1-2” шағын аудандары (Алмалы аудандары)
6. Жеке меншік сектор аймақтары. “Қарасу” шағын ауданы 
(Алатау ауданы)
Б. Жауап берушілер тобы:
1 локацияға адам саны: 10 адам
Тұратын жері: зерттеу жерлерінде
Жасы: 7-17 жас
Жынысы: ер /әйел.
Жауап берушілердің жалпы саны: 60 адам
В. Зерттеу әдістері:
1. Жерді зерттеу: Балалар ойнайтын жерлерді зерттеу 
үшін сұхбаттасу әдісі қолданылады, оның мақсаты – жауап 
берушілердің өздері тұратын және ойнайтын жерлерін қалай 
бағалайтындарын, және оны қалай көргілері келетіндерін білу. 
Бұл ақпаратты сұхбат алушы балаларға олар тұрып жатқан 
аудандар бойынша серуендеу кезінде жетекші сұрақтар қою 
арқылы алады: 

Ойын ойнауға және уақыт өткізуге арналған өзіңіздің  
 
жақсы көретін жеріңізді көрсетіңізші

Ол жерде не ұнайтынын айтып беріңізші 

Сіз бұл жерде әдетте не істейсіз, уақытты қалай өткізесіз

Өзіңізге ұнайтын жерді көрсетіңізші

Бұл жерде сізге не ұнамайды

Бұл жерде нені өзгерткіңіз келеді және т.б.
 
Өткізу механикасы: 10 адамдық топ зерттеу жеріне 
келеді, ол жерде оларға кеңістікпен өзара әрекеттесу, үйреншікті 
ойындары туралы айту, осы жермен байланысты оқиғаларды 
еске түсіру, сондай-ық сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
 
Деректерді өңдеу әдістері: контент-талдама, нарративті 
талдама.
2. Экспресс-сауалнама жауап берушінің жалпы келбетін 
(жасы, жынысы, осы ауданда тұру ұзақтығы және т.б),  оның 
дербес серуендерінің (жиілігі және ұзақтығы және т.б), сондай-ақ 
зерттелетін аудандағы балалар мен жасөспірімдерге арналған 
тартатын жерлердің кескінін алу үшін жасалады.
3. Төңіректі картаға түсіру
 
Сыналып отырғандарға өз ауданын картаға түсіру    
 ұсынылды: 

серуендейтін жақсы көретін жерлері;

серуендеу шекаралары;

ең танымал бағыттары.



Алматы 2018

жүктеу 24,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау