Алматы қаласының балаға деген мейірімділігін



жүктеу 24,3 Mb.
Pdf просмотр
бет17/21
Дата14.01.2020
өлшемі24,3 Mb.
#26571
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

101
 
Қаланың солтүстік бөлігіндегі шағын ауданнан шыққан 
топпен сұхбаттасудың нәтижелері бойынша, онда ойын кеңістігі 
келесі объектілермен берілген: “үй маңындағы балалар алаңы“ 
(10%), “мектеп маңындағы балалар алаңы “ (30%), “саябақ” 
(55%), “қараусыз қалған жер”
9
 (5%) және “гараждар” (5%). 
 
 
Жауап берушілер олар үшін саябақта «кең, таза ауа, 
жаңа балалар алаңдары орнатылған, ал жазда аттракциондар 
жұмыс істейді». Сондай-ақ онда ағаштар, қала жануарлары 
(тиіндер, мысықтар, иттер және құстар) бар, олармен байланыс 
балалар үшін маңызды; бұдан басқа ол жерде «көп достарды 
кездестіруге болады». 
9 Өздеріне ұқсаған, қараусыз қалған құрылыстары немесе құрылымдары бар күтілмеген жерлерді балалар осылай атайды (гараждар, трансформатор будкалары 
және т.б).
Түрксіб ауданындағы саябақ


102
 
Саябақ аумағының көрінісі күрделі және балалардың 
әлеуметтік және ойын талап-тілектерін қанағаттандыруға 
мүмкіндік беретін көп функционалды кеңістік. Балалр бұл жерде 
әртүрді ойындар ойнағанды жақсы көреді – қуаласпақ, «асық»
10

«туки-туки»
11
, велосипед тебу, жаздық сахнада «концерттер» 
қою, спортпен айналысу, орындықтарда отыру және достармен 
әңгімелесу.  
Велосипед тебуді М.В. Осорина «инспекциялық 
серуендерге» жатқызады. Бұл балалар компаниямен 
немесе жалғыз баруына болатын жақсы таныс 
жерлерде тұрақты, кейде күнделікті серуендеу. 
Олардың басты мақсаты – жақсы көретін 
бағыттарының бірі бойынша өту, «онда барлығы 
қалай», қандай өзгерістер бар екендігін көру. Бос 
уақытты осылай өткізу үлкендерге ақпараттық емес 
болып көрінгенімен, оның балалар үшін үлкен 
психологиялық мәні бар. Есею кезеңінде жасөспрімдер 
аймақтық шекараларды меңгеруі,  тексеруі және 
күшейтуі керек, бұл жеке тұлға дамуының табиғи 
кезеңі болып табылады. Жеке тұлғалық шекаралардың 
төзімділігі тұлғааралық кеңістікте ғана емес, сондай-
ақ әлеуметтік мәдени және аумақтық кеңістікте де 
көрінеді (Нартова-Бочавер С.К)
12
.
 
Қаланың батыс бөлігіндегі кеңестік құрылыстың 
жатын шағын ауданындағы жауап берушілер ойынған 
арналған үш объектіні көрсетті: “аллея” (45%), “балалар 
алаңы” (40%), “мектеп ауласы” (5%). Балалардың жартысы 
балалар алаңын атағанымен, олардың ол туралы пікірі жоғары 
емес «күңгірт және қоршалмаған, құрал-жабдықтар сынған және 
боялмаған». Олардың алаңға қатысты қалауы – «төбешіктері, 
әткеншектері, үйшіктері, орындықтары, көгалдары және үлкен 
футбол алаңы бар жаңа және түрлі-түстісіне ауыстыру».
 
Аллеяда – жақында көріктендірілген, тұрғындар 
арасында танымал, шағын ауданды екі бөлікке бөліп тұратын  
жаяу жүретін көшеде – балалар «достарымен көңіл көтере 
алады»; онда «орындықтар бар» және «тыныш, машиналар жоқ». 
Аллеяда сонымен бірге түрлі белсенділіктегі инфрақұрылым 
объектілері қарастырылған, соның ішінде, балаларға үшін 
мамандандырылған. 
 
 
Жеке меншік секторда балалар кеңістігі жауап 
берушілердің жауаптарында келесі объектілермен берілген: 
“көлдегі алаң” (45%), “көл” (35%) және “мектеп алаңы” (15%). 
Сонымен бірге, мектеп аумағы 7-10 жастағы балалар үшін 
тартымды емес (“жоғары сынып оқушылары ренжітеді, онда 
бұзақылар көп. Балалардың қалауындағы балалардың мінсіз 
кеңістігінде ойнауға және сөйлесуге арналған мүмкіндіктер 
(«жағажай, мұз айдыны»), кеңейтілген қауіпсіздік (көлдің 
қоршауы, шамдар) және жалпы көріктендіру («орындықтар», 
«қоқыс салатын жәшіктер») болар еді. 
 
Көлдегі балалар алаңы (зерттелетін «Қарасу» шағын 
ауданының орталығындағы суат ), құрал-жабдықтардың негізгі 
жиынтығына қарамастан, күрделігі орта деңгейдегі бедері және 
табиғатқа жақындығы бар, бұл оның барлық жастағы балалар 
арасындағы танымалдығын анықтайды. Көлде балаларға 
«сөйлескен, балық аулау және көл маңында қыдырған ұнайды», 
ал қыста «коньки тепкен, мұз ойыққа сүңгу, қармен ойнаған 
ұнайды». 
 10 Қазақтың дәстүрлі ойыны, сондай-ақ Орта Азияның басқа елдерінде де таралған. 
 11  Қуыспақ ойындарының түрі.
 12 Нартова-Бочавер С.К. Психологиялық тәуелсіздік жеке тұлғаның өсіп-жетілуінің критерийі ретінде // Психологиядағы өсіп-жетілудің феномені және санаты / Журавлев 
А.Л., Сергиенко Е.А. редакциялауымен М.: Психология институты РАН, 2007.


103
Қаладағы ең жаңа аудандар – соңғы 10 жылда 
салынған орта топтың әлеуметтік тұрғын үйлері мен 
тұрғын үй кешендері – ойынға арналған көрініп тұрған 
кеңістіктердің ең төмен әртүрлілігін көрсетті.
“Қарасу” шағын ауданындағы көл


104
 
Әлеуметтік тұрғын үй массивтерінде жауап берушілер 
өздерінің ойын кеңстіктері ретінде «балалар алаңын» (45%) 
және «волейбол алаңын» (55%) атады. Сонымен бірге, алаң 
«асфальтталмаған», ал балалар алаңын «ескі» деп анықтады, 
алайда оған да айналасындағы үйлер секілді 8 жыл болды. 
Онда төбешіктер, әткеншектер, турниктер, құмсалғыштар бар, 
бірақ көп функционалдық объектілер жоқ, соның салдарынан 
ол алуан түрлі және ұзақ ойындарға жағдай жасамайды. 
Балалар алаңы 
 
«Волейбол алаңын» жауап берушілер санынан көп бала 
артық көреді, себебі ол машиналардан қоршалған және тек спорт 
алаңы ғана емес, сондай-ақ қоғамдық кеңістік бола алады, ол 
жерде жасты балалар бір уақытта волейбол, баскетбол, футбол 
және «ыстық картоп» ойындарын ойнай алады. 
 
Балалр алаңды анағұрлым түрлі-түсті, көгалдандырылған, 
өрмелеп шыққыштары бар кеңейтілген балалар аймағы ретінде 
көргілері келетіндерін, сондай-ақ алаңның автомобильдерден 
қоршалуын, көгалдың себілуін, қоқыстың жиналуын және шағын 
электрстанцияны ауладан алып тастауын қалайтындарын 
айтты.  


жүктеу 24,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау