105
Ауладағы шағын электрстанциясы
Орта топтың жаңа тұрғын үй кешендеріндегі топпен
сұхбатта ойын үшін келесі жерлер белгіленді: “балалар алаңы”
(55%) және “кіре беріс балкондары” (45%).
Жауап берушілер жауап бергендей, «алаң үлкен және өте
әдемі», онда тек төбешіктер мен әткеншектер ғана емес, сондай-
ақ өрмелеп шыққыштар мен турниктер де бар. Кеңістіктің кеңдігі
балаларға қауіпсіздікте ойнауға, әңгімелесуге және гироскутер
тебуге мүмкіндік береді (аула-құдық бөтен адамдар үшін жабық
және автомобильдерден оқшауланған). Олардың пікірінше,
бұл жерде 1-3 жастағы балаларға арналған объектілерді
кіргізуге болушы еді. Тұтас алғанда, балалар алаңын жақсарту
мүмкіндіктерін талқылаған кезде, жауап берушілер ол жерге
объектілерді (төбешіктерді, әткеншектерді және т.б.) қосуды
бәрінен жиі айтты, бірақ 14-17 жастағы жасөспірімдер көбірек
бос орын қалдыруды артық көретіндерін айтты – мысалы, «өз
шатырларын құрып, істегісі келген нәрселерін істеу» мүмкін
болар еді. Бұл жерде балалардың бос кеңістікті де, үлкендердің
көз аясында болудан тыс өздерінің «оңаша орынды» да қажет
ететіндіктері көрінген, мұнда аула кез келген балконнан
алақандағыдай көрінеді емес пе.
Ересек балалар тобы уақытының көп бөлігін тұрғын үй
кешенінің биік корпустарының біріндегі желдету сатысының
балконында өткізеді. Онда олар «ашылмалы көрініске
қарайды», үлкендерден жасырынып әңгімелеседі, сырларын
айтады. Шындығында, бұл жер дәл сол құпия орын секілді,
ағаштар, шағын қоршаулар мен оңаша бұрыштар. Аулада
мұндай орынның жоқтығы балаларды осы мақсаттар үшін
балконды пайдалануға мәжбүрледі.
106
«Гауһартас» тұрғын үй кешенінің ауласы
107
“Біз жолға және айналадағы үйлерге қарағанды
жақсы көреміз. Мейрам кездері бұл жерден
салют көрінеді. Үлкендер бұл жер туралы
білмейді”, дейді жасөспірімдер.
108
3. Объектілердің ойын үшін ашықтығы
«Ашықтық» дегенде шығармашыл тұрғыда түсінуге және
алуан түрлі ойын сюжеттеріне, тілдесуге және тәжірибе жасауға
(«жабықтықтан» айырмашылығы, объектілер ойынның қандай
да бір түрін белгілеген кезде) арналған ойнау ортасында
объектілердің әлеуетін түсіне отырып, біз әртүрлі аудандардағы
ашық объектілердің қанықтығын есептедік. «Ашық» объектілерге
деген қызығушылық, негізінен, жасөспірімдер көрсетеді.
Қаланың тарихи орталығында жабық типтегі объектілер
басым – бұл балалардың типтік ойын құрал-жабдығы, нақты
белгілі функцияларымен, олар бірқалыпты ойын әрекеттерді
болжайды және негізінде, мектеп жасына дейінгі балаларға
қызықты. Ашық типті объектілер балалар «иеленіп алған»
«үлкендердің» жерлерімен берілген – бұл «құпия орын», «дуалды
шағын аула», «қараусыз қалған сауда шатыры». Жабық типті
объектілердің дәл осындай пропорциясының жаңа әлеуметтік
тұрғын үй массивтерінде де белгіленгені қызық.
Жаңа әлеуметтік тұрғын үй массиві
ауласындағы ойын кеңістігі
Қаланың солтүстік бөлігіндегі локацияда ашық типті
объектілер басым. Бірінші кезекте, бұл «саябақ», жайлы
жабдықталған, жаяу жету көрсеткішіндегі көп функционалды
кеңістік. Алайда мұндай объектілердің арасында қаупі жоғары
жерлер де бар – «қараусыз қалған жерлер», «гараждар».
109
Ортада тіпті еркін ойынға арналған жағдайлар болмаса да, балалар ептілік пен
қиялдарын пайдалана отырып, оны жүзеге асырудың жолдарын табады. Мысалы,
қала орталығындағы локацияда, балалар кір кептіруге арналған бағандарды ойын
объектісіне айналдырады:
«Бұл жерде біз «бағандар ойынын» ойнаймыз. Бір адам жүргізеді, ал басқалары бағандардан ұстайды.
Бағандар арасындағы алаңда біреу болуы керек, ал голидің міндеті – адамды бағанға жеткізбей, ұстап
алу».
“Қараусыз қалған жер”
110
Орта топтың жаңа ірі тұрғын үй кешендері түрлі
функциялары бар объектілермен жабдықталған балалар
алаңында белсенді ойын іс-әрекеттеріне арналған жағдайларды
ұсынады, бірақ әр объектіде, ережедегідей, бір функциядан
болады, яғни, ойын белсенділігінің бір түрін тағайындайды.
Қаланың батыс бөлігіндегі шағын ауданда ашық объект біреу
ғана – бұл осы локациядағы жасөспрімдерді тартатын жаяу
жүретін аллея.
Жеке меншік секторда ашық типтегі ойын кеңістігі
көлмен және көлдегі балалар алаңымен берілген. Мұнда
ойын талап-тілектері табиғи ландшафтың, жасөспірімдердің
тілдесу мүмкіндіктерінің және кеңдікті сезіну есебінен
қанағаттандырылады.
Қыста көлде
111
4. Рұқсат етілетін қауіп-қатерді қолдау
“Тәуекел” мен “қауіп” – тең мағыналы емес түсініктер. Егер
қауіп залалдың әлеуетті көзі, жағымсыз оқиғаның ықтималдығы
деп түсінілсе, тәуекел – субъектінің нәтижесі белгісіз және
болуы мүмкін жағымсыз салдарлары бар жағдайдағы іс-әрекеті.
Алайда баланың бойында қатер жағдайын бақылай білуді,
сондай-ақ жеке меншік ресурстарын бағалауды дамыту керек,
сонымен бірге бұл дағдылар тек шынайы тәжірибеде немесе
бала «сияқты» шартты жағдайының тәжірибесін бастан өткізетін
ерекше ойын жағдайларында алынуы мүмкін.
Сауалнаманың деректері бойынша, жауап берушілер
серуендеу үшін «бөтен адамдар жиналған жерлерді», «қараңғы,
көрінуі нашар жерлерді» және «жол бойындағы жиектерді»,
сондай-ақ бос жерлер мен құрылыстарды ең қауіпті, ең жағымсыз
деп санады. Сонымен бірге, жауап берушілер – мысалы, ата-
аналары баруға рұқсат етпейтін алыс аулаларды, немесе
жайластырылмаған жағалық сызығы жоқ көлді «жақсы көретін»
және «қауіпті» деп белгіледі.
Орта топтың тұрғын үй кешенінде 18 - қабатты үйлерге 5
- қабатты корпус жалғасып тиіп тұр, және 13 - 17 жастағы балалар
соның шатырына көрші ғимараттың балконынан секірудің
еліктіретін идея екенін айтты. Жас психологиясында осы жастағы
балалардың осындай талап-тілектеріне түсініктеме бар:
қатерге деген бейімділік құрдастарының құрметіне ие болудың
әдісі. Тәуекелге бара отырып, жасөспірім оның үлкендердің
тыйымдарын бұзу талпынысын бөлісетін ниеттестерін табады.
Бұдан басқа, бұл жасқа тән еркін бақылау функциясының шикілігі
және қауіптерді жеңіп шығудан дофамин гормонын шығару
және өзінің әлеуметтік тобында мақұлдау алу жасөспірімнің
тәуекелден бас тартуға әлі жетілместен, сол тәуекелді сезінуі
мүмкін деген нәтиже береді. Басқаша айтқанда, жасөспірімдер
тыйымдарды бұзу үшін ғана емес, сондай-ақ жетілудің қалыпты
процесінің бөлігі болып табылатын жас ерекшеліктерінің
себебінен де тәуекелге барады.
5. Диалогтылық
Диалогтылық критерийі
13
, «сұхбаттасуға шақыру»
сияқты, әртүрлі жастағы өздік ұйымдастырылатын балалар
ұжымдарына ойын іс-әрекет мүмкіндігін, сондай-ақ ойынға
үлкендерді кіргізуіді де болжайды.
Балалардың өзара әрекетіне қатысты, іс жүзінде барлық
зерттелген локацияларда ойын кеңістіктері, негізінен, іс -әрекетті
«белгілейтін» (тебу немесе тербелу, жүгіру немесе өрмелеу)
объектілер ретінде берілген. Әрекет логикасын жеңетін іс-
әрекеттер («гараждарға шығу», «қараусыз қалған жерлерді
зерттеу», «ағаштағы үйшік», «үстелдің үстінде отырып, әңгімелесі»)
ойын кеңістіктерінен тыс жерлерде де сирек кездеседі (негізінен,
жауап берушілер санынан алынған жасөспірімдер арасында).
Үлкендерге арналған инклюзивті кеңістіктерге қатысты,
осы параметрге сәйкестікті орта топтың жаңа тұрғын үй
кешендерінен және солтүстік шағын ауданында кездестіруге
болады. Сұхбаттарда «әжелер, аталар, ата-аналар» ойын
қатысушылары бола алады. Ертіп жүретін үлкендер үшін қалған
зерттелетін локацияларда сұхбаттасуға арналған орындар да,
орындықтар да және т.б. қарастырылмаған.
13 Смирнова Е., Котляр И., Соколова М., Шеина Е. “Балалар алаңы мәдени - тарихи психология мәнмәтінінде” // Мәдени –тарихи психология. 2016. 12 - том. № 3. 269–279
беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |